kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "Ту?ан елім - ?аза?стан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?та т?рлі ?діс ?олдандым, балаларды? патриотты? сезімін оятатындай саба? болып, тартымды ?тті. ?зге ?лт ?кілдеріне деген сыйласты?ы артты.  ?зіні? ту?ан жері туралы к?птеген ма?л?маттар алды. Саба?та ?те к?п к?рнекіліктер ?олдандым, Флипчарт, семантикалы? карта, ?има ?а?аздар, топтастыру. о?ушылар интербелсенді та?та?а ?рт?рлі талдаулар жасады, мысалы, дыбысты? талдау, септеу, синтаксистік талдаулар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Ту?ан елім - ?аза?стан"»

Күні: 24. 02. 2014 ж

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4 «Г»

Пән мұғалімі: Түктібаева Ж.Ө

Сабақтың тақырыбы: Аю. Керік.

Сабақтың мақсаты: Аңдар туралы мәлімет беру. Аю мен керіктің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру. Жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Сын есім, сан есімнен өткенді қайталату.

Сабақтың міндеттері: Дамытушылық. Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Білімділік. Аңдар туралы өткенді қайталату. Оқушыларға аю, керіктің өзіне тән ерешеліктерін түсіндіру. Ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Жаңа сөздермен сөз қорын молайту.

Тәрбиелілік. Оқушыларға аңдардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелер айту. Аңдарды қорғау туралы насихат жұмысын жүргізу, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жазбаша

Сабақтың байланысы: орыс тілі, география

Сабақтың көрнекілігі: жануарлар суреттері, семантикалық карта

Техникалық құрал – жабдықтар: интербелсенді тақта

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сыныппен сәлемдесу;

ә) сыныпты түгелдеу;

б) кезекшімен сұхбат;

в) үйге тапсырманы сұрау;

Үйге жұмысын тексеру. 1. 178 – бет, 4 – тапсырма. Кит туралы айтқызу, сұраққа жауап бергізу. 2. Сұраққа жауап бергізу.

Жануарлардың ең үлкені не екен? Салмағы неше тонна?

Киттің ұзындығы қанша? Баласының салмағы неше тонна?

Оқушылар кит туралы жазғандарын, білгендерін айтып шығады.

3. Оқушының зерттеу жұмысы.

Көк кит  – жолақ ала киттер тұқымдасының теңіз жануары. Жер шарындағы ірі жануар, ұзындығы 33 м, салмағы 150 т, ал жүрегінің салмағы 1 тонна. Денесі, қара-сұр, көкшіл реңді, ақшыл сұр дақтары және мәрмәр өрнекті. Кит мұртының тақташасы қошқыл-қара, биіктігі 1 м дейін, саны 350- 400 жұп. Таңдайы қара. Арқа жүзбеқанаты кішкентай, денесінін артқы бөлігінде орналасқан. Арктикадан Антарктикаға дейін таралған.

Азығы - планктонды шаянтәрізділер. Жыныстық жетілуі 4-6 жасында аяқталады, буаздығы 12 аптаға созылады.

Солтүстік Атлантика бөлігінде 1960 жылдан бастап оларды аулауға тиым салынған, ал Антарктикада 1965 жылдан және Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде 1966 жылдан бастап.

ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілген.

Үйге тапсырманы бекіту үшін оқушылар сұраққа жауап береді. (слайд № 1)

1. Жануарлар қандай екі топқа бөлінеді? Жабайы, үй жануарлары болып екіге бөлінеді.

2. Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді? Аңдар далада, орманда тіршілік етеді.

3. Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

4. Қандай үй жануарларын білесіңдер?

5. Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар?

6. Үй жануарларының пірлерін білесің бе?

Ой толғаныс.

  • Қазір қай сабақ?

  • Бүгін қай күн?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс айларын ата.

  • Қазір қай сабақ?

  • Бүгін аптаның қай күні?

Сабағымызды бастамас бұрын тобымызға ат қойып алайық. Мына жұмбақтарды шешсеңдер, жауабы сол топтың аты болсын.

(слайд № 4) (слайд № 5)

Жазда қыдырады, Өзі биік жануар,

Қыста тынығады. (Аю) Сарғыш – қоңыр дағы бар.

Аяғы төртеу, мойыны – ұзын,

Жаңылыспай танып ал. (Керік)

Бірінші топтың аты – аю, екінші топтың аты – керік болсын.

2. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Аю. Керік».

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

( Слайд № 7).

Аю – жыртқыш аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа. Жүні бір түсті, қоңыр не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың аө аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, көзілдірікті аю, үлкен панда сияқты түрлері бар.

Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 метрдей, салмағы 400 – 700 кг – дай. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Итбалықпен, әсіресе каспий балығымен қоректенеді.

Ақ аю 1976 жылы Халықаралақ табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал Қазақстанда Тянь – яшань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларында мекендейді.

Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Күзге таман бойына 50 кг – ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді.Егер қажетті май қорын жинамаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы мен шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Аюдың кейбір өнімдері халықтық медицинада да қолданылады. Аюдың етін кептіріп алып, суға аздап езіп ішкізсе, адамның көптеген ауруларына дауа болып есептеледі. Мұндай ем ыстықты түсіреді, жараны тез жазады, көкжөтелге, сыздауыққа сары ауруға ем ретінде саналады.

( Слайд № 8)

Керік - жүп тұяқты күйіс қайтаратын жануар. Орталық Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды, жазық далалы жерлерін мекендейді.

Денесінің ұзындығы 2 метр, жерден басының төбесіне дейін 5 – 6 метр- дей. Салмағы 500 – 1000 кг – дай. Мойны өте ұзын, омыртқасының саны 7 – еу. Жүрегінің өзі 60 л қанды өткізіп, 12 келіні тартады.

Жалпы түсі ашық сары қара қошқыл дақтары болады. 10 – 12 ден топтанып, күндіз жайлады. Негізінен акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді.

Еті, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде жирафтар негізінен ұлттық саябақтарда кездеседі.

Енді екі оқушы аюдың басқа түрлерімен танысып, слайдқа түсіріп келген екен, соны тыңдап көрейік. Бір оқушы коңыр аю туралы, екінші оқушы қара аю туралы айтып шығады.

Оқушылардың зерттеу жұмысын қорғауы.

(Слайд № 9) Қоңыр аю – жыртқыш аң. Тянь – Шань мен Памир тауларында таралған. Қазір Өгем, Кетпен, Талас, Іле, Теріскей, Жетісу, Жоңғар Алатауларында кездеседі. Дене ұзындығы 2,5 м, бойының биіктігі 1,35 м. Салмағы 600 кг – дай. Негізінен құрлықта тіршілік етеді, суда жақсы жүзеді.Саны жылдан – жылға азаюда. Қолға тез үйреніп, цирктерде түрлі ойындар көрсетуге пайдаланады. Ақсу – Жабағылы, Алматы қорықтарында, Лепсі қорықшаларында қорғалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Терісі тулақ жасауға, еті жеуге жарайды., дәнді дақылдарға зиянын тигізеді, кейде малға шабады. Ел арасында өті, майы емге жұмсалады.

(Слайд № 10) Қара аю. Басқа аюлардан кіші, түсі қара. Олар Азияның оңтүстік – шығысында, бізде Уссури өлкесінде мекендейді.

Негізгі қорегі - өсімдік тектес азықтар. Қара аюлар тіршілігін ағашта өткізетін аңдар. Олар қыста үлкен теректердің қуысына еніп, қысқы ұйқыға кетеді.

Авсрталияда ғана қолдан жерсіндірілген. Ал басқа жердің барлығында кездеседі.

(Слайд № 11). Сөздікпен жұмыс:

  • мұғалімнің жаңа сөзді түсіндіруі;

  • дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар бірге дауыстап қайталайды;

  • оқушылар тізбектеп оқиды;

  • сөз тіркесін құрау;

  • сөйлемдер құрау.

  • сөздік дәптерге жазып алады.

аю – медведь керік - жираф

мекендейді – обитают жылдамдық - скорость

итбалық – тюлень мойын - шея

Тапсырмалар орындау. Сабақ барысында 2 топқа екі түрлі тапсырма беріліп отырылады.

1 – тапсырма. «Аю» тобына (187 – бет). Мәтінді оқу, аудару. Оқу түрлері жеке, тізбектеп.

