4.Мұғалім сыйлығы Өсиет-әңгіме Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: -Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сыңаңызшы,-депті. Қарт жігітке: -Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт: -Шырағым, жаман жігіт емессің,-депті. -Қалайша олай дейді? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт. Қарт күліп: -«Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық,-депті. Сұрақтар: 1. Мәтіннің мазмұны не туралы? 2.«Жігітті жолдасына қарап бағала» деген сөз ді қалай түсінесіңдер? 3.Осы мәтінде екі достың арасында қандай құндылықты байқадыңдар? 4.Сендер өздеріңді достарына адал, шыншыл, жаңашыр және кешірімді дос болу үшін қандай іс –әрекет жасау керек деп ойлайсындар? |