kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»

Нажмите, чтобы узнать подробности

В статье рассмотрены материалы рассказа Р.Мукановой "Мәңгілік бала бейне"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»»

Сабақ (2)

Қазақ әдебиеті

Сынып:

8-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне».

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Тентекматаева Лаура Кастаевна


Мектеп:


Бөлім атауы

Қиял мен шындық.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру:

8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Бағалау және салыстыру:

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерді сомдауда сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады.

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

Бағалау критерийлері

Көркем шығармадағы кейіпкерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

Оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерді сомдауда сұрақтарға жауап береді, мінездеулерді жіктейді. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қарауыл, ядролық жарылыс,ішкі дүние,физиологиялық тұрғы

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Семей полигоны, «Семей-Невада» қозғалысы, Полигонды жабуға себепкер болған тұлға.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Әңгіме кейіпкері кім?

2.Әңгімедегі әлеуметтік ахуал туралы айт?

3.Ләйләнің аймен тілдесуінің сыры неде?

Ишара: арқасынан қағу, мадақтау,қолпаштау.

Алдыңғы оқу:

Ж.Сахиев. «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.Ашықтық. Ұрпаққа тарихи шындықтарды таныту.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(7мин)

І.Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуына назар аудару. (1 мин)

ІІ. «Менің есімім» әдісі арқылы

психологиялық жағымды ахуал орнату.

( 2 мин)

Орындалу шарты: Оқушылар шаттық шеңберге тұрады. Өз есімдеріне бір сын есім қосып айтады.Мысалы: Ақылды Асқармын.

Мұғалімнің түйінді сөзі: -Аттарыңа заттарың сай болсын. Ата-аналарыңның үміт артып қойған есімдеріңді лайықты алып жүріңдер!

ІІІ. Топқа бөлу«Жасырын сөз» әдісі арқылы жүзеге асады.

Орындалу шарты:Қағаз тілімдеріне топ аты жазылып, жасырылады. Жасырын сөзден топ атауын біліп өз топ аты жазылған топқа жайғасады.

1-топ. «Білгірлер» тобы.

2-топ. «Дарындылар» тобы.

3-топ. «Ақылдылар» тобы.

ІҮ. Үй тапсырмасын сұрау «Зымыран сұрақ» әдісі арқылы орындалады. Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» шығармасы туралы берілген сұрақтарға жауап беру.

Орындалу шарты: Оқушылар қойылған сұрақтарға орнында отырып, тез жауап береді.

Дескриптор:

  • Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» шығармасын туралы ақпараттарды біледі;

  • сұрақтарға жауап береді..

ҚБ: «Жұлдызшалар» арқылы жүзеге асады.



Интербелсенді тақта.

















«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Арман ПВ баспасы, Астана,2018ж. 230-241-бет





Сабақтың ортасы

(25 мин)

Бүгінгі сабақта: Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі туралы мәліметтерді естеріне түсіріп өтемін. (1 мин)


І тапсырма.

Жеке жұмыс

«Жіпке ілінген киімдер» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың не білетінін , не білмейтінін анықтау. (5 мин)

Орындалу шарты: Кір жайғыш жіпке оқушылардың білетін (бас киім), орташа білетін (дене киімі), аяқ киім (білмейтін) сұрақтарын ілу.Басқа оқушылар келіп сол киімдерді жинап , жауап береді.

Дескриптор:

-Өздерінің білетін және білмейтін, орташа білетін сұрақтарын саралайды.

-өз білімдерін бағалайды және білмейтін жерін өзгелерден естиді.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен жүргізіледі


ІІ тапсырма

Жұптық жұмыс (5 мин)

«Интервью» әдісі арқылы жүзеге асады.

Әңгіме желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.Әңгімеге баға беру.

Орындалу шарты: Әңгіме желісі бойынша 1 оқушы сұрақ қояды. Екіншісі жауап береді. Әрекет алмасады.

Дескриптор:

-сұрақ қояды.

-сұраққа жауап береді.

-әңгімеге баға береді

ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен жүргізіледі


ІІІ тапсырма

Топтық жұмыс

«Дыбыссыз кино» әдісі арқылы жүзеге асады.

Суреттерге қарап, әңгіменің эпизодын тауып, тұтас кино үлгісіне салу.(10 мин)

Орындалу шарты: Әр топқа әңгіме эпизоды суреттерге салынып тасталады. Оқушылар оқиға желісін ауыстырмай , ретімен орналастырып шығады.

Дескриптор:

-Суреттерге қарап әңгіме эпизодын табады.

-Суреттерді ретімен орналастырады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.




Сергіту сәті: Мұғалім мен оқушының бірігіп ән орындауы арқылы жүзеге асады. (2 мин)

Орындалу шарты:

«Р.Рымбаеваның орындауындағы «Заман-ай» өлеңін оқушылармен қосылып, домбырамен сүйемелдеп, мұғалім орындайды.


Оқулықпен жұмыс:

242-беттегі 3-тапсырма арқылы жүзеге асады.

Әңгіме кейіпкерлеріне салыстырмалы мінездеме беру (2 мин)

Дескриптор:

-әңгімедегі суреттелетін кейіпкерлерді біледі

-кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме бере алады.







Кір жайғыш жіп.Киім суреттері.

Қыстырғыш












Микрофон














Әңгіме эпизодтарының суреттері



Домбыра. Диск








«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Арман ПВ баспасы, Астана,2018ж. 242-бет










Сабақтың соңы

( 8 мин)


Кері байланыс

«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы жүзеге асады.

Орындалу шарты:Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушылардыөз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі. Сұрақтардың қиындығына қарай оның бастапқысалмағын белгілеуге (ұпай арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей,қапшықты басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді.

Үйге тапсырма:

Оқулықтағы 4 тапсырма. (242 бет)

Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтау.

Рефлексия «инсерт» кестесі арқылы жүзеге асады.

«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»



Бұршақ салынған қапшық.















«Инсерт» кестесі

Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?





Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?




1.Пәнаралық байланыс. 2.Денсаулық және қауіпсіздік

3. АКТ-мен байланыс 3.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Сабақ барысында ойлау деңгейлері әртүрлі оқушыларға сараланған тапсырмалар «Жіпке ілінген киімдер»,

«Интервью»,

«Дыбыссыз кино» ойыны,

«Әңгіме кейіпкерлеріне салыстырмалы мінездеме беру» әдістері арқылы жүзеге асты. Бұл оқушылардың тақырыпты дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасады. Сабақ барысында қабілетті оқушыларға тапсырмаларды түрлендіріп ұсынамын.


Сабақ барысында әр тапсырма сайын қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Бүгінгі сабақта бағаланған оқушылар Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің мазмұнын түсінді, сұрақтарға жауап берді,оқулықтағы тапсырмаларды орындады, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, әңгімедегі қасіретті шынайы ұғынды.Оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазды, әңгімедегі кейіпкерлер қарым-қатынасын талдады, дыбыссыз кино түсірді.

1. Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері.

2. Сабақта денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды

3.Интербелсенді тақта арқылы жүзеге асады.

4. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.

Ашықтық. Ұрпаққа тарихи шындықтарды таныту.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар нені білді?



Сыныптағы ахуал қандай

болды?


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?



Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?



Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?





Сабақтың оқу мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды, себебі оқушылар Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің мазмұнын түсініп, тақырыпты меңгерді.


Бүгін оқушылар тақырыпты зерделей келе, адам баласының жазылмайтын дертін түсінді. Адамдардың өз қолымен жасалған қасіретінің салмағын білді.


Сыныптағы ахуал жақсы болды, себебі оқушылар әр тапсырманы орындауда белсенділік танытты.


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды, өйткені барлық деңгейдегі оқушылар берілген тапсырманы дұрыс түсініп, сабақ мақсатының орындалуына күш салды.



Мен уақытты тиімді пайдаландым, себебі, сабақтағы қолданылған барлық тапсырмалар өзіне белгіленген уақытта орындалды.


Жоспарым тиянақты, оқу мақсатына сай жасалғандықтан ешқандай өзгеріс енгізбедім.


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

  1. Сабақ барысында «Дыбыссыз кино» әдісі оқушыларға тиімді болды.

  2. Оқушылар тиімді ұйымдастырылған оқу әрекеттері арқылы білімдерін көрсете білді.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

Курс барысында жүзеге асырылған ықшам сабақтардағы меңгерген әдіс-тәсілдер мен тренердің кері байланысы сабақ құрылымдаудағы ұстанымымды жақсарта алды. Сабақ барысында сараланған тапсырмаларды ұсына отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, үнемі қолдап отыру жетістікке жеткізетінін басты назарда ұстадым.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»

Автор: Тентекматаева Лаура Кастаевна

Дата: 15.11.2018

Номер свидетельства: 485797


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства