n?азiргi кезде мектептерде ?дебиет п?нiн о?ытуды т?бегейлi жа?сарту, жетiлдiру ж?не жа?а педагогикалы? технологияларды саба? процесiнде ?олдану м?селесiне ерекше к??iл б?лiнiп отыр. Осы?ан байланысты ?дебиет саба?тарында к?ркем шы?армаларды жанрлы? ерекшелiктерi бойынша о?ытуды? танымды? та, эстетикалы? та ма?ызы зор екендiгi а?и?ат.
Б?л жоба ж?мысы – «Абайды? таби?ат лирикасы ж?не оны о?ыту» та?ырыбына арналады. Абайды? таби?ат лирикасы мектеп о?ушыларына е? к?п о?ытылатын ж?не о?ушыларды? к?ркем ?дебиеттен н?р алуына, оларды? сана сезімі, д?ниетанымыны? ?алыптасуына ерекше ?сер ететін бол?анды?тан, ол ?ле?дерді? ерекшеліктерін, та?ырыпты?, идеялы?, сюжет пен композициялы? тараптарын таныту iсi ?дiстемеден жетекшi орын алады. Мiне, жоба ж?мысы орта мектепте, атап айт?анда 5-8 сыныптарда ?тiлетiн Абайды? таби?ат лирикасыны? жанрын, к?ремдік-идеялы? ерекшелiктерiн ?алай таныту м?селесiн жан-жа?ты ?арастыруы – оны? ма?ыздылы?ынан, ?ажеттiлiгiнен дерек бередi.
n
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
А.Құнанбаевтың табиғат лирикасын оқытуда коллаборативті оқу ортасын құру
Орындаған:
Курманова А.Б.
Тақырыптың өзектілігі :
Қазiргi кезде мектептерде әдебиет пәнiн оқытуды түбегейлi жақсарту, жетiлдiру және жаңа педагогикалық технологияларды сабақ процесiнде қолдану мәселесiне ерекше көңiл бөлiнiп отыр. Осыған байланысты әдебиет сабақтарында көркем шығармаларды жанрлық ерекшелiктерi бойынша оқытудың танымдық та, эстетикалық та маңызы зор екендiгi ақиқат.
Бұл жоба жұмысы – «Абайдың табиғат лирикасы және оны оқыту» тақырыбына арналады. Абайдың табиғат лирикасы мектеп оқушыларына ең көп оқытылатын және оқушылардың көркем әдебиеттен нәр алуына, олардың сана сезімі, дүниетанымының қалыптасуына ерекше әсер ететін болғандықтан, ол өлеңдердің ерекшеліктерін, тақырыптық, идеялық, сюжет пен композициялық тараптарын таныту iсi әдiстемеден жетекшi орын алады. Мiне, жоба жұмысы орта мектепте, атап айтқанда 5-8 сыныптарда өтiлетiн Абайдың табиғат лирикасының жанрын, көремдік-идеялық ерекшелiктерiн қалай таныту мәселесiн жан-жақты қарастыруы – оның маңыздылығынан, қажеттiлiгiнен дерек бередi.
Жобаның мақсаты мен міндеттері:
Жобаның мақсаты мен міндеттері:
- Абайдың табиғат лирикасын оқыту процесiнде оларды оқушыларға тереңiрек таныстыру, әдебиеттi сүюге, оны дұрыс түсiнуге баулу;
-Ақын лирикасының жанрлық ерекшелiктерi, оның көркемдік бітімі, эстетикалық мәні т.б. тараптарын оқушыларға таныту арқылы, оларды Абай шығармаларына қызықтыру, қөркем әдебиеттi сүйетiн, әрi түсiне бiлетiн азаматтар етiп тәрбиелеу;
- Абай өлеңдеріндегі сұлу суреттеулерге, теңеулерге, т.б оқушы көңілін аударту;
- Абайдың табиғат лириксындағы сөз тіркестерінің мәнін ашу арқылы табиғат құбылыстарын, ауа – райындағы өзгерістерді көз алдарына елестеткізу. Ол өзгерістерді қазақ тұрмысымен байланыстыра баяндату, мұндағы суреттеу тәсіліне тоқталу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін ояту.
Күтілетін нәтиже:
– Абай табиғат лирикасының сипаты жағынан өзінен бұрынғы ақындар өлеңдерінен өзгешелігі, ақынның шыншылдығы мен шеберлігі, табиғат лирикаларындағы нақты реалистiк белгiлерiн түсiндiруде әдебиет теориясынан тиiмдi пайдаланады.
– Табиғат лирикасы туралы өлеңдерінде ауа райын қайшылықтарын таныту, эстетикалық талғамын, танымдық өзгешелiктерiн танытуда көрнекiлiктерден тиiмдi қолданады;
– Абай өлеңдерін өткенде кiрiспе әңгіменің қажеттігі, яғни оқушылар өз ойларын жеткізе отырып, бір-бірінің идеясын түсініп, сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Кіріспе :
Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат «адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ... Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалық шебер, мұншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы - шығармашылық түлеу жолының кезең-кезеңдері жатыр. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі күй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар.
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қыс
Күз
Жаз
Жазғытұры
Абайдың табиғат лирикасынан
«Күз» өлеңін оқытқанда мынандай сұрақтар беруге болады.
1. Күз сөзі көз алдымызға қандай көріністерді елестетеді?
2. Күз сендерге қандай сезім-күй туғызады?
3. Күз қандай түсті елестетеді? Ал күздің түсі қандай деген сұраққа оқушылардың көбі дерлік «сары түс» деген жауап қайырады. Оқушы қиялын ұштау үшін әр түстегі қағаз қиындыларын немесе жапырақтарды жая отырып, «күз бояуын келтір» деген тапсырмамен түстерді іріктетіп алдыру немесе түстер қиындысынан құрақ жасату, сондай-ақ күздің әр көрінісіндегі суреттерді көрсету, сурет салдыру т.б. тапсырмалар берген орынды. Сол арқылы ағаштың, жердің, далалы алқаптың түстері күздің басы, ортасы, аяғында әр реңге ауысып отыратынын, күз мезгілінің түстерге аса бай екендігін білдіруге болады.
«Қыс» мезгілін оқытар алдында берілген сұрақтарға «қар», «қырау», «аяз», «үскірік», «шаңғы теуіп жүрген балалар», «сырғанақ», «аяз ата», «шыршаны жағалай айналған балалар», «жаңа жыл», «қатып жатқан сулар, өзендер», «қар үстіндегі адам іздері» алуға болады. Қысты оқушылардың барлығы бірдей ақ түсті табиғи деп таниды. Абай «Қыс» өлеңінде жылдың бұл мезгілін, ондағы табиғат көрінісін жаңаша үлгіде сипаттайды. Ақын қысты динамикалық жанды образға, еселеп сұрап есті алатын «кәрі құда», беймаза шал бейнесінде береді. Қытымыр мазасыздығымен шаруа адамының берекесін алып, қусырып әкететін қыс қаһары Абай шығармасында мейлінше нанымды суреттеледі. Абай өлеңіндегі «ақ киімді», «ақ сақалды», «ақ қырау», «ақ орда» тіркестеріндегі ақ эпитетінің қолданысында да қыс суретін айшықтап көрсету мақсаты көзделген. Оқушының елестетуінде қыс келбетінің ақ түсі осы көріністерге сәйкеседі. Сондай ақ келтірілген тәсіл өлеңдегі «үскірік», «аяз», «қар», «беті-қолы домбығып үсік шалды», «борандай бұрқ-сарқ етіп», «басқан жері сықырлап» деген сөздермен тіркестердің қыс табиғатына тән көріністер екендігін оқушыға еркін сезіндіруге жағдай жасайды.
Көктем белгілеріне қатысты қойылған
сұрақтарға «қар ериді», «жаңбыр»,
«үйлердің шатырына қатқан мұздардың
еріп, тамшылап тұрғаны», «8 – наурыз»,
«құстар жылы жақтан оралғаны» «ағаштар
гүлдейді», «жан-жануар ояна бастағаны»,
«дән егіп жатқан диқаншы» сияқты жауаптар
қайырады. Оқушылар көктемді әр түрлі
түспен елестетеді. Бір оқушы жасыл түсті,
біреуі қызыл қызғалдақ түсін елестетеді. Мұндай жұмыс түрлерін
ұйымдастырудағы басты мақсат оқылатын шығарманы дұрыс, өз дәрежесінде қабылдауға жағдай туғызу, оқушы қиялын ұштау болып табылады.
Сыншы
Композитор
Ұлы ақын
Философ
Аудармашы
Махаббат лирикасы
Табиғат лирикасы
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.
Мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі күй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абай - асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлап жатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз мандаланың жалаң көріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайталанбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.
Оқулықпен жұмыс
Абайдың «Қыс» өлеңі
Шығу тарихы - Абай ізбасарларының бірі Тұрағул өз естелігінде : «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»» деп өлең қылғаны 1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған. Қар сәуірдің басында кеткен. Соны өлең «еткен» делінген.
«Жаз» өлеңіндегіауыл-Абайдың өз ауылы. Абайдың аяңшылы –Абайдың Әбдірахматтан алған аяңшыл Күреңтөбел аты. Айқайшы шалы –сол жылы өз аулымен көрші болған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер, өзінің балалары –Ақылбай, Әбдірахман болатын деп өз естелігінде Абайдың айырылмас досы Көкбай ақын баяндаған.
«Жазғытұры» өлеңініңшығу тарихы Көкбай ақын өз естелігінде : «1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай өз өлеңдерін Көкбай сөздері деп беріп жүрді. 1886 жылдың жазында ел жайлауға шықты.Абай аулының ең өрістеп барып орнықпақ болған аулы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында доктор Долгополов та қонақта еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көкбейіт деген жерге қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп : «Осы суретті өлең қыл» деді.
Мен біраз өлең қылып едім , жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жиналған соң, Абайға келіп едім: « Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой » деді. Мен « Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес. Енді ретін тауып өзіңіз қайырып алыңыз » деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні « Жазды күн шілде болғандағыны» жазған екен. Оқып берді. Өзі жазған өлеңіне өзі аз да болса қанағат қылғанынын көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып : «Сен соғымыңа бір ту бие ал , ал мен енді өлеңімді өзім алайын » деді.
“ Қыс” өлеңінің құрылысына талдау жасау
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Тіл көркемдігіне талдау жасау
1.Кейіптеу-
2.Пейзаж-
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. “Күз”.
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру
1.Абай Құнанбаев кім ?
Ж: Қазақтың ұлы ақыны.
2.Абайдың әжесінің аты кім ?
Ж: Зере.
3.Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне арнап шығарған өлеңдерін ата.
Ж: « Күз », « Қыс », « Жазғытұры », « Жаз ».
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады ( 10 минут ); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды ( 10 минут ). Нәтижесі ауызша марапатталады .
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)
Себебін анықта
1.Неліктен өлең «Күз» деп аталған ?
Ж:Себебі,өлеңде күз мезгіліндегі табиғат құбылысы суреттелген.
2.Неліктен Абай күз мезгіліндегі ағаш,қурайды шал – кемпірге теңеген ?
Ж:Себебі,күзгі ағаш, қурай жапырағынан айырылып,күйі жоқ кемпір-шалдай болады.
3.Неліктен Абайдың күзі сенде көңілсіз көңіл – күй туғызды?
Ж:Себебі,өлең жолдарында күздің суық күндері туралы айтылған.Көз алдымызға жапырағынан айырылған ағаштар ,тұрмысы төмен шал –кемпірлер елестеді .
Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Абай Құнанбаев Семей өңірінде туған.
2.Абайдың әкесінің аты – Құнанбай.
3.Абай «Ахмет–Риза» Медресесінде оқыған.
4. Ұлжан – Абайдың анасы.
5. Сұр бұлт түсі суық қаптайда аспан.
6.Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
7.Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай.
8. Жапырағынан айырылған ағаш қурай.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойыншакім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істедісияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаздеген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмалардыВенн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
1. Венн диаграммасын толықтыр.
Табиғат құбылысы Ұқсастығы Тұрмысы
төмен адамдар
2. Тақырыптың басты идеясы неде?
Ж: Күзгі табиғат көрінісімен кедей адамдар өмірін теңей отырып оқырманға күзгі ауа-райы көрінісін жеткізу.
Ұқсастығы: Күз өлеңінде кездеседі. Реңсіз түстер бейнеленген.
Теориясы: «Жинақтау»(Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с.басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)
Күз
Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері:Күз,көктем,жаз,қыс.
Күз айлары: қыркүйек,қазан.қараша .
Күз өлеңінің авторы- Абай
Өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тап:
Жылқы ойнап , сұр бұлт, дымқыл тұман, жасыл шөп жоқ
Өлең жолдарын толықтыр Алматы
Қайыршы шал – кемпірдей түсі кетіп
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай
Оқулықпен жұмыс ( 5 минут ) : төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған , практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады .
Практикасы: «Қолдану»(оқулықпен жұмыс жүргізу барысындатек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады)
Оқулықпен жұмыс:
1.Өлеңді мәнерлеп оқы.
2.Төмендегі сұрақтарға ауызша жауап бер.
Сен қалай ойлайсың?
1.Осы өлеңде айтылған түс қандай деп ойлайсың ?
Ж: Өлеңде сұр , реңсіз түстер көп пайдаланылған.
2.Абай Құнанбаевтан басқа күз мезгіліне өлең жазған қазақ ақындары бар ма ?
Ж: Бар .Жеңіс Қашқыновтың « Күз »өлеңі.
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
.
І деңгей (5 балл)
Теориясы: «Білу»
1. Бос орындарға тиісті сөздерді жаз.
1. Қазақтың ұлы ақыны - Абай.
2. Зере – Абайдың әжесі.
3. «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз» өлеңдерін жазған Абай.
(тақырып мазмұны бойыншакім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істедісияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттаріріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
Практикасы:
Шығармашылық диктант:бос орынға тиісті сөздерді қойып жаз:
1. Абай Семей өңірінде туған.
2.Құнанбай баласы – Абай.
3.Ұлжанның баласы – Абай.
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл=9 балл)
Табиғат құбылысы
Тұрмысытөмен
адамдар өмірі
Ұқсастығы
Ерекшелігі
« Күз » өлеңінде кездеседі.
Реңсіз түстер бейнеленген.
Күзгі ауа-райы
туралы айтылады.
« Күз » өлеңінде кездеседі.
Реңсіз түстер бейнеленген.
Жастар,балалар көңілсіз.
Кемпір.шалдың
тұрмысы төмен.
Себебін анықта:
Абайдың қандай өлеңімен таныстық ?
Ж: «Күз»
Қайыршы шал,кемпір дептұрмысы қандай адамды айтамыз ?
Ж: Өте төмен тұрмысты адам.
Күз мезгілінде балалар неге далада жиі ойнамайды ?
Ж: Себебі, күннің суығынан.
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
Теориясы: «Талдау»
2. Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жаз.
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаздеген тапсырмалар болу керек. Немесе1-3 тапсырмалардыВенн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
3. Тақырыптың басты идеясы неде? Күзгі ауа –райы туралы оқушыға түсінік беру.Табиғат құбылысын,адам өмірімен байланыстыра суреттеу.
Практикасы:
Дұрыс жауаптарды белгіле:
1.Өлең не үшін көңілсіз күй туғызады ?
А) Күз мезгілі болғандықтан Ә)Ауа-райының жылынуынан.
2.Көркем сөздер қай сөз тіркесінде кездесіп тұр ?
А) Сұрбұлт Ә) бұлттар
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
1.Сөзжұмбақты шеш:
2.Дымқыл тұман.
3.Бие қашқан, тай жарысқан.
4.Жасыл шөп.
5.Қайыршы шал – кемпір жоқ бұрынғыдай.
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазміұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек).
Т
Ұ
М
А
Н
Қ
Б
Ж
А
А
И
С
Й
Е
Ы
Ы
Л
Р
Ш
Ы
Практикасы
Сен қалай ойлайсың ?
1.Өлеңнің «Күз» деп аталу себебі неде ?
Ж: Күзгі табиғат құбылысы, ауа – райы туралы болғандықтан.
2.Өз бетіңше «Күз» тақырыбына бір шумақ өлең шығарып жаз.
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, ұлы Абайдың лирикалық шығармаларын 5-8 сынып оқушыларына үйрету барысында ең қажетті сыналған әдістемелерді пайдаланып, оларды әрбір сабақта жаңалап, жетілдіріп отыру, әрбір тақырыпты өтуге творчестволықпен қатынас жасау бүгінгі күннің ең зәру мәселесі болып табылады. Себебі жастарымыздың дүние танымына, дүниеге көзқарасын қалыптасыруда, олардың заман дәрежесіндегі азамат болып өсуінде, биік интеллектуальдылыққа, «толық, кәміл инсан» болып жетілісуінде, олардың бойындағы эстетикалық талғамының ұштала түсуінде ұлы Абайдың шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады.