kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сын т?р?ысынан ойлау» коучинг-сессиясыны? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  Сын  т?р?ысынан  ойлауды  саба?та ?олдану

Ма?саты:  Сын  т?р?ысынан ойлау   ж?нінде ма?л?мат беру

М??алімдер ?шін табыс критерийлері:

1. Сын  т?р?ысынан  ойлауды?  ма?ызын т?сінеді.

2. Блум таксономиясын саба?та ?олдана білуді ?йренеді.

3.О?ушыларды сын т?р?ысынан ойлау ар?ылы сапалы білім алу?а   да?дыланады.

      Е?  алдымен  мен  ты?даушы ?ріптестеріме  ?лемдегі  болып жат?ан   ?ар?ынды  ?згерістер  туралы,  б?л  ?згерістерді?  білім  саласында да  елеулі  ?згеріс  енгізіп  жат?анды?ын   айтып  ?ттім.  Сол   ма?сатта Экономикалы?  ынтыма?тасты? ж?не даму  ?йымы  туралы да  шолу  жасап  кеттім. Экономикалы? ынтыма?тасты? ж?не даму ?йымыны? ХХI ?асыр  м??алімдеріне  арнайы  дайында?ан  моделімен  таныстырдым. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сын т?р?ысынан ойлау» коучинг-сессиясыны? жоспары »

Абдыжамалова К.К. В 1.1. есеп

№ 20 орта мектеп 10.09.2014 жыл



Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Екінші деңгей бағдарламасын толық меңгеріп, өз мектебіме оралғаннан кейін мұғалімдерден сауалнама ала отырып, коучингтік бір жылдық жоспарымды жасадым. Ең алғашқы коучинг сабағымның тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау» болды. Бұл тақырыпты алған себебім, осы жеті модульдің барлағы сын тұрғысынан ойлауға келіп тіреледі және мұғалімдердің түсінігі бойынша «сын тұрғысынан ойлау» дегеніміз- біреуді сынау немесе кемшілігін табу екен. Сонымен бірге осы жеті модульдің қайсысын алсақ та сын тұрғысынан ойлау арқылы жүзеге асатындықтан осы тақырып жөнінде мұғалімдерге дұрыс мағлұмат беру және ойлаудың әлдеқайда жоғарғы деңгейін әріптестердің өз сабақтары мен өмірлерінде шебер қолдана білуге түрткі болу, оқушыларға сапалы білім беру мақсатында олардың бойында метасана мен метатануды қалыптастыру мақсаты болды.

Мен білім беретін мектепте барлығы 124 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 70 пайызы жас мамандардан тұрады. Олардың барлығы дерлік тәлім алуға зәру десек те болады. Әрине, олардың бөлініп берілген тәлімгерлері бар, дегенмен де олардың өздері дәстүрлі білім беруге қалыптасып қалған. Сол себепті коучингке тәлімгерлер мен тәлім алушыларды араластырып шақырдым және алғашқы коучингке он адам қатысты

.


Коучинг сабағының сипатамасы.


Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлауды сабақта қолдану

Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау жөнінде мағлұмат беру

Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:

1. Сын тұрғысынан ойлаудың маңызын түсінеді.

2. Блум таксономиясын сабақта қолдана білуді үйренеді.

3.Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау арқылы сапалы білім алуға дағдыланады.

Ең алдымен мен тыңдаушы әріптестеріме әлемдегі болып жатқан қарқынды өзгерістер туралы, бұл өзгерістердің білім саласында да елеулі өзгеріс енгізіп жатқандығын айтып өттім. Сол мақсатта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы туралы да шолу жасап кеттім. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ХХI ғасыр мұғалімдеріне арнайы дайындаған моделімен таныстырдым. Оның әр бөліміне нақты тоқталып, мысалдармен негізгі түйінін шынайы өмірмен байланыстырдым. Еліміздің түпкір-түпкірінде жүргізіліп жатқан педагог қызметкерлердің құзіреттілігі мен қабілеттілігін арттыру мақсатында мұғалімдерге керекті жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету мақсатында қызу жұмыс жүргізіп жатқан дайындау курстарының жеті модуль төңірегінде білім беруге дайындайтындығы туралы айтып кеттім. Сонымен оларға жеті модуль туралы қысқаша анықтама бере отырып, олардың барлығы сол сын тұрғысынан ойлау төңірегінде іске асатындығы туралы түсіндірдім. Сын тұрғысынан ойлау тек қазір ғана пайда болмағандығы туралы, оның тіпті сократтық дәуірге дейін 2500 жыл бұрын пайда болғандығы туралы айттым. Ал осы сын тұрғысынан ойлауды әрбір адам бойына сіңірсе, ол қоғам үшін, оның ілгері дамуы үшін таптырмайтын қозғаушы күш екендігі туралы айтылды. Мұғалімдерге «Зен» бейнекөрсетілімін көрсеттім. Бұл бейнекөрсетілімде өнебойын күш билеген, бес қаруын асынған, тек қана өз күшіне сенген самурайдың шынайы өмірді көрмей, қиыншылықты өз басына тигенде ғана түсінеді.

Осы көрсетілімнен кейін әріптестердің өз ойлары сұралды. Болат бұл бейнекөрсетілімнен « Сабыр түбі сары алтын» деген ойды көріп тұрмын деді. Лена бұл бейнекөрсетілімнен қатыгездік пен мейірімділікті салыстырып тұрғанын көріп тұрғанын айтты. Дильнура бұл жерден әртүрлі мәселелерден басы қатқан адамды көріп тұрғанын айтты. Толқын бұл жерде адам әрқашан өз-өзін өмір сүріп отырған ортада реттеп отыруы керектігін және жақсылыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу керектігін айтты.

Осыдан кейін әріптестерді келесі жоспарланған іс-әрекетке дайындау мақсатында «Макарено» өлеңіне би билеп сергіту сәтін өткіздім. Олар бұндай іс-әрекетті сабақта пайдаланғанда оң ықпалын тигізетіндігі туралы олар өз бойларынан өткізгеннен кейін білді. Әріптестерге балауыз шам таратып беріп, соған қарай отырып эссе жазды.

Нәтижесінде мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлана отырып бір-біріне ұқсамайтын, жүректерінен жарып шыққан ойтолғауларына куә болдым. Айгульдің ойтолғауынан үзінді: «Алдымдағы тұрған балауыз шам мен үшін өзімнің оқушым сияқты. Ол алғаш жанғанда кішкене ғана болып, уақыт өте ұлғайып келеді. Оның жағдайын жасап, қамқор болсам өзінің құлашын кең жайып, жан жағына ұлғайады. Ал егер қараусыз қалдырсам, жан жаққа бұлқынып, қай жаққа қарай жалынын бұрарын білмей дір-дір етеді, тіпті жел кішкене қаттырақ соқса сөніп қалатын сияқты. Бұл шамның шырағына қарай отырып, оны өзімнің оқушым сияқты елестеттім.» Сонымен бірге мұғалімдерге Блум таксономиясы туралы мағлұмат бердім және оқушылардың білім деңгейіне байланысты Блум таксономиясының қай деңгейінде оқушылардың қандай қабілетінің дамитындығы және жетістікке жететіндігін айттым. Оларға «ХХI ғасырда оқушылар қандай болу керек?», «Біз оқушыға қалай білім беруіміз керек?» деген сұрақтар қоя отырып, оларға постерлер таратып беріп, «ХХI ғасыр оқушысы» тақырыбында постермен жұмыс істеуге түрткі жасадым. Мұғалімдер осы тақырыпта постерлерін жасап, оны қорғады. Олардың айтуынша жаңа ғасыр оқушылары білімді, ойлау қабілеті жоғары, кез келген қиындықтан шыға білетін тұлға болу керек және олар жаңа технологияларды АКТ –ны шебер меңгерулері керек деді. Ал сондай тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімдердің өзі заман талабына сай жан-жақты, құзіреттілігі жоғары болу керектігін айтты.

«Күнделікті өмір рецептімен» коучингті аяқтадым. Бұл рецепт адамзатты сын тұрғысынан ойлата отырып бірлікке, адамгершілікке, имандылыққа және сабырлыққа шақыратын терең мағынаға толы.

Сондықтан болар әріптестердің қызыққаны соншама, барлығы жазып алып жатты. Коучинг соңында мұғалімдер кері байланыстарын берді. Осы коучингтер өткізу барысында сәтті және сәтсіз тұстарым болды.

Сәтті тұсы: Әріптестерімді қызықтыра тыңдата алғаным және сын тұрғысынан ойлаудың не екендігін олардың өз бойларынан өткізе отырып сөйлете алғаным болды. Бейнекөрсетілімді көрсетер алдында техникалық ақау болып, бес минуттай отырып қалды. Сол кезде мен уақытты бос өткізбеу үшін оларға парақ алдырып, бір қолымен умаждатып, екінші қолымен қайтадан қалпына келтіртуге түрткі жасадым. Осы іс-әрекет бойынша мұғалімдер өз ойларын айтты. Умаждалған парақтың қайта орнына келмейтіндігін мысалға ала отырып, біз оқушылар болсын, айналамыздағы адамдар болсын егер олардың көңілін қалдыратын болсақ кейін қанша қалпына келтіреміз десек те, оның бастапқыдай болмайтындығын айтты.

Коучингтен кейін олардың көзқарастары өзгеріп, өз жұмыстарына деген құлшыныстары артты. Мектеп басшылары да келесі оқу жылында мектептің мақсаты мен міндеттерін жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, бізбен бірлесе жасайтындығы туралы ескертті.

Сәтсіз тұсым: Коучингке шақырылған әріптестерім өз уақытында келмей, әсіресе тәлім алушым кешігіп келді. Постермен жұмыс кезінде бір топта мұғалімдерде дағдының болмауына байланысты ойларын толық айта алмады.

Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау:

Осы коучингтен кейін жаңа әдіс-тәсілдерді қаншалықты меңгергендігін бақылау мақсатында мұғалімдердің сабақтарына қатыстым. Нәтижесінде жас мамандардың осы әдіс-тәсілдердің кейбір түрлерін мысалы сергіту сәтін, топтық жұмыс, кері байланыстарды сабақтарында қолданып жатқандығын байқадым. Бұның өзі мен үшін көңіл қуантарлық жағдай болды. География пәнінің мұғалімі Сымбат ата-аналар жиналысында кері байланыс алғандығын және оның да тиімді жақтары болғандығын айтты. Бірақ тәжірибелі мұғалімдер осы жаңа әдіс-тәсілдерге қызыққанмен, іс жүзінде қолданып жатқандығын көре алмадым. Осыған байланысты келешекте мектептегі әртүрлі шешімін таба алмай жатқан мәселелерге қатысты коучингтер өткізіп мұғалімдердің қызығушылығын арттырғым келеді.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Сын т?р?ысынан ойлау» коучинг-сессиясыны? жоспары

Автор: Абдыжамалова Кульмира Кемаловна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195425


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
800 руб.
4000 руб.
800 руб.
4000 руб.
800 руб.
4000 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства