Просмотр содержимого документа
«Геодезия пәні және міндеттері»
ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ
Геодезия пәні
Және міндеттері
Оқытушы: Садвакасова А.О.
Жоспар:
Геодезия пәні және оның міндеттері
Геодезияның даму тарихы
Халық шаруашылығындағы және ел қорғаудағы геодезия рөлі
Қазақстандағы топографо-геодезиялық қызметті ұйымдастыру мен геодезиялық жұмыстарды дамыту перспективалары
Жер өлшеулері және пішіні туралы түсінік
Геодезия пәні және оның міндеттері
Қолданылатын аспаптар:
теодолит
нивелир
буссоль
рейкалар
тахеометр
Қазақстандағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті Геодезия және Картография бас басқармасы басқарады.Бұл Басқарманың негізгі өндірістік міндеттері:
Геодезия -жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметінің сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым.
Геодезиялық астрономия- геодезиялық тірек-жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Геодезиялық гравиметрия– жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің фигурасын зерттеумен шұғылданады.
Картография- бүкіл жер бетінің карталары мен пландарын әр түрлі мақсаттарда жасау мен көбейту технологиясын зерттейді.
Қолданбалы геодезия– құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады.
Аэрофотогеодезия- жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден түсірген фотосуреттер бойынша жасаудың әдістерін талдаумен айналысады.
Фотограмметрия– маркшейдерлік іс. Жер бетінің топографиялық карталарын сызу кезінде ең кең қолданыста болған.Фотограмметриялық әдістері Ай бетінің және Күн жүйелерінің планеталарының беттерінің карталарын сызу кезінде қолданылады.
Топография- жер бетінің шағын аймақтарын жазықтық ретінде қарап, оны өлшеу мен қағаз бетіне кескіндеу.
Геодезияның даму тарихы
Геодезия – көне ғылымдардың бірі(geodezy-грек тілінен) орыс тіліне аударғанда жерді бөлу дегенді білдіреді.
Геодезия басқа ғылымдар сияқты адамзат қоғамының практикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда болған. Дамыған жерлері Мысыр, Грек, Үнді, Қытай, Парсы, Орта Азия елдері және басқа елдер б.э.д бірнеше мыңдаған жылдар бұрын каналдарды ,тоннелдерді құру үшін, ғимараттарды тұрғызу үшін жер учаскелерін бөлу үшін геодезиялық жұмыстарды жүргізген.
Әсіресе, Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Грек ғалымы Эратосфен (б.з.д 274-194жылдар Египетте Жердің көлемін анықтады.
Ол Жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екенін анықтап берді.
Геодезиялық қызметі Кеңес Өкіметі жылдарында қарқындап дами бастады.Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жоғары дамып халық шаруашылығының барлық мұқтаждарын қанағаттандыруда.
Жер пішінінің жаңа өлшемдерін анықтауда Ф.Н.Красовский бастаған орыс ғалымдары зор еңбек етті.Сонымен қатар А.А.Изотов, М.Д.Бонч Бруевич,А.А.Михаилов,А.С.Чебатарев, В.Д.Большаков және т.б геодезия және картграфия саласында қосқан еңбектері айтарлықтай .
Халық шаруашылығындағы және ел қорғаудағы геодезия рөлі
Топографилық карталарсыз халық шаруашылықты жоспарлауды мүмкін емес. Әрбір ғимараттың құрылысы, заводтар мен аэродромдар, маңызды жолдар мен газбен мұңай құбырларын, электр жүйелерін жүргізу сапалы картографиялық ақпаратсыз мүмкін емес.
Сонымен қатар геодезиялық жұмыстар нәтижесі мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін маңызы өте зор. Геодезия аудандарды ауылдарды орналастыруда жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қоланылады.
Әскери қорғаныс ісінде, осы учаскені зерттеу әскери жағдайды бейнелеу мен жауынгерлік операцияны талдау сияқты маңызды кезеңдерде әскери қорғаныстың ойы да , көзі де дәлдігі жоғарғы карта болып саналады .
Қазақстандағы топографо-геодезиялық қызметті ұйымдастыру.Топографо-геодезиялық жұмыстарды дамыту перспективалары
Жер өлшеулері және пішіні туралы түсінік
Жер өлшеулерімен оның пішінін білу тек қана геодезия мен картография үшін қажет емес, ол сонымен қатар білімнің көптеген салалары үшін қажетті: ғарыш, авияция, теңіздік жүзулер.
Астрономия, биология, геофизика және т.б. Жердің физикалық жалпы ауданы 510 млн км2 тең және геометрия жағынан алғанда пішіні күрделі.
Орасан кеңістікті(жер бетінің 71%-ын) мұхиттар мен теңіз шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдігі 11мың метрге дейін жетеді. Қалыпты жағдайда дүниежүзілік мұхиттың суының орта деңгейі мен сәйкес келетін бет негізгі деңгей беті деп аталады.
Рефернц – эллепсойд –нақты бір елдерде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллепсойд.
Эллепсойд – геоидқа ең жақын орналасқан математикалық бет.
НОРМАЛЬ сызығы
Тіктеуіш сызық еңкейуі
теңіз
Референц - эллипсоид
Жердің физикалық беті
Тіктеуіш сызық
Тіктеуіш сызық
Дүниежүзілік мұхит пен теңіз суларының тыныш жағдайда құрлықтармен жалғастырылуы геоид денесі деп аталады.