kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?бдіж?міл о?улары / Мектепішілік /

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? ?дебиетіні? к?зі тірі классигі, шы?армалары ?лемні? 34 тіліне аударылып, миллионда?ан тиражбен жары? к?рген КСРО Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты, ?аза?стан халы? жазушысы ?бдіж?міл К?рім?лы Н?рпейісов 90 жас?а толды. ?лем­дік а?ыл-ойды? ?азынасына ?лшеу­сіз ?лес ?ос?ан ?абыр?алы ?алам­гер ?бдіж?міл Н?рпейісов есімі халы?аралы? аренада алпысыншы жылдар басында ?лемні? ?деби ?рісіне жол тарт?ан “Абай жолын” жал?астыра жа??ырт?ан “?ан мен тер” болып еске т?седі. “?ан мен терді?” ар?асында ?аза? ?дебиеті ?зіні? ?лем о?ырмандары алдында ?уезовпен ал?ан биігін са?тап ?ала білді. ?бдіж?міл Н?рпейісов есімімен бірге та?ы да Арал апаты еске т?седі. Жазушы шы?армашылы? ??мырыны? те? жартысын ту?ан жері – Арал?а арнапты. ?аламын найзадай білеп, Арал?а араша т?су – жазушы ??мырыны? “Со??ы парызына” айналыпты. Б?л екі шы­?арманы? екеуі де ?лем о?ырмандары алдында ?аза? ?дебиетіні? айбынын ас­?а?татты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?бдіж?міл о?улары / Мектепішілік / »

Әбдіжәміл оқулары / Мектепішілік /

1-жүргізуші: Қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі, шығармалары әлемнің 34 тіліне аударылып, миллиондаған тиражбен жарық көрген КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан халық жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 90 жасқа толды.


2-жүргізуші: Әлем­дік ақыл-ойдың қазынасына өлшеу­сіз үлес қосқан қабырғалы қалам­гер Әбдіжәміл Нұрпейісов есімі халықаралық аренада алпысыншы жылдар басында әлемнің әдеби өрісіне жол тартқан “Абай жолын” жалғастыра жаңғыртқан “Қан мен тер” болып еске түседі. “Қан мен тердің” арқасында қазақ әдебиеті өзінің әлем оқырмандары алдында Әуезовпен алған биігін сақтап қала білді. Әбдіжәміл Нұрпейісов есімімен бірге тағы да Арал апаты еске түседі. Жазушы шығармашылық ғұмырының тең жартысын туған жері – Аралға арнапты. Қаламын найзадай білеп, Аралға араша түсу – жазушы ғұмырының “Соңғы парызына” айналыпты. Бұл екі шы­ғарманың екеуі де әлем оқырмандары алдында қазақ әдебиетінің айбынын ас­қақтатты.

1-жүргізуші: Кешегі арыстарымыздың арамызда қалған көзіндей Әбекеңді шығармаларын бала жастан оқып өскен барша қазақстандықтар осынау асқаралы аға жасымен құттықтағысы келетіні анық. Бүгін біздің оқушыларымыз да Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өнегелі өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіп, әйгілі жазушы шығармаларынан үзінді оқып бақтарын сынайды. Ендеше, шығармалары Отанымыздың ғасырлық тарихының айнасына айналған Ә.Нұрпейісовке арналған «Әбдіжәміл оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қош келдіңіздер!



2-жүргізуші: Бүгінгі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.
1. Сисенбиева Мейрамкүл – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2.Утепбаева Айнұр - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3._______________________________________________________

1-жүргізуші: «...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңс аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді»[8]– дейді жазушы өз балалығынан сыр шертіп…

Бурабай Дамир Ә.Нұрпейісовтың өмірі туралы айтады.



2-жүргізуші: Оның «Қан мен терін» ғасыр басындағы сергелдең, «Курляндиясын» ғасыр ортасындағы сұрапыл, «Соңғы парызын» ғасыр соңын­дағы сүргін деп жүйе­леп, жазушы шығармашылығын М.Әуезовтің эпикалық дәстүрін бізге жақын заманның тарихи мате­риалында жалғастырған және дамытқан жазушы деп бағалады.



Бурабай Динара Ә.Нұрпейісовтың шығармалары туралы айтады



1-жүргізуші: «Қан мен Тер» романы қазақ өмірінің тіршілігін сомдаған, қазақ әдебиетіндегі ең құнды да таусылмас қазыналы еңбек және әлем оқырмандарынан өз бағасын алған шығарма, өз бағасы бол­ғанда да ең жоғары бағасын алған шығарма. Осы заманғы прогресшіл шетел әдебиеті сынының көрнекті өкілдері Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романын күрделі өмір шындығын тыңғылықты зерттеп жан-жақты аша білген әлеуметтік тереңдігі үшін, адам рухын құлдырауға емес, құлшынысқа шақырған күрескер пафосы үшін, халық өмірін қалтқысыз суреттейін тарихи байыптылығы үшін, өмір орнықтырушы идеясы үшін аса жоғары бағалайды.

2-жүргізуші: Испаниялық Аугуст Видал да: «Қан мен тер» туралы. «Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абайынан» кейін тарихи романға құлаш сермеу тек жүрек жұтқандардың ғана қолынан келетін тірлік. «Абай» қазақ әдебиетіндегі эта­лон-роман. Оқырман кез келген жаңа романды сонымен салыстырады», деп баға берген.

Ендеше сахнаға «Қан мен тер романынан үзінді оқитын оқушыларды шақырайық.



1.________________________________________________________

2.________________________________________________________

3.________________________________________________________

4.________________________________________________________

5.________________________________________________________

6.________________________________________________________

7.________________________________________________________

8.________________________________________________________

9.________________________________________________________

10._______________________________________________________

11._______________________________________________________

12._______________________________________________________

13._______________________________________________________

14._______________________________________________________

15._______________________________________________________

16._______________________________________________________



1-жүргізуші: Жазушының келесі шығармасы “ Соңғы парыз” романы – дәстүрлі эпикалық әң­гімелеу құрсауына сыймай орда бұзған шығарма. Қаламгер көтерген проблема жал­ғыз ғана ұлттық емес, жалпы адам­заттық маңызға ие болған. Бір нәр­се анық: қазақ жазушысының жаңа шы­ғар­масы жалпы ғаламшарды мекен еткен жұмыр бас­тылардың жанын тітіркететін шығарма екені анық.

2-жүргізуші: Ресейлік Владимир МИЛЮКОВ

“Соңғы парыз” – сөзсіз қазақ проза­сының ең елеулі табысы. Осы бір жазушы бойына біткен табиғи талант тұтастығына таң қа­ламын. Егер де, “Қан мен тер” қазақ тағ­дыры мен тұрмысындағы Қазан төң­керісіне дейінгі кезеңді қамтыса, “Соңғы парыз” сол халықтың кеңестік дәуірдегі тағдыр-талайын қамтыған. Дей келгенде, Нұрпейісов трилогиясы мен дилогиясы – Отанымыздың ғасырлық тарихының айнасы”. Деп баға берген.


Сахнаға тұрмыс тауқыметтерінің сурет­теріне толы «Соңғы парыз» романынан үзінді оқитын оқушыларды шақырайық.


1._______________________________________________________

2._______________________________________________________

3._______________________________________________________

4._______________________________________________________

5._______________________________________________________


1-жүргізуші: Жазушының «Туған жер» әңімесінен үзінді оқитын

8 бсынып оқушысы: Қалмырза Гүлдана

2-жүргізуші: Бүгінгі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өз мәресіне жақындады. Ендеше, Әбдіжәміл оқуларының қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

1-жүргізуші: Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қорытынды:

2-жүргізуші: Өткен XX ғасыр қазақ әдебиетіне мол сыбаға қосқан суреткерлердің бірі – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы, басқа да шығармалары отыз шақты шетел тіліне аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүние жүзіне танытып, әлем әдебиетшілері қасқа-жайсаңдарының үздік бағасына ие болды.

«Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы Ә.Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің табысы. Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», Қазақстан мемлекетінің «Отан» орденімен марапатталған.

1-жүргізуші: Жазушының шығармаларындағы ХХ ғасырда өмірге келген Еламан, Кәлен, Сүйеу, Тәңірберген, Ақбала, Жәдігер, Әзім бейнелері жаңа ғасырда өмір сүріп жатқан бүгінгі күнгі ұрпақпен бірге

Өмір сүруде. Ұлы суреткердің қаламынан шыққан романдардың құдіреті де осында.

1-жүргізуші: Замандар мен ғасырлар өткен сайын жазушы шығармаларының құндылығы арта бермек. Олай болса, бүгінгі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы осымен тәмам.

2-жүргізуші: Қош болыңыздар! Кездескенше күн нұрлы болсын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?бдіж?міл о?улары / Мектепішілік /

Автор: Жанс?лтан ?ырмызы С?ндібай?ызы

Дата: 13.03.2015

Номер свидетельства: 185716


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства