kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?здерді? байланысу т?рлері.Ме?геру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абдыкадырова К?місай ?анс?лтан?ызы   – е?бек жолын баста?аннан бері теориялы?  білімділігімен, е?бек?орлы?ымен, ізденімпазды?ымен, кішіпейілділігімен,  талапшылды?ымен   ерекше   к?зге   т?скен ?стаздарды?  бірі.  Ол   ?р  саба?ыны?  т?рлерін, сатыларын, тиімді ?дістерін та?дау?а аса   ?лкен   к??іл   боліп,   сызба,  сурет,  тірек   сигналдары    т.б.  к?рнекіліктерді     тиімді  пайдаланады.Осылай  ?немі ізденіс ?стінде ж?ретін   ?стазды?   саба?тары,  т?рбие   са?аттары    ?ызы?ты   ?теді. Кабинеті   ?азіргі   заман    талабына    сай   жабды?тал?ан, ?немі жа??ыртылып,   толы?тырылып    отырады.   Жина?тал?ан ?лестірмелі дидактикалы?   ж?не   к?рнекі    материалдары    м??алімні?    дамыта о?ыту  принциптеріне   сай   дайынды?ын к?рсетеді.                                                                                                   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?здерді? байланысу т?рлері.Ме?геру»


Мұнайлы ауданы

Облыстық «Тілші мұғалім-2015» олимпиадасында қазақ тілі пәнінен өткізілген ДЕСАНТ сабақтың жоспары








Тақырыбы:

Меңгеру.Тілге құрмет-елге құрмет.










Өткізген: Мұнайлы ауданы №10 орта мектеп мұғалімі

Абдыкадырова Күмісай Қансұлтанқызы

Сыныбы: 7 «А»

Күні: 15.01.2016ж.






Сабақтың тақырыбы: Меңгеру.

Тілге құрмет-елге құрмет.

Сабақтың мақсаты: А)Білімділігі:

Оқушыларға меңгерудің анықтамасы, жасалу жолдары,

өзіндік белгілері туралы түсінік беру, алған білімдерін нығайту;

Ә)Дамытушылығы:

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыра отырып, жан-жақты сұрақтар

қою арқылы ізденісін, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту;

Б) Тәрбиелілігі:

Ана тілін сүйіп, қадірлей білуге баулу,кітап оқуға қызығушылығын арттыра , адалдыққа, мейірімділікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың жаңа технологиясы: 1. Сатылай кешенді талдау.

2.Деңгейлеп саралап оқыту.

3.Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жаттығу-талдау жұмыстары

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: ҚР «Тіл туралы» заң кітабы, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

1) Оқушылармен сәлемдесу, танысу.

2) «Анамның тілі-аяулы үні» әнін тыңдау.

3) «22 ақпан- халықаралық ана тілімен» құттықтау.

4) ҚР «Тіл туралы» заң кітабындағы баптармен таныстыру, дәптерге жазғызу.

Қазақстан Республикасындағы «Тiл туралы» Заңы

1997 жылғы11 шiлде № 151

  І  тарау. Жалпы ережелер                                                          (1 - 7 баптар)
ІІ  тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар   (8 -  15 баптар)
                 мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
ІІІ  тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және                      (16 - 18 баптар)
                 бұқаралық ақпарат құралдары саласында
ІV  тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде,        (19 - 22 баптар)
                 көрнекi ақпаратта

V тарау. Тiлдi құқықтық қорғау                                                    (23 - 26 баптар)

VІ  тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен  қатынастарда пайдалану

(27 бап)

3-бап. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар (оқу)
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi (жазу)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi –қазақ тілі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» (Б.Момышұлы)

Анамыздың ақ сүті - күрделі тіркес, есімді тіркес, жалғау арқылы байланысқан, матасу.

бойымызға дарыған - жай тіркес, етістікті тіркес, барыс септік жалғау арқылы байланысқан,меңгеру.

тілімізді ұмыту - жай тіркес, етістікті тіркес, табыс септік жалғау арқылы байланысқан, меңгеру.




Сөздердің байланысу түрлері

1.Қиысу

2.Матасу

3. Меңгеру

4.Қабысу

5.Жанасу


ІІІ.Жаңа сабақ

Сөздердің байланысу түрлерінің бір түрі- меңгеру.

Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркестері немесе меңгеру дейміз.

М е ң г е р у

1.Барыс септік

Мыс:мектепке бару

2.Табыс септік

Мыс: кітапты оқу

3. Жатыс септік

Мыс: тауда өскен

4.Шығыс септік

Мыс: анамнан сұрадым.

5.Көмектес септік

Мыс: досыммен келдім

6.Септеулік шылаулар арқылы жасалады.

Мыс: оқу үшін келді



М е ң г е р у

1.Есімді меңгеру

Мыс:білгенге маржан

2.Етістікті меңгеру

Мыс: әкесінен сұрады.

3. Толықтауыштық қатынас

Мыс: қызына берді.

4.Пысықтауыштық қатынас

Мыс: ауылдан қайтты.


Кітаппен жұмыс (ой қозғау)

Кітап дегенді қалай түсінесіңдер?













235-жаттығу.

Мәтіндегі сөйлемдерден сөз тіркестерін табыңдар.Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің қалай байланысып тұрғанын көрсетіңдер.

Кітап-қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмектеседі. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, ақы сұрамайды. Бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап- көп ақылдың құйылған көлі, ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.

Үлгі: айыбыңды ашпайды- табыс септігінің жалғауы арқылы байланысқан етістікті тіркес.

Сырыңды шашпайды- табыс септігінің жалғауы арқылы байланысқан етістікті тіркес.

Сыртқа шашпайды - барыс септігінің жалғауы арқылы байланысқан етістікті тіркес.

Саған көмектеседі - барыс септігінің жалғауы арқылы байланысқан етістікті тіркес.

Әр уақытта көмектеседі - жатыс септігінің жалғауы арқылы байланысқан етістікті тіркес.


Тапсырма:Меңгеріле байланысқан сөздерді қатыстыра отырып, «Ана тілім-айбыным» тақырыбында эссе жазу.

. 236-жаттығу.

Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді тауып, байланысқан сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Қандай байланыстағы сөз тіркесі шыққанын дәлелдеңдер. (ауызша орындау)

Талай ұмтылмас ұзақ түндерді мен кітаппен өткізуші ем. «Илиададан» бас көтермей, Бальзактың көп томды «Адамшылық комедиясына» батып кететін едік. Тольстойдың бізге бергенінде есеп бар ма? Даңқың зор орыс әдебиеті, мен сені мадақтаймын! Мені тәрбиелеп өсірген сенсің. (Б.Бұлқышев)

Түндерді өткізуші ем - табыс септігінің жалғауы арқылы байланысқан етістікті тіркес.

Кітаппен өткізуші ем - көмектес септігінің жалғауы арқылы байланысқан етістікті тіркес.

«Илиададан» бас көтермей- шығыс септігінің жалғауы арқылы байланысқан етістікті тіркес.


237- жаттығу. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларын тауып, құрамына қарай талдау.

Менің 19 жасымда бар ойым оқуда, қызмет жайында және несін жасырайын, атақ жайында болатын. Алдымен ақын болғым келетін. Мен өзімшіл екем, әрі ақын, әрі күйші болғым келетін.

19 жасымда болатын- күрделі тіркес, етістікті тіркес, жалғау арқылы байланысқан, меңгеру.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.


  1. Сөздердің байланысу түрлерін ата.

  2. Меңгеру қалай жасалады? Топтастыру стратегиясы







Венн диаграммасы

Матасу Меңгеру

+





Қорытынды: 1. 22 ақпан қандай күн деп белгіленген?

«22 ақпан- халықаралық ана тілі» күніне арнап оқушылар ұлағатты сөздер айтады.

1. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

2. ...Қасиетті қазақ тілінің болашағы жоқ дегендердің көмейіне құм құйылсын. (Ғ.Мүсірепов)

3. Адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Ана тіл мәңгі жасайды. (Ғ.Мұстафин)

Мұғалім: Кемеңгер жазушымыз Ғабит Мұсiрепов айтқандай «Ана тiлiн тек өгей ұлдары ғана менсiнбейдi, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген екен. Ана тiлiмiздiң өгей ұлдары емес, өзегiн жарып шыққан туған ұлдары болайық дегiм келедi, құрметтi оқушылар!

 Үй тапсырмасы:

1-қатарға

238-жаттығу

2-қатарға

239-жаттығу

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің астын сызу, талдау жасау.

Оқушыларды бағалау.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?здерді? байланысу т?рлері.Ме?геру

Автор: Абдыкадырова Кумисай Кансултановна

Дата: 16.01.2016

Номер свидетельства: 277605


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства