kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?Т технология ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын – мектепке дейінгі баланы? ?рекет етуіні? басты ?лгісі. Ол барлы?ы  жа?тан ?ызы?ты болу ?шін оны д?рыс ?йымдастыру ?ажет. Ойын тек ?ана ?йрету ??ралы ?ана емес баланы?  ?ызы?ушылы?ын ояту ?ажет. Осындай жа?дайда ?ана ол ?з о?у ??ралы ретінде міндетін ат?ара алады.

?азіргі уа?ытымызды? талабы ерте жастан бастап тілдерді ?йрену, ?сіресе ?аза? тілін. Мемлекеттік тілді ?йрету ма?сатымен «Сауран» балалар клубында эксперементті топ ?йымдастырылды. Б?л топты? ??рамына ?зге ?лт ?кілдеріні? балалары кірді. Балалары ерте жастан бастап мемлекеттік тілді жетік ме?герсе деген ойымен  берген ата-аналар. ?аза? тілін ?йрену саба?тарында ?р т?рлі кеспе, перфокарта, суреттер т.б.?йлестірмелі материал ?олданып ж?рдік. Осы материалмен ж?мыс жаса?ан кезде  балалар жа?а с?здерді толы?  есте са?тама?ынына, берген материалды  ме?гере алма?анына назар аударды?. Бізді? тобымызда Никита деген бала бар еді.  О?у жылыны? басында ол бала?а буын ??растыру, с?зді есте са?тау ?рекеттері ?те ?иын болды. ?р?ашан тапсырманы орында?ан кезде Никита еш?андай н?тиже болмайды деп  ?иналды.Осы проблеманы шешу ?шін біз ?зімізді? балалар?а беріп жат?ан ?діс-т?сілдерімізді ?айта ?арастырды?. Никитаны? анасымен кездесіп ??гімелескен кезде, Никита компьютерде танымды?-ойын-сауы? ойындарды ?нататынын білдік.

Баланы? к?ру ж?не есту ?абылдау, ы?ыласын арттыру, жад сондай сия?ты, с?здік-логикалы? ойлау  ?р т?рлі психикалы? функцияларын дамыту?а ба?ыттал?ан  мектепке дейінгі балаларды о?ыту кезде жа?сы н?тиже к?рсететін ?р т?рлі компьютерлік ??ралдар бар.  Бізді? клубымыз компьютер ж?не интербелсенді та?тамен жабды?тал?ан, сонды?тан біз ?з интербелсенді жатты?улар ?орын жасау?а кірістік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?Т технология ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру »

Ойын - оқытудың алғашқы құралы ретінде


Алмагүл Долголевец, қазақ тілі пәнінің мұғалімі,

ЖОМ №43, Павлодар қ.

Баян Сыздыкпаева, қазақ тілі пәнінің мұғалімі,

ЖОМ №43, Павлодар қ.



Ойын – мектепке дейінгі баланың әрекет етуінің басты үлгісі. Ол барлығы жақтан қызықты болу үшін оны дұрыс ұйымдастыру қажет. Ойын тек қана үйрету құралы ғана емес баланың қызығушылығын ояту қажет. Осындай жағдайда ғана ол өз оқу құралы ретінде міндетін атқара алады.

Қазіргі уақытымыздың талабы ерте жастан бастап тілдерді үйрену, әсіресе қазақ тілін. Мемлекеттік тілді үйрету мақсатымен «Сауран» балалар клубында эксперементті топ ұйымдастырылды. Бұл топтың құрамына өзге ұлт өкілдерінің балалары кірді. Балалары ерте жастан бастап мемлекеттік тілді жетік меңгерсе деген ойымен берген ата-аналар. Қазақ тілін үйрену сабақтарында әр түрлі кеспе, перфокарта, суреттер т.б.үйлестірмелі материал қолданып жүрдік. Осы материалмен жұмыс жасаған кезде балалар жаңа сөздерді толық есте сақтамағынына, берген материалды меңгере алмағанына назар аудардық. Біздің тобымызда Никита деген бала бар еді. Оқу жылының басында ол балаға буын құрастыру, сөзді есте сақтау әрекеттері өте қиын болды. Әрқашан тапсырманы орындаған кезде Никита ешқандай нәтиже болмайды деп қиналды.Осы проблеманы шешу үшін біз өзіміздің балаларға беріп жатқан әдіс-тәсілдерімізді қайта қарастырдық. Никитаның анасымен кездесіп әңгімелескен кезде, Никита компьютерде танымдық-ойын-сауық ойындарды ұнататынын білдік.

Баланың көру және есту қабылдау, ықыласын арттыру, жад сондай сияқты, сөздік-логикалық ойлау әр түрлі психикалық функцияларын дамытуға бағытталған мектепке дейінгі балаларды оқыту кезде жақсы нәтиже көрсететін әр түрлі компьютерлік құралдар бар. Біздің клубымыз компьютер және интербелсенді тақтамен жабдықталған, сондықтан біз өз интербелсенді жаттығулар қорын жасауға кірістік.


Мектепке дайындық – өте маңызды кезең! Балаларды мектепке дайындау үшін ойындар қажет. Балалардың ең жақсы көретін ойындарының бірі «Сиқырлы сөздер». Экранның ортасында пайда болатын әріптерден кейін дыбысты қайтала. Қандай әріптер сөз құрайды? Тиісті суретті тауып үстінен тышқанмен шерт. Егер жауап дұрыс болса,сурет пайда болады.Бұл ойын балаларға қазақ тіліне жылдамдыққа және сөзді еске сақтауға үйретеді.




«Ойыншықтар дүкені» деген ойын.

Ойынның шарты бойынша қыз бала қандай ойыншық сатып алғанын білу үшін ойыншықты таңдап, сөзді оқу керек.

Баланың танымдық күшін экранда жазылғандар қызығушылығын жетілдіреді. Біздің тапсырмаларда оқуға арналған сөздер буынға әр түрлі түспен бөлінген. Бірінші кезеңдегі оқу техникасын игеру тәжірибеде осындай шектеу баланың оқылымын жеңілдететінін көрсетеді.

Осы тапсырма негізінде бала жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды дұрыс бөлу тиіс.

Содан кейін екінші кезең басталады. Онда дауыссыз дыбыстармен жұмыс жасау керек.

Балалар ДАУЫССЫЗ дыбыстарды ДАУЫСТЫЛАРДАН ажырата білу тиіс. Бұл өте өңай. Дауысты дыбыстарды созып, әңдетіп айтуға болады. Ал дауыссыздар олай емес, олар созып айтуға келмейді. Мысалы «А» дыбысы – дауысты, оны ұзақ созып айтуға болады. Айтып көрші! «Б» дыбысы –дауыссыз, оны созып және әңдетіп айтуға келмейді.

«Қандай әріптен?» деген ойын. Бұл тапсырма өте оңай. «Ана» деген сөз қандай әріптен басталатынын сен білесің ғой? Әрине, «А» әрпінен!

Бұл ойыннын шарты берілген әріпке сөз табу. Ойын үш кезеңнен тұрады: әр кезеңде бір тапсырма - ойынның жоғары жағында көрсетілген әріптен басталатын үш затты тауып атау керек. Егер, сен затты дұрыс тапқан болсаң, онда ол ойын алаңындағы төртбұрышқа салыну керек, егер де қателескен болсаң, сурет өзгермейді және сен қате туралы дабыл естейсің. Барлық үш төртбұрышты толтырғаннан кейін, келесі кезең басталады. Міне, қазір қандай әріптен әр түрлі сөздер басталатыны туралы білееің бе екенін, соны біз тексереміз.

Осындай жаттығуларды қолданғаннан кейін, балаларда қызығушылық пайда болғанын біз көрдік және олар тағы да бірнеше тапсырма көрсетіңіздер деп өтінді. Біз балалардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін әр түрлі жаттығулар құрастыра бастадық.

Матриалды бекіту үшін қарапайымнан күрделіге принцип бойынша тапсырмалар қарастырлды. Мысалы: сұрағы бар сөздерде тиісті «н» немесе «ң» әрпін қою керек. Тапсырманы тексерген кезде дұрыс жауап болса, онда суреттің бір бөлігі ашылады, егер жауап дұрыс болмаса, сурет ашылмайды. Осы тапсырмада қазақ тілінің тән дыбыстарына көңіл бөлінеді. Осындай тапсырмларда анимация, объектің қозғалуы, түс, қаріп, дыбыстық сүйемелдеу арқылы элементтердің белгіленуі және өзгеруі қолданылады.


Орталықтағы сабақ үзіндісінің суреті:

Матвей, 5 жас Полина 6 жас



Катя, 5 жас 6 ай





Эксперименталды тобының балалары үлкен экранда көрсетілген ақпаратты жақсы қабылдайды – бұл балалардың елестету қабілетін жандандырады, материалды меңгеруіне қиындық туғызбайды. Мектепке дейінгі балаларды оқыту тартымды және қызықты болады.

Интербелсенді және мультимедиа құралдар балаларды жаңа біліммен қаруландыруға шабыттандырады. Интербелсенді тақта оқу ақпаратты беру мүмкіншілігін кеңейтеді, баланың ынтасын күшейтуге көмектеседі. Мультимедиа технологияны қолдану ( түс, кесте, дыбыстар, замануи бейнетехника құралдары) әр түрлі жағдай құрастыруға көмектеседі. Мультимедиа бағдарламаларға кірген ойын компоненттері білім алушылардың танымдық әрекеттерін жандандырады және материалды игеруін күшейтеді. Интербелсенді тақта, компьютерлер сияқты оқытудың интербелсенді құралдары балалардың даму диагностикасында көмекші болып табылады. Оқыту ойындарда балалардың ойлау, байқау, зейін қабілеттері дамиды. Оқыту ойындарды ұйымдастырған кезде біз әр баланың ойнау, оқу мүмкіншілігіне назар аудардық. Экранда жазылған тапсырмалар баланың қызығушылық, танымдық күшін ынталандырады.

Ата-аналардың клубқа келіп, сабаққа қатысуға мүмкіншіліктері болды.


Қосымша білім беру педагогтары туралы ата-аналардың пікірлері

Сабақтың оқыту әдісі баланың жеке жас ерекшеліктеріне сай құрастырылған, олардың дамуына бағытталған.

Сонымен қатар, балаларды қазақ тіліне оқыту коммуникативтік сипатты білдіреді. Бала тілді қатынас құрал ретінде үйреніп жүргенде, ол тек жеке сөз бен сөйлем үлгілерін ғана меңгермей, өзіне белгілі үлгі бойынша сөйлем құрастыруға үйренеді. Қазақ тілінде қарым-қатынас мақсатты болу тиіс

Сабақ үстінде балаларды бақылай отырып, қарым-қатынас жасай отырып, мемлекеттік тілді үйрете отырып жасаған қорытындыларды осы мақалада баяндадық. Балалар клубында жұмыс істеу бізге ұнайды. Балалардың шығармашылығы мен тілге деген қызығушылығын көргенде, өз еңбегінің жемісін байқап, қуаныш сезім пайда болады. Біздің ойымызша, педагогтың баланы түсіне білуі – оқыту мен қарым – қатынас жасаудағы маңызды шарт. Өзара түсінушілік болған кезде шығармашылық, серіктестік және жағымды нәтиже болады. Әрбір адам қызметінде, тұрмысында, адамдармен қарым-қатынас жасағанда бір қағиданы ұстайды. Балалар мен әріптестерімізді бақылай отыра біз төмендегіні анықтадық:

Егер әрбір баланы музыкант, сыныпты оркестр деп санасақ, онда мұғалімнің дирижер болғаны. Оркестрдің жақсы ойнауы дирижердің кәсіби шеберлігіне және оркестрді басқаруына байланысты. Бұл бәріне айқын. Оркестр мүшелерінің және дирижердің сауатты ойнауы, олардың жан- дүниесінің көңіл-күйі, шығармашылық шабыты және тындаушыларға қуаныш сыйлау сезімі – табыс көзі болып саналады.

Балаларға, әсіресе, мектепке дейінгі балаларға оқу тапсырмаларын орындауға көмектесу үшін балалардың тәртібін үнемі бақылап отыру керек. Бала робот емес. Үлкен адамның мейірімі, адамгершілік қатынасы кішкентайларды көптеген қиыншылықтар мен реніштен сақтайды. Балаларда әділ және мейірімді адамдарға сенім пайда болады, олардың талап- тілектері мен тапсырмаларын мүлтіксіз орындайды. Сабақта ойындарды қолдану балалардың ақыл-ойының дамуына және қазақ тілінде жылдам оқып үйренуге көмектеседі. Балаларда жады, ойлау қабілеті дамиды, зейін жақсарады. Балалар қазақша дұрыс, мәнерлеп сөйлей алады. Оқыту ойындары балалардың бойында тапқырлық, шыдамдылық және қоршаған ортада өзін – өзі ұстау сияқты қасиеттерді дамытады.

Біз сіздерге балаларды оқыту және дамыту үшін қолданылатын ойындарды ұсынамыз.











Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. «Словесные игры в детском саду» құралы - Просвещение,Москва,1995ж.

  2. Суворова Н. "Интерактивное обучение"-АСТ,Харвец, 2005ж.

  3. «Играем в сказку» құралы -Сфера, Москва, 2006 ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
А?Т технология ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру

Автор: Долголевец Алмагуль Каировна

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 194234


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства