kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?нерк?сіптік ?имараттарды жобалау. ?абат жоспарын орындау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? т?рі : Аралас  (Білім, біліктілік ж?не да?дыны к?теру саба?ы)

 

Саба? ?дісі:  Баяндау, м?ліметтер беру, та?ырып бойынша слайдтар к?рсету, жазба ж?мыстары

 

Білімділік ма?саты: Жа?а та?ырыпты ме?герту, п?нге деген ?ызы?ушылы?ты  арттыру, о?ушылар?а ?нерк?сіптік ?имараттарды жобалау туралы  туралы ма??лматтар беру, ?абат жоспарын орындауды т?сіндіру

 

Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? есте са?тау ?абілетіліктерін арттыру ж?не  ?нерк?сіптік ?имараттарды жобалау туралы т?сініктерін одан ?рі  дамыту

 

Т?рбиелік ма?саты: О?ушылар?а к?сіби ба?ыт-ба?дар беру, та?да?ан маманды?ына деген ??рмет пен с?йіспеншілігін арттыру ж?не ?з шешімдерін  д?рыс та?дау?а баулу.

 

П?н аралы? байланыс:

 1. «Сызу»    Та?ырып: ?имараттарды?  ??рылымды? б?лшектерін жоспарда к?рсету

2.  «Материал тану»  Та?ырып: ??рылыста ?олданатын темірбетон б?йымдары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?нерк?сіптік ?имараттарды жобалау. ?абат жоспарын орындау »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ




КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Колледждің әдіскері Оқу ісі жөніндегі директордың

_________________ Н. Д. Калиева орынбасары

«____» _____________ 2014 жыл __________ Б. К. Окасов

«____» _______________2014 жыл.





«Үйлер мен ғимараттардың конструкциясы»

пәнінен ашық сабақ



Тақырыбы: Өнеркәсіптік ғимараттарды жобалау.

Қабат жоспарын орындау



Оқытушы: М. Қ. Аймұқамбетов

Өтілетін мерзімі: 15.11.2014 жыл

Өткізілетін уақыты: 10 сағ.15 минут

Өткізілетін орыны: Аудитория № 4

Топ: 31 ПГС



Құрылыс пәндер бірлестігі

отырысында қаралды.

Хаттама № ___

«___»___________ 2014 ж.

Құрылыс пәндер бірлестігінің

төрайымы __________ Хуанар А.





Семей – 2013 жыл


Ашық сабақтың жоспары:


Пән : «Үйлер мен ғимараттардың конструкциясы»


Күні : 15.11.2014 жыл

Уақыты: 10 15- сағат

Топ : 31 ПГС



Сабақ түрі : Аралас (Білім, біліктілік және дағдыны көтеру сабағы)



Сабақ әдісі: Баяндау, мәліметтер беру, тақырып бойынша слайдтар көрсету, жазба жұмыстары



Білімділік мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту, пәнге деген қызығушылықты арттыру, оқушыларға өнеркәсіптік ғимараттарды жобалау туралы туралы мағұлматтар беру, қабат жоспарын орындауды түсіндіру



Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетіліктерін арттыру және өнеркәсіптік ғимараттарды жобалау туралы түсініктерін одан әрі дамыту



Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру, таңдаған мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру және өз шешімдерін дұрыс таңдауға баулу.



Пән аралық байланыс:

1. «Сызу» Тақырып: Ғимараттардың құрылымдық бөлшектерін жоспарда көрсету

2. «Материал тану» Тақырып: Құрылыста қолданатын темірбетон бұйымдары



Көрнекіліктер: Ғимараттарды жобалау түрлері плакаттары, жобалау туралы слайдтар, тақырып бойынша дайындалған карточкалар









Қолданған әдебиеттер:

Н. Разақов «Ғимараттар мен имараттардың құрылымдары»

Ә. Ш. Тәтіғұлов, Т. Ж. Ақбердин «Архитектура мен жобалау негіздері»

П. Г. Буга «Гражданские, промышленные и сельскохозяйственные здания»

А. Ф. Гаевой «Курсовое и дипломное проектирование промышленные и гражданские здания»

Т. Г. Маклакова «Конструкции гражданских зданий»








Сабақтың құрылымы:


І. Ұйымдастыру бөлімі /3 мин/

  • оқушылармен сәлемдесу

  • оқушыларды түгендеу

  • оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /12 мин/

Жалпылама сұрақтар қою:

  • Өнеркәсіптік ғимараттар дегеніміз не?

  • Өнеркәсіптік ғимараттар жұмыс жасау саласы бойынша неше топқа бөлінеді?

  • Өндірістік ғимараттар дегенімізді қалай түсінесіз?

  • Қосалқы ғимараттарға не жатады?

  • Энергетикалық ғимараттар қандай қызмет түрін атқарады?

  • Қоймалық-көліктік ғимараттар не үшін қажет?

  • Өнеркәсіптік ғимараттардың негізгі элементтерін атаңыз?

  • Өнеркәсіптік ғимараттарда қолданылатын қандай бағана түрлерін білесіздер?

  • Өнеркәсіптік ғимараттарда қолданылатын қандай еден түрлерін білесіздер?

  • Өнеркәсіптік құрылымдардың шатыр элементерін атап көрсетіңіз?


Карточка-тапсырма жұмысы:

№ 1 карточка. Өнеркісіптік ғимараттың шатыр құрылымын сызып көрсету

№ 2 карточка. Бағаналарды жоспарда байланыстыру остеріне орналастыруды көрсету

№ 3 карточка. Іргетасқа іргетас арқалығының орналасуын сызып көрсету



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру /60 мин/

а/ Жоба туралы түсінік

б/ Жоба түрлері мен құрамы құрамы

в/ Жоба тапсырмасы

г/ Жобалау кезеңдері

д/ Жұмыстық сызбаны орындау


ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту ( сұрақтар қою арқылы) /10мин/

  • Жоба дегеніміз не?

  • Жобаның құрамына не кіреді?

  • Ғимараттарды жобалаудың қандай түрлерін білесіздер?

  • Типтік жоба дегеніміз не?

  • Дербес жоба дегеніміз не?

  • Эксперименталдық жоба дегеніміз не?

  • Жоба тапсырмасы дегеніміз не?

  • Тапсырманың құрамына не кіреді?

  • Жобалау кезеңі неше сатыдан тұрады?

  • Жұмыстық сызба құрамына не кіреді?

  • Бағанаға қабырға панелінің бекітілуін көрсету (Фахверг бағананы қолдану)



Ү. Қорытынды бөлім /3 мин/

- оқушыларға баға қою және сұрақтарына жауап беру



ҮI.Үй тапсырмасын беру /2 мин/

Н. Разақов «Үйлер мен ғимараттардың конструкциясы» § 3.9.1. 192-195 беттер




Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі: /3 мин/ (Оқушылардың оқу құралдарын, сызғыш, карандаш, өшіргіштерін тексеру қажет)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /12 мин/ (Бірінші кезекте карточка тарату, тақтаға бір оқушыға тапсырма беру, қалған сұрақтарға орыннан жауап береді)


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру /60 мин/ (Жалпы шолу жасап өту, сабақтың мағынасын түсіндіру, курстық жұмысқа көшетінімізді ескерту)



Тақырыбы: Өнеркәсіптік ғимараттарды жобалаудағы басты талаптар

Өнеркәсіптік ғимараттарды алдын ала жасалған жобалар бойынша тұрғызады.


Жалпы өнеркәсіптік ғимаратты жобалау дегеніміз не?

Өнеркәсіптік ғимаратты жобалау деп ғимаратты салуға арналған техникалық құжаттардың жиынтығын айтамыз.

Жобаның құрамына жоба-сызбалар, макеттер, есептеулер (мысалға: қоршау құрылымың қалыңдығын есептеу, іргетас тереңдігін анықтау есебі) және де құрылыс салынуға қолданылатын материалдар мен элементтердің анықтамалары кіреді.


Өнеркәсіптік ғимараттарды жобалауды орындауда келесі техникалық құжаттар әзірленуі тиіс:

  • Жоба сызбалар (қасбет, қабат жоспары, қима, басжоспар, іргетас,төбежабын плитасы жоспарлары, ағаш, темірбетон бұйымдарының спецификациясы)

  • Түсініктеме жазба (ғимараттың техникалық-экономикалық көрсеткіштері, керекті есептемелер және т.б.)

  • Смета (құрылыстың құнын есептеп шығару)


Ғимараттар 3-түрлі жобамен салынады.

Олар:

  1. Типтік

  2. Дербес

  3. Эксперименталдық


Типтік жоба – құрылыста жиы қолданыс тапқан жоба түрі. Сіздердің жобалауларыңыз, осы типтік жоба бойынша жүргізіледі.


Дербес жоба – тек ғана бір ғимаратты салуға арналған жобаны айтамыз.


Эксперименталдық жоба – жаңа, бұрын болмаған ғимарат түрін салуды айтады. Салу барысында ғимаратты пайдаланудағы жетістіктер мен кемшіліктер айқындалып, келешекте оның жиі қолдану немесе мүлде салмау жағы шешіледі.




Өнеркәсіптік ғимаратты жобалауды жобалау институтының сәулетшілері, инженер-құрастырушылары жасайды.

Жобалаудағы басты құжат ол жобалауға берілетін тапсырма.


Өндірістік ғимараттардың техникалық жобасын жасауда « тапсырманы» халық шаруашылығы, өндірістің орналасуы мен дамуына байланысты жүргізеді.

Өндіріс ғимаратын жобалау үшін «тапсырмада» төмендегідей материалдар болуы қажет:

  1. Тапсырма жасауға тиісті негіздер

  2. Құрылыс салынатын ауданның климатологиялық ауданы

  3. Ауданның сейсмикалық жағдай, топырақтың шөгу деңгейі, қатуы

  4. Ғимараттың құрылымдық шешімдері

  5. Құрылыстың ауданы, көлемі

  6. Темірбетон зауыты мен құрылыс комбинаттары туралы деректер

  7. Объектінің сметалық құнын анықтау туралы деректер

  8. Құрылыс салуға жер бөлу туралы құжат


Жобалау кезеңі екі сатыда жүргізіледі.

Бірінші кезеңде ғимараттың көлемді-жоспарлық көрсеткіштері анықталады, құрылымдық шешімдеріне сәйкес құрылыс материалдары мен элементтері таңдалады. Жылу техникалық есептері, іргетастың тереңдік орналасу деңгейі анықталады.

Екінші кезең жұмыстық сызба орындалады.

Жұмыстық сызба құрамына:

  • Қабат жоспары

  • Қима

  • Қасбет

  • Іргетас жоспары

  • Төбежабын плита жоспары

  • Суағар жоспары

  • Архитектуралық-конструктивтік түйістер орындалады.




Өндірістік ғимаратты жобаламас бұрын, ғимараттардың элементерінің орналасу ерекшеліктерін білулеріңіз қажет. Себебі көзбен көрмесең, құрылымдық элементттердің атауын білмесеңдер, онда жоба жасау сіздерге қиынға түседі. Сондықтанда өндіріс ғимаратын тұрғызу тәсілдері туралы бейнекөрініс көреміз.


Бейне көрініс №1. Тақырыбы: «Құс фабрикасын жобалау»


Бейне көріністі көре отырып, оған талқылау жүргізу. Адым, аралықты түсіндіру. Іргетасқа бағананы отырғызу, қабырға панельдерін қою және де төбе жабын плиталарын монтаждау жұмыстарына талдау жасау. Фахверг бағаналардың қолдануын көрсету.


Сонымен қатар осы құс фермасын жобалаудың курстық жұмысқа енгенін ескертіп, бірнеше балаға осы тапсырма берілетінін айту.

(Бейне көріністен не ұқққаны туралы міндетті түрде бірнеше баладаға сұрақ қойып, тексеру жүргізу)


Бейнекөрініс№2. Тақырыбы: «Екі аралықты өндірістік ғимаратты жобалау»

Сіздер бірінші көріністе бір аралықты өндірістік ғимаратты тұрғызуды көрген болсаңыздар, енді екі немесе оданда көп аралықты ғимаратты жобалауды тамашалаймыз.


Сіздерге курстық жобалау тапсырмалары бір аралықты немесе көп аралықты болып келеді.

Екінші бейне көріністі көре отыра, оның тұрғызылу ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оған талдау жүргізу қажет. Екі аралықты өндірістік ғимараттардың бағаналарын отырғызу, сыртқы қабырға панельдерін бекіту, төбежабын плиталарын қоюдағы ерекшеліктерді талдай отыра, осы элементтерді тақтада үйлестіру осьтеріне бекітуді сызып көрсету көрсету.

(Бейне көріністен не ұқққаны туралы міндетті түрде бірнеше баладаға сұрақ қойып, тексеру жүргізу)



Енді балалар, біз курстық жобаның парақта қалай орындалғанын көрейік.

Мынау өндірістік ғимаратты жобаның орындалған екі парағы.

Бірінші парақ, өздерің білетіндей, келесі құрылыстық сызбалар орналасқан. (Әрбір сызбаны атап өту)

Екінші парақта құрылымдық элементердің орналасу жоспары көрсетілген. (Мұндада әрбір сызбаға жеке тоқталып өту)


Қазір біз әрбір сызбаға жеке тоқталып өтуіміз қажет. (Бұл түсіндіру уақытын жаңа тақырыпты бекітуге дейін созуымыз қажет)


Бірінші параққа байланысты:

  • Бірінші типтік қабат жоспары

  • Қима

  • Қасбет

  • Бас жоспар

  • Кестелер

Екінші параққа байланысты:

  • Іргетас жоспары

  • Төбежабын плита жоспары

  • Жабын жоспары

  • Архитектуралық түйістер

  • Темірбетон және ағаш бұйымдары спецификациясы




Жалпы қабат жоспарын орындаудағы талаптарды түсіндіру




ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту /10 мин/ сұрақтар қою:

  • Жоба дегеніміз не?

  • Жобаның құрамына не кіреді?

  • Ғимараттарды жобалаудың қандай түрлерін білесіздер?

  • Типтік жоба дегеніміз не?

  • Дербес жоба дегеніміз не?

  • Эксперименталдық жоба дегеніміз не?

  • Жоба тапсырмасы дегеніміз не?

  • Тапсырманың құрамына не кіреді?

  • Жобалау кезеңі неше сатыдан тұрады?

  • Жұмыстық сызба құрамына не кіреді?

  • Бағанаға қабырға панелінің бекітілуін көрсету (Фахверг бағананы қолдану)



Ү. Қорытынды бөлім /3 мин/

  • оқушыларға баға қою және сұрақтарына жауап беру


ҮІ. Үй тапсырмасын беру /2 мин/

  • Н. Разақов «Үйлер мен ғимараттардың конструкциясы» §3.1.3-3.1.9 . 39-53 беттер









Қолданған әдебиеттер:



  • Н. Разақов «Ғимараттар мен имараттардың құрылымдары»


  • Ә. Ш. Тәтіғұлов, Т. Ж. Ақбердин «Архитектура мен жобалау негіздері»


  • П. Г. Буга «Гражданские, промышленные и сельскохозяйственные здания»


  • А. Ф. Гаевой «Курсовое и дипломное проектирование промышленные и гражданские здания»


  • Т. Г. Маклакова «Конструкции гражданских зданий»










































«Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» пәні бойынша сабаққа дайындалған карточкалар



«Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» пәні бойынша

1- карточка

Сұрақ: Өнеркісіптік ғимараттың шатыр құрылымын сызып көрсету

Дайындаған арнайы пәндер мұғалімі: _____________ Аймұқамбетов М. Қ.





«Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» пәні бойынша

2 - карточка

  • Сұрақ: Бағаналарды жоспарда байланыстыру остеріне орналастыруды көрсету


Дайындаған арнайы пәндер мұғалімі: _____________ Аймұқамбетов М. Қ.





«Үйлер мен ғимараттар конструкциясы» пәні бойынша

3 - карточка

Сұрақ: Іргетасқа іргетас арқалығының орналасуын сызып көрсету


Дайындаған арнайы пәндер мұғалімі: _____________ Аймұқамбетов М. Қ.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?нерк?сіптік ?имараттарды жобалау. ?абат жоспарын орындау

Автор: Аймухамбетов Медет ?инаятович

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153946


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства