kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ал – м?телдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

?рбір жан?а ?зіні? отбасы, ту?ан  - туыстары, жолдастары ысты? болса, Отан  да адам баласына  солай да ысты?. «Отан»  десе адамны? ж?регі  езіліп, ж?рекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ?лт ?кілдеріні?  ?з Отаны бар екені айдан аны?. «Отан ?шін от?а т?с - к?ймейсін» - деген ма?ал бар. Расында  да егер Отан ?шін жанынды ?иса?, ол ?лкен абырой. Отан ?шін ?лген адамны? ?зі ?лгенімен, аты еш?ашанда ?лмейді. Тарихта м??гі ?алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ал – м?телдер»

  1. Пән аты: Әдебиет

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы: 13 қыркүйек

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім: Адахамова Г.

  6. Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға аңыз және Оғыз қаған жыры туралы әдеби білім беру, жырды талдауға дағдыландыру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби, тарихи дүниетанымдарын кеңейту, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Білім тексеру:

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру


V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мақал – мәтелдер ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал – мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал – мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан; еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер- білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақарлад жасап отырған. Мақал – мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлемдерді өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты кедеді. Мәселен, «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген мақалдың сөздерінің орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер ма,ынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де, мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.

Ақын – жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дос туралы « Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.

Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің ойтұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.


VІ. Түсінік тексеру:

  1. Мақал деген не?

  2. Мәтел деген не?

  3. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?

  4. Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата?

  5. Мақал мен мәтелдің құрылымы жағынан айырмашылықтарын ата.



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Топтастыру әдісі:

Аяқталға

сөйлем

ой тиянақты

Мақал

дәлелді


салыстыру екі

бөлімді

сөйлем

немесе сөз

топшылау тіркесі

Мәтел



мағына

қортынды тұспалды

пікір

дәлелдеу

жоқ

VІІІ.Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. 17-22- беттегі мақал – мәтелдерді жаттау

2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ма?ал – м?телдер

Автор: Адахамова Гулнара Сайдикаримовна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322630


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства