Просмотр содержимого документа
«Мен ?аза?станны? патриотымын»
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы: Мен Қазақстанның
патриотымын.
Тәрбие сағаты. 4 сынып
Сынып жетекші:
Солтанова Равия Икрамқызы
2016 ж.
Мен Қазақстанның патриотымын
* Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тарихын білуге тәрбиелеу. * Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту * Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Отан деген не, кім қалай түсінеді?Көп аузынан түспейтін, Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме?
-
Отан– әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, оқитын жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Адал перзент елі десе еміренеді, елі десе тебіренеді. Елін жүрекпен сүйеді, сондықтан намысы мен тәуелсіздігі жолында күреседі, тіпті жанын пида етуге бар. Ел деген – алтын бесік. Біз сол бесікте тербелеміз, сол елде өсіп-өнеміз, жетілеміз, бойымызға күш жинаймыз. Түптеп келгенде, сол қажыр-қайратымызды ел болашағы жолында жұмсаймыз. Еліне пайдасын тигізу - әр адамның қасиетті борышының бірі. Өз елімізді, біз, оның халқы, көркейтпесек, кім көркейтеді? Елді дамыту жолында аянбай күресу үшін әуелі бойымызда Отанға деген шексіз сүйіспеншілік орнауы қажет. Ел үшін жан беруге де дайын ететін – осы сүйіспеншілік қана.
«Патриот» деген кім, ол қандай адам?
Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Бастады орыс, тұрды қатар
Сапқа батыр бауырлары.
Ер грузин, кекшіл татар,
Қайсар қазақ ауылдағы.
Даңқты елдің батырлары,
Қағысқанның құртпақ бәрін.
Біз жеңеміз, біз жоямыз,
Өңшең сұмның ұрпақтарын.
Ұлы Отан соғысы
1941-1945 жж.
нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы егемендігін алды
Отаның – алтын бесігің.
Туған жердің тасы да болысады.
Отан үшін отқа түс, - күймейсің !
Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды. (Д.Байрон)
Өмір – мен үшін бәрінен қымбат, Махаббат – өмірден де қымбат, бірақ елімнің еркіндігі мен азаттығы үшін қажет болса, екеуін де құрбан етуге бармын.
(Ш. Петефи)
Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп, қызмет етуден аянба!
(Б.Момышұлы)
Отан
Қорытынды:Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.