Просмотр содержимого документа
«М?риям Хакімжанова»
Мәриям Хәкімжанова
15 қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды селосында туған. Рабфакта оқыды (1931-1932). "Әйел теңдігі" журналында әдеби қызметкер (1929-1932), жауапты хатшы (1932-1934). Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі (1935-1937), Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі (1939-1944), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор (1945-1959) болып істеді.
Мәриям Хакімжанова мен Сара Мыңжасарова
Тәшіңке Бәрібаева, Сара мыңжасарова, Мәриям апай.
Үкім шықты
Кенет сөйлеп радио қоя берді,
Ызғарлы үні жарғандай қара жерді.
Үкім шықты тыңдаңдар-тыңдаңдар деп,
Айдаһардай айбаттанып дүрілдеді.
Одан әрі тізімді оқып сақылдады,
Ел-жұрт бар деп, арсыз үн тартынбады.
Қазақтың боздақтарын қамап алып,
Қойға шапқан қасқырдай алқымдады
Мәриям Хакімжанова мен
Мағира Қожахметова
26 октября в Щербаковской средней школе прошла музыкально – поэтическая композиция «Перевалы»,
Посвященная 104 годощине со дня рождения выдающейся казахской поэтессы Мариям Хакимжановой.
Мәриямның кішкене аласа үйінен дәм татпаған, шабыт алмаған, оған өзінің мархабатты анасындай көріп еркелемеген қазіргі орта буындағы ақын-жазушылар кем болар-ау. Осы Қуандықты, Ғафуды сол Мәриямның аласа үйі жыр ұясындай биікке ұшырған секілді болады да тұрады маған.
Қайғырдың – саспадың, Қуандың — таспадың, Қызғана білмедің қызығын басқаның. Шықпаса бүгінгі бастаған дастаның, Күні ертең тағы да қайтадан бастадың. Бал салған арадай түзеттің ұяңды, Қай Ана өзіңдей тәтті бал жия алды?! Мен бүгін мақтаныш етемін, Мәкетай, Ой тапқыш қалам мен күй тартқыш сияңды.
Әбділда Тәжібаев.
Әминә Мәметова,
Мағира Қожахметова,
Мәриям Хакімжанова,
Сара Мыңжасарова,
Атымтай Хакімжанов
Мәриям Хакімжанова туралы жыр да, сыр да таусылмайды.