Сабақтың мақсаты: Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, аудару әдістері, топпен, жеке жұмыс орындау арқылы ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.
Табиғат
Табиғат-анамыз Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өңеді. Ол өзіңдегі барды адамға, жан-жануарларға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештене жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайды қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп тұр. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі-алып зымырандар, атом стансылары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы-олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары. Жабайы табиғатты бағындырып, адамдар өздерін жердің «иесіндей» сезінді. Бірақ ұқыпты иеленуші болу қажет екенін бірден ұғына қоймады. Табиғат байлықтарының шектеулі екенін, табиғаттың байлығын сақтауға, молайтуға қамқорлық қажет екенін түсіну үшін қаншама уақыт өтті.
Керекті сөздерді орындарына қойып, сөйлемді толықтырып жазыңдар.
Халқымыз ... анаға теңеген. Өйткені табиғатта ... өсіп-өңеді. Ол өзіңдегі барды ... ,жан-жануарларға, өсімдікке берген. Бүгінгі таңда адам баласына ... апат аса үлкен қауіп төндіріп тұр. Жабайы табиғатты бағындырып, адамдар өздерін жердің ... сезінді.
1.Халқымыз нені анаға теңеген белгіле а) көлді ә) ағашты б) табиғатты 2. Кімнің қолына бәкі беріп тауға жіберсең өлмейді а) өзбектің ә) корейдің б) қазақтың 3. Жабайы табиғатты бағындырып, адамдар өздерін жердің несіндей сезінді. а) иесіндей ә) құрылысшысындай б) аңшысындай 4. «Стихийное бедствие» сөзінің аудармасын тап а) тіршілік ә) аяусыз б) апат 5. Табиғатты қорғау дегеніміз- а) өзіңді қорғау ә) Отанды қорғау б) жерді қорғау