kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?лік ??ралдарын бас?ару негіздері ж?не ?оз?алыс ?ауіпсіздігі п?нінен ашы? саба?: "К?лік ??ралдарын пайдалану?а жіберу ж?ніндегі негізгі ережелер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жол ?ауіпсіздігіне ж?не ?орша?ан ортаны ?ор?ау?а ?атысты т?р?ыда?ы жол ?оз?алысына ?атысушы к?лік ??ралдарыны? техникалы? жай-к?йі мен жабды?ы оларды техникалы? пайдалану ж?ніндегі тиісті стандарттарды?, ережелер мен басшылы?тарды? талаптарына жауап беруі тиіс. Механикалы? к?лік ??ралдары мен тіркемелер «Транзит» деген тіркеу белгісіні? ?олданылу мерзімі ішінде жол по- лициясында тіркелуі тиіс. Т?ра?ты тіркеу орнынан 2 айдан астам мерзімге шы??ан механикалы? к?лік ??ралдары арнал?ан жеріне келуі бойынша уа?ытша тіркелуі тиіс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?лік ??ралдарын бас?ару негіздері ж?не ?оз?алыс ?ауіпсіздігі п?нінен ашы? саба?: "К?лік ??ралдарын пайдалану?а жіберу ж?ніндегі негізгі ережелер" »


Бекітемін Келісемін

директордың ӨОЖ орынбасары әдіскер ________Г.Есмухамбетова

________________Т.Мисюрина «_____» ______________ 20__ж.

«_____» ______________ 20__ж.


1. сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді түсіндіру.

Тәрбиелік: Жолда жүру ережесін қатаң сақтауға дағдыландыру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық:
Автокөлікті тиімді пайдалануды үйрету.
Сағат саны
45 минут Өтетін күні:
Сабақтың көрнекілігі:
компьютер, мультимедиялық проектор, экран, бейнетаспа, электрленген «Қала жағдайлары» үстел үсті макеті, оқулық
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ жүргізу әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Жол қозғалысының ережелері

І. Ұ¦йымдастыру кезеңі (1-2 мин.)

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қысқаша конспект


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына

3-қосымша


Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер.


  1. Жол қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тұрғыдағы жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдығы оларды техникалық пайдалану жөніндегі тиісті стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруі тиіс.

  2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер «Транзит» деген тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде жол по- лициясында тіркелуі тиіс.

Тұрақты тіркеу орнынан 2 айдан астам мерзімге шыққан механикалық көлік құралдары арналған жеріне келуі бойынша уақытша тіркелуі тиіс.

  1. Механикалық келік құралдарында (трамвайлар мен троллейбустардан басқа) және тіркемелерде осы үшін көзделген орындарда тиісті үлгідегі тіркеу белгілері, ал автомобиль- дерде бұдан басқа, маңдай әйнегінің оң төменгі бұрышында мемлекеттік техникалық қараудан өткендігі туралы талон орналастырылады.

Тіркеу белгілерінің сандары мен әріптері жүк автомобильдерінің, тіркемелердің (жеңіл автомобильдер мен мотоциклдердің тіркемелерінен басқа) және автобустардың (аса шағындарынан басқа) қораптарының артқы жақтауында қайталануы тиіс. Сандардың биіктігі - кемінде 300 мм, ені кемінде 120 мм, штрихтың қалыңдығы 30 мм, әріптердің мөлшері сандардың мөлшерінің 2/3.

Трамвайлар мен троллейбустарға тиісті ведомстволардың берген тіркеу нөмірлері жазылады.

  1. Жолаушыларды тасымалдауға пайдаланылатын борттық платформасы бар жүк автомобилі еденінен 0,3 - 0,5 м жөне борттың жоғарғы жиегінен 0,3 м кем емес биіктікте бекітілген орындықтармен жабдықталуы тиіс, ал балаларды тасымалдау кезінде, бұдан басқа, борттың биіктігі еденнің деңгейінен 0,8 м кем болмауы тиіс. Артқы немесе қапталдағы борттардың бой- ында орналастырылған орындықтардың берік арқалықтары болуы тиіс.

  2. Жүргізуге оқыту үшін пайдаланылатын және оқу ұйымына тиесілі механикалық келік құралы іліністіргіш пен тежеуішті іске келтірудің қосымша тепкіштерімен жабдықталуы тиіс.

  3. Велосипедте ақаусыз тежеуіш, руль және дыбыстық белгі' болуы, алдынан жарықты қайтарушы және фонарьмен неме- се ақ түсті фармен (тәуліктің қараңғы уақытында жеткіліксіз керінім жағдайларында қозғалыс үшін), артынан - жарықтық қайтаршымен немесе қызыл түсті фонарьмен, ал әрбір бүйір жағынан - сарғыш немесе қызыл түсті жарық қайтарушысымен жабдықталуы тиіс.

  4. Жүктік арбашада конструкциясында кезделген ақаусыз тұрақтық тежеуіш қондырғысы мен сырғанап кетуге қарсы тіреуіш болуы, алдынан екі жарық қайтарушымен немесе ақ түсті фонармен (тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз керінім жағдайларында қозғалыс үшін), артынан - 2 жарықтық қайтарушымен немесе қызыл түсті фонарьмен жабдықталуы тиіс.


Мыналарга тыйым салынады:

  • егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдығы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын Ақаулықтармен жағдайлары тізбесінің талаптарына жауап бермесе автомобильдерге, автобустарға, автопоездарға, тіркемелерге, мотоцикпдерге, мопедтерге, тракторлар мен өзі жүретін машиналарға (қосымшаға сәйкес);

  • олардың құрамында жүруге арналмаған тіркемелі автомобильдерге;

  • Техникалық пайдалану ережелері бойынша бір ақаулығы болған кезінде де троллейбустар мен трамвайларға;

  • мемлекеттік техникалық қараудан етпеген, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарына;

  • иелері заңнамада белгіленген жағдайларда келікқұралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралдарына;

Жол полициясының рұқсатынсыз жарқылдақ жарық беретін және арнайы дыбыстық белгілермен, жол полиция- сымен келіспей қораптың бүйірінің жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақпен, белгіленген орындарында тіркеу нөмірлерін бекітусіз түйіндермен агрегаттардың немесе тіркеу белгілерінің жасырын, қолдан жасалған, өзгертілген немірлерімен жабдықталған көлік құралдарына.

  • алдында және артында «Қауіпті жүк» белгісі жоқ, қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына.


ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту.

Негізгі термин сөздерді тест сұрақтары арқылы бекіту

ІV. Үйге тапсырма: Өтілген тақырып, тест сұрақтары

Мұғалімнің қолы: С.Оспанов


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Оспанов Самат Серикович

Дата: 26.09.2015

Номер свидетельства: 233989


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства