kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауаттылық - өмір негізі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауаттылық - өмір негізі»



«Өзін-өзі тану» сабақ жоспары

Мектеп:Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп Мерзімі:22.09 Мұғалім: Қоштаева Гүлмира Майлыбайқызы

Сынып:9 Оқушылар саны:18№ 3 тақырып: «Салауаттылық-өмір негізі»

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:Ұқыптылық,төзімділік,табандылық.

Сабақ мақсаты:Оқушыларға Салауатты өмір салтын түсіндіре отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі:Салауатты өмірдің мәні туралы ұғындыра отырып,ұқыптылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Денсаулығын сақтауға дағдыландыра отырып,төзімділік қасиетіне баулу.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды ұқыптылық,төзімділік,табандылық қасиетіне тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Белсендіргіш тақта, түрлі түсті бояулар, маркерлер, ватман, ақ қағаз.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың 5 Т ережесін атап өту оқушылармен қайталау.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық

1.Тыныштық сәті.«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Ескерту

2.Үй тапсырма тексеру:

Р.Пернеханқызы «Қателіктің арты өкініш»әңгімесінің мазмұнын айтқызу.Сұрақтарға жауап беру.

1.Ғабит өкінішті жағдайға қалай тап болды?

2.Салауаттылықты неліктен адам өмірінің мәні деп түсінеміз?

3.Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсың?



3.Дәйексөз:Т.Карлейльдің нақыл сөзі:

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»


1. Хормен оқыту.

2. Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту.

3. Оқушыларға дәптерге жазғызу.

-Дәйексөуңуңуңуңуңуңуңздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4. Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау.

Томас Карлейль 04.12.1795-05.02.1881 британ жазушысы, сыншы, тарихшы

4.Мұғалім сыйы:

«Әжемнің әңгімесі» видео ролик

  1. Әженің әңгімесінен не ұқтыңдар?


  1. Адам өміріне темекінің қандай зияны бар?



  1. Темекі тартуға қалай қарауға болады?




5.Шығармашылық жұмыс:

Оқушылырды үлестірмелі қағаз арқылы 4 топқа бөлу.

Күн,ауа,су,тамақ

1.топ.Күн. Қандай зиянды тамақ білесің?

2.топ. Ауа. Салауаттылыққа байланысты мақал-мәтел

3.топ.Су. Сахналық қойылым.

4.топ.Тамақ. Постер қорғау

Әр топ өздерінің топ аттарын қорғайды?


6.Топпен ән айту:

«Салауатты өмір салты»

1.Салауатты өмір салты бұл мәңгі сән

Салауатты өмір салтына айтам ән

Абыройлы болсын десең ел өңірі

Лайықты үлгіге толсын өз өмірің

Қ-сы

Оңай болмас өміріңде денсаулыққа қызмет ету

Желбіресін сенім оты болып көк ту


2.Адамзатқа өмір бақытқа дарыған

Сүю үшін жүректің оты жаралған

Әр күнді бағалай біл сенімді ақтап

Ісіңе адал болып,арың қалсын таза.


Қ-сы

Оңай болмас өміріңде денсаулыққа қызмет ету

Желбіресін сенім оты болып көк ту.


3.Табиғатқа тағзым етіп,жерді сақта

Мейірімді бол,жер ана құшағында

Бұлақ суы,тау-тасы,гүл шоқтарында

Жарқын ізің қалсын кейінгі ұрпаққа


Қ-сы

Оңай болмас өміріңде денсаулыққа қызмет ету

Желбіресін сенім оты болып көк ту



4.Салауаттылық жолында ортақпыз біз,біз

Бір түйінге байланып тұр өміріміз

Дәрігер мен ұстаз,мейірбеке болып

Арналады туған елге қызметіміз.

Қ-сы

Оңай болмас өміріңде денсаулыққа қызмет ету

Желбіресін сенім оты болып көк ту

Оңай болмас өміріңде денсаулыққа қызмет ету

Мақсатымыз елмен бірге шыңға жету.


7.Үй тапсырма:

1. Поль Брэггтің әңгімесін оқып келу..


8.Сабақттың соңғы тыныштық сәті.

Балалар бүгінгі сабақта айтылған ұқыптылық, табандылық, қасиетін жүректеріңе сақтап алыңдар жәнеде осы қасиеттерді өмірде қолдана білейік. Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Салауаттылық - өмір негізі

Автор: Қоштаева Гулмира Майлыбайқызы

Дата: 26.05.2017

Номер свидетельства: 418647

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салауаттылы?- ?мір негізі"
    ["seo_title"] => string(24) "salauattylykomirnieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "268214"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450601297"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Та?ырып: Салауаттылы? - ?мір негізі "
    ["seo_title"] => string(35) "tak-yryp-salauattylyk-omir-nieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "215976"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432834811"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "урок по самопознанию "Салауаттылы? - ?мір негізі" "
    ["seo_title"] => string(48) "urok-po-samopoznaniiu-salauattylyk-omir-nieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "190960"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427254507"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Салауаттылық - өмір негізі" сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(41) "salauattylyk_omir_nieghizi_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "437917"
    ["category_seo"] => string(19) "okruzhayushchiy-mir"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510218949"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Салауаттылық- өмір негізі"
    ["seo_title"] => string(26) "salauattylyk_omir_nieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "399291"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489249367"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства