kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тарын Б.Момыш?лы шы?армашылы?ымен байланыстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ке?ес Ода?ыны? Батыры,Халы? ?а?арманы Бауыржан Момыш?лы

   К?зіні? тірісінде-а?,аты а?ыз?а айнал?ан ?лы т?л?а-Бауыржан Момыш?лы.Ол жау ж?рек батыр, да??ты ?олбасшы, ?арымды ?аламгер. ?рине, ?аза? тарихында батыр да, ?олбасшы да, ?аламгер де аз бол?ан жо?. Ал, Бауыржан Момыш?лын т?рт к?л д?ние танып, оны? ?а?арманды? ?айсар т?л?асы мен адамзат баласында сирек кездесетін озы? ойлы, ?ара?ай?а ?арсы біткен алаб?тен мінезі естіген ж?ртты тегіс т?нті етті. ?скеле? ?рпа?ты портриотты? сезімге т?рбиелеуде, елін, жерін, Отанын с?юде, аты а?ыз?а айнал?ан Бауыржан Момыш?лыны? бейнесі мен оны? жаз?ан е?бектеріні? ма?ызы зор.

   Бауыржан Момыш?лы офицер ретінде ?аза? хал?ыны? жауынгерлік ?асиетке т?рбиелейтін д?ст?рлерін жо?ары ба?алады. Бауыржан Момыш?лы 1941-жылы М?скеу т?бінде 27 рет с?тті шай?ас ж?ргізді. Батыр 207 рет ?рыс?а ?атысып, 5 рет ?лімні? ??рсауында ?алды, 2 рет ауыр жараланды. Бауке? ?лы Отан со- ?ысында 11 ай ?ызыл?скер, 14 ай взвод командирі, 9 ай ат?ыштар полкі штабыны? орынбасары, 6 ай республикалы? ?скери комиссияны? а?а н?с?аушысы, 5 батальон орынбасары, 8 ай ат?ыштар полкіні? комадирі,3 ай дивизия командиріні? орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл ?кери академияда ?скери профессор болды. 1955- жылы ?аруын ?алам?а айырбастап, азамматты? ?мірге ауыс?анда ?деби шы?армаларымен ?з биігіне к?терілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тарын Б.Момыш?лы шы?армашылы?ымен байланыстыру »



Бұлақтыкөл орта мектебі









Баяндама





Тақырыбы: Алғашқы әскери дайындық

сабақтарын Б.Момышұлы

шығармашылығымен байланыстыру.




Дайындаған: АӘД пәнінің мұғалімі Ж.Айдынов.

















2014 жыл.




Алғашқы әскери дайындық сабақтарын Б.Момышұлы

шығармашылығымен байланыстыру.

Бауыржан Момышұлы- мақтанышымыз!


Кеңес Одағының Батыры,Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы

Көзінің тірісінде-ақ,аты аңызға айналған ұлы тұлға-Бауыржан Момышұлы.Ол жау жүрек батыр , даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер. Әрине, қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Ал, Бауыржан Момышұлын төрт күл дүние танып, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ойлы, қарағайға қарсы біткен алабөтен мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Өскелең ұрпақты портриоттық сезімге тәрбиелеуде, елін, жерін, Отанын сүюде, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының бейнесі мен оның жазған еңбектерінің маңызы зор.

Бауыржан Момышұлы офицер ретінде қазақ халқының жауынгерлік қасиетке тәрбиелейтін дәстүрлерін жоғары бағалады. Бауыржан Момышұлы 1941-жылы Мәскеу түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батыр 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалды, 2 рет ауыр жараланды. Баукең Ұлы Отан со- ғысында 11 ай қызыләскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полкі штабының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің комадирі,3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әкери академияда әскери профессор болды. 1955- жылы қаруын қаламға айырбастап, азамматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен өз биігіне көтерілді.

Бауыржан Момышұлы тек батырлықтың, ерліктің символы болумен қатар халқының портриоты да болды. Ұлтының тағдыры үшін жақсылықты жайып салып, жамандықты жасырмаған алып азамат болды. Бауыржан өнегесі жастар үшін бітпейтін байлық, сар-қылмайтын бақыт, сөнбейтін жарық жұлдыз болып қала береді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Отанын Б.Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ»,-деп баға беруі,майдангер жазушының шығармаларын ұлттық идеологияның бастауы,қайнар көзі ретінде қарастыруға негіз бола алады.

Б.Момышұлы шығармаларыныңбасты тақырыбы-ұлттық рух пен патриотизм. Елін, жерін, халқының өткен тарихы мен ұлттық әдет-ғұрпын,салт-санасын ардақтап,отбасы тәрбиесі мен адами құндылықтарға,әскери істі зерттеп саралауға қаламгер ерекше мән берген.Батыр Б.Момышұлы халқының ұлттық санасының оянуын,қазақ халқының жеке тәуелсіз мемлекет болуын аңсап өткен бірегей жазушы.Бартыр аңсаған тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына қадам бассақ та,оның ұрпаққа ұран болар еңбектерінің мәні күн тәртібінен түскен емес.

«Ешкім іштен батыр боп тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады»,- деп Б.Момышұлы айтқандай,жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде мектептегі АӘД пәнінің орны ерекше.Өз өмірінің 25 жылын әскери қызметке арнап,әскери қызметті зерттеуде орасан зор еңбек қалдырған батыр азаматтың өсиет сөздері жас ұрпақты тәрбиелеуде маңыздылығы зор.Өкінішке орай,10-11 сыныптарға арналған АӘД оқулығында Б.Момышұлы шығармаларындағы ұрпаққа ұран болар бірде-бір қанатты сөздері,мақал-мәтелдері,батыр өміріне арналған деректердің болмауы қынжылтады.Бұл тұрғыда АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларына ізденіс танытып,батыр еңбектері мен шығармаларын,қанатты сөздерін сабаққа ұдайы пайдалану керектігі жөнінде кеңес берер едім.

Әр тарауды бастар алдында сол тарауға қатысты қанатты сөздерін,өсиеттің мақсат мен мән- мағнасын ашып,болашақ жауынгерлерді қанаттандырып,жігерлендіріп,пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.Батырдың соғыстағы әскери тактикасы,шығармаларындағы ұрыс жағдайын қарапайым түрде сипаттауын оқулықтағы тактикалық дайындық тарауында байланыстыра айтып өтсе,оқушыға әлдеқайда түсінікті болады.Мысалы,оқулықта: «Ұрыс екі жақтың бөлімдері мен бөлімшелерінің,әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы десе, «Қанмен жазылған кітап» атты Б.Момышұлының еңбегінде: «Ұрыс-соғысушы жақтардың ұйымдасқан түрдегі қарулы шайқасы,ұрыста әскерлердің қимылдары мақсаттары мен уақыты жағынан бірлікте болады,әрі шайқас онша үлкен емесатыс және тактикалық кеңістіктерде өрістейді.Ұрыстың басты да негізгі мақсаты-дұшпанның адам күші мен қару-жарағын жою,құрту» делінген.Осылайша ұрыс түрлері мен ондағы әрекеттерге қарапайым түрде сипаттама береді.Оқушы тақырыпты түсінумен бірге жауінгерлік борыш пен жауапкершілік жүгінің қаншалықты салмақты екендігін сезіне түседі.Осы тарауға байланысты бірнеше қанатты сөздерін мысалға келтіріп,5 күндік оқу-дала жиынында да оқушының намысын қайрап алуға болады.Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізіп,көп тәжірібие жинақтаған Б.Момышұлы әскерлерді ұрысқа үйрету өнерін негізгі 3 бөлімге бөледі: 1.Тактика.2.Оперативті өнер.3.Стратегия.

Осы 3 әскери ұғымды сипаттай келе шешуші кезеңі ұрысты тактикалық ұғым деп,шайқасты оперативтік-тактикалық ұғым деп,операцияны опертивтік-стратегиялық ұғым екенін дәлелдейді.Осы тақырыптар бойынша Кеңес одағы мен Куба елінде жоғарғы әскери оқу орындарында дәрісбергендігін ескерсек,АӘД пәнінің тактикалық дайындық тарауы мен оқу-дала жиындары кезінде Б.Момышұлындай сипаттай білсек,оқушының Отан қорғау ісі мен пәнге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.Осылай «Әскери күштер жарғылары» тарауын бастар алдында сарбаз үшін оның маңыздылығын,берілген бұйрықтың мүлтіксіз орындалуы қажет екендігін мына қанатты сөздері арқылы жеткізуге болады.

Тәртіп-жауынгердің бірінші қаруы.Жарғы білмеген-солдат болмайды.Жарғы-ұрыстар тәжірбиесінің жинақталған қаймағы.Бұйрықтың күші-оның мүлтіксіз орындалуы.Бұйрық-алғыр басшының ой-арманы.Тәрбиелі тәртіптің құлы,тәртіпті елдің ұлы.

Әскери тәртіпті Б.Момышұлы былай түсіндіреді: «Тәртіп-қарамағындағылардың барлық күш-қуатын ортақ парыз негізінде біріктіру», «Солдат болу оңай емес,басканың еркіне мойынсұну жеңіл емес,бірақ сен бұйрықты,команданы сөзсіз орындауға тиіссің,тіпті бұйрық саған ұнамай тұрғанның өзінде де сен сөзге келмей орындауың керек»,-деп жарғыдағы бұйрықтың талқыланбай орындалуы керек екендігін ескертеді.Осылайша әскери құрмет,жауынгерлік дәстүр,офицерлік ар-намыс,парыз,еплік,адамгершілік ,батырлық сияқты асыл қасиеттерді ерекше сипаттайды.

«Атыс дайындығы» тарауында,атыс құралдарының жауынгерлер үшін маңыздылығы мен оны оқып үйренуде оқушы жауапкершілік жүгін сезіну үшін төмендегідей асыл сөздерін қолдануға болады.

«Күшті қару әлсіз жауынгерді күшейте алмайды»

Техника қанша жетілгенімен,дамығанымен бәрібір күрестің құралы ретінде қалады. «Ойсыз оқ жұмсамағын,әр оғыңды атап атқын»,-деп ант мәтініндегі әскери және халық мүлігін құнттап ұстау керектігін тағы еске салады.Қарулы Күштер қатарына шақыртылатын жас жауынгер әскери өмірге тез бейімделіп,қатаң әскери тәртіп,әскери өмір қиыншылықтарына көндігуі үшін күш-қайраты,моральдық,психологиялық тұрғыда жетілген тұлға болу қажет.Ал күш-қайрат ұғымы Б.Момышұлы сөзімен айтқанда: «Қажыр-қайраттың,ерік-жігердің тас түйіндей түйілуі,алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ой,жүйке,бұлшық ет күштерін жұмылдыру».

Әскери патриоттық тәрбие жұмысын да батыр шығармаларынсыз елестету мүмкін емес.Тау алыстаған сайын биіктейді демекші,Баукеңнің шығармалары мен еңбектерінің маңызы да уақыт өте құнды әрі өзекті. Б.Момышұлындай алыбымызды ардақтап,ұлтымызға ұран болған тұлғамыздың еңбектерін насихаттауды жандандыру қажет.Мұндай іс-шараларды мектептегі барлық тәрбие сағаттары мен АӘД сабақтарында байланыстырылып өтілсе,деген тілек білдіргім келеді.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тарын Б.Момыш?лы шы?армашылы?ымен байланыстыру

Автор: Айдынов Жайлыкан

Дата: 29.05.2015

Номер свидетельства: 216315


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства