kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары П?ні: ?зін-?зі тану Сыныбы: 5-сынып Та?ырыбы: «Отбасы жарасты?ы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы - адам тербеткен ?я болса, баланы? бас ?стазы – ата – ана. «Балапан ?яда не к?рсе, ?ш?анда соны іледі» деген ата – бабамыздан ?ал?ан асыл с?зді? сырына ??ілер болса?, бала ?кеден а?ыл, анадан мейір алады. Ата – ана?а баладан жа?ын ешкім жо?, сонды?тан ?ай ата – ана болсын баласыны? білімді,?депті болуын армандайды.
Адамзатты? дегеніміз – жеке адам санасыны? жетілуіні? е? жо?ар?ы сатысы, жаны?ны? шал?ар шабыты,?иялы?ны? ?ия шы??а сам?ауы. Ал ?те ?арапайым н?рседен ту?ан: ша?ыра?ы?ды сыйлаудан, ана?ны? ал?аш?ы ?лдиінен, отбасынан басталады.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«11-12»

11-САБАҚ

Күні:

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 5-сынып
Тақырыбы: «Отбасы жарастығы» 
Мақсаты:
- отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру;
Міндеттері:
- отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
- оқушылардың өз отбасын құрметтеуін арттыру;
- өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру;
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Әңгімелесу,сұрақ – жауап, ойын
Көрнекілігі: Жүректер,шарлар, гүлдер,нақыл сөздер; «Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар», «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақжүрек ана – ақ бұлақ», «Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер»
Кіріспе сөз:
Мұғалім:

Отбасы - адам тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата – ана.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата – бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан қай ата – ана болсын баласының білімді,әдепті болуын армандайды.
Адамзаттық дегеніміз – жеке адам санасының жетілуінің ең жоғарғы сатысы, жаныңның шалқар шабыты,қиялыңның қия шыңға самғауы. Ал өте қарапайым нәрседен туған: шаңырағыңды сыйлаудан, анаңның алғашқы әлдиінен, отбасынан басталады.
Отбасы – біздің қоғамымыздың алтын қазығы деген екен В.А.Сухомлинский. 
Шаттық шеңбері:

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.
Сәлеметсіңдер ме, менің аяулы достарым. Мен барлығыңды жанымдай, бауырымдай жақсы көремін.
-Біз бүгінгі сабақта отбасы жарастығы туралы әңгімелесеміз. Әрбірің өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып шығыңдар.
Мысалы:
-Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін;
-Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін;
-Мен шаңырағыма бақыт тілеймін
Сен бақытты ұлансың! М. Қуанышбеков.өлеңін оқу.
Анаң-күнің жүрегің, Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын. 
Әжең- асыл ардағың, Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың, бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың, Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
Әңгімелесу:
« Отбасы татулығы» Аңыз әңгіме.
- Отбасы әңгіменің мәні неде?
- Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?
- Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
- Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Жоспары:
1.Топқа бөлу, аты, ұраны.
2.Бақытты сәт.

Балаңызды сөз арқылы марапаттауда, яғни бағалау үрдісінде «Өте жақсы» сөзінің синонимдерін қолданып осы марапаттау сөзді қаншалықты түрлендіріп айта аласыз?
Мысалы: Жарайсың, қандай керемет деген сияқты сөздермен.
3. Топтық жұмыс. /Сурет салу/




























12-САБАҚ

Күні:

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 5-сынып
Тақырыбы: «Отбасы жарастығы» 
Мақсаты:
- отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру;
Міндеттері:
- отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
- оқушылардың өз отбасын құрметтеуін арттыру;
- өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру;
Түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Әңгімелесу,сұрақ – жауап, ойын
Жағдаяттарды шешу. /сұрақтарға жауап алу/
Бала – біздің болашағымыз.
1.Саят өз ата – анасын басқа балалардың ата – аналарымен
көп салыстырады.Кейде -Саяттың өз ата – анасына көңілі толмай, реніш білдіретін кездері де болады.
- Саяттың іс – әрекетін қалай бағалайсың?
- Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2.Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата – анасының жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
- Меруерттің немқұрайлығының себебі неде?
- Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетпейді деп ойлайсыңдар?
3.Ербол үйіндегі кәрі әже,атасының мазасыздығына құлағының нашар естейтініне 
ашуланады. Ол қарттардың да, ашуға қалай бой бергенін сезбей де қалады.
- Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
Ерболға қандай кеңес бересіңдер?
4. Бір үйдің екі қызы бар. Ата –анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі, керісінше, шат шадыман.
Себебі неде деп ойлайсыңдар?
5.Ата – анадан өсіп ұрпақ тараған жақсы,жаман болса, бала солардан.
1 топ Жеті атаны атаңыз?/Әке, бала,немере,шөбере, шөпшек, немене, туажат/.
2 топ Үш арсыз не? /күлкі, тамақ, ұйқы/
6. «Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін»/өнер сайысы/
7.кезең Анаңды толық танисың ба?
- Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы
- Анаңның туған күні
- Үйде ыдысты кім жуады?
-Таңертең сені кім оятады?
- Анаң қандай түсті киімді ұнатады?
Дәйексөзбен жұмыс істеу:
Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің. Халық мақалы.
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Жаңа ақпарат.
Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.
Сыйластық. 
- Ата болып ақыл айтып көріңдер, - Аға болып үлгі көрсет кішіге,
- Әже болып ертегі айтып көріңдер. - Іні болып көмектес сен ісіне.
- Әке болып еркелетіп көріңдер, - Әпке болып мейіріміңмен аяла,
- Ана болып мейірімділік төгіңдер - Қарындас боп бауырында саяла
Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме жазыңдар.
1. Ата- асқар тау,
Ана- бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
2. Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.
3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, 
Қарызыңнан құтыла алмайсың. 
Отбасы:
*****сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді.
***** жақсылыққа жетелейді.
***** еңбектенуге , білім алуға көмектеседі.
***** үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.
Жүректен- жүрекке:
Әкем-әнім.
Сөзі- О. Сүттібаевтікі.
Әні- Ә. Сүлейменовтікі.
Ұшырдың баптап ұядан,
Кетпейсің ойдан, қиялдан.
Арманға биік қол созсам,
Тұрасың демеп жиі алдан.
Көңілім бүгін алаңды,
Күттің бе, әке, балаңды?
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді.
Адалдық әркез көксеген,
Үйрендім, әке, тек сенен.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз жетсе дем.
Жүректі тербеп күй сынды,
Биікке ұшсам сүйсіндің.
Мойныңа көптен асылмай,
Сағындым, әке, иісіңді.
Тренинг: Ананың балаға жүрек жылуы. «Ең әдемі тілек» жарысы
Қорытынды:
Жас ұрпақты осы тұрғыда тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы – ата- ана». Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, тағылым – талғамға баулиды. Себебі отбасы – таным бесігі, отбасы – үлгі – өнеге бастауы. Ата – ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез – құлқы, дұрыс қарым – қатынасы арқылы балаға үлгі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Саба? жоспары П?ні: ?зін-?зі тану Сыныбы: 5-сынып Та?ырыбы: «Отбасы жарасты?ы»

Автор: Сайранбекова Шырайлым Сайранбек?ызы

Дата: 02.09.2015

Номер свидетельства: 228224


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства