Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау (фонетика,лексика тарауы бойынша)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушылардың алған білімін жүйеге келтіру, тақырып бойынша сапалылығын тексеру.
дамытушылық: Ойлау дағдысын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
тәрбиелік:Тіл тазалығын сақтауға баулу, ұлттық мұраны қастерлеуге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап , көрнекілік
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті , математика
Көрнекілігі: кеспе қағаз , киіз үй бөліктері, суреттер
Технология:Сын тұрғысынан ойлау
Деңгейлеп саралап оқыту
Барысы: Ұйымдастыру
Кел , балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!– деп Ыбырай атамыз айтқандай ,
бүгінгі сабақта біз көңілге қаншалықты білім тоқығанымызды сарапқа саламыз.Олай болса:
Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда,
Күштіден күшті озады алысқанда
Білімді шәкірттер де көзге түсер
Саралап білімдерін жарысқанда , - деп сабағымызды бастаймыз.
Ой шақыру стратегиясы – «Бәйге»
Біз осы кезге дейін тіл білімнің қандай салаларымен таныстық ?
Лексика нені зерттейді ?
Фонетика нені зерттейді?
Фонема деген не ?
Сөзжасам түрлерін ата
Ашық дауыстылар саны – 6 : а-ә,о-ө,-е-ә
Ұяң дауыссыздар саны – 8 : б,в,г,ғ,д,ж,һ
Үнді дауыссыздар саны – 7: р,л,й,у,м,н,ң
Еріндік дауыстылар саны – 5: о,ө,ұ,ү,у
Қысаң дауыстылар саны – 6 : ы,і,и,у,ұ,ү
2.« Жорға »
Фонетика бөлімі бойынша жазба жұмысы
Математикалық талдау
1-топ
Берілгені: қарбыз
Табу керек : О = +
Шешуі: 6 = 2 + 4
2 = а,ы-жуан
= а –ашық , ы- қысаң
4 = қ-қатаң
б,з – ұяң
р – үнді
Лексика тарауы бойынша:
Синоним деген не ? Мысал келтіріңіз
Антоним деген не ? Мысал келтіріңіз
Омоним деген не ? Мысал келтіріңіз
Сөздердің көп мағыналығы туралы не білесің ? Мысал келтіріңіз
Фразеологизм деген не ? Мысал келтіріңіз
Табу деген не ? Мысал келтіріңіз
Эвфемизм деген не ? Мысал келтіріңіз
Десфемизм деген не ? Мысал келтіріңіз
Архаизм деген не? Мысал келтіріңіз
Диалект , говор туралы не білесің ? Мысал келтіріңіз
4. Деңгейлік тапсырма.
1-деңгей.
а) алыс
ә) жылдам сөздерінің синонимдік қатарын түзе
2-деңгей
а) алыс
ә) жылдам сөздерін тұрақты тіркеспен ауыстыр
3-деңгей. Мәтін құрастыр.
5. Кеспе қағаздардағы сөздерді орналастыру арқылы қазақтың баспана түрлерін құрастыру
6 қанат ақ отау Жолым үй Итарқа
6. Сөзжасам тарауы
1) Түбір дегеніміз не ? Мысал
2) Қосымша деген не ? Оның неше түрі бар?
3) Түбірлес сөздер деген не ? Мысал
4) Қос сөздің неше түрі бар?
5) Тіркесті сөздер деген не ? Мысал
6) Қысқарған сөздердің жасалу жолдары ?
7) Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары ?
8) Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары ?
7.«Дода»
Тарау бойынша жазба жұмысы
р/с |
Қос сөздер |
Біріккен сөздер |
Қысқарған сөздер |
|
қайталама |
қосарлама |
біріккен |
кіріккен |
| | | | | |
Өздік жұмысы. Мына төменде берілген сөздерді топқа бөліп жаз:
Бірте – бірте , қолма –қол , бірқазан , бүгін , биыл , БҰҰ , педколледж , ата –ана, шай –пай, ҚазМУ , АН – 24 , әлдеқашан , еңбеккүн.
Сабақ бойында оқушылар жинаған балл есептеліп , бағаланады.
40-50 балл – «5»
20-40 балл «4»
20-30 балл – « 3 »
Оқушылар өздерін - өзі бағалайды.
Сабақты қорытындылау:
Не нәрсені де істеуге
Икемді тұрған баланы
Ілімді десе болмас па ?
Үйреткенді зердереп
Тоқып алған баланы
Білімді десе болмас па ? – деп сабағымызды аяқтаймыз.