Пәні: Қазақ тілі | | Сыныбы: 6 |
Сабақтың тақырыбы | Тұйық етістік |
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығы Г.Т Тұрсынова, А.А Қасымбек Арман –Пв 2011жыл, Қазақ тілі оқулығы С.Исаев, Ж.Дәулетбекова Алматы «Атамұра»2015ж Қазақ тілі Ш.К. Бектуров Атамұра 2006ж |
Жалпы мақсаты | Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтай отырып, тұйық етістік, оның жасалу жолдары туралы түсінік беру, тапсырмалар орындату арқылы оқушыны өздігінен білім алуға жетелеу. Етістіктен алған теориялық білімдерін іс-жүзіне асыру, оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ізденістерін арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, тапқырлыққа, жылдамдылыққа,шығармашылыққа баулу.
|
Күтілетін нәтижелер | Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтайды.Тұйық етістік және оның жасалу жолдары арқылы түсінік аясы тереңдейді.Өздігінен білім алуға бейімделеді. Ойын еркін жеткізе алады. |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту |
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, тарих |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, Оқыту үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау |
Керекті жабдықтар | Оқулық, интербелсенді тақта, фото суреттер, кеспе қағаздар, стикер |
Сабақтың барысы: | Ұйымдастыру |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе | Психологиялық ахуал туғызу Қазақ тілім-өз тілім,дана тілім, Абай ,Мұхтар сөйлеген дара тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, байлығым қазақ тілім! Топқа бөлу Топ басшыларын сайлау Қызығушылықты ояту -Екі көзің не үшін керек? -жақсыларды көру үшін -Екі қолың не үшін керек? -елге көмек беру үшін -Екі құлақ не үшін керек? -ақиқатты айту үшін -Екі аяғың не үшін керек? -шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін. -Ал етістік не үшін қажет? | Оқушылар үш тұғырлы тіл (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)арқылы топқа бөлінеді Оқушылар сұрақтарға жауап береді |
| -Сонымен балалар, біз осы кезге дейін етістіктің қандай түрлерімен таныстық? Етістік дегеніміз не? Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді? Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? Етістікті мағынасына қарай қалай топтаймыз? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өткен материалдарды есіне түсіреді. |
Негізгі бөлім Білу | Ертеде Үргеніш ханның шешені Сырым батырмен айтысқанда -Дау мұраты не? -Саудагер мұраты не? -Қыз мұраты не? -Жол мұраты не?-деп сұрапты. Енді осы сұраққа Сырым батырдың орнына біз жауап беріп көрейікші. - Дау мұраты - біту - Саудагер мұраты - ұту. - Қыз мұраты- кету - Жол мұраты- жету | Оқушылар сұраққа жауап береді. Сөйлемнің ішінен етістікті тауып түбірі мен қосымшасын ажыратады. |
Түсіну | Барлық топтарға тапсырма: дәптермен жұмыс Жүру, көру , ойнау, шегелеу, айтқызу, сөйлесу,келмеу, бөгелмеу І топ «Жазу» етістігін септеу; ІІ топ “Қуану” етістігін тәуелдеу; ІІІ топ “Бару” етістігін жіктеу; | Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді, ережесін өздері шығарады |
Қолдану | Т-кестесі Тұйық етістік заттық мағынада | Тұйық етістік қимылдық мағынада | Көсеуді әперші. Жасау –қызға жиналған дүние-мүлік. | Отты көсеу керек. Домбыраны шебер жасау керек. | | Оқушылар өз ойын ортаға салады. Т –кестесін жалғастырады |
Талдау | І топ Өлеңдегі тұйық етістікті табады. Кімнің өлеңі екенін айтады. ІІ топ Мәтінді жалғастырып жазады. ІІІ топ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, мақал-мәтелді жалғастырады. | Оқушылар берілген тапсырманы орындайды, тұйық етістікті атай ды |
Жинақтау | Шығармашылық жұмыс Салт-дәстүрге байланысты: бесікке салу, тұсау кесу, келіннің бетін ашу, қыз ұзату, Ұлттық ойындар: қыз қуу, арқан тарту, теңге ілу, алтыбақан тебу. Бес жолды өлең | Оқушылар сурет бойынша мәтін құрайды, тақырыбын табады. |
Бағалау Сабақты бекіту | «Пирамида құру» стратегиясы Тұйық етістік | Оқушылар сабақта алған білімдерін пысықтап,қорытындылайды,өздігінен баға береді |
Үйге тапсырма | 279-жаттығу Тірек сөздерді пайдаланып, «Қыран құсты қастерлеген халықпыз» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу. | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау Кері байланыс | Топ басшыларына сөз беру | Топ басшылары бағалау критерийлер арқылы топтағы оқушыларды бағалайды. 2.Стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі. |