Сабақтың ортасы 32 мин | 3 мин 2 мин 2 мин 5 мин 5 мин 5 мин 5 мин 5 мин | Кіріспе: СЖ. «Әр халықтың cәлемдесу дәстүрі туралы» бейнематериал ұсынамын. Сұрақ қоямын: Көрсетілген бейнематериал бойынша өткен сабақпен бүгінгі сабақ арасында қандай байланыс бар? Бүгінгі сабағымыздың мақсатын және бағалау критерийлерін атап көрсетемін. Тапсырма №1 СЖ.Оқушыларды мұқият тыңдауға шақырып, мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Бір-бірімізді көргенде, амандасамыз, амандық-саулық сұрасамыз немесе бір-бірімізді құттықтап жатамыз. Сәлемдесудің тілімізде сан алуан түрлері бар. Тіл жұмсау дағдысында «Сәлеметсіз бе?», «Аман-есенсіз бе?», «Армысыз?», «Сәлем бердік!», «Ассалаумағалейкүм!», «Кеш жарық», т.б. сөздер жиі қолданылады. Амандық сұрасу – тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі естілетін сөздеріміз. Бірақ бұлардағы мағыналық,стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді. Мысалы, «Сәлеметсіз бе?» деп амандасу үлкен-кішіге, таныс – бейтанысқа, ресми жағдайда да қолдана беретінін байқасақ, ал «Ассалаумағалейкүм»деп амандасуды ауылдағы кей жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады. Әжелер мен апаларға бұлай амандасу қолайсыз жағдайға душар қылады. Немесе мектеп шәкірті ұстазымен «Сәлеметсіз бе?» деп сыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға жататын этикет (әдеп) сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге «Сәлем бердік!» деп қолын ербеңдетуі не жүрдім-бардым амандасуы әдепсіздікке жатады. (Рабиға Сыздық) Тапсырма №2. Т. «Пазл» әдісі. Топта уақыт сақшысын және бақылаушыны белгілеп беремін. Әр топ әңгіме желісі бойынша мәтіннен негізгі 4 сөйлемін және одан негізгі тіркестерді тауып жазады. Мәтінді бірнеше қима қағаздарға бөліп, топтарға таратамын. Оқушылар өз жоспарларына сәйкес мәтінді құрайды. Оқиды. Түпнұсқамен танысып, жасаған жоспарларының сәйкестігін тексереді (5.Ж1) Кері байланыс: Топ бақылаушысы бұл тапсырманы орындау кезіндегі топтың жұмысына кестеге сәйкес шартты белгілермен баға береді. «Пазл» әдісі бойынша тапсырма орындау барысында топ жұмысы | Тиімді | Тиімсіз | Топ бірлескен түрде жұмыс жасады | | | Берілген тапсырмаға сәйкес нақты, дұрыс жұмыс жасалды | | | Уақытты пайдаланды | | | Тапсырма № 3 ТЖкестемен жұмыс Берілген сөздерді сәйкестендір.
Ұзын | Суық | Жылы | Жақын | Алыс | Қысқа |
Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастыр.
Әдемі, жылдам, көрікті, белгілі, сұлу, лезде, атақты, тез, әйгілі.
Кері байланыс: Топтар «бумеранг» тәртібімен бір-бірінің жұмысын тексереді. Көңіл-күй смайликтерімен бағаланады. Сергіту. «Сөзсіз сәлем». Бұл ойында оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрады, шеңберлер сағат тілімен және сағат тіліне қарсы айналып жүреді. Жүргізуші айтқан сөздерге ілесіп, қимыл-қозғалыс арқылы жылдам амандасулары қажет. Мысалы: «Қол ..., », «Бас ...» Бұл ойыннан кейін оқушылардан ойынның түйінін, амандасу рәсімінде сөз арқылы ма, әлде қимыл-қозғалыстарды пайдаланған жөн бе?
Тапсырма №4 ЖЖ. Оқушылар жұп болып, амандасу сөздерін, амандасу түрлерін қандай жағдайда қолданатынын атап, синонимдер мен антонимдерді қатыстырып, диалог құрып, рөлге кіріп көрсетеді. А) ерлер арасында амандасу; Ә) әйелдер арасында амандасу; Б) қыздар мен ұлдардың амандасу салты; В) үлкен мен кішінің арасындағы амандасу әдебі Кері байланыс: Тыңдалым мәтіні және құрған диалогтарың бойынша мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдану дегенді қалай түсіндіңдер? Бір сөйлеммен тұжырымдап, жазып көр! Жұбыңа түсіндір! Дәлелде. (ЖАДА әдісі) | АКТ http://tankaz.kz Электронды оқулық Сағат, қима қағаздар, байланыс парағы. АКТ Слайд № 3 Смайликтер АКТ Слайд №4 Үлестірме парақшалар Аудиоқұрал |
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. 2.Барлық оқушыларға құбылыстарға мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне құбылыстарға сызба құрастыру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, өз зерттеулері бойынша тәжірибелерін ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту. | 1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара Бірін бірі тескеру, бағалау бойынша жетістіктерін айқындау. 3. Кері байланыс (ауызша) 4. Дайын үлгі жауап 5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану 5. Семантикалық карталар (жазбаша) | Сергіту жаттығуы қимылмен көрсету: -қолмен амандасу; -бас түйістіріп амандасу; -төс қағыстыру; - т.б. Қауіпсіздік техникасы ережелері - |