kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" М?ш??р -Ж?сіп – адамзатты? ?лы ?алымы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Ма?саты:Ата?ты а?ын,о?ымысты,?улие,?аза?ты? ауыз ?дебиеті ?лгілерін жинаушы, айтыскер, шежіреші, мысалшы, публицист М?ш??р-Ж?сіпті? к?п ?ырлы талант екендігін таныту.?М.Ж.К?пеев 1858 жылы Баянауылды? ?ызылтау, Найзатас деген жерде д?ниеге келген. ?кесі К?пей М?ш??рді 5 жасынан бастап о?у?а берген. Ал?аш?ы ?стазы Б?харадан білім алып келген ?амареттин хазірет. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" М?ш??р -Ж?сіп – адамзатты? ?лы ?алымы" »

АТАСУ КЕНТІ, № 132 ОРТА МЕКТЕБІ I САНАТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ЗАМАНОВА САПУРА ДИХАНБАЙҚЫЗЫ

АТАСУ КЕНТІ,

132 ОРТА МЕКТЕБІ

I САНАТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ЗАМАНОВА САПУРА ДИХАНБАЙҚЫЗЫ

Бұлттай жауатұғын менің өзім,  Көкірегім – қан, жаспенен толған көзім  Жаңбырдың рахымет тамшысындай,  Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім.    М.Ж.Көпеев.

Бұлттай жауатұғын менің өзім, Көкірегім – қан, жаспенен толған көзім Жаңбырдың рахымет тамшысындай, Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім. М.Ж.Көпеев.

Сабақтың тақырыбы:    « Алаштың ардақтысы, дара тұлғалы Мәшһүр -Жүсіп – адамзаттың ұлы ғалымы»

Сабақтың тақырыбы: « Алаштың ардақтысы, дара тұлғалы Мәшһүр -Жүсіп – адамзаттың ұлы ғалымы»

Сабақтың мақсаты:  Атақты ақын,оқымысты,әулие,қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы , айтыскер, шежіреші, мысалшы, публицист Мәшһүр-Жүсіптің көп қырлы талант екендігін таныту.

Сабақтың мақсаты:

Атақты ақын,оқымысты,әулие,қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы , айтыскер, шежіреші, мысалшы, публицист Мәшһүр-Жүсіптің көп қырлы талант екендігін таныту.

Сабақ кезеңдері: Жаңа тақырып бойынша берілетін  алдын-ала тапсырмалар жүйесі ( Мәшһүр-Жүсіп өмірі,шығарма шылығы) Мұғалім түсінігі (кесенесі,мұражайы т.б. мәліметтер жайында ) Тапсырмалар негізінде сұхбат-әңгіме,пікірлесу Қ. Бітібаеваның жаңа білімді меңгерту технологиясы Жоба қорғау “ Біз үшінМәшһүр-Жүсіп  кім ?” Қосымша материалдармен жұмыс (мақалалары) Алған білімдерін қорытындылау “ Мәшһүр шығармаларының құндылығы неде?”

Сабақ кезеңдері:

Жаңа тақырып бойынша берілетін

алдын-ала тапсырмалар жүйесі

( Мәшһүр-Жүсіп өмірі,шығарма

шылығы)

Мұғалім түсінігі

(кесенесі,мұражайы т.б.

мәліметтер жайында )

Тапсырмалар негізінде

сұхбат-әңгіме,пікірлесу

Қ. Бітібаеваның жаңа білімді

меңгерту технологиясы

Жоба қорғау

Біз үшінМәшһүр-Жүсіп

кім ?”

Қосымша материалдармен

жұмыс

(мақалалары)

Алған білімдерін

қорытындылау

Мәшһүр шығармаларының

құндылығы неде?”

Мәшһүр-Жүсіптің өмірдерегі

Мәшһүр-Жүсіптің өмірдерегі

  • М.Ж.Көпеев 1858 жылы Баянауылдың Қызылтау , Найзатас деген жерде дүниеге келген. Әкесі Көпей Мәшһүрді 5 жасынан бастап оқуға берген. Алғашқы ұстазы Бұхарадан білім алып келген Қамареттин хазірет.
  • М.Ж.Көпеев араб,парсы, шағатай, түрік тілдерін жақсы меңгерген. “Ер Тарғын”, “Төрт жігіттің өлеңі”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”т.б. қиссаларды жатқа айтқан.
  • Жас баланың өнеріне қызыққан Мұса Шорманұлы “Өз заманында Мәшһүр болатын бала екен” деген.
  • Ақындығы 15 жастан басталады және осы жастан бастап бала оқытып ұстаздық еткен.
  • 1887 жылдары ол Бұқар,Ташкент,Түркістан қалаларына барып , Орта Азияның әлемге әйгілі Шайық Сағдидың, Әбілғазы Бахадурдің , Фердауси, Науаи еңбектерін оқып танысады, сонымен қатар кітаптарын еліне алып қайтады.
  • Түркістан, Сырдария өңірін көп аралаған. Абайдың ағартушылық жолын ұстанған.
Шыққан тегі

Шыққан тегі

29 жаста Бұхар бардым

29 жаста Бұхар бардым

Ұлы ұстаздар ізімен

Ұлы ұстаздар ізімен

Ең алғашқы бала өнерін бағалаушы

Ең алғашқы бала өнерін бағалаушы

Менің пікірім

Менің пікірім

  • Сонымен, адамзаттың дара тұлғасы атанған Мәшһүр атамыз - қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар адам. Өмірінің өзі бізге үлгі боларлық жыр – дастан.
Әулие атамыздың араласқан адамдары

Әулие атамыздың араласқан адамдары

  • Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға Абаймен
  • Артына ғибрат алар із қалдырған Шәкәрім қажымен
  • Көкшенің ақсұңқары Ақанмен
  • Қазақтың түйе балуаны Қажымұқанмен
  • Бөгенбай батырдың немересі Саққұлақ шешенмен
  • Майлықожа Сұлтанқожаұлымен т.б.
Қазақтың маңдайына біткен  дара тұлға Абаймен

Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға Абаймен

  • М.Жүсіп Абайды “Ақындардың ақыны” деген.
  • Ал Абай болса , “Шәкәрім мен М.Жүсіп құрдас. Екеуі де дін жолында жүрген жандар. Мен де ақынмын, Мәшһүр де ақын. Дегенмен, ол ақын болғанмен, құдайға жақын. Сондықтан да Мәшһүр - адамзаттың әулиесі” деген.
Мәшһүр және Шәкәрім      Шәкәрімге бір дастарханның басында кездескенде: “ Аумалы-төкпелі заман келе жатыр, біреуіміздің ажалымыз Алладан, біреуіміздің ажалымыз адамнан болар!”-дегенде Шәкәрім: “Пешенемізге жазылғанды көрерміз” десе керек. Шынында да Шәкәрім көп ұзамай ОГП-ның “жан алғыштарының” қолынан қаза табады.

Мәшһүр және Шәкәрім

Шәкәрімге бір дастарханның басында кездескенде:

Аумалы-төкпелі заман келе жатыр, біреуіміздің ажалымыз Алладан, біреуіміздің ажалымыз адамнан болар!”-дегенде Шәкәрім: “Пешенемізге жазылғанды көрерміз” десе керек. Шынында да Шәкәрім көп ұзамай ОГП-ның “жан алғыштарының” қолынан қаза табады.

Мәшһүр және Ақан сері Ақан серіні Мәшһүр –Жүсіп: “Адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі” ,- деп бағалап кеткен.

Мәшһүр және Ақан сері

Ақан серіні

Мәшһүр –Жүсіп: “Адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі” ,- деп бағалап кеткен.

Атақты күш иесі - Қажымұқан    “ Мен ол кісінің алдына барып, өзім тізерлеп тұрып жеңілер едім” деген сөздері бар. “Әулиеге тіл тигізбеңдер!” ,- деп айтып жүрген. Әр кездескен сайын әулиеден бата сұрайды екен.

Атақты күш иесі - Қажымұқан

“ Мен ол кісінің алдына барып, өзім тізерлеп тұрып жеңілер едім” деген сөздері бар. “Әулиеге тіл тигізбеңдер!” ,- деп айтып жүрген. Әр кездескен сайын әулиеден бата сұрайды екен.

Менің пікірім

Менің пікірім

  • Қорытындылай келе, Мәшһүр-Жүсіп кімнің шығармасын оқыса да, қандай адамдармен араласса да сол жайында өзіндік пікір айтып, қорытынды жасап отырған.
Дара тұлғалы адам

Дара тұлғалы адам

Шығармалары

Шығармалары

Шығармаларындағы көтерілген негізгі мәселелер  Өнер,білім,ғылым Тарих  Замана адамы Дін мәселесі Өмір Мәдениет Еңбек

Шығармаларындағы көтерілген негізгі мәселелер

Өнер,білім,ғылым

Тарих

Замана адамы

Дін мәселесі

Өмір

Мәдениет

Еңбек

Менің пікірім

Менің пікірім

  • “ Асыл сөздің алдаспаны” Мәшһүр өлеңдерін жаттап, көңілге тоқу, тереңнен түсіне білу – баршамыздың парызымыз.
“ Ілмек сұрақ”

Ілмек сұрақ”

  • Өзін жерлеуге байланысты Мәшһүр-Жүсіптің қандай ескертпесін білесіңдер?
  • Басыңыздағы үкіңіз не, неге тағасыз,себебі не?- деп сұраушыларға ақынның берген жауабы...
  • Мәшһүр-Жүсіптің көптеген жыл көмусіз жатқаны рас па?
  • Ақындық қасиеті қалай қонған, ол жайында ақын не деп толғайды?
“ Ілмек сұрақ”   Мәшһүр-Жүсіптің басындағы үкіні кім таққан? Мәшһүр-Жүсіп түс көріп, түсінде көген алмай, өлең алып оянған, жаратылысынан дарынды, өнерпаз ақындар қатарына жатады. Түсінде ақындық өнерді қабылдап оянғанын жыр еткен тағы қандай ақындарды білеміз? Өзінің қанша жыл өмір сүретіндігі жайлы не деп айтқан? Қашан,қай айда қайтыс болған?

Ілмек сұрақ”

  • Мәшһүр-Жүсіптің басындағы үкіні кім таққан?
  • Мәшһүр-Жүсіп түс көріп, түсінде көген алмай, өлең алып оянған, жаратылысынан дарынды, өнерпаз ақындар қатарына жатады. Түсінде ақындық өнерді қабылдап оянғанын жыр еткен тағы қандай ақындарды білеміз?
  • Өзінің қанша жыл өмір сүретіндігі жайлы не деп айтқан?
  • Қашан,қай айда қайтыс болған?

Мұғалім түсініктемесі Кесенесі, мұражайы туралы  Мәшһүр Жүсіпке байланысты әр түрлі деректер

Мұғалім түсініктемесі

Кесенесі, мұражайы туралы Мәшһүр Жүсіпке байланысты әр түрлі деректер

Мәшһүр-Жүсіптің кесенесі

Мәшһүр-Жүсіптің кесенесі

Мәшһүрден қалған жыр-дастандар

Мәшһүрден қалған жыр-дастандар

Кесенес і,мазары.   Үш мәрте бұзылып,үш рет салынған.Соңғы рет 2006 жылы бой көтереді.Кесене танымал сәулетшілер  Бек Ыбыраев пен Сәдуақас Ағынтаевтың жобасы бойынша салынған. Мазардың есігі алтын ою-өрнекпен өрнектелген. Ою-өрнектер-зергер Қырым Алтынбековтің қолынан шыққан туынды.  1952 жылы Кеңес үкіметі мазарды жермен-жексен еткен. Хрущев тұсында Мәшһүр Жүсіптің келіні Нұрила Ташқызы батылдыққа барып атасының басына балшықтан кесене соқтырған.  1975 жылы халық жұмылып ақ кірпіштен мазар қалаған.  2006 жылы ел рұқсатымен қайта бұзылып қайта бой көтерген.

Кесенес і,мазары.

Үш мәрте бұзылып,үш рет салынған.Соңғы рет 2006 жылы бой көтереді.Кесене танымал сәулетшілер Бек Ыбыраев пен Сәдуақас Ағынтаевтың жобасы бойынша салынған. Мазардың есігі алтын ою-өрнекпен өрнектелген. Ою-өрнектер-зергер Қырым Алтынбековтің қолынан шыққан туынды.

1952 жылы Кеңес үкіметі мазарды жермен-жексен еткен. Хрущев тұсында Мәшһүр Жүсіптің келіні Нұрила Ташқызы батылдыққа барып атасының басына балшықтан кесене соқтырған.

1975 жылы халық жұмылып ақ кірпіштен мазар қалаған.

2006 жылы ел рұқсатымен қайта бұзылып қайта бой көтерген.

Мешіт

Мешіт

Ақын мұражайы

Ақын мұражайы

Мұражайдағы ақынның пайдаланған заттары

Мұражайдағы ақынның пайдаланған заттары

Ақынды бейнелеген мүсін

Ақынды бейнелеген мүсін

Мұражайы   Мазардан 17 шақырым жердегі Жаңажол аулында бой көтерген.Оған әулиенің туған немересі Қажымұқан Фазылов басшылық етеді.  Мұражайда Құран,тәспі,көз әйнек, орап шыққан кілем т.б заттар бар.  Осы ауылда Мәшһүр-Жүсіптің атындағы мешіт бар.Оны Иран Омарбеков салдырған.

Мұражайы

Мазардан 17 шақырым жердегі Жаңажол аулында бой көтерген.Оған әулиенің туған немересі Қажымұқан Фазылов басшылық етеді.

Мұражайда Құран,тәспі,көз әйнек,

орап шыққан кілем т.б заттар бар.

Осы ауылда Мәшһүр-Жүсіптің атындағы мешіт бар.Оны Иран Омарбеков салдырған.

Қосымша материалдармен жұмыс(мақалалары)

Қосымша материалдармен жұмыс(мақалалары)

  • Ғылым – білім туралы
  • Қазақ мақалдары туралы
Назар аударыңыз:

Назар аударыңыз:

  • Мақалаларындағы негізгі көтерілген мәселелерге
  • Ақынның өзіндік ой қорытындысына (талдауына)
Тапсырма

Тапсырма

  • Ғылым – білімге байланысты мақаласы бойынша:
  • Мақаладағы негізгі мәселелерді анықта
  • Осы көтерілген мәселелер адам өмірінде қаншалықты роль атқарады?
  • Өзіндік көзқарастарыңыз...

Мәшһүр – Жүсіп ғылым –білім туралы

Ғылым-білім немен болады?

Әуелі жаратушы Құдай тағаланы танумен болады.

Ал құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса , сонда тәңірісін таниды.

Ғылым үйрен. Маңдайында көзі бар, басында құлағы бар, аузында тілі бар жан ғылымға тырысу керек.

Ғылым аспандағы күн сықылды, жарығы мол, әркімнің терезесіне қарай сәулесі түседі.

Ғылым-ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең дария, әркімнің ыдысына қарай құйылады.

Түндігі жабық, терезесі жоқ үйге сәуле түспейді, суы да түбі бүтін ыдысқа тоқтайды, тақыр жерден сыр етіп өте шығады, түбі тесік ыдыстан сау етіп жерге төгіледі. Ғылым да әдепті, ибалы, жақсы мінезді адамға орнығатын болады.

Адам өзін төрде ұстағанша , сөзін төрде қылуы керек дейді.Ол төрден оған не пайда?

Күншіл болудан алыс жүріп үйрен.

Дүние махаббатына қызықпа. Дүниеге махаббатын кеткен адамның көзі соқыр, құлағы саңырау болады. Қазақта: « Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе»,- деген. Соқырдың қолына түссең , қолыңдағы бар нәрсемен басыңа бір-ақ салады. Саңыраудың астына түссең, «өлдім!»-дегеніңді естімейді, өлсең үстіңнен тұрмайды.

Тәкаппар болма, кекшіл болма.Адамның жақсысы кекшіл болмау. Сонда ғылым-білімнің пайдасы-мінезді түзету.

Жақсылық та , жамандық та адамның өз бойынан табылады, оны даладан іздеме. Өз денеңде жеті есік бар. Денеңдегі жеті есікті бекітсең, тозақтың жеті есігі жабулы болады. Олар: көз, құлақ,ауыз, қарын, ұят жері, қол, аяқ..

Тәкаппарлықты жоқ қылу, күншілдікті жоқ қылу, өрлікті жоқ

қылу,кекшілдік, кінә сақтауды сақтауды жоқ қылу.Осы жетуінен өзіңді аршып, таза ұстасаң, тозақтың жеті есігі сен дегенде тарс жабылады.

Оқыған адамның көзінің алды жарық дүние де , қара танымаған кісіге бар нәрсе бұлдырап тұрады. Білімі таяз адам дірілдеп , қалтырап әркімге бір жалтағыш келеді. Білікті кісі құйған қорғасындай салмақты болады,сондықтан терең де парасатты білім әрбір адамға аудай қажет. Ғылым пенденің ішін анау-мынау лас қылықтан тазартатын түңлік сияқты. Түңлік арқылы үйге күндіз Күннің, түнде айдың сәулесі түсіп тұратын болса, сапалы білім де адам жанын баспалдақтай биіктете береді. Сондықтан да: «Әркім өз жанын тірілтуді керек қылса , ғұмырын ғылым-білімге сарп қылсын. Сонда пенденің жаны тіріліп, сыйлы болады . Ғылым-білімге ғұмырын сарп қылмаған пенденің жаны өлік жан есепті. Өзі өліп жатқан өлікті кім керек қылады» деп қорытындылайды.

Бұл мақалада ақынның негізгі көтерген мәселелері мыналар:  Ғылым-білімді игерудің жолдары; Ғылым-білімнің пайдасы; Ғылым-білімнің адам өміріндегі атқаратын рөлі; Ғылым-білімді игерудегі мінез мәселесі. Яғни айтар болсақ тәкаппарлық , күншілдік, кекшілдік жайы. Бұл мақаланы оқып талдау барысында біздер М.Ж. Көпеевтің ғылым-білім жайлы ойларымен таныстық . Ақын көтерген мәселелердің адам өміріндегі атқаратын рөліне келер болсақ оның мәні зор. Айталық ғылым мәселесі. Қазіргі заманда оқымаған адам далада қалады. 2. Күншіл,кекшіл болу адамның өсіп өркендеуіне кедергісін тигізеді. 3. Мақаланы оқып талдау барысында біздер мынадай қорытындыға келдік: 1.Мінезді түзету керектігі; 2.Тәкаппар болмау; 3.Кекшіл болмау; 4.Жамандық жасамау; 5. Ғылым-білімге ұмтылу; 6.Күншілдікті жоқ қылу керек деген көзқарасқа тоқтадық. Қорытындылай келе айта кетсек осы мақаладан ақынның өзіне тән ерекшелігін де аңғардық. Ақын не нәрсені айтса да алланы тілге тиек етеді екен. Мақала біз үшін үлгі-өнегеге толы.

Бұл мақалада ақынның негізгі көтерген мәселелері мыналар:

Ғылым-білімді игерудің жолдары;

Ғылым-білімнің пайдасы;

Ғылым-білімнің адам өміріндегі атқаратын рөлі;

Ғылым-білімді игерудегі мінез мәселесі.

Яғни айтар болсақ тәкаппарлық , күншілдік, кекшілдік жайы.

Бұл мақаланы оқып талдау барысында біздер М.Ж. Көпеевтің ғылым-білім жайлы ойларымен таныстық .

Ақын көтерген мәселелердің адам өміріндегі атқаратын рөліне келер болсақ оның мәні зор. Айталық ғылым мәселесі. Қазіргі заманда оқымаған адам далада қалады.

2. Күншіл,кекшіл болу адамның өсіп өркендеуіне кедергісін тигізеді.

3. Мақаланы оқып талдау барысында біздер мынадай қорытындыға келдік:

1.Мінезді түзету керектігі;

2.Тәкаппар болмау;

3.Кекшіл болмау;

4.Жамандық жасамау;

5. Ғылым-білімге ұмтылу;

6.Күншілдікті жоқ қылу керек деген көзқарасқа тоқтадық.

Қорытындылай келе айта кетсек осы мақаладан ақынның өзіне тән ерекшелігін де аңғардық.

Ақын не нәрсені айтса да алланы тілге тиек етеді екен.

Мақала біз үшін үлгі-өнегеге толы.

Тапсырма Қазақ мақалдары туралы мақаласы бойынша: Нені білдіңдер ? Қандай мәселелерді көтерген Өзіндік ой - түйініңіз

Тапсырма

  • Қазақ мақалдары туралы мақаласы бойынша:

Нені білдіңдер ?

Қандай мәселелерді

көтерген

Өзіндік ой - түйініңіз

Қазақ мақалдары туралы –

1 .Қазақ: «Неке суы- мекке суы»,- дейді. Сол ауызға алынған сөз бекер болмайды. Ауызға алынған сөз , періштенің құлағына шалынады. Неке суының қасиеті адамның ішіне кеткен қылшық, қыл-қыбыр сол сумен жидіп, шіріп жоқ болып кетсе керек. Ол адамның ішіне кеткен қыл-қыбыр бір жерге жиыла-жиыла көбейіп, оған екі түрлі жаман иіс тудырады дейді. Бірі- қоңырсыған жаман майдың иісі, сасыған, бүксіген, бықсыған-жаман иістер. Егер кіретұғын жаман иіс болмағанда, түтін болмағанда, шаң-тозаң болмағанда,адамдар көп жасар еді- делінген Хадис Шәрифте деп дәлел келтірген. Бұл мақалды осылайша талдайды.

2 .Қазақ сөзі: «Есеп: есеп білмеген –есек» Бұған дәлел-бұл Құранда: «Өткен өмір , жасаған жасың не жұмыспен өткендігін, соның есебін өз басыңнан өзің алуын керек. Бүгін бір сөзді өзіңе-өзің тауып айта алмай тұрсаң, алдағы уақытта Құдай алдында қалай тауып айтамын деп ойлайсың?!

Не нәрсе болсын , есебін біліп іс қылу керек. Дәнеменің есебін білмегенде бұрынғылар есек орнында санаған деп талдап көрсетеді.

Ал мен бұл мақалдан өмірді қалай өткізу керек екендігіні аңғардым. Ақын көтерген мәселе өмірді текке , мағынасыз, бос өткізбеу керектігі жөніндегі мәселені. Мен не нәрсе болсын ойлап істеу керек деген қорытындыға келдім және осыны өзіме келешек өмірімде үлгі тұтамын.

.

3 . Қазақ сөзі: «Тайдың жорғасы-түйе болады, жігіттің жорғасы - еліне ие болады». Бұған дәлел: Көркем мінебен әркімнің мінезі артық болса, дәрежеде де артық болады дейді. Мұнда ақын әрбір адам жақсы мінез-құлықтарға ұмтылу керектігін ұғындырып отыр. Ақын көтерген мәселе –үлгілі болу мәселесі. Мен ақынның көзқарасына қосылам және әрбір адамның мінезі жібектей жақсы болса екен деймін.

4 . Қазақ сөзі: «Құдайдан қорықпағаннан қорық»,- дейді. Құдайдан кім қорықпайды? Надан қорықпайды.Сондықтан надан адамдардан сақтанып жүру керектігін ескертіп отыр. Бұндағы ақынның көтерген мәселесі - мінез-құлық мәселесі. Бұл мақалында надандықтан бойды аулақ ұстау керектігін ұғындырып отыр.

Менің көзқарасым бойынша надандық жаман қылық , әрбір адам надан болмауға тырысу керек.

5 . Қазақ сөзі: «Егер білім үйретсең жаманға, атыңды ерттеп, даярлап қойып, сонан соң үйрет» Бұны былайша талдайды. Неге десең, сенен үйреніп алған білімімен тура өзіңе дүрсе қоя береді. Сол шақта қашып құтылуыңа керек!-дейді. Менің ойымша мұнда ақын жаман қашанда жаман дегенді ұғындырып отыр.

6. Қазақ сөзі: «Ерте тұрғанның ырысы артық” Хадис Шарифте : Таң уақытында ұйқыда жатпақ ,келейін деп тұрған ризықты келтірмейді. «Ұйықтаған ұйқы алады, ұйықтамаған жылқы алады-деп келтіреді. Мұнда ақынның көтерген мәселесі –талап мәселесі. Ақын ырыс,құт, береке еңбекпен келетіндігін айтқан . Шынында да менің ойымша еңбектенген адам мұратына жетеді.

7. Қазақ мақалы: «Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды» Бұған дәлел: Алла тағала ізгілікті болған, ақ жүрек, халал ниетте болған пенделеріне өзі бас көз болады, ондай құлын өзі бағып, өзі қағушы болады деген сөз деп Құраннан дәлел келтірген екен. Мұнда да мінез мәселесін қозғаған. өзің ақ болсан – құдай да сені қолдайды деп айтып отыр. Қорытындылай келсем әрбір адамға жасаған жақсылығын өзіңнің алдыңнан жақсылық болып қайтады демекепін. Мен осындай көзқарасқа келдім

Жоба қорғау

Жоба қорғау

  • Сабақ үрдісінде алған білімдеріңізді жинақтап, қорытындылай келгенде сіздер үшін М. Жүсіп кім ?
Қорытынды Ақын шығармаларының құндылығы неде ?

Қорытынды

Ақын шығармаларының құндылығы неде ?

Үйге тапсырма М. Жүсіп және Абай Шығармашылық тапсырма:  М. Жүсіптің дін жайындағы шығармаларына талдау жасау.

Үйге тапсырма

  • М. Жүсіп және Абай
  • Шығармашылық тапсырма:

М. Жүсіптің дін жайындағы шығармаларына талдау жасау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
" М?ш??р -Ж?сіп – адамзатты? ?лы ?алымы"

Автор: ЗАМАНОВА САПУРА ДИХАНБАЙ?ЫЗЫ

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211851


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства