kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

өзін-өзі тану пәні бойынша 2 класта  өткізілген сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз»

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Новый орта мектебі

Күні: 22.01.19ж.

Мұғалімі: Қасымхан Л.М.

Сыныбы:

Тақырыбы: Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз Сабақ:18

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: сыйлау; тілалғыш болу; батылдық.

Мақсаты: оқушыларға өзін және басқаларды құрметтеуге үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Оқушыларды ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету.

Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.

Оқушыларды тілалғыш болуға ,сыйластыққа,батылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды күйге келу.

2. Үйге тапсырманы тексеру

№18 Леонардо да Винчидің «Қайырымдылық» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Қырандардың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?
2. Неліктен қыран ана «Құрмет пен сыйластықты ешкім күшпен алмайды» деді?
3. Қыран құсты қандай адамдарға теңеуге болады? Неліктен?
4. Адамға қайырымдылық жасау не үшін керек деп ойлайсыңдар?

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.


3. Дәйексөз

(Ұл балаларға 1рет,қыз балаларға 1 рет айтқызып, хормен 1рет айтқызып,дәптерге жаздырту)

Біреуді артық, біреуді кем санамай,
Жұрттың бәрін құрметтей біл.
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Өздерің үлкендерге қалай құрмет көрсетесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өмір жаңғырығы1

Ф. Тайтелиев

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан “А-а-а-а! ” деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: “Сен кімсің?” деп дауыстағанда, Ғаниға:”Сен кімсің?” деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: ” Сен қорқақсың!” – депайқайлады. Таудан шыққан дауыс та: “Сен қорқақсың!” деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: “Әке, бұл кім өзі?” деп сұрады. Әкесі: ” Ұлым, менің сөзіме құлақ сал”, – деді де тауға қарап тұрып: “Мен сені жақсы көремін!” деп айқайлады. Таудан: “Мен сені жақсы көремін!” деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: “Сен әдемісің!” деді. Жауап: “Сен әдемісің!” деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: “Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!”

Сұрақтар:

1. Істеген ісіне жауапты болу дұрыс әрекетке жата ма? Неге?

2. Қандай әрекеттердің жемісін рухани байлыққа жатқызуға болады?

3. Адам өміріндегі дұрыс әрекеттің маңыздылығын дәлелдейтін өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.

4. Сіздер қандай дұрыс әрекеттер жасадыңыздар? Неге?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Төменде берілген тапсырманың кілтін пайдаланып, әріптерді орындарына дұрыс қойсаңдар, Мұхтар Әуезовтің нақыл сөзін оқуға болады.
Тапсырманың кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

к

ү

ш

і

ң

е

с

н

б

а

д

л


1

2

3

4

5

6


7

6

8

9

6

,















10

11

10

12


4

7

4

5

6


7

6

8

.


















6. Топпен ән айту.

Бақытты балалар әні
Өлеңін жазған: Қосжан Мүсірепов
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.
Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.


7. Үй тапсырмасы.

1.Қайырымдылық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №19, Немат Келімбетұлының «Менің әкем» әңгімесін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




1


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Автор: Қасымхан Лаура Марсқызы

Дата: 04.05.2019

Номер свидетельства: 509130


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства