kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сочинение на тему "Шырайлы Шымкент!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я помню, любимая, помню
Сиянье твоих волос.
Не радостно и не легко мне
Покинуть тебя привелось.

Я помню осенние ночи,
Березовый шорох теней,
Пусть дни тогда были короче,
Луна нам светила длинней.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сочинение на тему "Шырайлы Шымкент!"»

Тақырыбы: Шырайлы Шымкент!


Бақыт тұнған күндер-ай!

Жұлдыз тамған түндер-ай!

Өзің куә өмірде ,

Кімдер өтті,

Кімдер-ай!

Атамекен-ай!

Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір асым топырағыда сенің бьарлық өмірің бар. Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку - еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.

- Айпырай! Туған жер - ай!

Теңдесер кім

Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазығым – ай

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - деп ақиық М. Мақатаев жырлағандай, өзімнің кіндік кескен, туып - өскен мекенімді қастерлей, оның тыныс - тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағы жөнінде нақты деректермен ой толғамақшымын.

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің

Жаным сенен жаратылған өлкемсің

О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, - дей келе туған жердің тамашасы мен ғаламатын сөз еткелі қолыма қалам алып отырмын.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласы жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді. Халқының саны да бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір артып, ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігі де жақсара түсуде. Оңтүстік Қазақстанға жасаған сапарында Елбасы Шымкент қаласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, бұл жөнінде бірқатар тапсырмалар беріп келеді. «Шымкент – сәулетті қала. Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы – Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады!» деген Елбасының сөзі бар. 

Гүлденген, көркейген шаһар

Иә, Шымкент қаласының тұр­ғын­­дары да шаһардың гүлденіп, көр­кейіп келе жатқанын айтуда. Бү­гінгі Шымкент – мемлекетіміздің өнді­рістік қарқындылығын арттыруда айрықша үлес қосатындықтан экономикалық даму саласында маңыз­ды рөл атқарып отырғаны сөзсіз. Сонымен қатар мақта-тоқыма шаруашы­лығы, фармацевтикалық және мұнай өңдеу кластері аясында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін қала ретінде еуразиялық континенттегі халықаралық транзиттік орталықтың біріне айналуға мүмкіндігі зор. «Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай» халықаралық күре жолының Оңтүстік Қазақстан аумағындағы құрылысы Шымкенттің тиімді бизнес-орталыққа айналуына және кеңейтілген серіктестік қарым-қатынастар орнатуына жол ашады. Сондай-ақ қаладағы жаңадан құрылған индустриялық аймақта заман талабына сай өнеркәсіп орындары жүзеге асырылуда.. Мәселен, қаладағы «Қасірет», «Даңқ» мемориалдары, «Тәуелсіздік» саябағы, «Шәмші» аллеясы тек мәдени демалыс орындары ғана емес, ұлттық құн­дылықтарымыздың қадір-қасиетін танытатын, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірегей танымдық кешендер екені сөзсіз» деген ой-пікірінен шаһардың дамуына байланысты көптеген жайтты аңғаруға болатындай.

Бүгінгі таңда аты әлемге таралған еңбекқор тұрғындарымен даңқы шыққан Шым қаламда 130 дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақтаса, бірлікте, ағайын-жолдас болып өмір сүруде. Мен Елбасымыз басқарып отырған әділ саясатының арқасында бейбіт Отанда өмір сүріп отырғанымды мақтан етемін. Осы күнге дейін көркіне көрік қосқан Шым қаламды бұдан кейін де гүлденуіне кәміл сенемін. Біз жастар- Елбасымыз айтып, үлкен сенім білдіргендей, Қазақстанның болашағы болуымыз керек. Өз елімнің өсіп, өркендеуіне үлесімімді қосқым келеді.

Тек Қазақстанға емес, басқа да елдерге еңбегімен үлгі болған диқан бабалардың, дәмі тіл үйрер жемістерімен танымал болған бағбан бабаблардың ұрпағы болғаныма, таза ауасы, тамаша табиғаты, қонақшыл мінезімен басқа халықтарға үлгі болған Шым қаламда дүниеге келгеніме ризамын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Сочинение на тему "Шырайлы Шымкент!"

Автор: Нишанбаева Люция Умаркуловна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322746


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства