kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Табиғи талант иесі – Хатимолла Бердіғалиев"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эта презентация про великого композитора г.Уральск Катимолла Бердигалиев.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Табиғи талант иесі – Хатимолла Бердіғалиев"»

Табиғи талант иесі – Хатимолла Бердіғалиев

Табиғи талант иесі – Хатимолла Бердіғалиев

Өмірбаяны: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1989), мәдиниет саласынын еңбек сіңірген қайраткері (2010) Қатимолла Бердіғалиев 1952 жылы 29 ақпан Орал облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Осы аудандағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепті 1969 жылы бітірген. 1975 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы  атындағы музыкалық училищесінің А.Ф.Муравьев  класын  бітірген. 1977-1989 жылдары Аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, үйірме жетекшісі және әдістемеші  қызметтерін атқарды. Хатимолла Бердіғалиевтің оқыған мектебі

Өмірбаяны:

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1989), мәдиниет саласынын еңбек сіңірген қайраткері (2010) Қатимолла Бердіғалиев 1952 жылы 29 ақпан Орал облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Осы аудандағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепті 1969 жылы бітірген. 1975 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы  атындағы музыкалық училищесінің А.Ф.Муравьев  класын  бітірген. 1977-1989 жылдары Аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, үйірме жетекшісі және әдістемеші  қызметтерін атқарды.

Хатимолла Бердіғалиевтің оқыған мектебі

Өнер Жолы  Оның кең диапозонды, әдемі де ырғақты дауыспен салған әндері тыңдаушы жүрегін еріксіз елең еткізіп, жүрегінен жол табады. Оның репертуары өте бай. Қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғ.Құрманғалиевтің кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған т.б. көптеген жыраулардың терме жырлары, халық композиторларының әндері бар. Қатимолла Бердіғалиевтің өнерін облыс, республика жұртшылығы жақсы біледі. Ол бірнеше дүркін Бүкілодақтық, Республикалық байқаулардың лауреаты.

Өнер Жолы

Оның кең диапозонды, әдемі де ырғақты дауыспен салған әндері тыңдаушы жүрегін еріксіз елең еткізіп, жүрегінен жол табады. Оның репертуары өте бай. Қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғ.Құрманғалиевтің кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған т.б. көптеген жыраулардың терме жырлары, халық композиторларының әндері бар. Қатимолла Бердіғалиевтің өнерін облыс, республика жұртшылығы жақсы біледі. Ол бірнеше дүркін Бүкілодақтық, Республикалық байқаулардың лауреаты.

Айтыс өнеріндегі жолы

1985 жылы алғаш рет ақындар айтысына қатысты. 1987 жылы Ұлы Қазан төңкерісінің 70 жылдық торқалы тойына арналған Орал облыстық ақындар айтысына, Казталов ауданының бас ақыны ретінде қатысып, үлкен ақындық өнер танытты. Ол өзінің сөз саптаушылық талантымен көзге түсіп, 1987 жылы «Облыс ақыны» деген атаққа ие болды. Көптеген  халықаралық  айтыстардың  жеңімпазы. Бүгінде жыр көшінің жетегінде келе жатқан, кейінгі жас балауса ақындардың өнерге жол сілтер ұстаз-ағалары ретінде көріне білген Қатимолла Бердіғалиев аз уақыт ішінде Республиканың халқына танылып үлгерді. Қатимолланы тек Қазақстан ғана емес Ресей, Моңғол, Қырғыз, Өзбек республикаларының ақындары құрмет тұтады. 1989 жылы Алматы қаласындағы Наурыз айтысында І орынды иеленсе, қазан айында Алматыдағы ақындар айтысында Монғолияның ақыны Мұхамедқызы Егеуханмен айтысып ІІ орынды жеңіп алды. 1990 жылы Алматы қаласындағы Наурыз айтысында ІІ орынды қанжығасына байласа, 1991 жылы Ақтөбе қаласында өткен ақындар айтысында І орынды жеңіп алып, көп кешікпей 1992 жылы Тама Есет Батырдың мерей тойындағы айтыста бас жүлдені жеңіп алды. Сол жылдың қазан айында Қызылорда облысының Қазалы ауданында өткен ақындар айтысында І орынды иеленді. 1991 жылы Қаратөбе ауданы Мұхит совхозында өткен әнші, сазгер сал Мұхиттың 150 жылдық мерей тойындағы ақындар айтысында І орынды, 1992 жылы Оралда өткен Сырым Датовтың 250 жылдық тойында да І орынды жеңіп алды.1993 жылы өткен Көкшетау қаласында Ақан Серінің 150 жылдық мерей тойындағы ақындар айтысында бас жүлдені, сол жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында өткен Бұхарбай батырдың тойында тағы да бас жүлдені жеңіп алды. 1993 жылы Торғай облысында Шақшақ Жәнібектің мерей тойында бас жүлдені қанжығасына байлады.

Қатимолла Бердіғалиев айтыспен қатар бірнеше дүркін жыршы, термешілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқауларына қатысып лауреат атанды. Соның бірі 1997 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен Мұхтар Әуезовтің 100 жасқа толу мерей тойында «Мұхтар Әуезов және ұлы дала музыкасы» атты халықаралық фестивалға қатысып лауреат атанды. Өзінің 50 жылдық мерейтойы қарсаныңда 3 компакт диск, Мұхиттың, Абайдың әндерін және өз орындауындағы халық әндерінің жиынтық шығармаларын шығарды. 2011 жылы Қатимолланың жаңа 3 аудиодискісі жарық көрді. Оның ішіне таңдамалы күйлер, Мұхиттың, Ғарифолланың термелері, және облыс композиторларының әндері кірді. Қатимолла Бердіғалиевтің өлеңдері «Орал өңірі», «Жалын» баспалары мен республикалық газеттерде жиі-жиі жарияланып тұрады. «Жүзден жүйрік» шыққандар» атты кітапшасында өмір жолдары мен айтыс өлеңдері басылып шықты.

Қатимолла Бердіғалиев айтыспен қатар бірнеше дүркін жыршы, термешілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқауларына қатысып лауреат атанды. Соның бірі 1997 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен Мұхтар Әуезовтің 100 жасқа толу мерей тойында «Мұхтар Әуезов және ұлы дала музыкасы» атты халықаралық фестивалға қатысып лауреат атанды. Өзінің 50 жылдық мерейтойы қарсаныңда 3 компакт диск, Мұхиттың, Абайдың әндерін және өз орындауындағы халық әндерінің жиынтық шығармаларын шығарды. 2011 жылы Қатимолланың жаңа 3 аудиодискісі жарық көрді. Оның ішіне таңдамалы күйлер, Мұхиттың, Ғарифолланың термелері, және облыс композиторларының әндері кірді. Қатимолла Бердіғалиевтің өлеңдері «Орал өңірі», «Жалын» баспалары мен республикалық газеттерде жиі-жиі жарияланып тұрады. «Жүзден жүйрік» шыққандар» атты кітапшасында өмір жолдары мен айтыс өлеңдері басылып шықты.

Мұхит Мерәліұлының пен Ғарифолла Құрманғалиевтің ізін жал­ғастырушы Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық филармониясы жанындағы Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрінің әншісі Орал саз колледжінде 18 жыл бойы Мұхит класынан дәріс беріп, шәкірттер тәрбиеледі. Мұхит Мерәліұлы Ғарифолла Құрманғалиев – дәстүрлі ән өнерінің биік тұлғалары.

Мұхит Мерәліұлының пен Ғарифолла Құрманғалиевтің ізін жал­ғастырушы

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық филармониясы жанындағы Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрінің әншісі

Орал саз колледжінде 18 жыл бойы Мұхит класынан дәріс беріп, шәкірттер тәрбиеледі.

Мұхит Мерәліұлы Ғарифолла Құрманғалиев

дәстүрлі ән өнерінің биік тұлғалары.

«Ән мұра» кітабі Батырова Алтын Айткалиевнамен бірігіп, Мұхит класын оқытуға арналған кітаптың жазып, жарыққа шығарды. Бұл әлістемелік құралмен барлық музыкалық мектеп, колледж, университеттер оқиды.

«Ән мұра» кітабі

Батырова Алтын Айткалиевнамен бірігіп, Мұхит класын оқытуға арналған кітаптың жазып, жарыққа шығарды. Бұл әлістемелік құралмен барлық музыкалық мектеп, колледж, университеттер оқиды.

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл»  Хатимолла Бердіғалиев 18 жылдың ішінде көптеген шәкірт баулып, қияға қанат қақтырды. Қажғалиев Бейбіт - Республикалық конкурстардың лауреаты, «Мен қазақпын» тележобасының қатысушысы. Ислямғалиев Армат - Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Мирас Бақтығұлов - қазақтың ұлттық аспабы мен дәстүрлі әнді насихаттап жүрген әнші-күйші

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл»

Хатимолла Бердіғалиев 18 жылдың ішінде көптеген шәкірт баулып, қияға қанат қақтырды.

Қажғалиев Бейбіт - Республикалық конкурстардың лауреаты, «Мен қазақпын» тележобасының қатысушысы.

Ислямғалиев Армат - Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі»

Мирас Бақтығұлов -

қазақтың ұлттық аспабы мен дәстүрлі әнді насихаттап жүрген әнші-күйші

Қайрат Кә­кімов - Атырау облыстық академиялық оркестрінде әнші.  Сәуле Таудаева - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Ернар Өмірәлі - Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солисті. Күләш Қуа­нышқалиева - Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншісі

Қайрат Кә­кімов - Атырау облыстық академиялық оркестрінде әнші.

Сәуле Таудаева - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

Ернар Өмірәлі - Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солисті.

Күләш Қуа­нышқалиева - Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншісі

«Кібісе жылы» дүниеге келген... 29.02.1952 Осы тақырыпта Хатимолла атамыздың бір сұхбатынан жауабы

Меніңше, Құдайдың кү­нінің жаманы жоқ. Өзім осындай сенімдемін. Бәрі сенімге байланыс­ты нәрсе. Анамның жады берік адам еді, ол да сондай көз­қараста болса керек. Адам ішінен ойлап қалып, секем алатын болса, жамандыққа ұшы­рауы да ғажап емес. Мен өзім әр айдың 9-ы, 29-ы сияқты күн­дері талай рет сапар­ларға шығып жүрдім. Ойыма еш күдік алған емес­пін. Құдайға шүкір, бә­рінде де сапарым сәтті болды. Әлемге әйгілі композитор Иоганн Севастьян Бахтың анасы 29 ақпанда дүниеге келген деседі. Одан басқа біздің ұлы бабаларымыз бен аталарымыздың арасында да бұл күні өмір есігін атта­ған­дар бар. Мәселен, Шәмші Қал­даяқов 29 ақпанда дү­ниеге келген ғой. Енді төрт жылда бір келетін ақпан айы­­ның бір күні аспаннан жайдан жай түсе салмағаны анық. Аспан асты мен үстін зерт­­тейтін ғалымдардың тұ­жырымдауынша, бір тәу­лікте 24 сағат 8 секунд бар екен. Осы артық секундтар жинала келе төрт жылда бір тәулікті құрайды деседі. Яғни, бұл да Құдайдың күні, қорқудың, қауіп ойлаудың қажеті жоқ. Өзім ес білгелі 29 ақпан келген жылдары жаңбыр мол жауып, астық қамбаға сыймай жатқан уа­қыттар да көп болғаны есімде, құрғақшылық кездер де болды. Жалпы, 29 саны өзіме жағады.

Жыр толғаса, қалың жұрттың құлақ құрышы қанатын, аламан айтыста қара үздіріп шабатын, ән салса, Мұхит баба­мыздай әуелетіп салатын Қатимолла Бердіғалиевті қалың көрермен әрдайым іздеп жүреді. Ақ Жайық өңірінің тума талантын қазақ елі алғаш рет аламан айтыс­тар­да танып еді. Талай рет айтыстың бас жүл­де­сін қанжығасына бай­лаған ол Мұхит Мер­­әліұлының кең тыныс­ты, өршіл рухты ән­дерін де нақышына кел­тіріп орындап, жұрт­шылықтың сүйіс­пен­шілігіне бөленген-ді. Бүгінде өзінің туып өскен Ақ Жайық өлке­сінде әннің де, жырдың да көрігін қыздырып жүрген атақты айтыс ақыны, әнші, жыршы-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері. Дәстүрлі ән өнеріндегі биік тұлғалар Мұхит пен Ғарифолла Құрманғалиевтың жолын жалғастырып жүрген өнерпаздың алар асулары әлі алда. Бабалар дәстүрін дәріптеген Қатимолладай өнерпаздар, ол баулыған дарынды шәкірттер барда қазақтың әні ғасырдан ғасырға жете бермек.

Жыр толғаса, қалың жұрттың құлақ құрышы қанатын, аламан айтыста қара үздіріп шабатын, ән салса, Мұхит баба­мыздай әуелетіп салатын Қатимолла Бердіғалиевті қалың көрермен әрдайым іздеп жүреді. Ақ Жайық өңірінің тума талантын қазақ елі алғаш рет аламан айтыс­тар­да танып еді. Талай рет айтыстың бас жүл­де­сін қанжығасына бай­лаған ол Мұхит Мер­­әліұлының кең тыныс­ты, өршіл рухты ән­дерін де нақышына кел­тіріп орындап, жұрт­шылықтың сүйіс­пен­шілігіне бөленген-ді. Бүгінде өзінің туып өскен Ақ Жайық өлке­сінде әннің де, жырдың да көрігін қыздырып жүрген атақты айтыс ақыны, әнші, жыршы-термеші, Қазақстанның

еңбек сіңірген қай­рат­кері. Дәстүрлі ән өнеріндегі биік тұлғалар Мұхит пен Ғарифолла Құрманғалиевтың жолын жалғастырып жүрген өнерпаздың алар асулары әлі алда. Бабалар дәстүрін дәріптеген Қатимолладай өнерпаздар, ол баулыған дарынды

шәкірттер барда қазақтың әні ғасырдан ғасырға жете бермек.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Табиғи талант иесі – Хатимолла Бердіғалиев"

Автор: Молдағалиева Алмагуль Искабеловна

Дата: 16.04.2021

Номер свидетельства: 578308


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства