kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" ?ле? - с?зді? патшасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я Исмаилова Малика Абликимовна закончила Казахстанский инжинерно-педагогический университет Дружбы народов по специальности " Казахский язык и литература" и получила степень бакалавра. Сейчас работаю в школе им.М.Хамраева ДМЦ. Свободное время дополнительно работаю со своими учениками. Мне нравится моя работа.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" ?ле? - с?зді? патшасы"»



Тақырыбы: «Өлең сөздің – патшасы».

Мақсаты: Ұлы ақындардың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Абай мен Ыбырайдың портреттері, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.



Абай туралы қанатты сөздер:

Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай

болмағанда данышпан, хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.

Шәкәрім



Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ

баласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы



Байқау мақсаты: Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай мен б Ыбырайдың шығармашылықтарын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен ә әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани б бірлікті қуаттау,отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді.



Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Сахнаға кешті жүргізушілер шығады

1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті байқауға қатысушылар, ұстаздар, оқушылар!Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі,қасиетті де аруақты,әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі- Абай мен Ыбырайдың өлеңдерін сіздермен сыр шертпекпіз.

2- жүргізуші. Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой.Абай мен Ыбырайдың сөздері- халқымыздың, ұлтымыздың ұраны.

1-жүргізуші.Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің,өнердің,әділеттің,адам гершіліктің адам ұлы бола білудің,халық үшін күресудің үлгісі. Құрметті қауым!Дәстүрлі мектепішілік Абай мен Ыбырай оқуларын бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші.Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыстаудың бөктерінде дүниеге келген.Абай жас кезінен зерек болған. Оның зеректігін әрі қарай дамытқан екі адамды –әжесі Зерені,анасы-Ұлжанды атауға болады. Абай жас кезінен тағылымды әңгімелеуді,өлең-жырларды тыңдап,олардағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсті. Абай –артына мол мұра қалдырған адам. Оның шығармалары күні бүгінге дейін терең мағынасымен,асыл да құнарлы жұртқа жол көрсетіп тұр. Екінші бір Абайдың сөз өнерін сүюіне зор ықпал еткен нәрсе – сол заманның шешендерінің тамаша сөздері.Нағыз ақын,әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодалдық-улық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және халықты өнер-білімге шақырады. Ол сонымен бірге шетел классиктерінің, орыс ақындарының еңбектерін қазақшаға аударып,қазақ оқырманының жүрегіне терең бойлата білді. Абайдың көркем шығармаларынан өмірдің қиын мәселелеріне жауап табуға болады.



1-жүргізуші: Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", - деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

1- жүргізуші.-«Өлең – сөздің патшасы» көркем сөз оқу шеберлігін айқындау үшін оқушыларды ортаға шақырамыз.



1-сынып оқушысы: Раджиев Радуллин «Жаз»

Хасинахунова Рияна «Бұл кім?»

2-сынып оқушылары: Акимов Азим «Өнер, білім бар жұрттар »

Алимов Дильяр « Кел, балалар,оқылық!»


3-сынып оқушылары: Ташваева Умида «Ғылым таппай, мақтанба»

Анваров Турганжан «Кел, балалар, оқылық!»

Ганиева Алиям «Қыс»

Марисова Алина «Әсемпаз болма әр неге»

Аблезова Зарина «Күз»

4-сынып оқушылары: Камалжанов Алихан «Өнер, білім бар жұрттар»

Абдишукирова Рамина «Өзен»

Тохтахунов Ильяр «Жазғытұрым»

Низамова Нигара «Құлақтан кіріп, бойды алар»

3- сынып оқушылары: «Желсіз түнде жарық ай»

4-сынып оқушылары: «Көзімнің қарасы»

1-жүргізуші.

Түбі терең ойымнан,

Сөз жазамын қиыннан

Өлеңімнің барлығы

Өмірімнен алынған.



Кеш қорытындысында мектептегі кітапханашымызға сөз беріледі.Алға шыққан оқушылар мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталады. Осымен Ұлы Абай мен Ыбырай аталарымыздың құрметіне арналған шарамызды аяқтаймыз.Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
" ?ле? - с?зді? патшасы"

Автор: Исмаилова Малика Абликимовна

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289260


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства