«Менің достарым» тақырыбы бойынша сурет салу және сурет бойынша әңгімелеу.  
          | Мақсаты | Тапсырмалар жүйесі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ұйымдас-тыру түрі | Күтілетін нәтиже | Бағалау | 
  | Білім Септік жалғаулары бойынша, тілдік жаттығулар бойынша тест орындайды   | Тесттік сұрақтар   | 1.Тест тапсырмаларын таратады. 2.Критерийлерді айтады 3.дұрыс жауаптарын айтып тұрады | 1.Тест тапсырмаларын орындайды.   2.Бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.   | 1. Жеке жұмыс   2. Жұптық жұмыс | Оқушылардың тақырып бойынша білім деңгейі анықталады | Суммативтік бағалау   | 
  | Түсіну   Өлеңнің мазмұнын өз сөзімен түсіндіреді | 30-бет, 1-тапсырма | 1.Өлеңді балаларға оқытады 2. Сұрақтар арқылы ойландырады, бағыттайды | 1. Өлеңді оқиды 2. сұрақтарға жауап береді   
 | Жеке жұмыс   | Оқушылар өлеңнің мазмұнын түсінеді | Формативтік бағалау   | 
  | Қолдану Сөздерді септейді | «Достар», «Достық», «Екі дос», «Шын достық» сөздерін септейді   | 1.Сынып оқушыларын нұсқаларға бөліп, тапсырмалар орындатады 2.Жеке оқушылардың жұмыстарын тексереді   | 1.Нұсқаларына сәйкес тапсырмаларды орындайды   2.Мұғалімнің айтуынша жұмыстарын оқиды, түзетеді   | Жеке жұмыс   | Оқушылар септеу жұмысында дағдыларын дамытады | Формативтік/ суммативтік бағалау   | 
  | Талдау   Оқушылар түрлі деңгейлі сұрақтарға жауап береді | 31-бет, «Шын достық» мәтіні   | 1.Әңгімені оқытады 2.Оқушылармен талдайды 3.Сұрақтар қояды 31-бет | 1. Әңгімені оқиды 2. Талдауға қатысады 3. Сұрақтарға жауап береді | Ұжымдық жұмыс   | Оқушылар әңгімені сұрақтар арқылы талдайды, өз ойларын білдіреді   | Формативтік бағалау   | 
  | Жинақтау   Мәтін бойынша сызба жасайды   | 31-бет, «Шын достық» мәтіні | 1.Тапсырманы түсіндіреді 2.Мәтінді әңгімелеп беру үшін тірек сызба жасатады | 1. Мәтін бойынша тірек сызба жасайды (класстер) | Ұжымдық жұмыс   | Оқушылар мәтіннен ең басты деген деректер мен сөздерді таңдап жазады   | Формативтік бағалау   | 
  | Бағалау   Автордың жасаған әрекетін бағалайды | 31-бет, «Шын достық» мәтіні | Сұрақ қояды Досымбектің досы қандай әрекет жасады? Ол дұрыс жасады ма?  Неге? | Сұрақтарға жауап береді   | Ұжымдық жұмыс   | Әңгіме кейіпкерінің әрекетіне баға береді   | Формативті бағалау   |