Просмотр содержимого документа
«Фариза О??арсынованы? шы?армашылы?ына арнал?ан «Ты?да, мені ж?рекпен» атты жыр кеші»
Фариза Оңғарсынованың
«Тыңда, мені жүрекпен»
ән-жыр сайысы
Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,қоғам қайраткері, ақынФариза Оңғарсынова
Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!
Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым! Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың. Мейірім төккен нұр жүзің тұрғандай сезем жанымда. “Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”, сақталды сөзің жадымда. “Игі еңбек түбі осы-ау” дер көргендер жеміс ағашын. Қартаймай, мәңгі жасай бер мәңгілік Күндей, анашым!
Өтеді уақыт, өтеді өмір демде...
Қабырғасы жылдардың сөгілгенде,
мылқау мезгіл құяды мұзды суын
алаулаған сезімге, көңілдерге.
Өмірдің өткелдерінен Қиындық көп көргеніммен, Өртеніп от басқаныммен, Өзіңмен қоштаспадым мен.
Бес қаруым бойдагы - батыл жырым,
Батылдықпен аралас жатыр мұңым,
Биліктіге жұғысар ебім де жоқ
Немесе алыс 6epic жақындыгым,
Мен ақынмын!Қажет болса найзағай жарқылдатам,Арамдылық дегенің салқын маған.Әділдік пен пәктікті қолдап өтепҮміт отын жалындап шыңға жағам!
Туса да қилы-қилы басыма күн,
Осында сан қуанып тасығаным.
Әйтеуір 6ip рахат күтетіндей
Мен ылғи ошагыма асығамын.
Далам –менің қазынам, жыр сандығым,
Жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм.
Сортаң жердің тұзы бар тамырыңда,
Ашқылтымдау сондықтан жусан жырым.
Бул жолдарда ағынан жарылып турган ceзім байкалады.
Адамды ойлап, елді ойлап,
жер күрсіне, көз ілмей
жаны ауырған өзімдей
күнмен бірге күлмесем,
мен осылай жүрмес ем,-
өнер дертін білмес ем,-
Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа
Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім
Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан – бар үміт сенде.