Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сыныппен сәлемдесіп, ырым-тыйымдар арқылы топтарға бөлу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. "Топтастыру" арқылы жаңа сабаққа көпір жасау - Балалар, қазақ халқында ырым--тыйым деген бар. Оны қалай түсінесіздер? Қане, топтастырайықшы. Ырым-тыйымдар - Дұрыс, балалар, бүгін біздер ырым-тыйымдардың не үшін қолданылатындығын біліп түсінетін боламыз. Топтық жұмыс Тыйым – тәрбиенің бір түрі. Ата-бабамыз тыйым арқылы жас ұрпақты жаман әдеттен сақтандырып отырған. Тыйым деген- салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың бір бөлшегі. Адамдардың қарым-қатынасынан, табиғат пен оның құпияларының сырына үңілуден туған шектеу. Тыйым Күнделікті қарым-қатынаста ескерту ретінде пайдаланылады. Тәрбиелікке, зиялылыққа, мәдениетілікке баулиды. Жұптық жұмыс Оқушыларға "Сәйкестендіру тестісін" орындау тапсырылады. Үйге қарай атпен Ошаққа су құйғаның өз шауып келме. отыңды өшіргенің. Жасы үлкеннің Жау таяп қалғанда немесе алдын кеспе, жайсыз жағдай болғанда ғана сөзін бөлме. хабар айту үшін үйге қарай жүгіреді немесе атпен шауып келеді. Ошақтағы отты су Бұл үлкенге деген құрмет. құйып өшірме. Малды басқа ұрма, Бүйір таяну - қайғы мен теппе. қасіреттің белгісі. Кешқұрым ұйықтама. Бұл-әдепсіздік. Есінегенде міндетті түрде ауызды қолмен жабу керек. Жерге түкірме. Ырысыңнан айырыласың. Екі бүйіріңді таянба. Жер-Ана. Ал анасының бетіне ешкім түкірмейді. Жайдан жай аһілеп-уһілеме. Уайым-қайғы шақырасың. Кісіге қарап есінеме. Бұл-жын-перінің көшетін кезі. Жеке жұмыс - Сен саябақтың басшысы болсаң, бұйрық ретінде жазылған тыйымдарды қандай ақыл-кеңес түріндегі тыйымдарға ауыстырып іліп қояр едің? 1.Көгалды жермен жүрмеңдер! 2.Екі жасқа дейінгі балаларға кіруге болмайды! 3.Балмұдақтың орауын жерге тастама! "Бес жолды өлең" Әр топ мүшелеріне сөздер беріліп, оған бес жолды өлең құрастыру тапсырылады. 1-топ: Есікке керіліп тұрма. (есік) 2-топ: Басыңды текке шайқама. (бас) Не? | | Қандай? | | Не істейді? | | Мәндес сөз | | Сөйлем | | Кері байланыс Кері байланыс парағын толтыру ұсынылады. Рефлексия "Бүгінгі күннің сөйлемі" Әр оқушыға бүгінгі сабақ бойынша бір-бір сөйлем айту ұсынылады. Үй тапсырмасы 5 түрлі ырым-тыйым жазылған кітапша жасап келу тапсырылады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!!! | Мұғаліммен сәлемдеседі. Оқушылар топқа бөлініп, топтың ережесін еске түсіреді. Оқушылар ырым-тыйымдар туралы айтып топтастырады. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді. Топтасып бірлесе жұмыстанып, постер дайындайды. Әр топ бір-бірлерін "Бағдаршам" арқылы бағалайды. Жұптасып сәйкестендіру тестісін орындайды. Ырым-тыйымдардың мағынасын түсіндіреді. Өз жұмыстарын "Бас бармақпен" бағалайды. Әрқайсысы жеке орындап, ақ парақшаларға әдемілеп жазып, сынып ішіне іліп қояды. Кейін саябақ басшысы рөлін ойнап, шығады. Ырым-тыйым ішіндегі зат есімді пайдаланып, бес жолды өлең құрастырады. . Кері байланыс парағына өз ұсыныстарын жазады. Ойларын жинақтап, қорытып бір-бір сөйлемнен айтады. Күнделіктеріне жазып алады. |