Просмотр содержимого документа
«К?сіптік маманды? д?реже ?ндірістік о?ытуды? ?а?идалары »
Кәсіптік мамандық дәреже өндірістік оқытудың қағидалары.
Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық денгейін растау және біліктілікті беру ережесі.
Жалпы ережелер.
Осы техниклық және қызмет корсететін еңбек кәсіптері(мамандықтар)бойынша кәсіптік даярлық денгейін растау және біліктілікті беру ережесі(бүдан әрі – Ереже) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 20) тармақшасына сәйкес әзірленді
Осы ереже меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу курстарына және орталықтарына, техникалық және кәсіптік ұйымдарын сондай-ақ техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсібін (мамандығын) өз бетінше игерген тұлғаларға таратылады.
Осы ереже техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық денгейін растау және біліктілікті беру тәртібін, кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде, жоғары техниклық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптерін (мамандықтарын) игерген тұлғалардаң, нақты кәсіптермен мамандықтар бойынша олардың білімінің,іскерлігінің және дағдысының біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтайды.
Кәсіптік даярлық денгейін растау және біліктілікті беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Алатын мамандығына және оқылатын пәндеріне байланысты кәсіптік даярлық денгейін растау арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер)ді және біліктілік (сынамады) жұмыстарын (практикалық тест) орындауды көздейді.
Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық денгейін растау және біліктілікті беруге арналған емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша толық оқу курсынан, сондай-ақ мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес қортын аттестаттаудан өткен тулғалар, техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандықтарын өз бетінше игерген тұлғалар жіберілді.
Жалпы кәсіптік арнайы пәндер бойынша білім денгейін, өндірістік оқыту бойынша іскерлік және практикалық дағдыларының мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі-МЖБС) талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін техникалық қызмет көрсететін еңбек бейіні бойынша біліктілік комисиясы (бұдан әрі-БК) құрылады.
Арнайы ұйымдармен және ведомостволармен қадағаланатын обектілердегі жұмыстармен байланысты (жүк көтергіш крандарының машинисттері, электрлік көтергіштер (лифтілер) слесарь-монтажниктер, электірлік даяшылар, электірлік станциялардың кезекші қызметкерлері және басқарулар) біліктілік емтихандарын тапсыру кезеңінде (жазба тесті) БК-нің құрамына осы ұйымдардың өкілдері де кіреді.
Техникалық және қызмет көрсететін еңбек бейіні бойынша БК төрағасы кәсіп орындарының, ұйымдардың (құрлымдық бөлімшелердің) басшыларының арасынан тағайындалды.
Техникалық және қызмет көрсететін еңбек биені бойынша біліктілік коммисиясы төрағасының немесе төраға орынбасарының тиісті мамандығы болуы керек және мемлекеттік тілді білуі керек.
Техникалық және қызмет көрсететін еңбек бейіні жөніндегі БК құрамына қауыпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі органдарының өкілдері, өндірістік оқыту шеберлері, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, арнаулы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері тартылады.
Біліктілік (сынама) жұмыстарын орындаудың тизбесі, мазмұны, және талаптары оқу жұмыс бағдарламалары мен біліктілік сипатамаларына сәйкес анықталды.
БК мүшелері біліктілік жұмыстарын бағалау кезеңінде жалпы техникалық және арнаулы пәндер бойынша нақты білім денгейін,өндірістік оқыту бойынша іскерлік және практикалық дағдыларды және олардың кәсіптері (мамандықтар) бойынша оқу бағдарламаларымен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігі есепке алынады.
Біліктілік жұмысы
Егер тапсырма техникалық талаптармен шарттарға сәйкес толық көлемде орындалса, қабылданған болып есептелінеді;
Біліктілік жұмыстары (практикалық тест) орындауға арналған пысықтау нормасын (уақыт) орындамаған жағдайда қабылданбаған болып саналады.
Емтихан тапсырушы өткізу тәртібін бұзған жағдайда, онда әрі емтиханды тапсыру туралы мәселені БК-ның төрағасы шешеді.