Просмотр содержимого документа
«Пирожный және торт беттерін карамельмен әшекейлеу.»
Оқытушы: Алкамова Жансая
Пәні: Өндірістік оқу
Мамандығы: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
Тобы: 2-топ 3курс
Күні: 26.11.2018. жыл
Тақырыбы: Пирожный және торт беттерін карамельмен әшекейлеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, карамель дайындау технологиясын, үйрету.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, құрал-жабдықтармен жұмыс жасау дағдыларын, ойлау қабілеттерін, кәсіби шеберліктерін арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді сыйластыққа және ұйымшылдыққа, өз бетімен жұмыс істей білуге, уақытты тиімді пайдалана білуге, құрал-жабдыққа жауапкершілікпен қарауға,топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: Кастрөл, қалып, пышақ, қасық, оқтау,өлшегіш құралдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
а) Студенттермен сәлемдесу, түгендеп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру;
ә) Арнайы киімдерін, сыртқы көрінісі, тазалығын тексеру;
б) Назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсаты мен міндетін айту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (8 мин)
Өткен сабақты сұрау үшін: Студенттерді екі топқа бөліп, командалар өз командаларының атымен, топ басшысымен, ұран сөзімен таныстырады.
«Бірлік» тобының
«Жалын» тобыны
Карточкамен жұмыс
Ойынымыздың шарты: әр топқа карточкамен сұрақтар беріледі, сұрақ қою арқылы команда мүшелерінің білімін сынау, жарыстыру. Әрбір дұрыс жауапқа смайлик беріледі. Жалпы 4 сұрақ беріледі.30 секунд уақыт ішінде дайын команда қолын көтереді.
1-карточка
Желе дегеніміз не? (дірілдек заттек қосылған қант шәрбаты )
2-карточка
Қамырдың қандай түрлері бар? (ашытқылы, ашытқысыз, қабаттама, бисквитті, қайнатылған, үгілмелі, вафельді, миндальді, сдобалық болып бөлінеді)
3-карточка
Бисквит қамырын дайындау үшін қажет шикізаттар? (ұн, қант, жұмыртқа)
4-карточка
Сироп қалай дайындалады? (кем дегенде 50% қант мөлшері бар қант пен судың қоспасы)
5-карточка
Безенің сапасына қойылатын талаптар (үлпілдек жартылай өнім ақ түсті, жеңіл және сынғыш болады)
6-карточка
Мастиканың дайындау технологиясы (200гр құрғақ сүт, 200гр қант ұнтағы, 0,5 шәй қасық лимон, 100гр қоюлатылған сүт, ванилин барлығын араластырып, илейміз. Қажетінше бояу, жылтыр қосу. Салқындатуға тоңазытқышқа қою. )
7-карточка
Қайнатылған крем дайындалу технологиясы? (4 дана жұмыртқаны, 200 грамм құмшекер, 2 ас қасық бидай ұны, 1 шәй қасық ванилин ұнтағын суық сүтпен араластырып, отқа қойып, үздіксіз араластыра отырып қайнауына жеткізу)
8-карточка
ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін қайталап алайық.
Тәжірибелік жұмысымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін қайталап алайық.
№
Сұрақтар
Жауаптар
1
Зертханаға кімдер жұмысқа жіберіледі?
Дәрігерлік байқаудан өткен, техникалық қауіпсіздік ережесімен таныс адамдар.
2
Зерханаға неше жастан жіберіледі?
15 жасқа толған жасөспірімдер.
3
Электр жабдықтарының қауіпсіздігі?
Ток көзіне аса мұқиятпен қарау, ережені сақтау.
4
Арнайы киімдерді атаңыз?
Ақ халат, алжапқыш, бас киім, жеке орамал, аяқ киім.
5
Әр студенттің жеке басына қатысты қандай гигиеналық талаптар қойылады?
Қол, ауыз қуысы таза болу керек.
6
Электр пешімен жұмыс істеу ережесі?
Электр пешін қосар алдында плиталардың сенімді түрде жұмыс істейтінін тексеру.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Карамель». Яғни дайындау технологиясы.
Тәттіні жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, әсіресе торттарды. Соның ішінде аспаздың міндеті тәтті қылып пісіріп қана қоймай, тәбетіңді ашатындай қылып әрлеу яғни әшекейлеу қажет.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз пирожный және торт беттерін карамельмен әшекейлеу.
Карамель пирожныйын дайындау технологиясының
нұсқау картасы
Керекті азық-түліктер
Мөлшері
секер
сливки
печенье
сары май
жаңғақ
ганажына
шоколад
сары май
сливки
200 грамм
50 грамм
300 грамм
200 грамм
200 грамм
100 грамм
30гр
50гр
Дайындалуы
Печеньені алдымен блендрден өткізіп, ерітілген сары маймен араластырамыз, қалыпқа салып, тегістейміз.
Содан кейін карамельін жасау үшін: Секерді отқа қойып сұйық болғанша ерітеміз, сол бойда сливкиді де отқа қойып ысытып, сливкиді еріген секерге құямыз. Үстіне сары майды салып, жаңғақ қосып, араластырамыз.
Осы карамельді қалыпқа салған печеньенің үстіне құямыз.
Ганажын дайындау үшін: шоколад, сливки, сары майды буға ерітеміз. Сосын үстіне ганажын құямыз да мұздатып қоямыз.
Сапасына қойылатын талаптар
Түрі
Иісі
Дәмі
Консистенциясы
Ақшыл
Ванилиннің иісі шығады
Тәтті
Ермексаз тәріздес
болуы керек.
ІV. Жаңа сабақты бекіту (5мин)
V. Ағымдағы нұсқау
Студенттердің жұмыс орнын тексеру;
Студенттердің жұмыстарының өз уақытында бастауын және жұмыс орнын ұйымдастыруын қадағалау;
Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау;
Санитария-гигиена талаптарын сақтау;
Өнімді өңдеудегі техникалық шарттар мен техникалық процесс бірізділігін қадағалау;
Студенттердің жұмыс ағымын тексеру.
V. Қорытынды нұсқау (2 мин)
Бүгінгі сабақта біз карамельден пирожныйдың дайындаудың технологиялық процесін, технологиясын үйрендік. Сондықтан, осы алған білімдеріңізбен тоқтап қалмай ары қарай өзін-өзі дамыту қажет. Алған білімдеріңіз практикалық алдағы кәсіби қызметтеріңізге қажет болады.
VІ. Бағалау (2мин)
Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару;
Студенттің озат жұмысын көрсетіп, мадақтау;
Қателерін сипаттап, болу себебін және ол қателіктің алдын алуды түсіндіру;