kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Презентация и разработка урока на тему "К?ш бірлікте"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты: О?ушыларды? ауызбіршіліктуралы т?сініктерін ке?ейте отырып, д?рыс ?рекет  ??ндылы?ыны? м?нін ашу.

Міндеттері:

- о?ушылар?а«досты?»,  «бірлік» туралы   т?сінік беру;

- о?ушыларды? жа?ындарына деген сыйласты?, татулы? туралы айта отырып,?йымшылды? ?асиетін дамыту;

- о?ушыларды ауызбіршілікке, ?йымшылды??а, татулы??ат?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«презентация и разработка урока на тему "К?ш бірлікте"»

Мектеп: №13 бастауыш мектеп Мерзiмі: 13.01.2016ж

Мұғалім: Демиханова Акнур Урунбаевна Сынып: 3А

Оқушылар саны:22 Тақырып:  Дос болайық, бәріміз!

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: татулық, ауызбіршілік, ұйымшылдық, ынтымақтастық

Сабақ мақсаты: Оқушылардың достық, татулықтуралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға ынтымақтастықта өмір сүру туралы түсінік беру;

- оқушылардың ауызбіршілікте, ұймшылдықта өмір суруіне ықпал ете отырып,ауызбіршілік қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды жақын адамдарын бағалауға және ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) 

слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • 5 «Т» ережесін еске түсіру

  • Тыныштық сәті.    «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.  

  Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

 2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үй тапсырмасына 72-бет, №16 сабақтағы Е. Козлованың «Сазды хикая»ертегісі берілді.

Мәтінге қойылатын сұрақтар:

1. Көртышқаның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар?

2. Ол көмекті кімнен сұрады?

3. «Ескі достан айрылсаң, жаңасын таппайсың» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Көртышқан достарымен қалай татуласты?

4. Осындай жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек?

5. Көртышқан сендердің достарың болса, қандай кеңес берер едіңдер?

Ескерту



3. Дәйексөз.

«Әрқашан тілектес, досыңа көмектес».

Е. Өтетілеуов

Қыз балаларға және ұл балаларға айтқызу. Дәйексөздің мағынасын ашу. Балалардың жауабын тыңдаған соң, мұғалім өзі толықтырып, қорытындылайды. Балалар дәптерлеріне жазады.


4. Әңгімелеу

Достар туралы әңгіме

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

https://angimeler.wordpress.com/category

Сұрақтар:

  1. Әңгіме кім туралы?

  2. Бойдақ достың ойы қандай болды? Жанұялы достың ше?

  3. Достардың қапшықтары неліктен азаймады?

  4. Екі достың іс-әрекеті қай күні тоқтады?

  5. Бұл әңгімедегі кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

  6. Өздерің күнделікті өмірдедостарыңызға көмектесу мақсатында қандай дұрыс әрекеттер жасайсыңдар?


5. Жағдаятты шешу.

66-67, 75-76 беттегі жағдаяттар беріледі. Оқушылардың жауаптырын тыңдап, өзім қорытындылаймын.


6. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

Баяу музыка ойнап тұрады. Бұл жұмысқа балаларға 5 минут уақыт беріледі. Оқушыларды түрлі-түсті кеспе қағазадар арқылы 3 топқа бөлініп, әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жоба қорғайды.

  1. Достықты мәңгі сақтау бойынша дұрыс әрекет жасаудағы қадамдар

  2. «Татулық-достық кепілі» постер қорғау

  3. Адал дос пен амал дос туралы сахналық көрініс қою

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды сынып алдында қорғайды


  1. Топпен ән айту.

«Дос болайық бәріміз»

Әні: Х. Талғаров

Сөзі: И. Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз


Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.


7. Үй тапсырмасы.

1. Үй тапсырмасына №17 тақырыптағы 78-79 беттегі Е. Шайқыұлының «Жақсы ата»әңгімесін үйден оқу.

2. Дәптердегі 2-тапсырма


8. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі айтылған барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.

Сабақ аяқталды. Рахмет!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
презентация и разработка урока на тему "К?ш бірлікте"

Автор: Демиханова Акнур Урунбаевна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312988


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства