Мектеп кітапханасыны? жеке т?л?а?а ?осымша біліи мен т?рбие берудегі р?лі
Мектеп кітапханасыны? жеке т?л?а?а ?осымша біліи мен т?рбие берудегі р?лі
Кітап бізді? рухани жан азы?ымыз
23 – с?уір Д?ниеж?зілік кітап к?ніне а?парат са?аты
?лемде к?птеген мереке к?ндер бар, сол сиа?ты "Кітап ?ажайып ?азына" демекші, "23 – с?уір Д?ниеж?зілік кітап к?ні" болып табылады. Сонды?танда б?гінгі ?ткізгелі отыр?ан іс – шарамызды? басты міндет-ма?саты-кітапты? адам ?міріндегі, ?о?амда?ы орнын ай?ындау, ?мірде ?лем тамашасын ?йде отырып-а? кітаптан білуге болатынын ?йрету. Кітап–заманымызды? ?мірі, к?ріге де, жас?а да ?ажет. Кітап д?ниетанымды ке?ейтіп рухани жанд?ниені оятады.
Осы т?ста кітап жайында ?ызы?ты м?ліметтер айт?ым келіп отыр. Кітап арабты? "жазу" деген с?зінен шы??ан екен..Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шы?ыс елдерінде, Римде, Грекия да та?та тастар?а сына жазумен жазатын бол?ан. Мысырда ?амысты ??дейтін, кітаптарды к?птеп к?шіретін шеберханалар аш?ан. ?амыстан жасал?ан о?тауша кітаптар онша т?зімді болма?ан. Бізді? заманымыздан б?рын ІІ ?асырда ?амысты? орнына тері жар?а? ?олданыла бастады. ?у баста жар?а? кітап о?тауша орама т?рінде жасалды. Бізді? заманымызды? І ?асырынан бастап т?птелген пара?ты б?ктеме кітап д?ниеге келген екен. Ескі ш?беректен жасал?ан Самар?анны? сар?ыш ?а?азы ?лемге ?йгілі болды. Кейіннен жануарларды? терісінен пергамент деп атал?ан материал жасалып, кітап со?ан жазыл?ан. 1800 жылы патша ?кіметі Ресей халы?тарыны? тілдерінде кітап шы?ару?а р??сат етті. Осы?ан орай ?азан, Уфа, Орынбор, Семей ?алаларында кітаптар шы?а бастады. Ол тарих шежіресі, о?у-т?рбие ??ралы болып табылады. "О?ымаса? ой то?ырайды" о?ыма?анны? ойы таяз, санасы т?мен, ?ара??ы болатынын д?лелдейді
"Кітап жинай берген м?рат емес, о?ы?ан м?рат" деген на?ыл с?здерде текке айтылмаса керек. Адамзатты? а?ыл-ойы ойлап тап?ан керемет д?ниелер к?п. Сол кереметті? ішіндегі е? ?ажап кереметі-кітап. Осы т?ста сіздерге мына кітаптарды жа?ыныра? таныстыр?ым келіп отыр.
?здері?із білетіндей 1-мамыр халы?тар бірлігі мерекесі жа?ындап келеді, ал б?л ?аза? хал?ымен ?згеде ?лттар мерекесі, сонды?танда осы кітапты та?дадым. Б?л кітап "?лем халы?тары" деп аталады. Таныстыр?алы отыр?ан кітапты? мына та?ырып бойынша то?талып ?ткім келіп т?р. ?здері?із білетіндей Азия ??рлы?ында халы? ты?ыз ?оныстан?ан.М?нда?ы миллионда?ан ?лт ?кілдеріні? ?зіндік діни наным-сенімдері бар. ?лем халы?тарыны? басым к?бі ?станатын орта? діндер-Буддизм, Христиан, Индуизм, Ислам діндері.Азия ??рлы?ында?ы е? танымал мемлекеттер: Ау?аныстан, Бангладеш,?ытай, Сингапур,?аза?стан,Непал, Тайланд, Т?ркия, Вьетнам елдері. ?ызы?ты а?парат ?азіргі Т?ркия, Сирия, Иран ж?не Ирак елдеріні? шекарасы б?рын к?рдтерді? мекені бол?ан.
Келесі ?сын?алы отыр?ан кітап "?лем кереметтері" деп аталады. Б?л кітапты? ?зі бірнеше б?ліктерден т?рады соны? ішіндегі е? ?зындар б?ліміне то?таса? м?нда: Д?ниеж?зілік сауда орталы?ы, б?л ?имарат?а 2001 жылы 11 ?ырк?йекте террористер шабуыл жасап, екеуінде жермен-жексен еткен еді. Келесі к?ріп отыр?андары?ыз Петронас егіз м?наралары, Эйфель м?нарасы, Эверест тауы, Си-Эн Тауэр ?лемдегі е? биік ?имарат т.б
"О?ымаса? ой то?ырайды" демекші,о?у білім то?та?ан жерде рухани ?су, жетілу тежеледі, сонды?тан ?здері?ізді ?ызы?тыратын м?ліметтер іздесеніздер кітапханадан іздеген м?ліметтері?із бойынша кітаптарды тауып о?и аласыздар,рахмет!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп кітапханасыны? жеке т?л?а?а ?осымша біліи мен т?рбие берудегі р?лі »
Мектеп кітапханасының жеке тұлғаға қосымша білім
ментәрбиеберудегірөлі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу кажеттігі баса айтылған. Қазіргі таңда алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін жеке тұлғаның қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі ерекше. Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап жеке тұлғаның кабілеттерін ашу ұстаздардың бірден-бір міндеті болып саналады. Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты. Сондықтан да ұстаз талантты тауып, танып, таныта білуі керек. Қай мемлекеттің болсын, даму деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден-бір құдірет оның экономикасы да, әскери күші де, материалдық байлығы да емес, тек қана білім беру жүйесінің сапасы болып табылады. Әсіресе, дамудың жаңа сатысына көтерілген біздің еліміміз үшін білім саласының атқарар қызметі өлшеусіз. Білім беру жүйесі Қазақстаннщ ұлттық даму саясатында белгіленген басымдықтар қатарында ерекше орында тұр. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында да білім беру ісіне үлкен орын берген. Бізге экономикалық және қоғамдык жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Тәуелсіз елді өркениетгі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек. Ол үшін тұлғаға қосымша білім мен тәрбие беруде адалдық, рухани адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.
Қазіргі таңда жан-жақты қосымша білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала береді. Оқушы кітапхана арқылы ақыл-ойдың інжу-маржанын бойына жинайды. «Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос күн» демекші, оқушыларды көркем әдебиеттерді таңдап оқи білуге үйрету қажет. Ол үшін оқырмандарды жас күнінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек, - дейді А.И.Маткулеевич. Кітапханада оқушыларды айналадағы өмірмен жақсы болуға, адамға мейіріммен қарауға, жақсылық істеуге тәрбиелейді.
Мен өзімнің тәжірибеме жүгіне отырып, «қазақтың ұлтжанды әрбір азаматы Абайын тануы керек» дер едім. Сол себепті де оқушыларға Абайдың қара сөздеріндегі даналықты, поэзиясындағы қуаттылықты, сөзіндегі шешендікті арасында өткізген «Абайды оқы, таңырқа» атты Абай оқуларын ұйымдастыру арқылы оқушы санасына білім мен тәрбие нәрін сіңіре білдім деп есептеймін. Абай шығармаларының оқушыларға білім мен тәрбие беруде алатын орны ерекше. Осы ісімді жалғастыра келе, өзге де қазақтың ақын-жазушылары туралы түрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырдым. Бүгінгі мектеп кітапханасы өз уақытының деңгейінде болып, мектептің дамуына атсалысып, оған балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеуде белсене көмектесуде. Оқушыларға білім мен тәрбие беру - қазіргі мектеп кітапханаларының ең маңызды міндеттерінің бірі. Жеке тұлғаны рухани-адамгершлікке тәрбиелеудің мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқуға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Мектеп кітапханасында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде әртүрлі қызмет түрлері қолданылады.
Ауызша түрі: - дәрістер, оқу кештері, факультативтік сабақтар; - библиографиялық шолулар, сұхбаттар, кеңестер; - оқырман конференциялары; - шығармашылық, әдеби-музыкалық, тақырыптық кештер; - танымал тұлғалармен кездесу кештері; - диспуттар, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар; - түсаукесерлер. Көрнекілік түрі: - аралас көрмелер; - стендтер. Баспа басылымдары: -библиографиялық шолулар, библиографиялық көрсеткіштер; - жарнама материалдар: хабарландыру, шақыру қағаздары және т.т. Кешенді түрі: - әртүрлі үлгідегі (ауызша, көрнекі, баспа) кітапханалық сабақтар (апталық, онкүндік, айлық), экскурсия. Оқушыларға рухани- адамгершілік тәрбие беруде кітапханашыларға нақты жағдай мен алғышарт болуы қажет. Оған мыналар қатысты: - оқушылардың талаптарын жақсы білу; - рухани-адамгершілік тәрбие мақсатында оқушылардың қызығушылығын арттырудағы іскерлік;
-кітапханада жақсы анықтамалық-библиографиялық ақпараттың болуы. Осы мақсатты ұстана отырып, мектеп базасында медиатека жасақталу үстінде. Сол сала бойынша жасалған жұмыстардың нәтижесін көре отырып, оқушылар үшін «ғылыми орталық» болып саналатын кітапханаға ақпаратты жүйенің бірінші кезекте қажет екенін ұқтым. Жас ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі мол. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол, парасатты, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп қоюымыз керек.
Ғұлама ұлы бабамыз эл-Фараби: «Тәрбиесіз қолға білім салма» десе, Ахмет бабамыз: «Біз әрқашан білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет, тәрбиелі білімдар... Міне адам! Міне тұлға!» деп тәрбиесіз берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын баса көрсеткен. Біз осы кағидаларды әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Ең алдымен, таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек. Осы тұрғыда оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру мен білім беруді ұштастыра отырып, көптеген тәрбиелік жұмыстар жүргіздім. Атап айтсақ, «Адамгершілік - асыл қасиет», «Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі», «Жақсы мінез - жан азығы», «Білімді мыңды жығар...», «Білім кілті - кітапта» және т.б.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие мен білім берудің мынадай әдістемелік жолдарын қарастырады:
- ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру;
- ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту; - салт-дәстүр негізінде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу;
- ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты оқушыларға дарыту.
Оқушыларға білім мен тәрбие беру жолында тағы да көптеген тәрбиелік жұмыстар жүргізуге болады. Мектептерде тәрбие жүйесіне белгілі ұйымдастырушылық құрылым тән. Бұл құрылым үлгісін жобалағанда қалыптасады және жүйенің қызмет істеу барысында реттеліп тұрады, жүйемен бірге дамиды.
Тәрбие жүйесін қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады: -мұғалімдердің шығармашылық тобын құру;
- тәрбиені ортақ іс-әрекет;
-тәрбиені біртұтас ұжым жұмысы ретінде қалыптастыру.
Кітап - әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру - білімге қызықтыру. Ата тарих пен ұлттық сананы калыптастыру. «Жақсы кітап оқу - жақсы адаммен сырласқанмен бірдей» деп Л.Толстой айтқандай, оқу-білімсіз, рухани демеусіз, тәлім-тәрбиесіз ешкім де алысқа ұзай алмайды. Кітапхана біздің рухани құндылығымыз, теңдесі: байлығымыз. Замандардың өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз. Бала - болашағымыз, өсер ұрпақ өзгеден емес, өз ішімізден іздесе мадақтар да, мақтанар да ұлы перзентіміз болмақ. Кітапхана қашан да ғажайып қазына. Осы қазынадан нәр алып, оны бойына сіңіре білга жас ұрпақ - Отанымыздың ертеңгі берік тірегі болмақ.
Кітапхана – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы . Әсіресе, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың қосар үлесі зор. Соның ішінде мектеп кітапханасы - оқушыға әдебиет таңдауға, оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, мұғалімге кәсиби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы. Осыған орай , елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзін тілге тиек еткім келеді: «Қазақстан ел болашағы – жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл – мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі . Болашақта білімді де, қабілетті, ел үшін аянбай еңбектеніп, Қазақстанның даңқын асыратынына, мәртебесін асқақтататына мен сенемін »
Мына слайдта көріп отырғандай мектеп кітапханшысы оқулықпен ғана жұмыс жасамай, көпшілік жұмыстар атқаратынын айтып өткенді жөн көрдім.
1 сыныптарға мектепті жаңа аттаған оқушыдан бастап 10-11 сыныптармен әр түрлі іс – шаралар жүргізетінін айтпақпын.
Мектеп кітапханасының басты міндеттерінің бірі: Мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламалары , кітаптарды және ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытады.
Кітапхананың мақсаты – оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпараттық мәдениет – ақпаратты құрастыру, өңдеу, сақтау, іздестіру мен пайдалану деген ұғымды білдіреді, сондай – ақ, кітапхананың ақпараттық кеңістігінде өзінің орнын сезіне білу, өзін ақпаратты құрастырушы, тұтынушы ретінде қабылдау, ақпараттық жағдайды түсіне білу.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін , рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білуі керек» - деген болатын.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.