Ақ аюлар Арктиканы мекендейді. Ақ аю – ең үлкен аңдардың бірі. Оның салмағы бір тонна, ұзындығы 3 метрге дейін болады. Олар балық, итбалық жейді. Аю – күшті аң. Ол 40 – 50 жыл өмір сүреді.

«Керік» тобына (189 – бет). Мәтінді оқу, аудару. Оқу түрлері жеке, тізбектеп. Әлемдегі ең биік жануар – керік. Ол Африкада өмір сүреді. Оның салмағы 700 килограмм. Бойы 6 метрге дейін. Бойының 2 метрі – оның мойны. Керіктің тілі өте ұзын. Ол 54 сантиметрдей болады. Керік шөп және ағаштардың жапырақтарын жейді. Ол сағатына 50 километр жүгіре алады. Керік 25 жыл өмір сүреді.

Сын есімді қайталау.

  1. Сын есім дегеніміз не?

  2. Сын есімнің сұрақтарын ата?

( Слайд № 12.) 2 – тапсырма. Мына сөйлемдерден сын есімдердің астын сызу.

«Аю» тобына . Ақ аюлар Арктикада мекендейді. Қара және қоңыр аюлар орманда болады. (сын есімдер: ақ, қара, қоңыр)

«Керік» тобына. Әлемдегі ең биік жануар – керік. Керіктің тілі өте ұзын. (сын есімдер: ең биік, өте ұзын)

Тақтамен жұмыс. 3 – тапсырма. Екі топқа екі түрлі сөз беріледі. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. «Аю» тобына «балық» сөзі, «Керік» тобына «керік» сөзі беріледі.

Балық. Ба – лық (2 буын. Ашық, бітеу)

б [б] – дауыссыз, ұяң;

а [а] – дауысты, жуан, езулік, ашық;

л [л] - дауыссыз, үнді;

ы [ы] – дауысты, жуан, езулік, қысаң;

қ [қ] - дауыссыз, қатаң;

5әріп, 5 дыбыс, 2 буын.

Керік. Ке – рік (2 буын, ашық, бітеу)

к [к] - дауыссыз, қатаң;

е [е] - дауысты, жіңішке, езулік, ашық;

р [р] - дауыссыз, үнді;

і [і] - дауысты, жіңішке, езулік, қысаң;

к [к] - дауыссыз, қатаң;

5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын.

5.Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

4 – тапсырма. «Аю» тобының тапсырмасы. Септік жалғауларын орнына апарып қой. Септік жалғаулары шашырап тұрады, оқушылар қаламсаптың көмегімен орнына апарып қояды. (Слайд № 13).

«Керік» тобының тапсырмасы. Сын есімдерді мағынасына қарай көп нүкте орнына апарып қой. (Слайд № 14).

...... аю, ...... керік, ...... піл, ...... түйе, ..... тасбақа, ...... кит.

Шашыраған сын есімдер: ұзын, көк, ірі, үлкен, ауыр, қоңыр.

5 – тапсырма. Сандарды сөйлет. Сан есім ережесін еске түсірейік. Сан есім сұрақтары қандай?

Сан есімдерді құрамына қарай жазып шығу. (Слайд № 15)

«Аю» тобы дара сан есімдерді, «Керік» тобы күрделі сан есімдерді теріп жазып шығады.

Тағамы


Аңдар

Өсімдік

Көк пияз

Ашы тікен, шөп

итбалық

Түйе





Піл





Тасбақа





Аю







Сабақты қорыту: Өткен сабақты бекіту. Оқушыларға сөзжұмбақ беріледі. Оқушылар соны шешеді. (слайд № 16)

Тапсырмалары: 1. Ең ірі жануар не? (Кит)

2. Ең жүйрік қандай аң? (Гепарт)

3. Ең ірі қандай көбелек? (Агриппина)

4. Ең ауыр салмақты жануар не? (Піл)

5. Құстардың ішіндегі ең кішкентайы қайсысы? (Колибр)

Үйге тапсырма: 6– тапсырма, 188 - бет. Жұмбақты жаттау.

4 – тапсырма, 189 – бет. Сұраулық шылауларды тіркеп, сөз тіркесін жазу.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашы? саба? "Ту?ан елім - ?аза?стан"

Автор: Туктибаева Жанар Утегеновна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272739


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства