І Кіріспе (оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді) Модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер Әдісі: топқа бөлу тренингі Модуль: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Әдісі: өзара бағалау ІІ Үй тапсырмасын тексеру Модуль: АКТ, интерактивті тақта Әдісі: сайыс Тұсаукесер (сабақ басталмас бұрын оқушылар нені білетіндіктерін анықтау) Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту Әдісі: сұхбаттасу, топтық жұмыс, ассоцация, зерттеушілік әңгіме. | Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысын қадағалау. Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою. Оқушыларды топқа бөлу. Әр топқа бағалау парағын тарату. Слайд көрсетіп, ән тыңдатамын, шығарма жұмыстарын жинаймын. Еске түсіру, байланыстыру сұрақтарын қоямын. «Білу» Екі топқа бөлек тапсырма беремін. Жұпқа, топқа бөлу арқылы оқушыларға тапсырмалар беру, талдау, жинақтау. Еске түсіру, байланыстыру сұрақтарын қоямын. «Білу» | «Мен бүгінгі сабақта сенің бойыңнан мына қабілеттерді көргім келеді...» (білімділік, шығармашылық) тренингі арқылы топқа бөлемін. (оқушылар мұғалімнің қолындағы «білімділік» және «шығармашылық» сөздері жазылған парақшаларды суыру арқылы екі топқа бөлінеді, парақшалары бірдей оқушылар бір топқа орналасады) Алдын-ала бағалау парақтары ұсынылады. Оқушылар өзара бағалау әдісімен жұмыстанады. М.Мақатаевтың фотосуреттерінен дайындалған слайд көрсетіліп, «Күрең күз» әні ойналады. Жаттауға берілген «Поэзия» өлеңін мәнерлеп оқудан 2 топ арасында байқау ұйымдастырылады. «Ежелгі дәуір әдебиеті» аталған ІІ тараудағы «Түркі тектес халықтарға ортақ мұрамыз» деген тақырыпта біз туысқан халықтар ретінде қандай ұлттарды атап едік? Топтық жұмыс І топқа Қырғыздың айыр қалпағының, ІІ топқа Іле Алатауының суреті беріледі. Ортақ сұрақ: - Бұл суреттерді көргенде қандай ой туындайды? Тапсырма: Ойларыңызды ортаға салып, жинақтап, топтастырып жазыңдар. 6-сыныпта оқыған Сұлтанмұрат, Іңкамал апай, Еркінбек, т.б. кейіпкерлері бар әңгіме естеріңізде ме? Қалай аталатын еді? 8-сыныптағы мәңгүрт Жоламан мен анасы туралы әңгіменің аты қалай еді? Осы шығармалардың авторы естеріңізде ме? | Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды. Топқа бөлінеді Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады. Слайдты көріп, әуенді тыңдайды, мәнерлеп оқуға дайындалады Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, флипчарттарды толтырады, ой-пікірлерін бір арнаға тоғыстырады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді. | Оқушылар өзара бірін-бірі бағалап отырады. Әр топ мүшелері біріге отырып өзге топты бағалайды.
| Оқу құралдары, слайдтар Бағалау парағы Интерактивті тақта, тақырыпқа сай слайд материалдары Флипчарттар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б. |
ІІІ Негізгі сабақ (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуіне көмек көрсету) Модуль: АКТ: интерактивті тақта, Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту Әдісі: сұхбаттасу, топтық жұмыс, ассоцация Модуль: Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту Әдісі: Модуль: «Дарынды балалармен жұмыс» Әдісі: | Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазғызу Ш.Айтматов туралы слайд көрсетемін Жазушының сөзін толықтыру тапсырмасын беремін, («Бағалау») оқушылар ойын толықтырамын, түсінік беремін. оқулықтан толық нұсқасын оқытамын. Назарларын кітапқа аудару Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. («Бағалау») «Ш.Айтматов және Қазақ жұрты» слайдын көрсетемін. Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Оқушылардың жұмыстарын қадағалау, жетекшілік жасау. | Шыңғыс Айтматов. Өмірі мен шығармашылығы Слайдта жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалады. «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар. Бірі – ... (қырғыз халқының әйгілі әдеби шығармасы), бірі – (қазақ халқының атақты жазушысы)...» Ш.Айтматов. Тапсырма: Оқулықтың 351-бетіндегі «Қош бол, Гүлсары» хикаятынан берілген үзіндіні оқыту. Тапсырма: Жазушы шығармаларынан туысқан екі халықтың асқақ ойы мен арманы бірдей есетіндігі туралы, Ш.Айтматовтың қазаққа жиен екендігі, қазақ ауылымен іргелес ауылда туғандығы, әкесі Төреқұлды Т.Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп оқытып, тәрбиелегендігі, жазушының өзі М.Әуезовті өмір бойы үлгі тұтып өткендігі жайында мәлімет беру. І топқа: 352-беттегі 1-2-абзацты оқып, әрқайсысың жеке тірек-сызба дайындап, түсіндіріңіз. ІІ топқа: 353-беттегі 2-абзацты оқып, әрқайсысың жеке тірек-сызба дайындап, түсіндіріңіз. | Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады. Тапсырма бойынша жұмыстанады. Топтық жұмысқа даярланады. Екі топ өз болжамдарын жасап, дәлелдейді Оқулықпен жұмыстанады, Дәптермен жұмыс істейді Тыңдайды, түсінеді Ш.Айтматов шығармашылығы ерекшеліктерінің бір қырымен танысады. Түсіндіреді, тыңдайды, еске сақтайды. | Әр топ мүшелері біріге отырып өзге топты бағалайды.
Оқушылар өзара бірін-бірі бағалап отырады.
Оқушылар өзара бірін-бірі бағалап отырады. | Интерактивті тақта, тақырыпқа сай слайд материалдары Флипчарттар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, желім, т.б. |
ІҮ Сабақты қорытындылау (оқушылардың оқып-үйренгендерінің нәтижесін бағалау) | Бүгінгі сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беріледі. | Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату. (қалыптастырушы баға) | Бағалау қорытындыларын шығарады | Үйге тапсырма: «Қырғыз-қазақ бір туған» шағын шығарма жазу | Оқулық, ғаламтор, баспасөз материалдары |