kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жанды ж?не жансыз таби?ат" та?ырыбыны? саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Таным.

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет т?рі: Экология.

Та?ырыбы: Жанды таби?ат ж?не жансыз таби?ат.

Ма?саты: жанды, жансыз таби?ат туралы ?арапайым т?сінік беру. Берілген с?ра?ты? на?ты жауабын тауып, айта білуге ?йрету. Таби?ат?а деген с?йіспеншілігін арттыру, ?ам?орлы?пен ?арау?а т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: жанды ж?не жансыз таби?ат?а байланысты суреттер.

?ажетті ??рал-жабды?тар: баяу музыка жазыл?ан ?нтаспа,

?діс-т?сілдері: с?здік, к?рнекілік, ойын.

О?у іс-?рекетіні? кезе?дері

Педагогті? іс-?рекеті

Балаларды? іс-?рекеті

Мотивациялы? – ?оз?аушылы?

- Б?гін біз таби?ат аясына саяхат жасаймыз. Бізді? айналамызда жасыл орман. ?азір біз г?лдері жай?алып ?сіп т?р?ан ал?ап?а келдік. Дала г?лдері ?демілігімен к?зді? жауын алып, иісі м?рны?ды жарады. ?зімізге ?на?ан бір г?лмен танысамыз. Мына кереметті ?ара! Мына г?л ?имылдап, ?здігінен жылжып барады. Алайда б?л жылжы?ан к?белек екен. К?белек сендерге бір н?рсе айт?ысы келіп, ??ла?тары?ны? т?сына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. М??ият ты?да?дар (?нтаспадан естіледі). «Ма?ан тиіспе, бала?ай! Таби?атты ?ор?ай біл. Таби?ат-ана сені жа?сы к?реді. ?рбір ш?п, ?сімдік, г?л, ??мырс?а, ?рмекші барлы?ы да ?мір с?ргісі келеді. ?тінемін, осыны есі?де м??гі са?та»

Балалар м??ият ты?дап отырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жанды ж?не жансыз таби?ат" та?ырыбыны? саба? жоспары »

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Жанды табиғат және жансыз табиғат.

Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру. Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жанды және жансыз табиғатқа байланысты суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: баяу музыка жазылған үнтаспа,

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

- Бүгін біз табиғат аясына саяхат жасаймыз. Біздің айналамызда жасыл орман. Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз. Мына кереметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен. Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта»

Балалар мұқият тыңдап отырады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз. Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат жанды табиғат, жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.

Миға шабуыл: Қалай ойлайсыңдар жан­ды табиғатқа нелер жатады?

- Жансыз табиғатқа нелер жатады?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп - өнетіндердің барлығы жатады екен.

Яғни жанды табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал жансыз табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді. Неліктен жансыз табиғатты жанды табиғаттың тірегі деп айтады? Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен. Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.

«Жалғасын тап» ойыны.

Жансыз табиғат - ... (ай, жұлдыз, тас, су, ауа, тау т.б).

Жанды табиғат - ... (гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық).

Жанды табиғат жансыз табиғатсыз ... (тіршілік ете алмайды).

- Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?

- Сендерге таулы, орманды жер ұнай ма?

  • Қалай ойлайсыңдар, қалалы жердің ауасы таза ма, орманның ауасы таза ма?

  • Неліктен?

  • Дұрыс айтасыңдар, орманда ауа таза болады. Сондықтан да жануарларға ол жер ұнайды.

  • Ал қалада ауаның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады?

  • Міне, балалар, ағаштар мен гүлдердің осу жолдары (педагог суреттен көрсетеді). Психо гимнастика, (баяу музыка ойнайды). Балалар, біз қазір гүлдің тұқымы боламыз. Көздеріңді жұмыңдар. Сендерге қараңғы болып түр. Себебі: сендерді енді ғана топыраққа отырғызды. Кенеттен сендер жылуды сезіндіңдер. Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар. Сөйтіп, жердің бетіне шықтыңдар. Күн сендерге өзінің шуағын төгіп түр. Сендер одан сайын өсе бастадыңдар. Енді жаңбыр жауа бастады. Сендер жаңбырдың суын ішіп, одан да биіктеп өсе бастадыңдар. Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып, кішкентай түйнек пайда болды. Ол түйнек үлкейіп, әдемі гүл шықты. Міне, балалар, сендер мынандай әдемі гүлдер болып өстіңдер (суретін көрсетеді).

  • Балалар, сендерге гүл болған ұнады ма?

  • Демек, кез келген өсімдіктің өсуі үшін уақыт керек екен. Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді. Бұл ағаштарды сындыруға болмайды, себебі: олар да өсіп-өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.

  • Қалай ойлайсыңдар, мына семішкенің тұқымын тәрелкеге салып қойсақ өсе ме?

  • Неге өспейді?

Дәптермен жұмыс. Педагог дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді.

- Өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер

жатады.

- Өйткені өсімдіктер

мен жануарларға,

адамдарға, су, ауа

керек. Олар онсыз өмір

сүре алмайды. Сол

себепті.

- Тау, тас, ауа, су жа­тады.

- Ай, жұлдыз, тас, су, ауа, тау.

- Гүл, шоп, ағаштар, аю, қоян, тасбақа, балық, адам.

- Тіршілік ете алмай­ды.

Балалар сұрақтарға

ойланып жауап береді.


Балалар педагогтің түсіндіруімен және көрсетуімен баяу музыка әуеніне қарай гүлдің өсу жолдарын қимылмен көрсетеді.

  • Ұнады.

  • Жоқ өспейді.

Оны топыраққа отырғызып, күтіп - баптаса ғана өседі.

Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.






Балалар көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын, жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Игереді: жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын, жансыз табиғатсыз жанды табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.

Меңгереді: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, күтіп-баптауды.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жанды ж?не жансыз таби?ат" та?ырыбыны? саба? жоспары

Автор: Павлючек Зауреш Тлеулесовна

Дата: 09.10.2015

Номер свидетельства: 237715


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства