kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сатылай кешенді талдау" факультативтік курс бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Асаубаева Алтын Кувандыковна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Сатылай кешенді талдау»    факультативтік курсының бағдарламасы

 І. ТҮСІНІК ХАТ

Бұл бағдарлама 8-сыныптың қазақ тілі  пәнінің мазмұнын басшылыққа алып, «Синтаксис» тарауы бойынша «Сатылай кешенді талдау»    факультативтік курсын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен меңгеруге арналған.

Себебі бұл технологияның авторы Н.А.Оразахынова алгоритм арқылы кез келген пәннің мазмұнын белгілі бір жүйеге түсіріп, сатылап беруді мақсат еткен.

Оған негіз болған  төмендегідей тұжырымдар:

  • Оқушылар “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы арқылы тіл білімінің салаларын жүйелі түрде сатылап, талдап, әр дыбыстың айтылуын, жазылуын, тілдік тұлғалардың атқаратын қызыметін теориялық және практикалық тұрғыдан сауатты меңгереді.
  • Тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді.
  • Талдау барысында ұлы ойшылдар мен ғұламалар, ақын-жазушылардың қанатты сөздері мен  ана тіл, туған жер, ұлттық-салт дәстүр, тәрбие, қазақ халқының бай философиялық мұралары т.б. туралы айтқан ұлағаты мол толғамдарының, даналық сөздерінің мәтіндерін оқи отырып, өз ұлтына, оның  салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі қалыптасады.
  • Оқушылардың жазуға деген қызығушылығын арттыруда сатылай кешенді талдауда жазылымның орны ерекше. Жазылым арқылы оқушы сатылай кешенді талдаудың өзіндік жазу тәртібімен танысады,  әдемі, сауатты жазуға үйренеді. Жазылым барысында сатылай кешенді талдауда   қалыптасқан бірізділік, жүйелілік, теория мен практиканың байланысы, беріктілік  ұстанымдары толық жүзеге асады.
  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясында пәнаралық байланыс – оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырудың тағы бір тиімді жолы.  Талдауға негіз болатын материалдар әдеби шығармалар, тарихи оқиғалар, туған өлке табиғаты, бүгінгі таңдағы ел өмірінде болып жатқан жаңалықтардан алынантындықтан оқушының ой-өрісін, танымдық қабілетін арттыруға ықпал етеді. Мұндай мысалдарды талдау, түсіндіру, оқушылар санасына сіңіру арқылы сатылай кешенді талдаудың маңызды екендігіне көз жеткізеді.
  •  Қарым-қатынас – оқушының әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуге, тіл мәдениетін меңгеруіне, өз ойын мәнерлі де түсінікті жеткізе білуіне,  яғни көңілдегі көрікті ойды көркем сөзбен айта білуге бағыттау.  Бұл бағытқа  диалог арқылы талдау жатады. Оған «Сатылай кешендегі оқыту» технологияының  ұлттық және іскерлік ойындар,  мәселелік жағдаяттарды шешу басшылыққа алынады. Орындалатын мұндай жұмыстар оқушылардың өз беттерінше білім алудың жолдарын іздестіруге икемделеді. Осы арқылы олар белгілі бір бағытта шығармашылық жұмыстар жасауға дағдыланады.

Бағдарламаның мақсаты: «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын басшылыққа ала отырып,  тіл бірліктерін  сатылай кешенді талдау арқылы, тіл білімі аласының синтаксис, фонетика салаларын ғылыми негізде меңгереді.

Бағдарламаның міндеттері:

  • дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме берудің қырларын меңгерту;
  • түбір сөздерге сөзсазындық талдаудың өзіндік ерекшелігін үйрету;
  •  дауыссыз дыбыстардың жасалу, айтылу жолдарына жаттықтыру;
  • жай сөйлемдерді үш саты бойынша және құрмалас сөйлемдердісатылай кешенді сауатты талдауға машықтандыру;
  •  «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы оқушыларға жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу;
  • өзін-өзі, бірін-бірі бақылау, бағалау, пікір айту, баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылыққа бейімдеу;
  •  ғылыми терминологияны игеруіне мүмкіндіктер туғызу.

Оқушы игеретін құзыреттіліктер:

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі:

  • өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға, қажетті жағдайда анықтауға;
  • өзі тұжырым жасауға, қойылған міндетті орындауға, технологияны таңдауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттілік:

  • ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, өңдеуге, сақтауға;
  • интерпретациялауға, қазіргі ақпараттық коммуникативтік технологияның көмегімен жеткізуді жүзеге асыруға көмектеседі.
  • Коммуникативтік құзыреттілік:
  • байланыстырып сөйлеуге машықтанады;
  • ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауда стиль мен жанрды таңдай білуге бағыттайды;
  • ана тілде сауатты, әуезді сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

1. Мемлекеттік стандарт: 8-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)  мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Бағдарлама: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы  3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген,  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №8424 тіркелген оқу бағдарламасы негізінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының мақсат, міндет ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылды.

                        Бағдарлама таңдау пәніндегі 34 сағатына бейімделіп құрастырылған.

ІІ. Базалық білім мазмұны

Синтаксис. Сөйлем түрлерін сатылай кешенді талдау (7 сағат)

Бұл тарауда  сөйлемнің айтылу сазы мен  мазмұнына  қарай түрлерімен таныстырылып, тыныс белгілеріне  және құрылысына қарай талдау үлгілері беріліп, меңгерулеріне жағдай жасалады.

Сөйлем мүшелерін сатылай кешенді талдау (5 сағат)

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері туралы білімдерін кеңейту, біртіндеп талдау жасауға машықтанады, үлгілер бойынша жұмыс жасалады.

Жай сөйлемдерді сатылай кешенді талдау (4 сағат)

Бұл тарауда жай сөйлемдердің соңына қойылатын тыныс белгілер жайлы алған білімдерін тиянақтайды. Әр тыныс белгінің өзіндік ерекшелігін теориялық, практикалық жағынан сауатты меңгеріп, жаттығулар мен тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындауда қатесіз жұмыс жасауға бағыттау. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай талдау жұмыстар жасалады.

Құрмалас сөйлем, оның түрлері (15 сағат)

Бұл тарауда құрмалас сөйлемдердің түрлері туралы білімдерін шыңдайды, олардың  тыныс белгілері жайлы алған білімдерін тиянақтайды. Әр тыныс белгінің өзіндік ерекшелігін теориялық, практикалық жағынан сауатты меңгеріп, жаттығулар мен тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындауда қатесіз жұмыс жасауға бағыттау. Құрмалас  сөйлемнің түрлеріне қарай талдау жұмыстар жасалады.

Жаттығу, тест (3 сағат)

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында І жарты жылдықта үйренген жай сөйлем синтаксисі бойынша сатылай талдау тәртібі бойынша талдау талабы қойылады. ІІ жарты жылдықтағы құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша сатылай кешенді талдауды сауатты меңгергендіктерін бақылау мақсатында өткізіледі.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар жасай білуі тиіс:

  • «Синтаксис» тарауын ұғынып талдауға, ауызша, жазбаша дұрыс талдай  білуі;
  • сөйлей білу, өзгені тыңдау,  пікір алмасу дағдыларын дамытуы;
  • түрлі тапсырмаларды орындай алу дағдысының қалыптасуы;
  • тірек сызбаны сызып, талдай алуы;
  • шығармашылықпен жұмыс жасау, іздену, зерттеуі.

Күтілетін нәтиже:

  • қазақ тілі пәнін сатылай кешенді талдай оқи отырып, оқушылар өздігінен жұмыс  жасауға үйренеді;
  • топпен жұмыс жасауда өзара бір-біріне көмек көрсетуге, сыни пікір айтуға, сын көтеруге, бір-бірін тыңдауға, қателік жіберілсе оны түзетудің жолдарын іздестіруге бағыт-бағдар алады;
  • ережелерді қорытып жазуға машықтанады;
  • мұғалімдермен достық қарым-қатынас орнатуға бейімделеді;
  • өз біліміне, өзіне деген сенімділік орнап, құзыретті тұлға болып қалыптасады;
  • оқушылар мүмкіндігіне қарай пәндік олимпиадаларға, зерттеу жұмыстарына   қатыса алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.А.Оразахынова, Р.М.Шалова «Бастауыш сыныпта тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау». Алматы, 2012 жыл.
  2. Н.А.Оразахынова. «Сатылай комплексті талдаудың сызбалары». «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.
  3. Н.А.Оразахынова. «Тілдік материалдарды деңгейлеп сатылай талдаудың қажеттілігі». «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.
  4. К.Ә. Әбдірейімова, Р.Б.Сәкенова, А.А.Оспанов, Ж.Ә.Ниязқұлова. «Қазақ әдебиеті» (Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша оқу құралы). Алматы, 2012 жыл.

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сатылай кешенді талдау" факультативтік курс бағдарламасы»



І. ТҮСІНІК ХАТ


Бұл бағдарлама 8-сыныптың қазақ тілі пәнінің мазмұнын басшылыққа алып, «Синтаксис» тарауы бойынша «Сатылай кешенді талдау» факультативтік курсын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен меңгеруге арналған.

Себебі бұл технологияның авторы Н.А.Оразахынова алгоритм арқылы кез келген пәннің мазмұнын белгілі бір жүйеге түсіріп, сатылап беруді мақсат еткен.

Оған негіз болған төмендегідей тұжырымдар:

  • Оқушылар “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы арқылы тіл білімінің салаларын жүйелі түрде сатылап, талдап, әр дыбыстың айтылуын, жазылуын, тілдік тұлғалардың атқаратын қызыметін теориялық және практикалық тұрғыдан сауатты меңгереді.

  • Тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді.

  • Талдау барысында ұлы ойшылдар мен ғұламалар, ақын-жазушылардың қанатты сөздері мен ана тіл, туған жер, ұлттық-салт дәстүр, тәрбие, қазақ халқының бай философиялық мұралары т.б. туралы айтқан ұлағаты мол толғамдарының, даналық сөздерінің мәтіндерін оқи отырып, өз ұлтына, оның салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

  • Оқушылардың жазуға деген қызығушылығын арттыруда сатылай кешенді талдауда жазылымның орны ерекше. Жазылым арқылы оқушы сатылай кешенді талдаудың өзіндік жазу тәртібімен танысады, әдемі, сауатты жазуға үйренеді. Жазылым барысында сатылай кешенді талдауда қалыптасқан бірізділік, жүйелілік, теория мен практиканың байланысы, беріктілік ұстанымдары толық жүзеге асады.

  • “Сатылай кешенді оқыту” технологиясында пәнаралық байланыс – оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырудың тағы бір тиімді жолы. Талдауға негіз болатын материалдар әдеби шығармалар, тарихи оқиғалар, туған өлке табиғаты, бүгінгі таңдағы ел өмірінде болып жатқан жаңалықтардан алынантындықтан оқушының ой-өрісін, танымдық қабілетін арттыруға ықпал етеді. Мұндай мысалдарды талдау, түсіндіру, оқушылар санасына сіңіру арқылы сатылай кешенді талдаудың маңызды екендігіне көз жеткізеді.

  • Қарым-қатынас – оқушының әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуге, тіл мәдениетін меңгеруіне, өз ойын мәнерлі де түсінікті жеткізе білуіне, яғни көңілдегі көрікті ойды көркем сөзбен айта білуге бағыттау. Бұл бағытқа диалог арқылы талдау жатады. Оған «Сатылай кешендегі оқыту» технологияының ұлттық және іскерлік ойындар, мәселелік жағдаяттарды шешу басшылыққа алынады. Орындалатын мұндай жұмыстар оқушылардың өз беттерінше білім алудың жолдарын іздестіруге икемделеді. Осы арқылы олар белгілі бір бағытта шығармашылық жұмыстар жасауға дағдыланады.


Бағдарламаның мақсаты: «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын басшылыққа ала отырып, тіл бірліктерін сатылай кешенді талдау арқылы, тіл білімі аласының синтаксис, фонетика салаларын ғылыми негізде меңгереді.


Бағдарламаның міндеттері:

  • дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме берудің қырларын меңгерту;

  • түбір сөздерге сөзсазындық талдаудың өзіндік ерекшелігін үйрету;

  • дауыссыз дыбыстардың жасалу, айтылу жолдарына жаттықтыру;

  • жай сөйлемдерді үш саты бойынша және құрмалас сөйлемдердісатылай кешенді сауатты талдауға машықтандыру;

  • «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы оқушыларға жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу;

  • өзін-өзі, бірін-бірі бақылау, бағалау, пікір айту, баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылыққа бейімдеу;

  • ғылыми терминологияны игеруіне мүмкіндіктер туғызу.


Оқушы игеретін құзыреттіліктер:

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі:

  • өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға, қажетті жағдайда анықтауға;

  • өзі тұжырым жасауға, қойылған міндетті орындауға, технологияны таңдауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттілік:

  • ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, өңдеуге, сақтауға;

  • интерпретациялауға, қазіргі ақпараттық коммуникативтік технологияның көмегімен жеткізуді жүзеге асыруға көмектеседі.

Коммуникативтік құзыреттілік:

  • байланыстырып сөйлеуге машықтанады;

  • ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауда стиль мен жанрды таңдай білуге бағыттайды;

  • ана тілде сауатты, әуезді сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

1. Мемлекеттік стандарт: 8-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


2. Бағдарлама: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №8424 тіркелген оқу бағдарламасы негізінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының мақсат, міндет ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылды.

Бағдарлама таңдау пәніндегі 34 сағатына бейімделіп құрастырылған.


ІІ. Базалық білім мазмұны


Синтаксис. Сөйлем түрлерін сатылай кешенді талдау (7 сағат)

Бұл тарауда сөйлемнің айтылу сазы мен мазмұнына қарай түрлерімен таныстырылып, тыныс белгілеріне және құрылысына қарай талдау үлгілері беріліп, меңгерулеріне жағдай жасалады.


Сөйлем мүшелерін сатылай кешенді талдау (5 сағат)

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері туралы білімдерін кеңейту, біртіндеп талдау жасауға машықтанады, үлгілер бойынша жұмыс жасалады.


Жай сөйлемдерді сатылай кешенді талдау (4 сағат)

Бұл тарауда жай сөйлемдердің соңына қойылатын тыныс белгілер жайлы алған білімдерін тиянақтайды. Әр тыныс белгінің өзіндік ерекшелігін теориялық, практикалық жағынан сауатты меңгеріп, жаттығулар мен тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындауда қатесіз жұмыс жасауға бағыттау. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай талдау жұмыстар жасалады.


Құрмалас сөйлем, оның түрлері (15 сағат)

Бұл тарауда құрмалас сөйлемдердің түрлері туралы білімдерін шыңдайды, олардың тыныс белгілері жайлы алған білімдерін тиянақтайды. Әр тыныс белгінің өзіндік ерекшелігін теориялық, практикалық жағынан сауатты меңгеріп, жаттығулар мен тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындауда қатесіз жұмыс жасауға бағыттау. Құрмалас сөйлемнің түрлеріне қарай талдау жұмыстар жасалады.


Жаттығу, тест (3 сағат)

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында І жарты жылдықта үйренген жай сөйлем синтаксисі бойынша сатылай талдау тәртібі бойынша талдау талабы қойылады. ІІ жарты жылдықтағы құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша сатылай кешенді талдауды сауатты меңгергендіктерін бақылау мақсатында өткізіледі.














ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Оқушылар жасай білуі тиіс:

  • «Синтаксис» тарауын ұғынып талдауға, ауызша, жазбаша дұрыс талдай білуі;

  • сөйлей білу, өзгені тыңдау, пікір алмасу дағдыларын дамытуы;

  • түрлі тапсырмаларды орындай алу дағдысының қалыптасуы;

  • тірек сызбаны сызып, талдай алуы;

  • шығармашылықпен жұмыс жасау, іздену, зерттеуі.


Күтілетін нәтиже:

  • қазақ тілі пәнін сатылай кешенді талдай оқи отырып, оқушылар өздігінен жұмыс жасауға үйренеді;

  • топпен жұмыс жасауда өзара бір-біріне көмек көрсетуге, сыни пікір айтуға, сын көтеруге, бір-бірін тыңдауға, қателік жіберілсе оны түзетудің жолдарын іздестіруге бағыт-бағдар алады;

  • ережелерді қорытып жазуға машықтанады;

  • мұғалімдермен достық қарым-қатынас орнатуға бейімделеді;

  • өз біліміне, өзіне деген сенімділік орнап, құзыретті тұлға болып қалыптасады;

  • оқушылар мүмкіндігіне қарай пәндік олимпиадаларға, зерттеу жұмыстарына қатыса алады.
























Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Н.А.Оразахынова, Р.М.Шалова «Бастауыш сыныпта тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау». Алматы, 2012 жыл.

  2. Н.А.Оразахынова. «Сатылай комплексті талдаудың сызбалары». «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.

  3. Н.А.Оразахынова. «Тілдік материалдарды деңгейлеп сатылай талдаудың қажеттілігі». «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.

  4. К.Ә. Әбдірейімова, Р.Б.Сәкенова, А.А.Оспанов, Ж.Ә.Ниязқұлова. «Қазақ әдебиеті» (Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша оқу құралы). Алматы, 2012 жыл.































Мазмұны


Түсінік хат........................................................................................1

Базалық білім мазмұны...................................................................3

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар..........4

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................5










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Сатылай кешенді талдау" факультативтік курс бағдарламасы

Автор: Асаубаева Алтын Кувандыковна

Дата: 13.02.2018

Номер свидетельства: 457166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства