То?ыз??мала? ойыны ?ай кезде шы?ып, ?алай ?алыптас?аны ?азірше белгісіз. Ал, негізінде, ?аза?стан жеріндегі жартастарды? немесе т?бені? ?стіндегі тегіс тасты? бетіне ойып салын?ан то?ыз??мала? та?тасы бейнесіні? ?азірге дейін са?талуы б?л ойынды хал?ымыз к?не замандарда – а? ойна?анын а??артады. М?селен, ?аратау ?аласына таяу жердегі А?ш??ыр деген тас т?бені? ?стіне то?ыз??мала?ты? отаулары мен ?азандары ?ашап ойыл?ан. Б?л та?таны ?ай кезде кім ойып жаса?аны ?лі белгісіз. Ал жасау ма?саты, ?рине, белгілі. ?йткені малшылар А?ш??ыр тас жотасынан т??іректегі малды ?арай отырып, т?бені? ?стінде то?ыз??мала? ойна?ан. То?ыз??мала? ойыныны? та?тасы Тарба?атай тауыны? Сай?ан жоталарында?ы ж?не ?оржынбай жайлауыны? етегіндегі жартастар?а да ойып салын?аны белгілі болып отыр.
Осындай тарихи деректерге с?йеніп, то?ыз??мала?ты к?шпелі ?аза? хал?ыны? ?мірімен бірге жасас?ан оны? ?лтты? ойындарыны? бірі деп толы? айту?а болады. То?ыз??мала? ойыныны? к?п жабды?ты ?ажет етпейтін ?арапайым болуы оны? халы? арасына ке?інен тарауына мол м?мкіндік берген.
Б?л ойынны? та?ы бір ерекшелігі – то?ыз??мала?ты екі ойыншы ?ана ойнап ?оймай, оны? к?птеген ?ызы?таушы жанк?йерлері де бол?ан. М?селен, бірнеше адам жинал?ан жерде екі адам ойнаса, ?ал?андары соларды? жанк?йерлері ретінде екіге б?лініп, ?ызы?тап ?арап отыр?ан. Былайша айт?анда, ?р ойыншыны? жа?тас жанк?йерлері бол?ан. Тіпті, мы?ты ойыншылар бас?а ауылдарда?ы ?зі сия?ты ойыншыларды іздеп барып ойна?анда да жанк?йерлері, а?ыл – ке?ес беретін адамдары ілесіп барып ж?рген.
То?ыз??мала? ойыныны? ?зіне т?н басты ерекшелігі – ол аса к?рделі жабды?тарды ?ажет етпейді. Сонды?тан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай ш???ырлар ?азып, ойын та?тасын дайындай ?ой?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Та?ырыбы: "То?ыз??мала?"»
1. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы.
Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз. Ал, негізінде, Қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы бұл ойынды халқымыз көне замандарда – ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу жердегі Ақшұқыр деген тас төбенің үстіне тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашап ойылған. Бұл тақтаны қай кезде кім ойып жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені малшылар Ақшұқыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде тоғызқұмалақ ойнаған. Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы Тарбағатай тауының Сайқан жоталарындағы және Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға да ойып салынғаны белгілі болып отыр.
Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты көшпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасқан оның ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға болады. Тоғызқұмалақ ойынының көп жабдықты қажет етпейтін қарапайым болуы оның халық арасына кеңінен тарауына мол мүмкіндік берген.
Бұл ойынның тағы бір ерекшелігі – тоғызқұмалақты екі ойыншы ғана ойнап қоймай, оның көптеген қызықтаушы жанкүйерлері де болған. Мәселен, бірнеше адам жиналған жерде екі адам ойнаса, қалғандары солардың жанкүйерлері ретінде екіге бөлініп, қызықтап қарап отырған. Былайша айтқанда, әр ойыншының жақтас жанкүйерлері болған. Тіпті, мықты ойыншылар басқа ауылдардағы өзі сияқты ойыншыларды іздеп барып ойнағанда да жанкүйерлері, ақыл – кеңес беретін адамдары ілесіп барып жүрген.
Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған.
2. Ойын ережесі.
Барлық құмалақты салатын шұңқыр – қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп аталады.
Тоғызқұмалақ ойынын оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының өзінше атауы бар: сол жақтағы шеткі, яғни бірінші отау – «таңдық», екіншісі – «көшпелі», үшіншісі – «атөтпес», төртіншісі – «атсұратар», бесіншісі – «бел», алтыншысы – «белбасар», жетіншісі – «қандықақпан», сегізіншісі – «көкмойын»,
тоғызыншысы – «маңдай». Әр отауды осылай деп атаудың өзіндік тарихи себебі бар, яғни ойынның ойналу процесі толығынан осы отау аттарына негізделген. Мәселен, ойын басталғанда алғаш жүрген адам «қандықақпан» десе, ол – жүрісін жетінші отаудан бастағанын хабарлағаны. Енді қарсыласы жүрісті жалғастырып, «бел» десе, қарсылас ойыншы оның жүрісті қай отаудан бастағанын біліп, соған қарсы жүруге кіріседі.
Ойын тақтасы кейіннен ағаштан жасалып, әр отау солдан оңға қарай – а,ә,б,г,ғ,д,е,ж,з әріптерімен белгіленді. Алайда бұлай белгілеу ойынды жазу процесінде қиындық туғызғандықтан, 1970 жылдан бері қарай 1-ден басталатын тоғыз цифр қолданылатын болды. Бұл математикалық есептеу тұрғысынан ойынның есебін шығаруға, жүрісті анықтап, тезірек шешім қабылдауға қолайлы болды.
Алғашқы жүрісте жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Есте болатын нәрсе: алғашқы ойыншы тоғызыншы отаудан бастауына болмайды, басқа отаулардың кез келгенінен бастап жүруге ерікті.
Жүрісті бірінші бастаған ойыншы өзі «осыдан жүрген дұрыс» деп есептеген отауда бір ғана құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды сол жүрген отаудан кейінгіден бастап бір – бірден салып шығады. Ең соңғы құмалақты қарсыласның тоғыз құмалағы бар отауына салып, сол отаудан он құмалақ алады да, өз қазанына апарып салады. Демек ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ алу үшін, оның ең соңғы тақ құмалағын өзінің бір құмалағымен жұптап, өз қазанына салып қояды.
Әдетте қарсылас ойыншылар ойын барысында өздерінің отауларындағы құмалақтарды жұп күйінде ұстап отыруға ұмтылады. Ойыншылардың мұндай жағдайдағы отауы «жабық отау» деп аталады. Ойын барысында әр ойыншы өз қарсыласының отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға тырысады. Демек, саны тақпен аяқталған отау «ашық отау» деп аталады.
Ойын барысында ойыншы қарсыласының отауында жатқан құмалақтарды қолмен ұстап санауға болмайды. Тек отауларының қайсысы ашық, қайсысы жабық және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана
сұрай алады. Ал әр ойыншы қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге міндетті. Сондықтан ойыншылар негізінен тақта отауларының әрқайсысында қанша құмалақ барын есте ұстауға тырысады. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол жүріс үшін қажет болса, онда ойыншы жалғыз құмалақты қатарындағы отауына ауыстырады, яғни әлгі жүріс жүрілген болып шығады.
3. Жүріс ережесі.
Ойын барысында ойыншы қарсыласының келісімінсіз құмалаққа қол тигізуіне болмайды. Егер ойыншының біреуі құмалаққа қолын тигізуіне тура келіп жатса, құмалағымды реттеп санаймын деп қарсыласына ескертуге міндетті. Егер ескертусіз бір отаудағы құмалаққа қол тигізсе, сол отаудан жүріс жүруге міндетті болады. Әдетте ойыншы құмалағын ұстаған отаудан жүруі керек. Ал қарсыласының құмалағына қол тигізуге ешқайсысының да қақысы жоқ. Бұл ережелер ойын басталар алдында ойыншыларға қатаң ескертіледі.
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1-отау- «ТАҢДЫҚ»
2-отау- «КӨШПЕЛІ»
3-отау- «АТӨТПЕС»
4-отау- «АТСҰРАТАР»
5-отау- «БЕЛ»
6-отау- «БЕЛБАСАР»
7-отау- «ҚАНДЫҚАҚПАН»
8-отау- «КӨКМОЙЫН»
9-отау- «МАҢДАЙ»
9 8 7 6 5 4 3 2 1
МАҢДАЙ
КӨКМОЙЫН
ҚАНДЫҚАҚПАН
БЕЛБАСАР
БЕЛ
АТСҰРАТАР
АТӨТПЕС
КӨШПЕЛІ
ТАҢДЫҚ
ҚАЗАН
ҚАЗАН
ТАҢДЫҚ
КӨШПЕЛІ
АТӨТПЕС
АТСҰРАТАР
БЕЛ
БЕЛБАСАР
ҚАНДЫҚАҚПАН
КӨКМОЙЫН
МАҢДАЙ
1 2 3 4 5 6 7 8 9
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
ҚОСТАУШЫНЫҢ ҚАЗАНЫ
БАСТАУШЫНЫҢ ҚАЗАНЫ
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
4. Ойынды жазу жүйесі.
Тоғызқұмалақ ойынының барысы шахматтағы сияқты басынан аяғына дейін жазылып отырады. Мысалы, 711 саны жазылса, ондағы 7 - отаудың реттік саны да, 11 – сол отаудағы құмалақ саны. Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыласының жүрісі жазылады. Мұнда да отаудың реттік саны мен сол отаудағы құмалақ саны жазылатын болады. Сонда бірінші жүріс шамамен былай болып шығады: 711–815. 815–қарсыластың жүрісі: 15 құмалағы бар 8–отаудан басталған жүріс.
Екінші мысал. Ойыншылардың екінші жүрісі 69 – 55 болды делік. Мұндағы 6 – бірінші жүрген ойыншының отауының реттік саны да, 9 – отаудағы құмалақ саны. Бірінші 5 – екінші жүрген ойыншының отауының реттік саны да, екінші 5 –сол отаудағы құмалақ саны.
Тағы да бір мысал. 12 құмалағы бар 2 – отаудан жүріп, қарсыласының 2 құмалағы бар 4 – отауына түссе, бірінші жүрген ойыншы тұздық алады. Тұздық жазуда «Х» таңбасымен белгіленеді. Сонда бұл жүріс 212 – 42Х болып шығады. Сондай – ақ, жүрістің соңғы құмалағы «тұздыққа» түссе, онда 84 – 2Х болады. Бұл - құмалағы бар 8 – отаудан жүріп, қарсыласының 2 – отауына тұздыққа түсті деген сөз.
Ойын соңында жеңіске жету үшін қазанына міндетті түрде 82 құмалақ жинау керек. Ойынның тең аяқталуы – сирек кездесетін жағдай. Тек ойын барысында екі ойыншы бірдей тұздық алғанда ғана ойын тең аяқталуы мүмкін. Ойын ережесі бойынша осы ойында жеңген ойыншыға – бір ұпай, тең ойынға жарты ұпайдан беріледі. Ал ұтылған ойыншыға ұпай берілмейді. Жарыс қорытындысын шығарған кезде ұпай санымен қоса міндетті түрде құмалақ саны қоса жазылады. Мәселен, ұтса – 82 – 80, тең түссе, 0,5 81 – 0,5 81 деп жазылады.
Жарыс хаттамасына (протоколына) ұпай санымен қоса құмалақ санының жазылуы біріншіліктің қорытындысын, яғни жеңімпазды анықтау кезінде екі-үш ойыншының ұпайы бірдей болып қалса, жеңімпаз құмалақ санына қарай анықталады.
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
5. Тұздық.
Ойын барысында «тұздық алу» деген болады. Жүрген ойыншы ең соңғы құмалағын қарсыласының екі құмалақ жатқан отауына түсіріп, үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласынан тұздық алған болып есептеледі. Тұздық алудағы мақсат - әрбір жүріс сайын отауға түсетін құмалақты өзіне алып отыру. Ойын ережесі бойынша тек «маңдайдан», яғни тоғызыншы отаудан «тұздық» алуға болмайды. Ойын барысында тұздық бір – ақ рет алынады.
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
ТҰЗ ДЫҚ
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
ТҰЗ ДЫҚ
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
6. Атсырау.
Ойын барысында, әсіресе, ойын соңына таман келгенде ойыншының біреуінің құмалағы таусылып қалады да, жүретін жүрісі бітеді. Тоғызқұмалақ ойынында бұл жағдайды «атсырау» деп атайды. «Атсырау» жағдайына тап болған ойын партиясы ұтылғанға есептеледі. Себебі, ол ойыншы одан әрі жүре алмайды. Ал енді қарсыласын «атсырау» жағдайына алып келген ойыншы өз отауларындағы құмалақтың барлығын жинап, өз қазанына салады да, барлық құмалақтың есебін шығаруға кіріседі.
«Атсырау» жағдайына дейін бұл екі ойыншының бірі 82 құмалақ жинап үлгірмегенімен, әлі де жүру мүмкіндігінен айырылмаған ойыншы жеңген болып есептеледі. Ойын барысында «атсырау» жағдайы сирек кездеседі. Себебі ойынның айла – тәсілін білетін ойыншы өзін «атсырау» жағдайына жеткізбеуге тырысады.
БАСТАУШЫ:
9 8 7 6 5 4 3 2 1
ТҰЗ ДЫҚ
1 2 3 4 5 6 7 8 9
ҚОСТАУШЫ:
7. Қорытынды.
Кейінгі кезде тоғызқұмалақ ойынын тек қазақтар ғана емес, республикада тұратын ұлт өкілдері де көптеп ойнай бастады. Мысалы, Астана ауылшаруашылық институтының оқытушысы Д.С.Поляков алғашқы республикалық жекелей біріншілікте үлкен шеберлік көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Қазіргі кезде тоғызқұмалақ ойынының республикалық федерациясы бар. онымен қоса республика біріншілігінің және республикалық жарыстардың жеңімпаздарына «Қазақстан спорт шебері» деген атақ беріледі. Тоғызқұмалақтан республиканың жекелей біріншілігімен қоса командалық жарыс та өткізілетін болды.
Тоғызқұмалақ ойынынан бүгінгі таңда біздің қандай жетістігіміз бар?
Сабақ соңында айтар ой, жоғарыда айтылғандай республикалық жарыстардың жеңімпазы, «Қазақстан спорт шебері» деген атаққа сен де лайықсың. Тек жаттығудан, өзіңді-өзің шыңдаудан, еңбектенуден жалықпа, тек қана алға!