kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока по казахскому языку на тему "?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? саба? жоспары мемлекеттік жалпы стандарт?а сай жасал?ан. Ма?саттары білімділік, дамытушылы?, т?рбиелік деп б?лінген. Б?л саба? жоспарын орыс мектебінде саба? беретін ?аза? тілі мен ?дебеті м??алімдері ?олдана алады. Cаба?та ?олданылатын ?діс-т?сілдер мыналар: тест жазу, талдау, жина?тау, бекіту, де?гейлік тапсырмалар, т?сіндіру, ??гімелеу.  ?аза? ?дебиеті мен тарих п?ндерімен байланысы бар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока по казахскому языку на тему "?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рлері"»

Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері

Сабақтың мақсаты : білімділік – оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәлімет беру, тақырыпқа қатысты сөз орамдарын меңгерту,салалас құрмалас сөйлемнің түрлері тақырыбын қаншалықты меңгергендерін тексеру;

дамытушылық-оқушылардың тіл байлығын дамыту,ой-өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін жетілдіру,ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру,сөздік қорларын молайту;

тәрбиелік-оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттыру,салт-дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі :жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: тест жазу,сұрақ-жауап,талдау,жинақтау,түсіндіру,әңгімелеу,деңгейлік,бекіту.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта(слайдтар,бейнетаспа),парақшалар.

Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті,тарих.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,кезекшінің рапорты,сұрақ-жауап жұмысы.

Сабақтың мақсатын хабарлау.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

Мұғалім:-Бүгінгі сабақ -ерекше сабақ,өйткені біздің жұмысымызды облыс көлеміндегі мектептер бағалайды,сондықтан бүгінгі сабағымызда белсенділік танытып,білімдеріңді көрсете алуға тырысасыңдар деп ойлаймын.

-олай болса іске сәт дей отырып,бүгінгі сабағымыздың мақсатын хабарлауға рұқсат етіңіздер.

-Сабақтың мақсаты:салалас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша білімдерін тиянақтау, «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбын меңгеру,ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім: -Үйге қандай тапсырма беріліп еді?

-«Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері».

-Қаншалықты меңгергендеріңді тест жұмысы арқылы тексереміз.

1. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Әл-Фараби ежелгі Фараб қаласында туып-өскендіктен, араб елдерінде оны Фараби деп атаған. В) Солардың 117-сінің аты белгілі, ал әзірге табылған36 кітап. С) Ол 200-ге жуық ғылыми кітап жазған. Д) Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб тілдерін жетік білген.

Е) Жұрт жиналып болған соң, Самат көрген-білгенін асықпай айтып берді.

2. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.

А) Су табиғатта кең тараған, себебі бүкіл атмосфера судан тұрады.

В) Бүгін үш сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды.

С) Күн біресе жауады, біресе басылады.

Д) Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.

Е) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

3. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Жақсы оқу үшін, көп ізденіс керек.

В) Мен келгенше, сен үйде отыр.

С) Ауылдан бүгін Әсем келеді немесе Кәкен келеді.

Д) Егер сен маған келсең, біз циркке барамыз.

Е) Қатты жаңбыр жауғандықтан, біз қонаққа бармадық.

4. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Алма ағашы. В) Күн ұзақ. С) Қазір қыс. Д) Жел тұрды, жаңбыр жаумады. Е) Жаз айлары.

5. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген.

В) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.

С) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

Д) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.

Е) Үй іші жым-жырт.

6. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.

А) Лепті сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Аралас құрмалас сөйлем. Д) Сабақтас құрмалас сөйлем.

Е) Салалас құрмалас сөйлем.

7. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қыз баласы әдемі болып өсіп келеді.

В) Ермек шахтадан шығып кетті, себебі шахта астында жарылыс жиі болып тұрады.

С) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетті.

Д) Күн сайын жер бетінде төтенше жағдай болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.

Е) Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.

8. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз

Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

А) Кезектес салалас құрмалас сөйлем. В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем. С) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем. Д)Сабақтас құрмалас сөйлем. Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

9. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды. С) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді. Е) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді.

10. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл–Алматының және қала маңының картасы екен.

В) Қыздар тоғайға шие теруге кетті. С) Бес-алты айда келді. Д) Олкөпті көрген дана қарт. Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

(Жұмыс орындалып болған соң,көршілерімен дәптерлерін ауыстырып,өздіктерінен тексеріп,интерактивті тақтада жазылып тұрған жауаптармен салыстырады).

ІІІ.Жаңа сабақтың өтілу барысы

Мұғалім:-Қазір біз сендермен слайд көре отырып,бір әнді тыңдайық.(«Қазағымның дәстүрлері»әнін тыңдап,жаңа тақырыпқа тоқталу.Осы әннің сөзі бойынша бірер сұрақтарға жауаптар беру).

-Иә,қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Қазақ салт-дәстүрлерінің негізгі бағыттары-


1.Шешендік өнер 6.Ұлттық аспаптар

2.Бала тәрбиесі бесіктен 7.Наурыз мейрамы

3.Қонақ күту дәстүрі 8.Үйлену тойы

4.Ұлттық тағамдар 9.Қазақ халқының қолөнері

5.Ұлттық ойындар 10.Қазақ халқының ән өнері

-Бүгін біз бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлермен танысамыз.

Мәтінмен жұмыс істеу:

Адам өмірінің әрбір кезеңдерінде көптеген салт-дәстүрлер орын алады.Соның бірі- бала тәрбиесіне байланысты салттар.Өйткені бала-өмірдің жалғасы,болашағы.Сәби дүниеге келгеннен кейін шілдехана тойы өткізіледі.Баланы қырқынан шыққанға дейін ешбір адамға көрсетпеген.Баланың туғанына қырық күн өткен соң,шашы,тырнағы алынып,қырқынан шығарады.Баланы жылы қырық қасық суға жасы үлкен әже шомылдырады.Баланы шомылдырған әжеге сыйлық беріледі.Баланы ағаштан жасаған бесікке бөлейді.Бала қырқынан шыққан соң,ата-әжесі немесе әке-шешесі бесікке салу тойын жасайды.Бала екі жасқа дейін бесікте жатады.Тұсау кесу-сәби қаз тұра бастағанда,тез жүріп кетсін деп,ала жіп есіп,екі аяғын тұсап,сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіреді.Сүндет той-ер баланың өмірінде ерекше орын алады.

-Сөздік жұмысы:

Нәресте,сәби-ребенок,младенец

Бесік-колыбель

Салт-обычай

Дәстүр-традиция

Тербету-укачивать

Болашағы-будущее

Қырық күн-сорок дней

Жасы үлкен-старший

Сүндет-обрезание

Шілдехана-праздник,посвященный рождению ребенка

IV.Сабақты бекіту

-Мәтінге байланысты деңгейлік тапсырмаларды орындау:

III деңгей 1.Мәтінді түсініп оқып аударыңдар.

2.Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрыңдар.

II деңгей 1.Жұптық жұмыс.Мәтін бойынша парталасыңмен сөйлес.

2. «Қазақтың салт-дәстүрлері»тақырыбына салалас құрмалас сөлем

құрып,синтаксистік талдау жаса.

I деңгей 1.Мәтінді өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

2. «Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер»тақырыбына

кішігірім шығарма жазыңдар.

V.Сабақты қорытындылау

Қорытынды рефлексия сұрақтарына жауап беру:

-Сабақта біздің нені білгіміз келді?

-Біз нені білдік?

-Қойылған барлық сұрақтарға жауап бере алдық па?

-Ертең қандай жұмыс істейміз?

-Сабақтың ең негізгісі не?

-Өз жұмысыңа қанағаттанасың ба?

-Сыныптастарыңның біреуін мақтап немесе біреуге алғыс білдіргің келе ме?



VI.Оқушылардың білімін бағалау (Әр оқушы өздерін бағалайды).


VII.Үй тапсырмасы: Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің саханалық қойылымын жасаңдар.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка урока по казахскому языку на тему "?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рлері"

Автор: Тюлюбаева Галия Серекжановна

Дата: 04.01.2016

Номер свидетельства: 272261


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства