kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алматы полиграфия колледжі, Арнайы пәндер оқытушысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Полиграфия мамандықтарында білім алатын студенттерге арналған презентация. басылымның жалпы технологиялық процесі көрсетілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алматы полиграфия колледжі, Арнайы пәндер оқытушысы»

БАСЫЛЫМНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІ

БАСЫЛЫМНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІ

Сабақтың мақсаты Білімдік: Студенттерге басылымның технологиялық процесі туралы мәлімет бере отырып, басылым машинасының аппараттары мен жүйелерінің жұмыс істеу принциптерімен таныстыру Дамытушылық: Студенттердің дұрыс және тиянақты жұмыс жасау қабілетін дамыту, кәсіби дағдыларды игеруін қалыптастыру мен дамыту Тәрбиелік: Студенттерды зейінділікке, жан-жақты болуға, білімді бағалауға тәрбиелеу, кәсіпке деген сүйіспеншілікті және еңбекке деген құрметті қалыптастыру

Сабақтың мақсаты

Білімдік: Студенттерге басылымның технологиялық процесі туралы мәлімет бере отырып, басылым машинасының аппараттары мен жүйелерінің жұмыс істеу принциптерімен таныстыру

Дамытушылық: Студенттердің дұрыс және тиянақты жұмыс жасау қабілетін дамыту, кәсіби дағдыларды игеруін қалыптастыру мен дамыту

Тәрбиелік: Студенттерды зейінділікке, жан-жақты болуға, білімді бағалауға тәрбиелеу, кәсіпке деген сүйіспеншілікті және еңбекке деген құрметті қалыптастыру

Сабақтың типі Жаңа сабақты түсіндіру Сабақтың қамтамасыздандырылуы  а) оқу-көрнекілік құралдар Карточкалық тапсырмалар, сұрақ-жауап тапсырмалары  б) үлестірмелі материалдар 1. Басылым материалдары  2. дайын өнімдер  в) ТОҚ /ТСО Подиум Пәнаралық байланыс Материалтану, өндірістік оқыту Өз бетінше жұмыс карточка-тапсырма, сұрақ-жауап жүргізу
  • Сабақтың типі Жаңа сабақты түсіндіру
  • Сабақтың қамтамасыздандырылуы
  • а) оқу-көрнекілік құралдар Карточкалық тапсырмалар, сұрақ-жауап тапсырмалары
  • б) үлестірмелі материалдар 1. Басылым материалдары
  • 2. дайын өнімдер
  • в) ТОҚ /ТСО Подиум
  • Пәнаралық байланыс Материалтану, өндірістік оқыту
  • Өз бетінше жұмыс карточка-тапсырма, сұрақ-жауап жүргізу
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Басылым машинасын жұмысқа дайындау мына кезеңдерден тұрады. 1. Машинаны қосып дауысын, дыбысын тексеру; 2. Басылым аппаратын дайындау; 3. Бояу аппаратын дайындау. Бояу жәшігіне бояуды құйып реттеу, біліктер мен цилиндр диаметрі бойынша өз ұяшықтарына орналастыру; 4. Басылым аппаратын реттеу. Қалыпты оңға, солға, астыға, үстіне қозғап реттеу; 5. Ылғалдағыш аппаратты дайындау. Ылғал ерітіндісін сутектік көрсеткішін лакмустық қағазбен тексереді. РН – 6 аспау керек. Тегенеге ылғал еретіндісін құяды. 6. Біліктермен цилиндрді диаметрі бойынша өз ұяшықтарын орналастыру. Біліктердің сыртын төмендегі екі тәсілдің бірін таңдап, қаптайды.
  • Басылым машинасын жұмысқа дайындау мына кезеңдерден тұрады.
  • 1. Машинаны қосып дауысын, дыбысын тексеру;
  • 2. Басылым аппаратын дайындау;
  • 3. Бояу аппаратын дайындау. Бояу жәшігіне бояуды құйып реттеу, біліктер мен цилиндр диаметрі бойынша өз ұяшықтарына орналастыру;
  • 4. Басылым аппаратын реттеу. Қалыпты оңға, солға, астыға, үстіне қозғап реттеу;
  • 5. Ылғалдағыш аппаратты дайындау. Ылғал ерітіндісін сутектік көрсеткішін лакмустық қағазбен тексереді. РН – 6 аспау керек. Тегенеге ылғал еретіндісін құяды.
  • 6. Біліктермен цилиндрді диаметрі бойынша өз ұяшықтарын орналастыру. Біліктердің сыртын төмендегі екі тәсілдің бірін таңдап, қаптайды.
Бояу аппараты: бояу жәшігінен, бояу реттегіштен, пышақтан, бірнеше цилиндр мен біліктерден тұрады.   Бояу аппаратының мақсаты: басылым қалыбының баспа элементіне аз мөлшерде жұқа қабатпен бояу жағу. Бояу аппараты — айналғанда бір-бірімен түйісіп тұратын біліктер мен цилиндрлерден және бояу салатын құрылғылардан тұрады. Бояу аппаратының құрылымдары әр түрлі болып келеді. Басылым әдісі мен түрлеріне қарай, әр мөлшерде басылым қалыбына сұйық және созылмалы бояу қабаттары жағылады.

Бояу аппараты: бояу жәшігінен, бояу реттегіштен, пышақтан, бірнеше цилиндр мен біліктерден тұрады.

Бояу аппаратының мақсаты: басылым қалыбының баспа элементіне аз мөлшерде жұқа қабатпен бояу жағу.

Бояу аппараты — айналғанда бір-бірімен түйісіп тұратын біліктер мен цилиндрлерден және бояу салатын құрылғылардан тұрады. Бояу аппаратының құрылымдары әр түрлі болып келеді. Басылым әдісі мен түрлеріне қарай, әр мөлшерде басылым қалыбына сұйық және созылмалы бояу қабаттары жағылады.

Бояу аппаратына қойылатын талаптар: 1) бояуды бояу жәшігінде біркелкі тегіс жайылуы керек; 2) басылым бояуы созылмалы болуы қажет; 3) басылым бояуы жабысқақ болуы; 4) басылым бояуы жылтыр болуы керек; 5) басылым бояуы жарыққа төзімді болуы керек; 6) басылым бояудың басылым қалыбына беку қасиеті жақсы болуы керек; 7) бүкіл тираж бойы бояудың қалыңдығы бірдей болуы қажет; 8) бояу тез кебуі керек; 9) бояу тиражға төзімді болуы керек;  10) бояу деформацияға ұшырамауы керек;  11) басылым бояуының жағымсыз исі болмауы керек;  12) бояу аппаратына уақыты өтіп кеткен бояуды пайдаланбауы керек;  13) бояу аппаратының біліктермен цилиндрлерінде бояу жақсы айналуы қажет; 14) бояу аппаратының цилиндрлердің беті тегіс болуы тиіс.

Бояу аппаратына қойылатын талаптар:

  • 1) бояуды бояу жәшігінде біркелкі тегіс жайылуы керек;
  • 2) басылым бояуы созылмалы болуы қажет;
  • 3) басылым бояуы жабысқақ болуы;
  • 4) басылым бояуы жылтыр болуы керек;
  • 5) басылым бояуы жарыққа төзімді болуы керек;
  • 6) басылым бояудың басылым қалыбына беку қасиеті жақсы болуы керек;
  • 7) бүкіл тираж бойы бояудың қалыңдығы бірдей болуы қажет;
  • 8) бояу тез кебуі керек;
  • 9) бояу тиражға төзімді болуы керек;
  • 10) бояу деформацияға ұшырамауы керек;
  • 11) басылым бояуының жағымсыз исі болмауы керек;
  • 12) бояу аппаратына уақыты өтіп кеткен бояуды пайдаланбауы керек;
  • 13) бояу аппаратының біліктермен цилиндрлерінде бояу жақсы айналуы қажет;
  • 14) бояу аппаратының цилиндрлердің беті тегіс болуы тиіс.

Ылғалдағыш аппаратты жұмысқа дайындау  Ылғалдағыш аппарат басылым қалыбының ашық элементтерін ылғалдауға арналған. Бұл аппарат тек офсеттік машиналардың жабдығы, өйткені басылымның басқа тұрлерінде басылым қалыптарды дымқылдаудың қажеттігі жоқ. Ылғалдағыш аппараттың құрамына ылғалдайтын ерітіндімен толтырылған ыдыс (астау) дукторлық цилиндр, әперетін білік, бөліп таратып дымқылдайтын біліктер кіреді. Ылғалдағыш ерітінді ыдыстан дукторлық цилиндрге құйылады.

Ылғалдағыш аппаратты жұмысқа дайындау

Ылғалдағыш аппарат басылым қалыбының ашық элементтерін ылғалдауға арналған. Бұл аппарат тек офсеттік машиналардың жабдығы, өйткені басылымның басқа тұрлерінде басылым қалыптарды дымқылдаудың қажеттігі жоқ. Ылғалдағыш аппараттың құрамына ылғалдайтын ерітіндімен толтырылған ыдыс (астау) дукторлық цилиндр, әперетін білік, бөліп таратып дымқылдайтын біліктер кіреді. Ылғалдағыш ерітінді ыдыстан дукторлық цилиндрге құйылады.

  • Ылғалдау аппаратты дайындау оны тазалаудан, беретін және жағатын біліктерді реттеуден, ылғалдандыру ерітіндісін құю мен оның қалыпқа берілуін алдын ала реттеуден тұрады. Ерекше назар біліктің маталы жабынына аударылады, сонымен қатар күшке және басу қалыбына матаның біркелкі жабысуына да назар аудару керек.
  • Ылғалдағыш апарат басу процесінде қалыптың ашық элементтерінің бір келкі минимальді, бірақ жеткілікті ылғалдауды қамтамасыз ету керек.
Өзі бергіш жүйесін жұмысқа дайындау   Өзі бергіш жүйе арқылы берілген қағаз өткізетін стол үстімен қозғалады да, онда алдыңғы және бүйірлік тегістеу механизмдерімен тегістеледі. Тегістелгеннен кейін табақтың алдығы жиегі офсеттік цилиндрдің қысымымен табаққа шапшаңдық беріп, табақты жүргізеді де оны басылым цилиндрінің тұтқыштарына тапсыратын төменгі теңселмелі форгрейфердің тұтқыштары ұстайды.

Өзі бергіш жүйесін жұмысқа дайындау

Өзі бергіш жүйе арқылы берілген қағаз өткізетін стол үстімен қозғалады да, онда алдыңғы және бүйірлік тегістеу механизмдерімен тегістеледі. Тегістелгеннен кейін табақтың алдығы жиегі офсеттік цилиндрдің қысымымен табаққа шапшаңдық беріп, табақты жүргізеді де оны басылым цилиндрінің тұтқыштарына тапсыратын төменгі теңселмелі форгрейфердің тұтқыштары ұстайды.

  • Өзі салғыш столға қағазды зарядтау, форматы бойынша орналастыру;
  • Бүйір тіректі орналастыру;
  • Телескопиялық үрлегіштер мен сорғыштарды орналастыру, аралығы 0,5 мм;
Өткізу жүйесін жұмысқа дайындау Роликтарды, форгрейферді реттеу. Форгрейфер дегеніміз қағаз тұтқыш деген мағынаны береді. Қабылдау жүйесінен, екі бүйір тіректен, артқы тіректен тұрады.

Өткізу жүйесін жұмысқа дайындау

Роликтарды, форгрейферді реттеу.

Форгрейфер дегеніміз қағаз тұтқыш деген мағынаны береді. Қабылдау жүйесінен, екі бүйір тіректен, артқы тіректен тұрады.

Жинақтау алдында парақтар автоматты түрде алдыңғы және бүйір тірек итергіштермен теңестіріледі. Стапельдік столға табақ баспа-таңбалары түскен сайын автоматты түрде ол төмен түседі. Қазіргі жаңашыл басылыс машиналарының табақ қабылдау қондырғылары стапельдік столды машина қосылып тұрған кезде ауыстыратын тетіктерімен жабдықталған.
  • Жинақтау алдында парақтар автоматты түрде алдыңғы және бүйір тірек итергіштермен теңестіріледі. Стапельдік столға табақ баспа-таңбалары түскен сайын автоматты түрде ол төмен түседі. Қазіргі жаңашыл басылыс машиналарының табақ қабылдау қондырғылары стапельдік столды машина қосылып тұрған кезде ауыстыратын тетіктерімен жабдықталған.
Басылым аппаратын жұмысқа дайындау Басылым аппаратының цилиндрлері 1.Қалыптық цилиндр 2.Офсеттік цилиндр 3.Басылым цилиндрі  Қ. Ц О. Ц Басылым қағазы Б. Ц

Басылым аппаратын жұмысқа дайындау

  • Басылым аппаратының цилиндрлері
  • 1.Қалыптық цилиндр
  • 2.Офсеттік цилиндр
  • 3.Басылым цилиндрі

Қ. Ц

О. Ц

Басылым қағазы

Б. Ц

Офсеттік цилиндрлердің декельдері құрамы мен қасиеттері бойынша әртүрлі болады. Отандық өндіріс резина-мата офсеттік пластиналардың екі: А-көркем репродукцияларды және картографиялық жұмыстарды басу үшін; Б- басқа жүмыстар үшін түрлерін шығарады. Сонымен бірге мақтадан істелген мата ТОП негізінде резина-мата офсеттік пластиналары дамытылған. Декельдің дайындау дегеніміз оның жұмысқа жарамдығын тексеру. Көтерілген жерлері, сызаттары, жаырылған тұстары, қатарланған жерлері және басу механикалық зақымдары жоқ па, соларды тексереді. Егер декельдің жарамсыздығы байқалса, офсеттік станокка тиісті паспорттық ережеге сәйкес оны ауыстыру керек. Егер декель пайдалану талаптарына сай келсе, майлы былғаныштарды кетіретін арнайы ерітіндіге батырылған тампонмен оның жұмыс бетін жуу қажет. Сосын желім былғаныштарын кетіру үшін дымқылданған губкамен не тампонмен сүрту керек. Содан кейін декельді құрғақ таза тампонмен сүртеді.
  • Офсеттік цилиндрлердің декельдері құрамы мен қасиеттері бойынша әртүрлі болады. Отандық өндіріс резина-мата офсеттік пластиналардың екі: А-көркем репродукцияларды және картографиялық жұмыстарды басу үшін; Б- басқа жүмыстар үшін түрлерін шығарады. Сонымен бірге мақтадан істелген мата ТОП негізінде резина-мата офсеттік пластиналары дамытылған.
  • Декельдің дайындау дегеніміз оның жұмысқа жарамдығын тексеру. Көтерілген жерлері, сызаттары, жаырылған тұстары, қатарланған жерлері және басу механикалық зақымдары жоқ па, соларды тексереді. Егер декельдің жарамсыздығы байқалса, офсеттік станокка тиісті паспорттық ережеге сәйкес оны ауыстыру керек. Егер декель пайдалану талаптарына сай келсе, майлы былғаныштарды кетіретін арнайы ерітіндіге батырылған тампонмен оның жұмыс бетін жуу қажет. Сосын желім былғаныштарын кетіру үшін дымқылданған губкамен не тампонмен сүрту керек. Содан кейін декельді құрғақ таза тампонмен сүртеді.
Таралымды басу Бүкіл таралымның баспа-таңбаларының ұқсастығын қамтамасыз ету үшін, басылымның бекітілген оңтайлы ережесі қатаң түрде тұрақты болуы керек. Ол ылғалдайтын ерітінді мен бояудың басылым қалыбына ең аз деген қажетті мөлшерде беріліп тұрғанында басылым қондырғысының цилиндрлерінің араларындағы оңтайлы қысым болып, ылғалдайтын ерітіндінің РН-ы тұрақты болса, басу бояуының қасиеттері мен оның баспа-таңбада бекінуінің белгіленген жылдамдығы өзгермесе, қағаздың ылғалдылығы мен оны басу аумағына берудің қажетті дәлдігі, басу жылдамдығы тұрақты болған жағдайда орындалады. Аталған факторлар басылым процесінің ережелерімен тығыз байланысты. Тіпті, олардың біреуінің өзгеруі басылым өнімінің сапасының төмендеуіне немесе жарамсыздығына (брак) алып келеді.

Таралымды басу

Бүкіл таралымның баспа-таңбаларының ұқсастығын қамтамасыз ету үшін, басылымның бекітілген оңтайлы ережесі қатаң түрде тұрақты болуы керек. Ол ылғалдайтын ерітінді мен бояудың басылым қалыбына ең аз деген қажетті мөлшерде беріліп тұрғанында басылым қондырғысының цилиндрлерінің араларындағы оңтайлы қысым болып, ылғалдайтын ерітіндінің РН-ы тұрақты болса, басу бояуының қасиеттері мен оның баспа-таңбада бекінуінің белгіленген жылдамдығы өзгермесе, қағаздың ылғалдылығы мен оны басу аумағына берудің қажетті дәлдігі, басу жылдамдығы тұрақты болған жағдайда орындалады. Аталған факторлар басылым процесінің ережелерімен тығыз байланысты. Тіпті, олардың біреуінің өзгеруі басылым өнімінің сапасының төмендеуіне немесе жарамсыздығына (брак) алып келеді.

Машинаны басылымға дайындағанда реттеуді, әдетте, машинаның жүрісі баяулаған кезде жасайды, оның жұмыс жылдамдығы қажетті режимдерге әр уақытта сәйкес келе бермейді. Сондықтан, барлық дайындау операцияларын аяқтағаннан соң, машинаны жұмыс жүрісіне қосады, бояу мен ылғал ерітіндісінің берілу режимін түзетеді, көп жағдайда баспа-таңбалардың сапасы осыған байланысты және сынама бақылау баспа-таңбалар басылады (табақтық машинада – 300 – 500 дана, рулондықта – одан да көп). Бақылау баспа-таңбаларды баспаханада бекітілген сынама баспа-таңбалармен салыстырады. Бұдан кейін өнімнің сапасын тексереді, олар бейнелі және болашақ басылымның жиектерінен тыс орналасады (олар келесі кезеңде кесіліп алынып тасталады). Қажет болған жағдайда, машинада салыстырмалы қосымша жөндеулер жүргізіледі. Бекітілген сапа мөлшерінен ешқандай ауытқулар болмаса, онда бақылау оттискісін басуға қол қойылады, ал осыдан кейін, бүкіл таралымды басу үшін ол үлгі баспа-таңбасы (парақ) болып табылады.

Машинаны басылымға дайындағанда реттеуді, әдетте, машинаның жүрісі баяулаған кезде жасайды, оның жұмыс жылдамдығы қажетті режимдерге әр уақытта сәйкес келе бермейді. Сондықтан, барлық дайындау операцияларын аяқтағаннан соң, машинаны жұмыс жүрісіне қосады, бояу мен ылғал ерітіндісінің берілу режимін түзетеді, көп жағдайда баспа-таңбалардың сапасы осыған байланысты және сынама бақылау баспа-таңбалар басылады (табақтық машинада – 300 – 500 дана, рулондықта – одан да көп).

Бақылау баспа-таңбаларды баспаханада бекітілген сынама баспа-таңбалармен салыстырады. Бұдан кейін өнімнің сапасын тексереді, олар бейнелі және болашақ басылымның жиектерінен тыс орналасады (олар келесі кезеңде кесіліп алынып тасталады). Қажет болған жағдайда, машинада салыстырмалы қосымша жөндеулер жүргізіледі. Бекітілген сапа мөлшерінен ешқандай ауытқулар болмаса, онда бақылау оттискісін басуға қол қойылады, ал осыдан кейін, бүкіл таралымды басу үшін ол үлгі баспа-таңбасы (парақ) болып табылады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алматы полиграфия колледжі, Арнайы пәндер оқытушысы

Автор: Кәрімқызы Альбина

Дата: 18.05.2020

Номер свидетельства: 550198


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства