“ Азамат Азаматыч”, “Раушан – коммунист”, “Шұғаның белгісі”, “Берен”, повестері.
“ Танысу” атты алғашқы өлеңдер жинағы.
“ Күйші”, “Дала”, “Құлагер” поэмалары.
“ Жолдастар” романы.
“ Кек”, “Исатай – Махамбет”, “Түрксіб” пьесалары.
Үш бәйтерек теңдікті аңсады. Бай мен кедей арасындағы тартысты, әділетсіздікті жырлады. Болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із қалдырды.Сәкен, Ілияс, БейімбетАңсады олар теңдіктіҚазақтың байтақ елінеТу етіп тікті теңдікті.
“Үш бәйтерек” – Ілияс, Сәкен, Бейімбет кесапат – кесел репрессияға ұшырады. Оларға кеңеске қарсы ұлтшыл, әдебиет саласында кеңеске қарсы зиянкестік жұмыстармен айналысқан, Кеңес өкіметіне қарсы конрреволюциялық жұмыс жүргізген деген айып тағылды. Алматыда, 1938 жылдың 25 ақпанында, КСРО Жоғарғы сотында С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың қылмыстық істері қаралды. Ақырғы сөздері “ешқандай қылмыс жасаған емеспін” болғанмен, сот қылмыстық жазаның ең ауыры – ату жазасына кеседі.