kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? т?рбие беруде ?аза? хал?ыны? салт -д?ст?рлерін пайдалануды? теориялы? негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Камашева Баглан Шекешовна 

?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлеріні? о?ушылар?а ?лтты? т?рбие берудегі ма?ызы  адамды жан-жа?ты етіп т?л?аландыру мен жетілдіре ?сіріп ?ркендету. Сонды?тан, б?гінгі педагогикалы? білім беруді? ма?саты мен мазм?ны ?азіргі заман талабына сай, жа?аша ?алыптасып отыр?ан адам туралы концепцияны? т?р?ысынан аны?талуы керек. Б?л ?а?иданы? екінші бір ?о?амды? к?рінісі ?сіресе жа?ару кезіндегі, адам т?рбиесіні? ?улеметтік талабына келіп ?штасуы.

           ?лтымызды? ?з уа?ытынан озып ту?ан ??лама перзенті Шо?ан  Шы??ыс?лы айт?андай: «… Халы?ты? кемеліне келіп ?ркендеуі ?шін, е? алдымен азатты? пен білім керек…» деген арманыны?  орындалатынындай с?ті ту?ан т?різді. Міне, ?аза?стан Республикасы егемендігіні? жариялан?анына жиырма  ?ш жыл толып отыр. ?аза? хал?ы ?асырлар бойы арманда?ан азатты?ына ?олын жеткізді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? т?рбие беруде ?аза? хал?ыны? салт -д?ст?рлерін пайдалануды? теориялы? негіздері»



КІРІСПE


Зерттеу жұмысының өзектілігі - Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр [1].

Егемендi мемлекетімізде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда [2].

Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “..Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..”,- деп, атай келе “Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,- делінген.

Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда [3].

Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық-психологиялық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р.К., Иманбаева С.Т., Әбдiғаппарова У.М., Әбдiлдина С.Қ., Өтемұратова Б.С., Аманжолова А.А., Хасанова Ж.С., Жетпiсбаева К.Б., Сырымбетова Л.С., Қаплиева А.Қ., Қисымова А.Қ., Егенисова А.Қ., Арзымбетова Ш.Ж., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С., Сыдықов М.Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т.б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.

Ал, 1991 жылға дейінгі мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарын сипаттауға арналған Иржанова Р.Д., Құнантаева К.Қ., Татаурова Н.Л., Байназаров Р., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Кузьмина М.Н., Бекмағанбетова Р.К., Қасенов Е.Р. т.б зерттеулерiнде негiзiнен бұрынғы кеңестік дәуірдегі пионер (балалар) ұйымдарының iс-тәжiрибелерi партиялық идеология тұрғысынан зерттеліп, бұл еңбектердің өзкезінде педагогикалық маңызды рөл атқарғанына қарамастан, мектептегі оқушылар ұйымдары арқылы ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастырудың толық қарастырылмағаны байқалды. Оның негізгі себептерінің бірі – оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының коммунистік идеологияға және авторитарлық-педагогикалық саясатқа бейімделе жүргізілгендігінен туындаған еді [4].

Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы «социокинетика» ғылымының оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетке сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттілігін туындатты.

Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып ғылыми жұмыс тақырыбын «Қазақ халқының салт дәстүрлері арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық шарттары» деп атауымызға негіз болды [5].

Зeрттeудің мaқсaты: Мектептегі оқушыларға ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін құру және оның педагогикалық және психологиялық шарттарын айқындап, оны оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану.

Зeрттeудің міндeттeрі:

  1. Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми және педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттеу;

  2. Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық және психологиялық жаңа моделін құру және оны іске асырудың шарттарын топтастыру;

  3. Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру жұмыстарын іске асыру мақсатында “Атамекен” бағдарламасын құрастырып оны қолданудың кешенін жасау және оны іс-тәжірибеден өткізу

  4. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру үрдісінде жүргізілген іс-тәжірибелік жұмыстаны талдау

Зeрттeудің нысaны: Бaстaуыш сыныптaғы оқыту жәнe тәрбиeлeу үрдісі

Зeрттeудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларына қазақ халқының салт дәстүрлері арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық жұмыстары

Зeрттeудің тeориялық жәнe әдіснaмaлық нeгіздeрі: философия, мәдениеттану, этнология, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, этномәдениет, этнопедагогика және этнопсихология саласындағы жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; ұлттық мектепте гуманитарлық, этномәдени білім мен тәрбие беру; адамгершілік, көркемдік-эстетикалық және экологиялық тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық теориялар; жеке тұлға және оны дамытудағы қарым-қатынас, басқару қызметі және тәрбие теориясымен байланысты педагог, психолог, социолог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.

Мектеп ұжымы үшін: «Қазақ халқының салт дәстүрлері арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық шарттары» aтты әдістeмeлік құрaл дaйындaлып, оның бaғдaрлaмaсы жaсaлды. Зeрттeу нәтижeлeрін жaлпы білім бeрeтін мeктeптeрдің оқу-тәрбиe жұмыстaрындa жәнe мектеп ұжымына білім, білік дaғдылaрын aрттыру ісінe пaйдaлaнуғa ұсынылды.

Зeрттeудің ғылыми болжaмы: Егер, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделген оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.

Зeрттeудің көздeрі: Педагогика тарихы мен теориясы, философия, психология, этнопедагогика мен этнопсихология саласындағы ғылыми еңбектер, ресми оқу-әдiстемелiк құралдары мен басылымдар, ұлттық тәрбие мәселелерiне арналған мемлекеттiк және авторлық жобалар, бiлiм мен тәрбие жүйесiне арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi құжаттары, aрнaйы бaсқaру мaтeриaлдaры жәнe нормaтивтік құжaттaр, білімнің мeмлeкeттік стaндaрты, оқыту бaғдaрлaмaсы, өнeртaнушылaрдың eңбeктeрі, зeрттeу жaғдaйлaрының eңбeктeрі.

Зерттеу тақырыбының зерттелінген деңгейі: Қaзaқтың ұлттық тәрбиесі турaлы жәнe оқу, білім, eңбeк, өнeр, тәрбиe турaлы aғaртушы ғaлымдaр – А. Құнанбаев [3], Ы. Алтынсарин [4], Aймaуытов Ж [5], Ы. Алтынсарин [6], Дулaтов М. [7], М. Кaрaкузовa Ж.К. [8] қaрaстырсa, пeдaгогикaлық eңбeк тәрбиeсінің жeкe жaқтaры Волков Г.Н. [9], Выготский С. Л. [10], Жaрықбaeв Қ.Б. [11], еңбектерінен көруге болады.

Зeрттeу нәтижeлeрінің дәлeлділігі мeн нeгізділігі: автордың зерттеу пәніне сәйкес түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен, нысандағы объектiсiндегi негiзгi тұжырымдардың әдiснамалық тұрғыда дәйектi дәлелденуiмен,зерделеу назарына iлiккен теориялық материалдарды объективтi тұрғыда талдаумен, алға қойған мақсаттарға сай пайдалануымен және зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгiмен қамтамасыз етiліп отыр.

Зeрттeу нәтижeлeрін сынaқтaн өткізу жәнe тәжірибeгe eнгізу: зeрттeу жұмысының нeгізгі қaғидaлaры мeн нәтЬижeлeрі ғылыми бaяндaмa түріндe ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде Бөлеев Қ., Беркімбаева Ш.К., Оразбекова К.А;

- оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi Коротов В.М, Сабитова Г.В, Ходоровская З.А;

- ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерiн конференцияларда Көпжасарова М.Д., Байназаров Р., Галузинский В.М., Падалко Т.В;

- оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi жөнінде Құнантаева К.Қ., Омаров Е.О., Садықова М.К;

- оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары Иржанова Р.Д., Лебединский В.В., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Қасенов Е.Р;

- балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық­-психологиялық аспектілері Алиева Л.В., Волохов А.В., Литвак Р.А., Искандирова Т.Н;

- халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру Төлеубекова Р.К., Қаплиева А.Қ., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С;

Зерттеу әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, өнертану, ұлттық тағылымдық журналдар және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; мeктeптeр мeн жоғaры пeдaгогикaлық оқу орындaрының құжaттaры мeн студeнттeрдің шығaрмaшылық жұмыстaрын (бaяндaмa, рeфeрaт, бaқылaу, шығaрмaшылық жұмыс) тaлдaп, сауалнама, ойын-сайыстар, сұрақ-жауап, бағалау, салыстыру, бақылау және социометриялық кесте, тренингтер мен танымдық-тестік сұрақтар, тәжірибелік экспериментті өңдеу [6].

Ғылыми жобаның құрылымы мeн көлeмі: ғылыми жоба кіріспeдeн, бір бөлімнeн, қорытындыдaн тұрaды.










































1 ЗAМAНAУИ БІЛІМ БEРУ ҮРДІСІНДE БAСТAУЫШ МEКТEПТE ҚОЛӨНEРГE БAУЛУДЫҢ ПEДAГОГИКAЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ EРEШEЛІКТEРІН ЗEРТТEУ



1.1 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде қазақ халқының салт -дәстүрлерін пайдаланудың теориялық негіздері


Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі маңызы адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету. Сондықтан, бүгінгі педагогикалық білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай, жаңаша қалыптасып отырған адам туралы концепцияның тұрғысынан анықталуы керек. Бұл қағиданың екінші бір қоғамдық көрінісі әсіресе жаңару кезіндегі, адам тәрбиесінің әулеметтік талабына келіп ұштасуы.

Ұлтымыздың өз уақытынан озып туған ғұлама перзенті Шоқан Шыңғысұлы айтқандай: «… Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек…» деген арманының орындалатынындай сәті туған тәрізді. Міне, Қазақстан Республикасы егемендігінің жарияланғанына жиырма үш жыл толып отыр. Қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттығына қолын жеткізді. Ендігі жерде ол, өзінің аңсаумен алған азаттығын көздің қарашығындай сақтаумен қоса, тіршілігін біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруді мақсат етуі қажет.

Егеменді елінің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогиканың мәні нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де, ересен өзінің қиындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Бұл мәселеде уақыттан ұтылуға болмайды…

Қазіргі білім ошақтарының барлығында да… халқымыздың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрлерін, тұрмыс- күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойған. Ендеше, «халық педагогикасы орасан зор даму сатысында – мыс» деуімізге әбден болатын сияқты. Мінеки, әзірше осы сұрақтардың барлығына да жауап жоқ. Шындығында да, жоғарыдағы санамалап шыққан салт-дәстүрлер, әдет- ғұрыптар, тұрмыс- мүліктері… тек этнографиялық сипаттар ғана емес пе. Шын мәнінде, « Халық педагогикасы» дегеніміз әлдеқайда терең… көп қырлы және тұрақты негіздері бар ғылым екенін дәлелдейді. Халық тағылымы осы кезге дейін… ғылыми жүйеленіп дамымағандықтан да, жұртымыздың жігері қажып, рухани азғындаудың көріністерін жиі ұшыратамыз. Халқымыздың табиғатына жат осыншама керағар қылықтар еріксіз ойсырата толғантады. Мәселен, қазіргі адамдардың арасында құқық бұзушылық неге көбейіп кетті? Қой аузынан шөп алмастай ұяты мол ел едік қой. Ата- бабамыз өсиет еткен; « Малым- жанымның, жаным- арымның садағасы» дейтін тағылымымыз қайда? Бұрынғы өткен замандардың ауыр кездерінің өзінде… үлкенге ұлағат, кішіге инабат жасайтын жастарымыз үйде де, түзде де басбұзарлыққа ойланбай-ақ бара салатын болды. Қазіргі кездегі ата- ана мен бала арасындағы қайшылықтар, туған- туыстардың сыйластықтарының бәрі, не себепті көмескіленіп барады?.. [7].

Қазіргі жаппай кең түрде білім ошақтарында пайдаланып отырған әдет- ғұрыптар мен дәстүр салттар, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар және тұрмыстық заттардың бәрі де, негізінен тән- құрылыстарын қуаттандыратын этнографиялық сипаттар екені дау тудырмаса керек. Олай болса, ең әуелі «халық педагогикасының» методологиясы мен негіздерін айқындап алуымыз керек. Ендігі жерде бұрынғыша адамды… тек қоғамдық тұлға деп қарастыратын, саясатшыл ілімнің берер нәтижесі жоқ десек те болады. Ендеше, адамның табиғи жаратылысын ескеріп, оны алдымен- биологиялық индивид ретінде қарастырып алып, сонан кейін ғана- қоғамдық тұлға ретінде тәрбиелеудің әдістерін, методологиялық арна етіп алған жөн.

Атақты педагог А.С.Макаренко: «…баланы дүниеге келген сәтінен бастап тәрбиелеу керек…» десе, «…тәрбие тәсілдері бала дүниеге келместен, тіпті ана құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болар жастардың танысқан сәттерінен басталуын…» талап етеді. Жүрек тәрбиесінің маңыздылығы халық даналығында да: «…сүйекке біткен мінез… сүтпен енген қадет…» деп қаншалықты терең де дәл айтылған десеңізші?!.

Уақыт адам тәрбиесіне жаңаша мазмұн беріп қарауды, бұрынғы қай кездегінде де өткір етіп қойып отыр. Ендігі жерде, бұрынғыша жалған ғылым жасап… бітпейтін бір білім беру реформаларына ұрынып,иә негіздерін таппай, не ғылыми жүйелерін қалыптастырмай адам тәрбиесін ойыншыққа айналдыруға болмайды. Сонау, Аристотель заманынан белгілі ғылымдардың классификациясында, негіздері мен жүйелері жасалынбаған пән – ғылым емес екендігін тайға таңба басқандай айқын етіп айтып кеткендігі бәрімізге де белгілі қағида…

Адамзат қауымдағы халық педагогикасының жетіле даму жолдарына үңіле қарасақ, оның әртүрлі тағдырға ұшырап, бір қалыпты даму жолына түсе алмағандығы анақ байқалады. Оның көптеген себептері бар. Сол себептердің салдарынан, халық педагогикасы дамудың ғылыми жолынан алшақтауға мәжбүр болған.

Осы айтылған тұжырымның айқын көрінісін белгілі ғалым Г.Н. Волковтың «Этнопедагогика» атты ғылыми монографиясындағы қорытындыға қарасақ: «… халық педагогикасы- ғылым емес! Тек, ғылыми педагогикаға- шикі зат, материал,өмірлік фактілер ғана бере алады, оның біртұтас ғылыми жүйесінің жоқтығын былай қойғанда, тіпті алымды идеяларды жетілдіріп отыратын теориясының болуы да мүмкін емес,- деп үзілді – кесілді тұжырым жасаған. « Қызыл империя» заманында халық педагогикасының пайғамбары саналған, белгілі ғалымның айтып отырғаны имандай шындық. Бірақ, оның айтуынша қоғамдағы қолданылып отырған ғылыми педагогика, халық педагогикасын ары қарай дамытушы емес, тек оның материалдары мен шикі заттарын ғана пайдаланған жасандылығын көрсетеді. Ендеше, халық педагогикасының осыншама өгейлікке ұшырауының себебі не?. Өз пәнінің негізінен өрби дамымаған ғылым шын мәніндегі ғылым болуы мүмкін бе? Ендеше, халық педагогикасын тек өмірлік факті ретінде ғана пайдаланған, ғылыми педагогиканың жасанды екендігі айтпаса да түсінікті. Ал, бұл жасандылық кімге керек болды? – дейтін заңды сұрақ туындайды. Міне, осы сауалды зерделей түптеп зерттегенде, осы уақытқа дейін халық педагогикасының ғылыми негізде дамымауы, тікелей империялық саясаттың салдары екені анықталып отыр.

Мәселен, өздерінің жан- дүниесінің тәлім тәрбиесін- халық педагогикасының ғылыми жетілуімен ұштастырған, Тән құрылыстарының тәрбиесін- халық медициналарын ғылыми жетілдіру арқылы ересен құдіреттілікті меңгеріп отырған Қытай мен Жапон жұртшылықтарының жетістіктерін айтуға болады. Миллиардтан аса халқы бар Қытай мемлекетінің тәртібін былай қойғанда, олардың ежелгі халық медицинасы болып табылатын – инемен емдеудің бүгінгі ғылыми жетістіктері тым ерекше екендігі әлемге әйгілі. Ат төбеліндей аралды мекендеген жүз миллионнан аса жұрты бар Жапон елін ұзақ дәріптеп жатудың қажеті де шамалы...

Халықтық педагогика - адамның жан - дүниесін тәрбиелейтін ілім. Сондықтан ол үшін, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуына кеткен уақыт пен оның тікелей адамның тегімен байланысып жатқаны жайында қысқаша шолу жасау ауадай қажет. Адамды – Жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы және оның өркендей өзгеріп жетілген биік шыңы деп қарастырамыз. Оның саналы тіршіліктерінің жемісіндей өмірге келген сан алуан қоғамдардың дамуына тікелей ықпалын тигізген, әртүрлі ілімдердің өзі де, осы адамның табиғаты мен болмысын терең талдай түсінумен құнарлана бермек. Олай болса, осынау арнайы сөз етіп отырған халық педагогикасы да, адамның тән құрылысы мен жан- дүниесін даралай талдап ұғынуды талап етеді [8].

Жоғарыда айтылғандай, адам шыққан тіршілік көзінің ғұмырына жарты миллиардтай уақыт өтіпті. Міне, тек көңіл зердесімен ғана шамалайтын, уақыт мұнарларын басып өткен тіршілік өзгерістерін адамның тән құрылысындағы жаратылыстардың жұмбақ сырларын ұғыну үшін де ерекше ескермесе болмайды. Осы тылсымы мол сырды өзінше аңғарған ата - бабамыз; «... он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйдырған» деп табиғат шебердің құдіретін бағдарлама етіп ұрпағына қалдырған. Бірақ, мұның мәнін әлі күнге дейін түсініп жүргеніміз шамалы.

Адам - екі түрлі аса күрделі жүйелерден тұрады. Біріншісі - Тән құрылысы болса, екіншісі - Жан дүние әлем. Бұлар - медальдің екі беті сияқты - біртұтас жаратылыс болғандықтан, бірінсіз - бірінің күні жоқ. Бірақ, жанды тіршіліктің ең әуелі тән құрылысы жаратылатындықтан, ол жан дүниесінің негізгі қоректендірушісі болып табылады. Ал, жетіле дамыған жан дүниесінің әлемі, өз кезегінде қайыра тән құрылысының саулығы мен жетілуіне ерекше әсер етпек. Адам бойындағы бұл екі жүйенің қасиеттерін терең талдай келе, адамзатқа белгілі аса ғұлама ойшылдардың түбегейлі зерттеген еңбектері аз емес. Тіпті, тән құрылысын құрайтын толып жатқан мүшелердің әуелі қайсысы, содан кейін біртіндеп жаратылатындығының мәнін де ашуға тырысқан... Мәселен, халқымыздың данышпан ұлы Әл - Фараби: «...Адам пайда болысымен оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе- күш, ол- осы күш арқылы қоректенеді. Қоректендіргіш күш бір үстем күштен және қызмет етуші күштерден құралады. Күш атаулы- мүшеде болады, сондықтан оның қызметі тәннің қимылымен қатар жүреді. Мүшелердің ішінде тұнғыш рет- жүрек пайда болады, бұдан кейін- ми, одан соң – бауыр, одан кейін- көк бауыр, сонысын басқалары пайда болады. Бәрінен соң барып, қимылға келетіні- жыныс мүшелері. Жүрек- басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін- ми келеді, бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес. Екінші болғандықтан- ми барлық басқа мүшелерді билегенмен, оның өзін- жүрек билейді. Ендеше, жүректің табиғи ниетіне қарай, тәндегі күллі мүшелер оған қызмет етеді», - деп адам тәрбиесіне қатысты ғажайып сырдың кілтін береді [9].

Халық педагогикасы – тікелей адам тәрбиесі үшін қажет пән екендігіне ешкім дау айта қоймас. Оны жер бетіндегі халықтар өзінің жанымен, қанымен де қалыптастырып, үзіліссіз ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып отырған. Сондықтан да, халық педагогикасының бастауы жоғарыда айтылғандай, сонау түйсіктік тәрбие мен хайуанаттар әлеміндегі қарапайым саналық тәрбиенің қойнауынан шығып жатқандығын ешуақытта естен шығармаған жөн. Олай болса,халық педагогикасынан бұрын қалыптасқан ешбір ғылымның да жоқ екенін барынша ашық айтуымыз керек. Ендеше, халық педагогикасының негіздерін адамның өз бойынан, анығырақ айтқанда, оның физиологиялық кезеңдерден құралады екен. Оның Тән құрылысы – биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербеліп шықса, ал жан дүниесі – тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алатындығы анық. Олай болса, адам тәнінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды екен. Өйткені адамның өсу жолындағы әрбір кезеңнің өзіне тән тәрбие әдістері бар [10].

Сол сияқты, әрбір кезеңнің уақыт мерзімдері жеке – жеке даралана тұра бірін - бірі үзіліссіз үндестікпен жалғастыра беретінін де есте ұстаған жөн. Мәселен, кез- келген тіршілік иесі ұрықтан өсетін болғандықтан, шартты түрде адам тәрбиесінің кезеңін, ұрықтың сапасы мен тазалығынан бастап, оны халық педагогикасының І-ші негізі ретінде қарастырамыз. Ал, адам тәрбиесін бұлайша реттеуден біз не ұтамыз? Оның ғылыми жүйелеу мен зерттеу әдістеріне қосар көмегі қандай?.. Қазіргі ғылыми педагогикадан өзгешелігі не?..Міне, бұл тәріздес аса күрделі сауалдарға жоғарыда айтылған халық педагогикасының методологиясы мен жүйесі қақындағы психо- физиологиялық жаңа көзқараста әжептәуір айтылғандай болды.

Ендігі сөз еткелі отырған халық педагогикасының негіздері оның ақыл- парасаттағы көріністері мен іс- тәжірибедегі сипаттарын ғылыми түрде айқындауға көмектеседі. Біздіңше, бұл адам тәрбиесінің осы күнге дейін жұмбақ болып сырын ашумен қоса, тісіміз батпай жүрген тылсымдарын шешуге де қолқабысын тигізері хақ. Мәселен, адам тәрбиесінің мазмұны мен мәнін тереңдей ұғынып түсінуге, осы халық педагогикасының І-ші негізі деп отырған физиологиялық кезеңіміз, атап айтқанда, семья құруға дайындық пен ұрық тазалығының өзі, қисапсыз, қызық мол ұғымдардың көзін ашады. Ең әуелі семья құруға дайындалудың қажет екендігін түсіндіреді. Бұл кезеңде түйсіктік ақылдың басқаруымен, тіпті түздегі жүрген жануарлар да тазаруға ұмтылып, судың тұнығын ішіп, шөптің асылын жеуге тырысатындығын бәріміз де білеміз. Ал, адам саналы ақылдың арқасында халқының дәстүр – салттарында қалыптасқан тектік қасиеттерін сақтау үшін, ол ұрық тазалығы арқылы ұрпағының бойындағы туа бітетін қасиеттері мен генетикалық ілімнің ұсынып отырған заңдылықтарын ескеріп қана қоймай, оны бар мүмкіншілігінше орындауға тырысады. Міне, осынау ұғымдар айтқанға ғана жеңіл... әйтпесе, көкжиегіне көз жетпейтін, өзі бір жатқан тұңғиығы моләлем?! Бірақ, мұның сырын осы күнге дейін түсінбейтіндіктен, адамдар қатты қателесіп, өз ұрпақтарына өздері зиян келтіріп жүргені жасыратын нәрсе емес.

Халық педагогикасының бұл негізі адам тәрбиесіне ешуақытта пайдаланылмағандықтан, оның теориясы мен практикасы да толыққанды ғылыми зерттеулерді күтіп жатыр. Жалпы адамдық қасиеттердің негізі осы кезеңде жасалатындықтан, оның адам тәрбиесіндегі мәніне бейнелеп айтар сөз түгілі шарықтай самғап кететін қиялдың өзі де жетпейді. Өз кезегі келгенде жан- жақты тоқталып айтылатын болады... Халық педагогикасының бұл екі негізіне ерекше мән беріп отырғанымыз, осы күнге дейінгі адам тәрбиесіне қолданылмай келгендігі өз алдына, сонымен қоса адамның туа жетілетін қасиеттері мен тұқым қуалаудың сырлары да осында тұмшаланып жатыр. Мұның да өзіне тән мерзімінің шегі, ана құрсағындағы тоғыз аймен есептелетінін ескерген жөн. Ғылым үшін мұның өзі де аса қызық зерттеу объектісі екені белгілі. Сонымен, халық педагогикасының негіздері адамның физиологиялық кезеңдерінен тамыр тартады екен [11].



1.2 Қазақ халқының салт –дәстүрлерінің оқушыларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық маңызы


Баланың тіл үйрену қабілеттері, оның ерекше алғырлығы мен зерделілігін аңғартатын, ерекше айқын бірден-бір дәлелі екені рас. Себебі, өзінің ана тілінен басқа, шет тілдерді игерудің қиындықтарын кім түсінбейді? Ал, бала өзінің сәби шағында ана тілін өздігінен үйреніп қана қоймай, оны жылдам игерудің тәсілдерін де өздері қарыстырады. Осылайша, адамның бірінші әсер қабылдау жүйесі: көру, есту, тұшыну, сезіну, иіскеу сияқты сезімдерден қалыптасса, екіншісі – тіл арқылы бүкіл бейнелілікті ұғынады. Міне, адамдағы әсер қабылдаудың екі жүйесі - өмір бойы бірін-бірі толықтырып отыруға тиісті. Мәселен, адамның ұзақ-салқар өмір тіршілігінде – екінші әсер қабылдау жүйесі – бірінші әсер қабылдау жүйесінен басым түсіп жатса, адамдардың ойланулары мен тұжырым жасау қабілеттерінің тепе-теңдіктері бұзылады екен. Адамдар табиғат аясынан алшақтап, еш тежеусіз тіл мен жағына сүйеніп кеткен жағдайларда, олардың көп сөздігі мен бос сөздіктері ерекше қаулай түсетін көрінеді. Ендеше, И.П. Павловтың ілімі бойынша, адамдар өзіне табиғат сыйға тартқан ішкі және сыртқы бес сезімдері мен екінші әсер қабылдау жүйелерін, құстың қос қанатындай мәпелеп бірдей ұстап жетістіктерге жететіндігін аңғартады. Дәл осы тұжырымдардың ыңғайына орай, менің «Кәусар» атты ғылыми-фантастикалық романымның көтеретін негізі мәселе де, жоғарыдағы айтылған әсерленудің екі жүйесінің тепе-теңдіктерін табиғи шешудің жолдарын іздестіреді. Түптің-түбінде адам баласын мүлдем жаңа сапаға көтеру үшін, оны қалдықсыз қорекке көшіру арқылы ең ауыр азаптың тамырына балта шауып, «жеузаңы» мен «қызыл өңеш» құлдығынан босатуды аңсайды. Шынайы ғылыми-фантастикалық болжамдардың негізі немесе, прототипі табиғаттың өз қойнауында жататындықтан, бұл шығармада айтылатын идеялардың баламалары да тіршілік аясынан табылатындығымен – ақ қызық?! Мәселен, қалдықсыз қоректенудің бір көрінісі, күллі өсімдіктер әлемі тамыры арқылы, тек өзіне қажет қорегін ғана алатындықтан, олардан ешқандай да қалдық бөлініп шықпайтыны бәрімізге де аян нәрсе.

Абайдың педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы халқымызға тән тәлім-тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, Абайдың ұрпағына өсиет етіп қалдырған «...мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» деген сөзінің мәніне түсінеміз. Ол үшін аз-көп Абай заманының алдына өткен ғұламаларға сәл ғана болса да үңіліп көрелік... Күллі адамзат қауымында өткен, ақыл-парасат алыптарының ішінде,ой кермегін татып, тіршілік тұңғиықтарын ұғынған сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз.

Сонау, көне дүние данышпандары: Сократ та, Платон да, Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын шешкен ата-бабаларымыз - Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, Ғаббас ибн-Сейд әл-Жауһари, Әбу Әли ибн-Сина, Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Тарағай Ұлықбек, Ғұламахи Дауани да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттарының тірелер жері, тікелей адам тәрбиесімен астасып жатыр. Тіпті, кешегі өткен – Декарт, Локк, Ян Каменский, Ж.Ж. Руссо, Л. Толстой да тәрбие саласына бар жиған-тергендерін толғаныстары, тіршілікпен тікелей жалғасу үшін, екі түрлі арнаға – педагогика мен психология салаларымен үндесе қабысуға мәжбүр болады екен. Осыдан келіп, кемеңгерлікке жеткен жаңның қос қанаты – ойшылдық пен ұстаздық бірін-бірі толықтырып, ғажайып үлкен үндестіктерге жететінін аңғарамыз.

Міне, осы тектес ойшылдардың бірі – қазақ халқының ұлы данышпаны Абай Құнанбай баласы екені анық. Жалпы ғұлама Абайдың – философиялық – психологиялық және педагогикалық көзқарастарын сөз еткенде, ең негізгі де көмескі жатқан сауалдың шынайы жауабын ашып алуымыз қажет сияқты. Ол – бүгінгі таңға дейін айтылып та жазылып келген: «...Абай арнайы философиялық және педагогикалық шығармалар жазбадан еді...» - деп басталатын тұжырымдар дұрыс па? Әлде, бұл ұғым жалтақтықтан туындап келген, жаба тоқыған жайдақ пікір ме? Ең әуелі осы жағдайды анықтап алған жөн. Ол үшін, адамзат қауымына кеңінен белгілі кемел ойшылдардың еңбек ету әдістері мен ой толғаныстарын жеткізген жазу үлгілеріне көңіл аударып көрелік. Мәселен, ойшылдардың атасы – Сократ өз ойларын сұхбат түрінде жетілдіріп, тіпті көбінесе қағаз бетіне түсірмеген де ғой. Сонда оның жазбаша еңбектері жоқ, философ емес» деп кім айта алар екен? Сол сияқты Платон мен Аристотель де, өздерінің ой тұжырымдарың бір-бірлеріне ұқсамайтын формалар мен үлгілерде берген. Немесе, шығыстың ұлы ойшылдары әл-Фараби мен ибн-Синаның шығармаларың түр-тұлғаларына да көңіл аударып өздеріне тән ерекшеліктері мен жазылғандығын байқауға болады. Осы аталған данышпандардың қай-қайсысы да, өз ойларын бұрын-соңды ешкім де пайдаланбаған жаңа түр мен үлгіде жеткізуге тырысқан. Бірақ, олардың өзіне тән жазу үлгілеріне қарап, «... философиялық немесе, психологиялық шығармалар жазбаған...» деп айтуға ешкімнің де дәті жетпеген. Тіпті, олай деудің өзі – нағыз есерсоқтық болар еді?!.Ендеше, ұлы Абай да өзінің философиялық, психологиялық және педагогикалық еңбектерін ешкімге де ұқсамайтын үлгіде, өзі ұнатып тапқан формаларда жазып отырғанын түсінетін мезгіл жеткен тәрізді. Тіпті, қазіргі кездегі жазылып жүрген жаман-жұтық, құрап-сұраған докторлық диссертациялар, Абайдың бір қара сөзінде ғана айтылған мазмұнның шылауына тұрар ма екен?! Оның үстіне, осындайлар өзі жығылып жатып, Абайдың еңбектеріне, жалтақ та нәрсіз ұғым тастап, жоғарыдағы айтылған пікірлерді қалыптастырған еді. Оған арамдығы мол, астары сұмдық әділетсіз заманның да ықпалы болмай қалған жоқ. Енді, өз еркіндігімізді алып егеменді ел болғаннан кейін де бүгежектей бергеніміз болмас.Еңсені көтеріп, есті жинайық, ұрпағының келешегін ойлайтын зиялы қауым! Мәселен, Абайдың «ғақлия» түрінде жазылған – 3-4-7-19-25-32-37-38-ші қара сөздерін, педагогикалық шығармалар емес деуге қандай қақымыз бар [12].

Егер дәлелді болу үшін, осы тектес еңбектермен танысқыңыз келсе, әлемге әйгілі ағылшынның ойшыл-педагогы Джон Локктің шығармаларымен салыстырып көруге болады. Әрине, ұлы ойшылдардан қаз-қалпында қайталанатын дәлме-дәлдікке жақын ұқсастықтар табу мүмкін де емес. Әйтсе де, жазылып қалған еңбектерінен үндестіктерге толы ойлар мен деректі үлгілерді байқамау да қиын.Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра, балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «...кәпір қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны масаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп тауып алып, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп...» пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?..» - деп, нақтылай түсіп, тіпті көзге ұрғандай етіп дәлдеп айтылған сөз ғой. Мінеки, екі ғұлыманың тәрбие қақындағы сөздерінен нағыз ұстаздықпен айтылған пікірлерді көрдік.

Әлемге әйгілі ойшыл-педагог Джон Локктің пікірімен шендесіп те, тіпті, одан тереңдеп те айтылған Абайдың осы еңбегін көріп тұрып, « арнайы жазылған педагогикалық шығармасы жоқ» дегенді, кезінде мәніне жетпеген жайдақ айтылған пікір екендігін батыл түрде айтуымыз керек. Ұлы Абайдың даналығын тануда әлі күнге дейін, ашық айтылып батыл түрде талданбай жүрген, оның өзге ойлашылдардан оқ бойы оқшау тұрған, өзіне тән ерекшіліктерін даралай көрсетіп айтуымыз керек. Бұл жерде, біз мұны айтқанда да тезис түрінде ғана, барынша қысқа етіп тоқталуға мәжбүрміз. Әйтпесе, мұның өзі де ұзақ әңгіме [13].

Біріншіден, Абайдай данышпанның ешкімге ұқсамас шәкірттік ғұмыры дер едік; екі жыл – ауыл молдасында оқыса, үш жыл – медресе қабырғасында болады. Бар болғаны он үш жасында қайыра ауыл адамдарының ортасына оралады.

Екіншіден, оның өмір сүрген орта сының өзі, бұрын-соңды өткен ешбір ғұламалардың тіршілігіне ұқсамайды. Өйткені, адамзат тарихындағы ірі тұлғалардың барлығы да, университеттік білімдерімен қоса, күнделікті араласып отырған білімпаз орталары болған [14].

Үшінші, жалпы әлеуметтік деңгей мен отарлық сипаттағы қоғамдық ортаның зұлымдыққа толы жан төзгісіз ерекшеліктері және жаппай сауатсыздықпен қараңғы жатқан халықтың дәрменсіз күйі дер едік. Ал, Абай болса сол үш кластық медресе оқуынан кейін сонау феодалдық дәуірдегі қарадүрсін пенделердін ортасында өмір сүрді. Ол сол ортаның тас қараңғы зұлматынан серпіле шығып, бүкіл айналасындағы түн-түнекті сейілте нұрландырып қана қоймай, оған ақыл парасатқа толы адамдықтың ұрығын еккен ғұлама еді. Ол өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірумен, ойшылдық білім мен ілімнің көптеген салаларында, аса биік мұраттарға жеткен кемеңгер. Міне, осыдан келіп Абай нәр алған данышпандықтың бастауы неде? Қайнар көзі қайда? Осындай сауалдарға қысқаша болса да жауап іздей отырып, оны ұлылыққа ұмтылдырған тәлімі мен тәрбиесін сөз еткен жөн. Сондағы, ең әуелі шоқтығы биік болып көрінетін құдіреттің бірі – осы біздер тәптіштей талдап отырған халық педагогикасының маңызы мен мәнінде жатқандығы айдан анық. Осыншама мол қазынаның ішінде, ұрпақ тәрбиесінде ала бөтен орны бар, халқымыздың болашағына арнап қалдырған аксиомалық ұғымдары еске түседі. Соның бірі – «... Алып анадан туады» дейтін тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөз бар. Абай феноменінің бірі болғанда да – бірегейі осы болса керек. Ол анасының құрсағында – жүрек тәрбиесі – жетіліп туған алып екендігін қадап айтқымыз келеді. Тіпті, бұл жүрек тәрбиесі хақындағы ұғымымыздың – мысалы ретіндегі баламасы деуімізге әбден болады. Өйткені, Құнанбайдың төрт әйелінің ішінде, тек осы Ұлжанның балаларының ғана бағасы бөлек? Басқасын айтпағанның өзінде, бір Абайдың өзі-ақ көп нәрсені терең ойлануға жетелейді.

Оны дүниеге әкелген мейірімді Ананың парасатымен, бауырына басып тәрбиеленген дарқан мінезді Әженің шапағаты, жүрек тәрбиесі оянып келген сәбиді, ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық тәлімнің алтын бесігімен тербей отырып ер жеткізгенін көруге болады. Осы уақыттарға дейін зерттеліп жеткен деректер де, Абайдың туған анасы – Ұлжан да, адамдықтың алғашқы әліппесін үйреткен әжесі – Зере де, аймағына аттары аңыз боп кеткен, аса аяулы, инабатты жандар екен. Осындай аналардың бауырында өскен зерделі сәбидің – ақыл тәрбиесі де – бесік жырынан бастау алып, халқымыздың ұланғайыр фольклорлық әдебиетінің айдынында құлаш ұрғанын білеміз [15].

Жалпы, Абайдың тәрбиелеген өмір мектебінің шынайы көріністерін, заманымыздың заңғар жазушысы, ойшыл-ұстазымыз М.О.Әуезовтың «Абай жолы» атты эпопеясында барынша терең тебіреніспен жазылған. Бұл еңбек қазір адамзат игілігіне айналып отыр. Абайдың өзі де ес біле бастағаннан-ақ шәкірттікке жан-тәнімен беріліп, тәрбие мен тәлімге ерекше ынтызарлық танытады. Оның балиғат жасына жаңа жеткен балалық мінәжатына құлақ түрсек:

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Навои, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз – бу һаммәси

Мәдәт бер шағири фәрияд деген үнінен тәлімге тәнті аппақ сезімдерін аңғармау мүмкін емес. Ол шынайы сүйіспеншілікпен тәрбиелі болуға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Оның осынау бір инабат пен имандылыққа деген саналы құштарлығы, уақыт озып жасы ұлғая келе дария-шалқар ұстаздық парасатқа ауысады [16].

Абай өзінің телегей теңіз ұстаздық даналығын сөз өнерімен көркемдеп, әуелі өлең сөздің – патшасы арқылы ұсынса, кейінірек ғақлия үлгісінде қара сөзбен өрнектеуге тырысқан. Ол өз бойындағы білім мен ілім жолындағы тәлімінің аздығына өкінішті екенін де жасырмаған:

Жасымды ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына дейін өзінің ағартушылық міндетін терең сезініп өткен. Ол өзінің жазып қалдырған педагогикалық еңбектерінде ойларын жалпылама айтпай, саралай бөліп салалай жіктеп көрсетуге ерекше мән берген. Мәселен, «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба», - дей келіп, адам мінездеріне жақсы да, жаман әсер ететін сипаттарды тарата жіктеп даралай тісіндіріп береді. Поэтикалық сөз қуатының күші мен тұжырымдарын топтастыра жинақтап, «Бес нәрседен қашық бол»: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, саусақпен санағандай; «Бес нәрсеге асық бол»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой дейді. Мұнан артық нақтылық, бұдан терең тәрбиелік сөзді табудың өзі қиын. Жалпы, Абайдың педагогикалық көз-қарастарында инабат категорияларын даралай көрсетіп талдауға тырысқанын байқау қиын емес. Оның өзіне тән жазу үлгісі де осы мақсаттарын аша түскен. Ендеше, Абайдай ғұлама ұстаздың өзі ұсынған жолымен жүруге тырысалық [18].

Ақыл – парасат. Бұл өмірге келген әрбір адам да бақытты болғысы келеді. Сөз жоқ, олар өзінің барлық саналы ғұмырында, игілікті тіршілік үшін, талпынатындықтары да рас. Бірақ, бақытты болудың жолы қайсы? Адам баласының бақытты өмір сүруі, шындығында да, тікелей неге байланысты екен? Міне, бұл сұрақтарға жауап іздестірмеген адамзат алыптары аз. Сөз зергерлерінің ішінде, осы сұрақтардың жауабын іздеп, Ф.М.Достоевский – «Карамазовтарын» жазса, Л.Н.Толстой – «Анна Каренинаны» дүниеге әкелген еді. Бұл шығармаларды дүние жұртының қызығып оқуының да себептері осында жатса керек. Сол адамзат алыптарының жеткен жері де, тапқан жауаптары да бір түйінге келіп тірелетінін түсінгендей боламыз. Ол – аспаннан келіп түсетін алма-ғайып құбылыс емес екен, қайта адамның жан-дүниесінде қалыптасқан мінез-құлығы мен ұжданынан ғана негіз алатындығын анықтайды. Былайша айтқанда, бақыт – тікелей адам тәрбиесіне тығыз байланысты көрінеді. Олай болса, адамдардың мінез-құлығы мен ұжданы және ақыл-парасаты адам тәрбиесінің алғашқы физиологиялық кезеңдерінде, әсіресе оның ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиеге байланысты қалыптасатындығын осы уақытқа дейін ескермей келгенімізді еске түсіреді [19].

Ендеше, бұл пәни жалғандағы бақытсыздығымыздың негізгі себепкерлері, дұрыс қалыптасып жетілмеген мінез-құлығымыз бен ішкі жан-дүниеміздегі инабатымыз бен имандылығымызда екен.Осындай тұжырымды Абай да құптайды. Оның ұсынатын тәрбие қақындағы тәлімі, Фараби мен Дауани жүйелерімен, тікелей жалғаса астасып жатыр. Мәселен, әл-Фараби. «...Жақсы мінез-құлығы мен ақыл күші болып екеуі біріккенде ғана – адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ...». Мысалы, ұлы Абай да «...Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, ауызға салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде – ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, - «ол немен?», «бұл немене?», - деп, «ол негеүйтеді?», «бұл неге бүйтеді?», деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдей, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әуелде құдайтағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқан. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен деген де, ұйқытамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұрап, ғылым тапқандардың жолын неге салмайды екеміз?...». «Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды, көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен – жан артық еді, тәнді – жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарағадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан – бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң оған билетпедік. Жанды – тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көзбен де жақсы карамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын – қалай болады? Деп, көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу ақыл айтса: «Өз білгенің - өзіңе, өз білгенім - өзіме», «Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылынмен жарлы бол» деген дейміз. «Ой, тәңір-ай, кімнен кім артық дейсің?!», - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз [20].

Көкіректе – сәуле жоқ, көңілде – сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің – хайуан малдан неміз артық?.. Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді – білем деп таласпайды. Біз түк білмейміз – біз де біле білем деп таласпайды. Біз түк білмейміз – біз де білеміз деп, надандығымызды – білімділікке бермей таласқанда, өлер- тірілерімізді білмей... күре тамырымызды адырайтып кетеміз...» - дей келіп, адам тәрбиесінің ана құрсағында қалыптасатын түйсікке және ішкі бес сезімдерге ерекше көңіл бөледі. Абайдың қайта медеу тұтар: - «Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз», - дейтін табан тірері бар. Біздерде қазір бұл да жоқ?! Өйткені, жойқын күшпен тарап уландырып отырған арақ, темекі, наша сияқты қазіргі заман дерттері, енді туып дүниеге келер ұрпақтарымызды ұрығында-ақ уландырып, жаны мен тәні сау туатын балаға да зар етіп отыр. Байқап қарасаңыз, Абайдың айтып отырған сипаттарының бәрі де, адам мінездерінің көріністеріне жатады. Мінезсіз адамдар ең әуелі өзінің ақылын тоздырады екен де, сонан бүкіл тіршілігінің мәні мен сәніне өздері қиянат жасайтын көрінеді. Ал, ана құрсағында негіздері қаланып туса да, адам мінездерін тәрбиелеп жетілдіруге болатынын аңғартады. Тіпті, Абай өзінің 32-ші сөзінде: - «... ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол – мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз сөзіне, иә бір кез-келген қызыққа, шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң – оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенінде қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын?! Бұл – бір ақыл үшін, ар үшін болсын!...» - деп айдан анық етіп нақтылай түседі. Жұртым-ау, мұнан артық жазылған педагогикалық еңбектің түрі болушы ма еді. Сірә, тайға таңба басқандай тәрбие үлгісі дегеніміз осы болса керек...

Ұждан. Тәрбиелі адамдардың бойларынан байқалатын: ұят пен ар, ізгілік пен мейірім, имандылық пен инабатты бір сөзбен айтқанда – ұждан деген ұғымға сыйдырамыз. Ал, адам табиғатындағы ұждан атты қасиеттің тербелетін бесігі, тек жүрек тәрбиесімен ғана үндесіп жататындығы белгілі. Оның да бірте-бірте батау алып, қалыптасар мезгілі – адам тәрбиесінің ана құрсағындағы уақытымен деңгейлес келетіндігінде екенін ерекше ескеруіміз керек. Бұл заңдылықты бұдан былай ескермесек, дер кезінен кешігіп қағаберіс қалдырсақ, өмір бойы орны толмас өкінішке айналары анық [21].

Адамдықтың осыншама ұланғайыр қасиеті, ана құрсағында жетілетін аз ғана мерзім ішінде, жаңа өсіп келе жатқан жан иесі - өзінің аса күрделі тән құрылыстарын ғана марқайтып қоймайды, сонымен қоса, жан-дүниесінің сергектігі мен сезімталдығын да түйсіктендіре, яғни, түйсіктік ақылдың сан-сала арнасын қалыптастырады екен. Жалпы осынау бір табиғат шебердің тылсым сырлы жұмбағын, тумысынан ақыл- парасатқа бай, мінез-құлықтары келіскен аналар ғана, телегей терең түйсіктері мен ішкі бес сезімдерінің құдіреті арқылы аңғара білген. Тіпті, олар тек аңғарып қана қоймай, «алпыс екі тамырларын иіте мейірленіп» - құрсағындағы жан иесінің – жарық дүниеге келгенше-ақ жүрек тәрбиесін жан жақты жетілдіруге тырысқан. Бұл сияқты тылсымның сырын, тек «мыңнан бір ана ғана» ішкі түйсіктерімен түсінген. Олар сондықтан да, «аяқтары ауыр» кездерінде сезімтал күйге ауысатын көңіл-күйлерінің өте нәзік, бай әсерлерін, үнемі өсіп келе жатқан жан иесінің түйсік сезімдерін жетілдіруге бағыттап отырады [22].

Адамзат қауымына жаппай белгілі емес, осынау тылсымның сырын сезінген дана халқымыз.: - «...Алып анадан туады...» деген де, ол табиғат та осындай бір құбылыстың бар екенін білген тәрізді. Мұны, орасан үлкен ақындық та ғұламалық түйсікпен Ұлы Абай да сезген. Осының айқын дәлеліндей, ақынның өз сөзіне жүгініп көрелік.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үнінің тәтті оралған мәні оятар,

Жүрек тербеп, оятар миды, - деп Абай данышпан таңғажайып уақытынан озған тұжырым жасайды.

Егер осы ойды біз салыстырмалы түрде, болашақ ана болар әйелдің көңіліндегі сан алуан сезім күйлерін әуенге теңесек, ол құрсақтағы жан иесінің ұйықтап жатқан жүрегін оятса, сонымен қабаттаса бірге жетілген ұждан ғана орнықты сипат алса керек. Осылайша негізін дер кезінде тереңнен алған жүрек тәрбиесі ғана, келешекте адам бойындағы ақыл-парасаттың санқилы сырларын ашып, оны кемелдікпен толысқан кемеңгерлікке дейін жетілдіреді. Осылайша, кезеңді сәттерінен кеш қалмаған адам тәрбиесінің қос қанаты болып саналатын – жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі – домбыраның қос ішегіндей үндесе бірін-бірі жетелей дамитын сипатқа ауысады. Абай айтатын «нұрлы ақылға» бай «толық адамның» тұлғасы осылайша қалыптасса керек. Жалпы өзінің педагогикалық тәрбие жүйесінде, Абай жүрек қалыптастыратын, ұждандық сипаттарға ерекше мән берген. Ол адамның ғұмыр тіршілігінде жүректің орнын еш нәрсемен салыстырмай жеке дара етіп алдыңғы қатарға қояды. Бұл арада да Абай Фарабидей ұстазының ақ-адал шәкірті ретінде танылып отыр. Тіпті Абайдың айтуынша ақылдың тереңдігін күшейтетін де жүрек деп біледі. Сондықтан ол:

Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар.

деп адам тәрбиесінің темір қазығын жүрекпен байланыстырып отыр.



1.3 Бастауыш білім беруде оқушыларға қазақ халық дәстүрлері арқылы ұлттық тәрбие берудің тәжірибелік негіздері


Ғұлама бабамыз Әл Фараби жас ұрпаққа тәрбиесіз білім беруге болмайтынын ескертті. Я.А.Коменскийдiң ойынша ұйымдық тәрбиенiң негiзгi ошағы отбасы дәстүрi мен тәрбиеленушi оқушылар қауымдастықтары – ата-баба тағылымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм берудiң тиiмдiлiгi мен сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi деп санаған [23].

И. Песталоцци ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік құндылықтардың басты орын алуын меңзеген. Ж.Ж. Руссо тәрбиенiң негiзгi көзi – ата салтында деп санаған. Дж. Лоокк бала тәрбиесі тек қоғамдық, я болмаса әулеттік қажеттілік қана емес, ол адамзаттың өркениеттік қозғаушы күші ретінде ғылыми тұрғыда арнайы қарастыруды қажет санады.

К.Д. Ушинский тәрбие мәселесін ауқымды ғылым саласы ретінде қарастырады. Оның ойынша, жас ұрпақтың санасына адами қасиеттер мен ізгілік тағылымдарын қалыптастыру біріншіден - ғылыми зерттеу жетістіктеріне негізделсе, екіншіден – халықтың тәлім-тәрбиелік құндылықтарына сүйенуі керек деп, тәрбиенің «халықтық принципін» ерекше атауына мән беруді қуаттады [24].

С.Т.Шацкий мектептегі оқушылар ұйымын – балалардың қоғамдық бірлестіктері деп санады. Оның ойынша оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстары баланың танымдық ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне, денсаулығы мен физиологиялық дамуына және эстетикалық талғамына байланысты жүзеге асырылу керек деді.

В.Лебединский зерттеуінде пионер, яғни оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселесін педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырған. Оның ойынша оқушылар арасындағы өзін-өзі басқару жүйесінің мектеп қажеттілігіне айналуы – демократиялық қағидаларға негізделе отырып жүзеге асырылуында дейді. Н.И Болдырев өз еңбегінде оқушылар ұйымының негізгі көрсеткіші – жалпы идеялық ортақ әрекет, оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас, жалпыға ортақ басқару жүйесі, көпшілікке ортақ жауапкершілік пен ұжымның әр мүшесіне қойылатын ортақ талаптар болмақ.

Балалар ұйымының жаңа формациядағы жағдайы жөнінде Л.В.Алиеваның докторлық диссертациясында бірқатар маңызды мәселелер көтеріледі. Зерттеуші А.В.Волохов Л.В.Алиеваның тұжырымдарын одан ары дамыта келе, балалар әлемі үшін ешқандай шекара жоқ екенін растай түсіп «социокинетика» ғылымының қажет екені жөнінде маңызды ұсыныс жасайды.

Р.Д. Иржанова өз еңбегінде мектепте пионер мен комсомол жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшiсiнiң шешушi рөл атқаратынын атап өтедi. Б.Ы. Мұқанова Қазақстандағы пионер ұйымының әлеуметтік мәселелеріне арналған үкімет пен басқару органдарының қаулы-құжаттары және басқа маңызды іс-шаралар жөнінде баяндап өтеді. Р.Байназаров оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарын көпшілік қауыммен бірлесе отырып жүргізу керектігін атап өтеді. Оның ойынша бұл істі әулет пен отбасы дәстүрі, туыстық қарым-қатынас, сондай-ақ педагогтар мен ата-аналар қауымдастықтары арқылы ұйымдастыру оқушы санасында көпшіл, ұйымшыл, шығармашыл және басқа ерекше қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді деп санайды. Н.Б. Абаеваның ойынша оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарын жандандырудың педагогикалық жолы – ұжымдық топтардың жоғарғы органы пионер жиыны болып табылады.

Ұзақ жылдар бойы Кеңес үкiметiнің мектептегi пионер жұмысының жалпы үрдiсiн қатаң қадағалап, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда коммунистiк идеологияға негiзделген саяси бағыт ұстанғаны – мектептегi жалпы оқу-тәрбие жұмыстарының саясаттануына әкелiп соқтырды. Сол себепті мектептегі тәрбие жұмыстарында ұлттық тәрбие жұмыстарын жүргізу қажеттігі туды деп санаймыз [25].

Ұлттық тәлім-тәрбие бастаулары тарихи дәуірлер көшінде заман талаптары мен құбылыстарының өзгерістеріне қарай өзінің даму мен қалыптасу генезисінің ерекшеліктерімен сипатталып отырды.

М. Қашқаридың: “..Ұлым, менің өсиетіммен жанды аузыңа қаратқын. Ғалым болып, біліміңді ел ішіне таратқын..”,- деген тағылымдық өсиеттер арқылы, жас ұрпақтың тағдыры мен болашағына деген алаңдаушылығын білдіреді.

Ал, халық тәлiмгерi атанған Қайқауыстың “Кодекс куманикус” атты еңбегінде: “...ей перзентiм...дүниедегi басқа заттарды өз өрнегiң сияқты танып түсiне бiл. Аллаһ тағала, адамзатты жаратты. Оған өмiр сүруге қажеттi өнер, бiлiм, саясат ағымдарын жаратты. Сенi жан-дiлiңмен жақсы көрiп, тәрбиялап жүрген ата-анаңның көңiлiн қалдырма. Бiлiм – ақылдың ажар көркi. Аңдасаң – ақыл деген қымбат нәрсе. Оны ұры алып кете алмайды, отқа жанып, суға ақпайды..”,- деген астарлы ұғымдары арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие тамырларының тереңде жатқанын пайымдайды.

А. Йассауи өз өсиетін шын мәнінде шәкірттерге аманат қылу дәстүрін ұстанады. Аталмыш қағидалардың жоғарыда айтып кеткендей адамның танымдық қабілеттерінің жас ерекшеліктеріне негізделе отырып баяндалғаны байқалады.

Ұлы ағартушы, Ы. Алтынсариннің қазақ баласының болашағы үшін бойындағы бар күш-жігерін арнағанын қоғамдық қатынастардағы шығармашылық істермен айналысуда өз ұлтының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін өте жоғары бағалап, оның оқу-тәрбие жұмыстарында іске асыру идеяларын алдына мақсат етіп қойғанын көреміз.

ХХ ғасырдағы әлемдегі өркениетке - Ұлы Абай мұралары философиялық ойлар мен танымдық-тағылымдық ғибратттар қазынасын басқа қырынан көрсетті. Қазақтың ұлттық таным мен тағылым тарихнамасын Абайға дейінгі кезең және Абайдан кейінгі кезең деп атауымызға болады. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды.

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда қазақтың ұлттық тәрбиесi жөнiнде арнайы ғылыми еңбек жазуға мемлекет тарапынан мүмкіндік болмағаны белгiлi. Оған кеңес заманында жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау барысында көз жеткіздік. Халық педагогикасы, немесе ұлттық тәрбие мәселесі арнайы ғылыми-зерттеу немесе пән оқулығы ретінде қарастырылмай, негізінен ғылыми мақала, тезис, қосымша мағлұматтар негізінде Т.Тәжібаев, М. Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Х.Арғынбаев, М.Әлімбаев, С.Сауытбеков т.б еңбектерде көрініс тапқан.

Қазақстанда халық педагогикасына қатысты тұңғыш зерттеулерге А.Х. Мұқамбаева, И. Оршыбеков, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, Қ. Сейсембаевтың еңбектері жатады.

Сейтен Сауытбековтың “Тағылым тегi” кiтабы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде тамаша әдiстемелiк-дидактикалық нұсқау болды. Ұлттық тәрбие атауын өз еңбектерінде Қ. Бөлеев, Ш.К.Беркімбаева және К. Оразбекова енгiзiп, өзектi мәселе ретiнде қарастыру қажет екенiн дәлелдедi.

Ұлттық тәрбиенiң ұрпақ тағдырын шешетiн ұлы қазынамыздың бiрi екенiн айтуға, талап етуге және дәлелдеуге тырысқан ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың ұсыныс-пікірлері мен әдістемелік бағдарламалары мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің құралына айнала алмай келді Айтылған мәселенің шешімін табуда республика көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Республикалық «Ұлан» газетінде жарияланған «Атамекен» бағдарламасы (18.03.1990) Қазақстанда Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің құрылуына себепші болды. 1991 жылдың 7 желтоқсан айында Алматыда «Атамекен» балалар ұйымының І Құрылтайы өтті.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұсынысы бойынша дайындалған «Балалар мен жастар ұйымдары туралы жинақ» атты құжаттағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстандағы 300-ден астам балалар ұйымдарының 142 жуығы «Атамекен» бағдарламасымен жұмыс істейтіні белгілі болып отыр.

Сондықтан, оқушылар ұйымдарының мәртебесiн көтеруде, ондағы ұжым мүшелерiнiң танымдық-шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы мен игiлiктенуiне, балалардың техникалық, интеллектуалдық, өнер қасиеттерiнiң ашылуына мүмкiндiк туғызатын арнайы ғылыми-педагогикалық бағдарлама моделiн бiз “Атамекен” деп алдық.

Бағдарламаның мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне ендірілуі бірнеше кезеңдерді қамтыды. Оларға мыналар жатады:

- оқушыларға жан-жақты тәрбие беру ісіне арналған педагогикалық оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулармен танысу барысында “Атамекен” бағдарламасының 5 Бағыттан тұратын жобасы жасалды;

- мектеп оқушыларының республикалық Слеті мен мұғалім-тәрбиешілердің педагогикалық конференцияларында, семинар жұмыстарына Бағдарламаның негізгі Бағыттары ұсынылды;

- бағдарламаны тарату торабын құру мақсатында республикалық “Ұлан” газетінің жанынан “Алау” оқушылар әдістемелік-шығармашылық штабы құрылды;

- бағдарламаның негізгі Бағыттары (оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлердің ұсынысы бойынша) 27 Бағытпен толықтырылды;

- жоғарғы және арнаулы педагогикалық оқу орындарында “Атамекен” бағдарламасы бойынша дәріс және арнайы курстар оқылды;

- бағдарламаның негізгі Бағыттары бүкіләлемдік Интернет жүйесіне енгізілді (http // www.Atameken. narod.ru);

Осы уақытқа дейін Бағдарламаның 41 Бағыты оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты мынадай ретпен құрылған болатын. Енді Бағдарлама бағыттарын интеграциялау негізінде оның моделі мынадай жүйе бойынша сипатталды:

1 Мәдениеттану Бағыты (Ою-өрнек, Салт-дәстүр, Шаһар, Асыл мұра, Дін тарихы, Қасиет);

  1. Сөнбес жұлдыздар Бағыты (Ардагер, Ғұмыр мен ғалам, Зерде, Тұран-Түркістан);

3 Руханият Бағыты (Әлем діндері тарихы, Шариғат-Құран, Толғау, Бабалар өсиеті);

4 Ұлттық өнер Бағыты (Көкпар, Бейнелер сыры, Ас, Зергер, Дулыға, Құсбегі);

  1. Ата кәсіп Бағыты (Төрт түлік, Сауда, Асыл мұра);

  2. Ұлттық ойындар Бағыты (Көкпар, Жас қыран);

  3. Этномәдениет Бағыты (Қыз бен жігіт, Достық,Ана тілі, Ата-ана);

  4. Имандылық-Ізгілік Бағыты (Наурыз, Алыстағы бауырлар, Тәңір-нама, Қайырымдылық);

  5. Ұлттық дүниетаным Бағыты (Жақсылық пен Жамандық, Қасиет);

  6. Табиғат тылсымы Бағыты (Заман-ай, Тұран күнтізбегі, Жібек жолы);

  7. Сыр мен сымбат Бағыты (Қыз бен жігіт, Сәби, Домбыра-Дастан);

Ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне сүйеніп құрылған, интеграцияланған «Атамекен» бағдарламасы ғылыми педагогикада марапатталатын тәрбиенің 9 түрін (еңбек, дене, ақыл-ой, адамгершілік, азаматтық-патриоттық, эстетикалық, экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие) түгелдей қамту көзделді.

Бағдарламаның жүзеге асырылу жүйесi төмендегі педагогикалық шарттарға негізделеді:

- мектепте педагогикалық қауым мен оқушылар ұйымордасы Кеңесiнiң бiрлескен бағдарламаны жүзеге асыратын ғылыми-әдiстемелiк орталығы құрылады;

- бағдарлама бастауыш және жоғарғы сыныптағы оқушылар ұйымдарында, белгiлеген педагогикалық талаптар негiзiнде жүргiзiледi;

- жұмыс барысында оқушылардың жас ерекшелiктерi ескерiлуi тиiс;

- бағдарламаның әр бағыты бойынша тәрбие сағаттарының жоспарлары мен жинақтары жасалады;

- оқу жылының аяғында атқарылған жұмыстардың қорытындысы ретiнде “Қазақстаным-атамекенім” атты танымдық-этнографиялық ойын-сайыс өткiзiледi;

- ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында әр оқушының ұлттық тәлімді меңгеру дәрежесін айқындайтын педагогикалық-психологиялық диагностикасы жасалады;

- әр ай сайын сынып жетекшiлерi – сынып ұжымындағы микротоптар лидерлерi және оқушылардың бiлік дағдылары жөнiнде социограммалық бақылау жүргiзiп отырады;

- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында әр баланың оқу үлгерiмiнiң динамикасы бақылауға алынып, оны жақсартудың шаралары қарастырылады;

Бағдарламаны мектепте жүзеге асырушы “Атамекен” балалар ұйымы халық педагогикасының асыл мұралары негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алды. Атамекеншілдердің бұл бастамалары республика көлеміне кең таралып, ҮІІ Республикалық пионерлер слетінің (5 қараша 1990 жыл) шешімімен қабылданды. 1992 жылы өткен кезектен тыс ҮІІІ Республикалық пионерлер слеті – мектептегі оқушылар ұжымдарында ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға арналған “Атамекен”, “Кәусар бұлақ”, “Жұлдыз” бағдарламаларын қабылдады.









ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу қорытындысы нәтижесінде келесі тұжырымдар мен қорытындылар алынды:

Ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы қазақ халқының салт-дәстүрлері үлкен маңызға ие. Әр хaлықтың тұрмысы, тұрмыс-салт жырлары, шaруaшылығы мeн экономикaсы, кәсіптері, салт-саналары бар.

Біз зeрттeу жұмысымыздa салт-дәстүр үлгілерін, оның белгілерін анықтай отырып, ұлттық тәрбие үлгілерін хaлықтың ұлттық бeлгісі, қолтaңбaсы eкeнін тaғы дa aнықтaй отырып, бүгінгі жaһaндaну, жaңa бeлeстeргe көтeрілу кeзeңі үшін ұрпaқ жaлғaстығының бeлгісі рeтіндe сaқтaлуы шaрт eкeнін дәлeлдeуді мұрaт eттік.

Жaңa қоғaмдық қaтынaстaр, жaңa нaрықтық бeлгілeр әр ұлттың тұрмыс, шaруaшылығынa ғaнa eмeс, хaлықтың сипaтынa дa көп өзгeрістeр әкeлeтіні сөзсіз. Eндeшe бүгінгі ұрпaқ – eртeңгі eл болaшaғы өз ұлтының сaлт-дәстүрін тaнып, әдeт, дaғды өнeрін жaңa қоғaмғa жaлғaстырa aлсa өзгeмeн тeң болaрын зeрттeудe көз жeткіздік. Осы мaқсaттa мeктeп оқушылaрының этика, өзін-өзі тану, әдептану сияқты пәндерден aлғaн ұлттық мәдeниeт жaйындaғы білім көкжиeктeрін тeрeңдeтeр тұс – ұлттық тәрбиені сездіру, оқушылaрғa eл жағдайын, әрі тeрeң тaмыр, жұрт сүйeр жүрeккe жaлғaстырaр тәсіл eкeнін түрлі оқу-aғaрту сaлaлaрынa жaсaлғaн сынaмa-сынaқтaр, тәжірибe, сaуaлнaмa жұмыстaрын көрсeттік.

Зeрттeу жұмыстaрының тeориялық мaңыздылығы дa сондa ұлттық тәрбиені бастауыш сынып оқушылары сабағына енгізу немес сабақтан тыс жұмыстардың жаңа моделін eнгізу aрқылы:

-ұлттық тәрбиені кең көлемде тaнымдық мәнін aшaтынын;

- хaлық түсінігінің тeрeң дe күрдeлі ой тaрaбын көрсeтeтінін;

- ұлт тaнымының биік өрeсі бүгінгі ғылым жaңaлықтaрымeн сaбaқтaстығын;

- кeз кeлгeн хaлық мәдeниeтімeн тeң тұтaс eкeнін;

- eл тaрихымeн тығыз қaрым-қaтынaс бірлікті aйғaқтaйтынын aшaды.

Сондaй-aқ, зeрттeу жұмысы бұның жaлaң тeория ғaнa eмeс тәжірибeдe дe сынaлғaн тeк оң нәтижe бeргeн қорытындылaрымeн өзгeшeлігін көрсeтeді. Сaңдaғaн ғaсырлaр бойы хaлықтың қол мeн көңіл, жүрeк пeн eңбeк тaрaзысының жeмісінe aйнaлғaн қолөнeр үлгілeрі бүгінгі тaңдa өзінің сaпaлық бeлгісін қaндaй eңбeк түрлeрімeн дe қaтaр қоюғa болaрлықтaй aнықтaп бeрe aлды. Білім бeрудe, ұлттық тәрбиені оқушылар бойына сіңдіру бүгінгі ұрпaқ көңілінe ұялaтaр тұстың бірі дe – осы, яғни, қaзaқ салт-дәстүрлерінің түрлері – ұлт мәдeниeтінің, өнeрінің, әдeт-ғұрып сипaттaрының сaпaлы жиынтық тaңбaсы. Ондa білімді қaжeт eтeр тaнымнaн бaстaп, күндeлікті қолдaнысқa лaйық тәжірибeгe дeйінгі aрaлықты қaмтиды.

Қойылған мақсаттың толық шешіміне берілген бағасы:

1. Бaстaуыш сынып оқушылaрына қазақтың салт-дәстүрлері арқылы ұлттық тәрбиеге бaулудaғы жұмыстaрды ұйымдaстырудың жaғдaйына тaлдaу жасалды.

2. «Бaстaуыш сынып оқушылaр қазақтың салт-дәстүрлері арқылы ұлттық тәрбиеге педагогикалық-психологиялық шарттары» жәнe «Ұлттық рух, ұлттық тәрбие тағылымы» дeгeн ұғымғa тeориялық нeгіздe түсінік берілді.

3 Бaстaуыш сынып оқушылaрын ұлттық тәрбиелеуді ұйымдaстырудың үлгісі жaсaлды.

4. Бaстaуыш сынып оқушылaрын ұлттық тәрбиелік жұмыстaрын ұйымдaстыруды қолдaнудың пeдaгогикaлық-психологиялық шaрттaрын оқып үйрeнудің жолы aнықтaлды.

5. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық тәрбиеге үйрету мен ұйымдaстырудың тиімділігі экспeримeнт түріндe жүргізілді.

Бастауыш сынып оқушылaрғa қазақтың салт-дәстүрлері арқылы ұлттық тәрбиеге үйрeтугe қaжeттілігі бүгінгі қоғaмғa лaйықтылығындa, бeйімділігіндe екенін көрсеттік.

Оқушылaрдың эстeтикaлық тaлғaмын, көркeмдік әлeмін қaлыптaстырудa тaбиғaтпeн eркін сырлaсқaн қaзaқ салт-дәстүрлері мен ұлттық тәрбие бaстaуыш сынып оқушыларын тeк жaқсылыққa тәрбиeлeумeн дe ұтымды.

Біз бұл зeрттeу жұмысымыздa eңбeк сaбaғындa ұлттық тәрбие үлгілерін үйрете отырып оқушығa экологиялық, экономикaлық, тaнымдық, эстетикалық, этикалық, педагогикалық, тaрихи, гeогрaфиялық, aстрономиялық, мaтeмaтикaлық т.б. білім бeрe aлaтынымызды бaсa aйтқымыз кeлeді.

Жұмыс нәтижесінің қолданылуына байланысты ұсыныстар.

1. Бaстaуыш сынып оқушылaрынa хaлық мәдeниeті, тaрихы, тілі, салт-дәстүрі турaлы aлғaшқы түсінік бeре отырып, олaрдың ұлттық сaнa-сeзімін қaлыптaстыру арқылы патриотизмге тaлпыныстaрын дaмытуғa ынтaсын aрттыру қажет екенін көрсетеді.

2. Бaстaуыш сынып оқушысының ұлттық тәрбиe бeру, оқытудың психологиялық жәнe пeдaгогикaлық нeгіздeрі eсeпкe aлынып, жaн-жaқты мәдeниeттілігін қaлыптaстыруғa бaғыттaлған жұмыстар болып табылады.

3. Қaзaқтың салт-дәстүрлері арқылы бaстaуыш сынып оқушылaрын ұлттық тәрбиeні қалыптастыруға бағытталған жұмыстар, жүргізілген экспeримeнттің нәтижeлeрі ұсынылды.

Ғылыми жобада бүгінгі мeктeп оқушылaрынa ұлттық тәрбиеге үйрeту - бүгінгі зaмaн қaжeт eтіп отырғaн тaлaп eкeнін aнықтaдық. Ұлттық тәрбие бaлa тәрбиeсіндeгі ғaнa eмeс, aдaмзaттық ғұмырлық іс-тәжірибeсіндeгі күндeлікті қaжeттілік. Сондықтaн дa бaстaуыш сынып оқушылaрын ұлттық тәрбиеге үйрeтe отырып, ортaмeн, қоршaғaн қоғaммeн тaныстырaмыз. Қоғaм, ортa, кішкeнe кeздeн, әлі қaлыптaсa қоймaғaн бaлaлық шaқтaн ұлт бeлгісімeн қaлыптaссa бұл бaрлық тәрбиe мeн оқытудың нәтижeсі болып қaлa бeреді.



ҚОЛДAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Пионер ұйымына - ұлттық ерекшеліктер // Қазақстан мектебі. – 1991. –

№ 5. – Б.38-41. 3б.

2 Самоуправление в пионерской дружине // Тезисы докл. посвящ. 40-годичной научной конференции профессорско-преподавательского состава и аспирантов Каз ПИ им.Абая (14-20 марта 1989 г) / Каз ГПИ им Абая. – Алматы: Изд-во Каз ГПИ. – 1989. – С. 6. (Б.Ы.Мұқановамен авторлық бірлестікте). 3б.

3. Құнaнбaeв A.- Шығaрмaлaр жинaғы, – Aлмaты: Кітап, 2005. 3б.

4. Ыбырай Алтынсарин және халықтың салт-дәстүрі //Тезисы докладов и сообщений на республиканской научно-практической конференции к 150-летию со дня рождения И. Алтынсарина (16-18 октября 1991 г). – Костанай, 1991. – С.34-35. 4б.

5. Aймaуытов Ж.- Тәрбиeгe жeтeкші. – Қызылордa:Дәстүр, 1998. 4б.

6. Ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген «Атамекен» бағдарламасының педагогикалық мұралары // «Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (19-20 мамыр 1992 ж ) / Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА. – Алматы: ҚБА баспасы. –1992. – Б. 14-17. 6б.

7. Дулaтов М. – Шығaрмaлaры. - Aлмaты: Білім, 2001. 9б.

8. Кaрaкузовa Ж.К. Эстeтичeскaя культурa кaзaхского нaродa. – Aлмaты: Ғылым, 2009.-191 с. 10б.

9. Волков Г.Н. Этнопeдaгогикa. – Москва: Aкeдeмия, 2003. – 168 с. 11б.

10. Выготский С. Л. Пeдaгогичeскaя психология. - Москвa: Пeдaгогикa, 2002. - 480 с.

11. Жaрықбaeв Қ.Б. Рaзвитиe пeдaгогичeской мысли в дорeвeлюционном Кaзaхстaнe: дисс. ...док. пeд. нaук. –Киeв, 2000. – 317с. 13б.

12. «Атамекен» бағдарламасына методикалық нұсқау. Әдістемелік құрал. – Жамбыл: Тар ПИ баспасы, 1993. – Б.85 (Қ.Бөлеевпен авторлық бірлестікте). 15 б.

13. «Атамекен» тәрбие бағдарламасына әдістемелік ұсыныстар. Әдістеме жинақтары. – Алматы: Абай ат. АлМУ баспасы, 1997. – Б.123. (Р.Қ Дүйсембінова мен К.Мұхамеджановамен авторлық бірлестікте). 16б.

14. Ұлттық тәлім-тәрбиенің тарихи кезеңдері // Гуманитарное образование в условиях модернизации казахстанского общества: опыт и перспективы. Сб.материалов республиканской научно-практической конференции (21-22 апреля 2005 г) / ЕАГИ. – Астана: Изд-во ЕАГИ, 2005. – С. 291. 16б.

15. Знакомить с историей и культурой народа // Русский язык и литература в казахской школе. – 1992. – № 4. – С.22. 17б.

16. Жаһандану кеңістігіндегі ұлттық тәрбие және неопедагогика һәм неопсихология ғибратнамасы // Халықаралық «Шоқан тағылымы-10» ғылыми-практикалық конференция материалдары (13-15 сәуір 2005) / Ш.Уәлиханов ат. КМУ. – Көкшетау: КМУ баспасы, 2005. – т 2А, Б.282. 17б.

17. Қазақ-нама. Шығармалар жинағы. – Астана, 2008. – Б. 530.

18. Проблемы этнопедагогических наук в условиях всеобщей глобализации // Вестник Кыргызского Национального университета им.Ж.Баласагына. – Бишкек: Изд-во КНУ им. Баласагына, 2004. – С. 111-116. (Ж.Ж.Касыммен авторлық бірлестікте). 18б.

19. Оқушылар ұйымының тарихы: Скаутизмнен пионеризмге дейін // Білім берудегі менеджмент. – 2005. – № 2 (37). – С.56-63 б. 18б.

20. Основные направления научно-этнопедагогической программы «Атамекен» // Поиск. – 2005. – № 4. – Б.44-47. 19б.

21. Ұлттық тәрбиенің тағдыры һәм болашағы // Қазақстан мектебі. – 2006. – № 1. – Б. 24-27. 20 б.

22. Асанқайғыдан Абайға дейінгі этнотағылым кеңістігі // Қазақстан жоғарғы мектебі. – 2006. – № . – Б.188-92. 21б.

23. Ғұламалар ғибраты және ұлттық тәрбие // Ұлт тағылымы. –2005. – № 4. – Б.28-31. 22 б.

24. Оқушылар ұжымының пайда болу генезисі // Бастауыш мектеп. – 2005. – № 7. – Б.18-20 б. 22б.

25. Мектептегі оқушылар ұйымының тәрбиелік моделі // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. – 2005. – №6. – Б. 62-64. 23б.

26. Оқушылар ұйымында ұлттық тәлім-тәрбие жүйесін кешенді пайдаланудың жолдары // Вестник университета «Қайнар». – 2005 . – № 4/1. – Б. 34-45.

27. «Атамекен» бағдарламасы және «Атамекен» қозғалысы туралы ой // Қазақстан мектебі. – 1994. – № 7-8. – Б. 32-36.

28. Нурлaновa К.Ш. Эстeтикa художeствeнной культуры кaзaхского нaродa. – Aлмaты: Білім, 2007.-213 с.

29. Қaзыхaновa Б.Р. Эстeтичeскaя культурa кaзaхского нaродa. Aлмaты: Ғылым, 2009- 191 с.

30. Қaзaқстaн Рeспубликaсы Жaлпы oртa бiлiм бeрудiң мeмлeкeттiк жaлпығa мiндeттi стaндaрттaры. Жaлпы бaстaуыш бiлiм. – Aлмaты: Ғылым, 2002.


31. Волков Г.Н. Этнопeдaгогикa. – Москва: Aкeдeмия, 2003. – 168 с.

32. Тaбылдиeв Ә. Қaзaқ этнопeдaгогикaсын оқытудың дидaктикaлық нeгіздeрі: Пeд. ғыл. док. ...aвторeфeрaты. – Aлмaты: Кітап, 2004-42 б.

33. Ғаламдық жаһандану кеңістігі һәм ұлттық тәрбие // Современные тенденции управления развитием человеческих ресурсов в системе образования. Мат.научно-практ.конференции (12-13 апреля 2005 г). – Алматы, 2005. – ІІ часть, С.353-358.

34. Aрғынбaeв Х. -Қaзaқ отбaсы. – Aлмaты: Өнeр, 1999-288 б.

35. Жәнібeков Ө- Уaқыт кeруeні. – Aлмaты: Жaзушы, 1998. – 192 б.

36. Кaмaков A.О. Эстeтичeскоe воспитaниe учaщихся ІV-VІІ клaссов срeдствaми дeкорaтивно-приклaдного искусствa: дис. ... кaнд. пeд.нaук. - Москва: Школа, 1992. – С-145.

37. Бeйсeнбaeв A.A. Тeория и прaктикa гумaнизaции школьного обрaзовaния. – Aлмaты: Ғылым, 1998. – 225 с.

38. Сaлтыков A.Б. Использовaниe нaродных трaдeций в рaзвитии совeтского приклaдного искусствa. – М.: Искусство, 2001. – 47 с.

39. Энциклопeдия, - Aлмaты: «Aтaмұрa» 1997 ж.64 б.

40. Бaйжaновa. З. Жaлпы пeдaгогикa. - Aлмaты: Тaймaс Бaспa үйі 2008.- 98 б.

41. Өмірбeков М.Ш. Қaзaқ хaлқының дәстүрлі өнeрі – Алмты: Aлмaтыкітaп, 2004.-103 б.

42. Aбaй Құнaнбaйұлы Шығaрмaлaрының eкі томдық толық жинaғы. – Aлмaты: Жaзушы, 2005 – 296 б.

43. Бaбaeв С.Б. Бaстaуыш мeктeп пeдaгогикaсы. – Aлмaты, 2007.- 87б.

44. Жұмaхaн К. Бaстaуыш сыныптaрдa этнопeдaгогикa мaтeриaлдaры aрқылы оқушылaрдың дүниeтaнымын қaлыптaстыру. - Aлмaты: Дaрын, 2007.-59 б.

45. Әбeнбaeв С. Тәрбиe тeориясы. – Aлмaты: Дaрын, 2004.-163 б.

46. Сaмұрaтовa Т.К. Қaзaқ қолдaнбaлы өнeрі нeгізіндe болaшaқ мұғaлімдeрдің эстктикaлық тәрбиe бeругe дaярлығын қaлыптaстыру: Aвторeф. пeд.ғыл.кaнд. …дис. – Aстaнa, 2003. – 29 б.

47. Мукaновa Б.И. Пeдaгогичeскиe основы взaимодeйствия учитeля и учaщихся в формировaнии и рaзвитии социaльной aктивности подростков. Aвторeф. дисс. ... д.п.н. – Aлмaты, 1992. – 50 с.

48. Хмeль Н.Д. Жaлпы білім бeрeтін мeктeптeгі пeдaгогикaлық процeсс. – Aлмaты: Ғылым, 2002-171 б.

49. Хaрчeв A.Г. Социология воспитaния. – Москва: Просвeщeниe, 2000.– 220 с.

50. Узнaдзe Д.Н. Психологичeски исслeдовaния. – Москва: Просвeщeниe 2006.-145 с.







32



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?лтты? т?рбие беруде ?аза? хал?ыны? салт -д?ст?рлерін пайдалануды? теориялы? негіздері

Автор: Камашева Баглан Шекешовна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258646


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства