kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Жа?сы мен жаман

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: 

Білімділік:  Адамны? ?асиеттерін талдауда жа?сы мен жаман  деген ??ымдарды ?олдана отырып мінездеме беретініміз туралы  т?сінік беру.?олданылатын с?здерді? сын есімнен жасалатыны туралы толы? сипаттау.

Дамытушылы?: Жа?а т?сілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамыту?а

ы?пал жасау, ?з бетінше ж?мыс ж?ргізуге ж?не ой ?орыту?ада?дыландыру, ізденімпазды??а ?йрету.

Т?рбиелік: Абай атамызды? с?зімен айт?андай, «бес асыл» ?немі жанымыздан табылып, «бес д?шпан» жолдары?да кезікпесін.

Саба?ты? т?рі: іздену саба?ы 

К?рнекілігі: Ы.Алтынсаринні? ??гімелері басыл?ан кітаптардан кітап к?рмесі,  презентация, мультсериалдан (Маша мен аю) ?зінді, м?тіндер, ?има-?а?аздар, постер ?шін т?рлі-т?сті бояу ?арындаштар, интерактивті та?та.окулы?,хрестоматия, презентация.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Жа?сы мен жаман»


Сабақтың тақырыбы: Жақсы мен жаман

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Адамның қасиеттерін талдауда жақсы мен жаман деген ұғымдарды қолдана отырып мінездеме беретініміз туралы түсінік беру.Қолданылатын сөздердің сын есімнен жасалатыны туралы толық сипаттау.

Дамытушылық: Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға

ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуғадағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету.

Тәрбиелік: Абай атамыздың сөзімен айтқандай, «бес асыл» үнемі жанымыздан табылып, «бес дұшпан» жолдарыңда кезікпесін.

Сабақтың түрі: іздену сабағы 

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің әңгімелері басылған кітаптардан кітап көрмесі, презентация, мультсериалдан (Маша мен аю) үзінді, мәтіндер, қима-қағаздар, постер үшін түрлі-түсті бояу қарындаштар, интерактивті тақта.окулық,хрестоматия, презентация.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру.

  2. Мультсериалды көре отырып сабақтың негізгі тақырыбын ашу.



а) Маша қайда тап болды?

ә) Аю не жақсылық жасады?

б) Аюдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Сонымен, аюдың бойындағы қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық қасиеттерді байқадыңдар. Бұл қасиет адамның бойында болуы керек пе ,әлде керек емес пе ? Осы сұраққа ойларыңмен бөліссеңдер. (Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Өздерің түсінгендей бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жақсы мен жаман» деп аталады.

Қазір топқа бөлініп мәтінмен жұмыс жүргізейік.

Топпен жұмыс.

1-топ

Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан

ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:

- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.

Арыстан оның сөзіне күліп:

- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.

Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.

Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:

- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:

- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.



ІІ-топ

Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.

Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады. Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.

- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.

Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.- Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.

Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығаш дәуітке .- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.

-Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді.


Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.

Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.


Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.

а) Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орысшаға аудару.

ә) Мәтіндерге тақырып беру.

б) Мәтін бойынша сұрақтар дайындау.

в) Суретпен жұмыс жүргізу. Сурет арқылы жайсөйлем,жайылма сөйлемдер құрастыру.

г) кестені толтыру. Кестеге жақсы,жаман қасиеттері туралы теріп жаз.


кейіпкерлердің жақсы қасиеті


Қарлығаш

Дәуіт







Арыстан

Тышқан





Қарлығаш

Дәуіт





Кейіпкерлердің жаман қасиеті

Арыстан

Тышқан











Кестені толтырған соң, оқушылар кейіпкерлерге мінездеме береді. Арыстан күшіне сеніп, тышқанның «»керегіңе жарармын» дегеніне сенбестік танытады, қарлығаш бірге ұшып жүрген құстардан көмек күткенмен, жерде жүрген дәуіттің көмегіне мұқтаж болады.Бұл әңгімелердің арқауы болып отырған адамның мінез-құлықтары деуге болады. Мұндай жағдаяттар өмірде көптеп кездеседі. Абай атамыздың «бес асыл» мен «бес дұшпан» -ды көрсететін өлең шумақтарын оқу.


4.Сергіту сәті.Ән ырғағымен билеу.


5.Мақал-мәтелдерді талдау. Дәптермен жұмыс.

Мақалдың мағынасын ашу. Орысша баламасын табу.


1.Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.


2.Жаксылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.


3.Жақсы туса  – ел ырысы,
Жауын жауса  – жер ырысы.


4. Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.


Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

6. Жеке-жеке жұмыс. Әр оқушы өзінің досына, құрбысын немесе сыныптасына мінездеме жазады.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------






7. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы. Өткен сабақтақтардаөткен Л. Толстойдың әңгімесі «Жаман жолдас»-қа   талдау жасау. « Жақсы ,жаман» сөздерінің сипаттамасы кейіпкерлердің қайсысына қатысты қолданылады.






І топ ІІ топ

Жақсы

Жаман

Ауру жігіт
Жерге  құлады
Жерден тұрды
Жауап берді

Сау бала
Ағашқа шықты
Ағаштан түсті
Сұрады

 8.Топтарға адамныңжақсы мен жаман қасиеттері туралы постер жасату.

Жақсы адамда қандай қасиеттер болуы мүмкін ?

Адамдардың жаман, жағымсыз қасиеттерін ата.

Адамдардың жақсы және жағымсыз қылықтарын кластерге көрсетіңдер



жақсы жаман





9. INSERT  тәсілімен сабақты қорытындылау.

Нені білемін  ? 

Нені білдім ?

Нені  білгім келеді?












Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия.








Түлі –түсті қағаздарға салынған адамның қолының суретін бір –біріне « қамқорлық жасау»

деген мақсатпен оқушылардың бір-біріне қол созуы,көмегі.


Cабақты қорытындылау Үйге тапсырма беру.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақ тілі оқулығы 6-сынып авторы Т. Артықова, М.Боранбай

Қазақ тілі оқулығы 7-сынып авторы Т.Артықова, Г. Ермекбаева

Қазақ тілі :әдістеме 2010 ж

Ы.Алтынсарин әңгімелері ,аудармалары

Интернет беттерінен суреттер, мәтіндер







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Жа?сы мен жаман

Автор: Кыпшакбаева Гульвира Куанышовна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294157


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1480 руб.
2110 руб.
1750 руб.
2500 руб.
1670 руб.
2390 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства