Әділ сөздің зілі жоқ,Көп көзінен өткен істің міні жоқ.Әділін айтсаң — әдемі айтқаның.Әділ іс ағын судың арнасыңдай. Әділ сөз болат семсер алмасындай.(Шораяқтың Омары).
Топпен ән айту.«Құндылықтар әлемінде»
Сөзі:Мұғалімдершығармашылығы
Әні: «Ертегілер әні» сазымен
1.Ақиқаттың әнін,
Айтамынмын күнде мен.
Бөбек әлемінің сырларын түсініп,
Нұрына шомылдым күннің.
Тыныштық жан - көркем,
Керемет ол неткен,
Ар- ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа бізді жетелеп.
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі әнім,
Құндылықтар – өмір мәні
Ізгіліктің ғажап күйіне
Ертесіңдер сендер.
2. Дұрыс әрекеттер
Сүйіспеншілік береді,
Тыныштық орнайды,
Қиянат болмайды,
Адамзатқа әлемдегі.
Керемет ол неткен,
Ар- ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа бізді жетелеп
Үйге тапсырма.
Ана өмір тірегі мәтінін оқу
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.