Просмотр содержимого документа
«С?здік ??рам саба? жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Сөздік құрам
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін бақылау; Салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;
ә) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім алуға дегенсаналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздылық қабілеттерін қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру;
б) Іс- әрекет , мақсатқа жету әдіс – тәсілдерін таңдай білуге, өзін -өзі бағалай білуге дағдыландыру, ана тілін ардақтап, қадірлей білуге, сөз қасиетін терең ұғуға, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Оқушыларға лексикадан өткен материалдар жайлы түрлі тапсырмалар беру.
Тақырып .« Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел»
I деңгей
1. «Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» атты мәтінді оқы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау- әрбір азаматтың борышы.
2. Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, оларға көптік
1. «Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» атты мәтінді оқып,мазмұнын айт.
2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдыр.
Бейне,ой,бас,би.
ІІІ Негізгі бөлім.
Бұл сабақ кезеңінде қысқаша сөздік құрамға түсініктеме беру.
Мұғалім:- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.
Қысқаша мәлімет берілген соң жаттығу жұмысы. 147-жаттығулы орындату.
Сосын деңгейлік тапсырмалар орындату.
І кезең . Дәйексөз:
« Тіл қаруы –сөз , сөз қаруы – ой. Мұралардың ең қымбаты –сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да , нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.» Ғ.Мұстафин.
І деңгей
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.
А) Терең ой, терең ор, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық ;
Ә) Алтын қазына , алтын қол, алтын сақина , алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт ;
Б) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт;
В) Жүйрік жел, жүйрік ат , жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз;
ІІ деңгей
Мына сөздердің омонимдік және синонимдік қатарларын жаз.
А) Қара, шаш, жүз, түс;
Ә) Әдемі, тез, тамақ, келбет;
ІІІ деңгей
Қарама –қарсы мәндегі сөздерді тап.
Аласа, әдемі, жылдам, қара, ақылды, күшті, ыстық, дұшпан;
ІІ кезең . Дәйексөз:
ІҮ Сергіту сәті Жұмбақтар шешу
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
Жауабы: Қол
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.
Жауабы: Түйенің өркеші
Тоқпаққа тоямын,
Онсыз аян жүрмесім.
Біріктіріп қоямын
Екі заттың іргесін.
Жауабы: Шеге
Алдымен де, артымен де жүреді,
Еңбекшілін елдің бәрі біледі.
Жауабы: Құмырсқа
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды.
Жауабы: Тоқылдақ
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты.
Жауабы: Жер
ІІІ кезең . Дәйексөз : « Әдетте , «жаңа сөз » дегеніміз – тілде бұрыннан бар сөздердің бір-бірімен қосақталуы, тіркесуі, мағына ауыстыруы сияқты амал- тәсілдердің бірі арқылы құбылған түрлері , яғни бұрынғының жаңғырықтары. Бірақ олар естіліп барып өшіп кететін дыбыс жаңғырықтары емес, сөздік қазынаны молайтатын , тілдің ілгері даму үдерісін көрсететін бағалы дүниеліктер». Рәбиға Сыздық
1- тапсырма Орфография мен орфоэпия
ІІ деңгей Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.
Келемекен , көп пала, Жамболат, көссіз , жассын, кег алу , бож жирен, қазғарта, түндүк, бүрсүгүнү ;
ІІІ деңгей Сөздердің тиісті әріптерін қойып жаз.….нтымақ , сөз..н мақ….лдау , күнд…зг… , ұз…н , жұмы…шы, бұл ….үнде , бо…торғай ;
Ү Қорытындылау
Мұғалім :- Балалар, біз бүгінгі жаңа тақырып бойынша алған білімдеріңді қорытындылау үшін мына төмендегі тапсырмаларды орындату.
I деңгей
1.Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары жақсы болса, мың бақыт.
2. Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
II деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2. Төмендегі сөздерді оқыныз.Түсіндірме сөздікті, пайдаланып,сөздердің мағынасын табыңыз
Ескертпе, бірік,қуат, сақ.
3. Нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі ...
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Күнге табыну ... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
III деңгей
1.Кең –байтақ Қазақстаным» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.
Ана тілім- әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы,
Ой-санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні.
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем ?
Тілім барда ғана мынау ғаламда
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар , қадіріне жетіңдер,
Ана тілі – анаң, сыйлап өтіңдер !
( Т.Абдрахманова ) дей келе, біздің ана тіліміз қай тіл ? Ендеше , қазақ тіліне арнап бес жолды өлең құрамыз.
ҮІ Бекіту 147-жаттығу. Тыйым сөздерді түсініп оқыңдар
1. Адамға саусағыңды шошайтпа. 2. Адамды санама. 3. Тамақты
Міндетті деңгейдегі тапсырмалар
1. Осы тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздер
2. Тыйым сөздердің мәнін түсіндіріңдер.
3. Осылардың ішінде өзің біліп, орындайтындарың бар ма? Атап
4. Әдептілікке қандай қасиеттерді жатқыздыңыздар? Санамалап айтыңдар.
Синоним
Міндетті деңгейдегі тапсырмалар
І. Мына сөздер мен тұрақты тіркестердің синонимдерін тауып жазыңдар.
1. Әсем, берік, айғайлау, үлкен, егде.
2. Көзді ашып-жұмғанша, ит өлген жер, ағаштан түбін түйген,
ІІ. Синоним сөздердің мағыналық ұқсастығы мен айырмашылығын ауызша айтыңдар.
3. Өзің қалаған 3 сөзді немесе тіркесті қатыстырып, сөйлем
Антоним
ҮІІ Үйге тапсырма
Тіл туралы мақал- мәтелдер, ақын-жазушылардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің ой-пікірлерін жазып келу.
I деңгей
1. «Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» атты мәтінді оқы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау- әрбір азаматтың борышы.
2. Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, оларға көптік
1. «Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел» атты мәтінді оқып,мазмұнын айт.
2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдыр.
Бейне,ой,бас,би.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.
А) Терең ой, терең ор, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық ;
Ә) Алтын қазына , алтын қол, алтын сақина , алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт ;
Б) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт;
В) Жүйрік жел, жүйрік ат , жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз;
ІІ деңгей
Мына сөздердің омонимдік және синонимдік қатарларын жаз.
А) Қара, шаш, жүз, түс;
Ә) Әдемі, тез, тамақ, келбет;
ІІІ деңгей
Қарама –қарсы мәндегі сөздерді тап.
Аласа, әдемі, жылдам, қара, ақылды, күшті, ыстық, дұшпан;
1- тапсырма Орфография мен орфоэпия
ІІ деңгей Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.
Келемекен , көп пала, Жамболат, көссіз , жассын, кег алу , бож жирен, қазғарта, түндүк, бүрсүгүнү ;
ІІІ деңгей Сөздердің тиісті әріптерін қойып жаз.….нтымақ , сөз..н мақ….лдау , күнд…зг… , ұз…н , жұмы…шы, бұл ….үнде , бо…торғай ;
I деңгей
1.Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары жақсы болса, мың бақыт.
2. Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
II деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2. Төмендегі сөздерді оқыныз.Түсіндірме сөздікті, пайдаланып,сөздердің мағынасын табыңыз
Ескертпе, бірік,қуат, сақ.
3. Нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне ... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі ...
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Күнге табыну ... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
III деңгей
1.Кең –байтақ Қазақстаным» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.
Міндетті деңгейдегі тапсырмалар
І. Мына сөздер мен тұрақты тіркестердің синонимдерін тауып жазыңдар.
1. Әсем, берік, айғайлау, үлкен, егде.
2. Көзді ашып-жұмғанша, ит өлген жер, ағаштан түбін түйген,
ІІ. Синоним сөздердің мағыналық ұқсастығы мен айырмашылығын ауызша айтыңдар.
3. Өзің қалаған 3 сөзді немесе тіркесті қатыстырып, сөйлем Антоним