Просмотр содержимого документа
«?олдын ?са? моторикасыны? дамуына жасалатын жатты?улар»
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту
Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі»ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көнілді түрде ұйымдастыруға болды.
Шынжыр.Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
Піл. Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
Доп. Алақандар бір-бірімен жабысады (доп пішінін жасайды)
Гүл. Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады, Саусақтар ашылады
Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаңда.
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
Санамақ
Балаға қарама-қарсы отырып,тәрбиеші көрсетіп отырады, қолдарды құлыпқа ұқсатып түйеді. Саусақтарын кезек-кезек создыра көрсетіп, «Кел,санайық санамақ, саусақтарға қарап ап. Басбармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.» Бала қозғалыстарды қайталайды.
Саусақтар жүреді.
Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап, алға-артқа жүреді
Құстарқанатқағады
Құстар ұшып барады,
Көкте қанат қағады.
Барлық құстар қосылып,
Шиқ-шиқ-деп, ән салады.
Мысық
Пеш түбінде мысық отыр, (Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі жұмылады. Ортантерек)
Екі көзін қысып отыр.(Ортантерек пен кішкене бөбек көздері боп саусақтарды қимылдатады)
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
«Достық» жаттығуы
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
Сергіту cәті:
Санайық жаңаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
«Қимылды қайтала» жаттығуы
Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.
Жаттығу барысы :
Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.
Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.
Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.
А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.
Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.
В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.
Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.
«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.
Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.
Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.
Төмендегідей тапсырмалар беріледі:
Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;
Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;
Үй құрастыру;
Жалауша құрастыру;
Жұлдызша құрастыру;
«Санамақ» ойыны.
Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)
Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)
Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)
Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)
Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)
Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)
Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)
Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)
Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)
Сол аяқпен секіремін (орында жүру)
Саусақжаттығулары
Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
Саусақтар жүреді :
Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.
Саусақ жаттығулары
Қоюланып тағы бұлт,
Жауады жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
Қар жауады жапалақтап,
Балалар жүр шапалақтап.
Балалар тон киеді,
Аяз беттен сүйеді.
Жел соқты гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс тырс.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
Біз жадзық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Тағы тағы жазамыз
Күнде бестік аламыз.
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек ағасы,
Шылдыр шүмек нағашы,
Күшкентай бөбек балақан,
Бәріне ортақ алақан.
Тікұшақ ұшады,
Үлкен бармақ айналады.
Әйнегі бар, есігі бар,
Биік-биік төбесі бар
Үйді мен саламын.
Саусақ ойыны
Бас бармағым - әкем
Балаң үйрек – анам
Ортаң терек – ағам
Шылдыр шүмек – мен
Кішкене бөбек – сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Бас бармақ – бұл атам,
Сұқ саусақ – бұл әжем,
Ортан қол - әкем,
Аты жоқ – анашым,
Шынашақ – бұл МЕН
«Түлкі мен ешкі» ертегісін арнайы бағыттар арқылы айту