kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы:?зімшілдік пен к?пшілдік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? тынышты? с?тінен басталады. ?й тапсырмасы ретінде Г.?зімбаеваны? «?ыз?анышты? кесірі» м?тіні бойынша с?ра?тар ?ойылады. Д?йекс?з ретінде Абайды? «Болма?ын кекшіл, болса?шы к?пшіл» с?зі ?олданылады.Шы?армашылы? ж?мысТ?менде берілген с?здер мен с?з тіркестерін о?ы?дар. ?зімшіл адам мен к?шіл адам?а т?н ?асиеттерді ажыратып айты?дар.?з басыны? пайдасын ойлау, бауырмалдылы?, а?к??ілділік, бас?алармен санаспау, ?з ?амын ойлау, белсенді, жомартты?, ?рк?кіректік, менмендік, т?к?парлы?, ?ауымшыл. "Айг?лек" ?ні топпен ?н айту ?дісінде ?олданылады. «?ойшы Ка?арман» ертегі ?й тапсырмасы ретінде ?сынылады. Саба? со??ы тынышты? с?тімен ая?талады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:?зімшілдік пен к?пшілдік»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №47 ЖОББМ Мерзім: ақпан №20сабақ

Тақырып: «Өзімшілдік пен көпшілдік»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: дос болу, көпшіл болу

Мұғалiм:Рахматуллина Г.А Сынып 4

Сабақ мақсаты:оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-«көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;

-өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;

-көпшіл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәтi(баяу әуен)

«Орманға ойша саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Сабақ барысын талқылау


Үй тапсырмасын тексеру

«Қызғаныштың кесірі» Г.Әзімбаева

-Назымның әрекеті туралы не айтар едіңдер?

-Назым неліктен жалғыз қалды?


Дәйексөз

«Болмағын кекшіл, болсаңшы көпшіл»

Абай


Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Мінезді тәрбиелеу

Ертеде бір кісі баласын есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жақын жүрмеуге тырысады.

Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды режітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегелерді күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып; «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді- өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс, әдемі емес, беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің?бәрібір ол жүректің түкпірінде қалады ғой. Әрине бұл күндерің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол»-, дейді.

Сұрақтар :

-Әкесіне баласын қалай дұрыс жолға түсірді?

-Баласы қандай өмірлік сабақ алды?


Шығармашылық жұмыс

Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқыңдар. Өзімшіл адам мен көшіл адамға тән қасиеттерді ажыратып айтыңдар.

Өз басының пайдасын ойлау, бауырмалдылық, ақкөңілділік, басқалармен санаспау, өз қамын ойлау, белсенді, жомарттық, өркөкіректік, менмендік, тәкәпарлық, қауымшыл.


Топпен ән айту.

Айгөлек

Сөзі: Н.Баймұхамедов

Әні: Б.Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?

Қайырмасы:

Айгөлек – ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп.

Ақыл сөздің ұстасы –

Ақыл болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.


Үй тапсырмасы.

«Қойшы Каһарман»

Ертегі


Соңғы тыныштық сәтi

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Та?ырыбы:?зімшілдік пен к?пшілдік

Автор: Рахматуллина Гульмира Адилжановна

Дата: 26.03.2016

Номер свидетельства: 310245


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства