kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ма?ал-м?телдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: о?ушылар?а  ма?ал – м?телдерді?   жасалу жолы    туралы  т?сінік  беру.

Дамытушылы?:   ой-?рісін, ойлау белсенділігін, с?йлеу шеберлігін, тіл м?дениетін дамыту, шы?армашылы?  ?абілетін  арттыру.

Т?рбиелік: Ма?ал – м?телдер  ар?ылы  тап?ырлы??а, ?лтжандылы??а  , ?дептілікке  т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ма?ал-м?телдер" »


Пән: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Менғали Н.Т.

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер

Тізбектелген сабақ реті: 1 сабақ

Күні: 25.11.14ж.

Сабақ ұзақтығы:

45 мин

Сынып:

5 «Б»

5 «А»

5 «Ә»

Оқушы

лар саны:

17

13

13

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары, АКТ – мен жұмыс, «зымыран сұрақтар» шығармашылық жұмыс, диалог құрау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Негізгі түсініктер:

Мақал – мәтелдердің айырмашылығын түсіндіру.

Өткен сабақпен байланысы: Тұрақты тіркестер туралы білімдерін еске түсіру.

Бағалау: Әр кезеңді фигуралар арқылы бағалап отыру. Жинаған фигуралар саны «Бағалау парақшасына» түсіріледі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға мақал – мәтелдердің жасалу жолы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Мақал – мәтелдер арқылы тапқырлыққа, ұлтжандылыққа , әдептілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: сурет, әдебиет, өзін - өзі тану.

Күтілетін нәтиже: Мақал – мәтелдердің айырмашылығын түсіндіру.

Көрнекіліктер: Мақал – мәтелдер туралы сызба – кесте, таныстырылым № ,үлестірмелі кеспе қағаздар

Формативтік бағалау түрі


«5» - толық, әрі дұрыс жауап бергенде қойылады.

«4» - толық емес, бірақ жауап дұрыс болған жағдайда қойылады.

«3» - емле – ережені қолдана алмаған жағдайда қойылады.


Уақы

ты


Жұмыстың түрі



Мұғалімнің рөлі



Оқушының рөлі


1 мин






Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

  2. Сабаққа психологиялық дайындық.

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушыларға жақсы көңіл - күй тілеу;

  3. «Күту ағашына» бүгінгі сабақтан оқушылардан не күтетінін стикерге жазып іледі.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Күту ағашына» бүгінгі сабақтан не күтетінін стикерлерге жазып іледі.


8мин




Өтілген тақырыпты еске түсіру.

Зымыран сұрақтар:

1.Тұрақты тіркес деген не?

2.Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша не деп атаймыз?

3.Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?

4.Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?

5.Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?

6. .Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?


Оқушылар тұрақты тіркестер туралы білімдерін

пысықтайды.




Оқушылар диалогтік қатынасқа түсіп, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.



3 мин

Өзектілеу кезеңі

Интерактивті тақтадан берілген тұрақты тіркестермен мақал – мәтелдерді салыстыру.

  • Апама жездем сай

  • Ит өлген жер

  • Кең болсаң, кем болмайсың.

  • Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.

Мысалдардың өмірлік мән – мағынасына талдау жасау.

Оқушылар сөздердің мағынасын ашады, салыстырады, бір шешімге келеді.



10мин

Жаңа сабақ

Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: кең болсаң, кем болмайсың. Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де бірінші бөлімінде себеп немесе шарт, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.

Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.

Оқулықпен жұмыс.

126 - жаттығу. Тұрақты тіркестерді, мақал – мәтелді аяқтау.

127 – жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жазу.

Интерактивті тақтадан берілген сөздердің мағынасын аша отырып, Венн диаграммасы арқылы салыстыра отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.


мақал мәтел





Жаттығулар барысында жаңа тақырыпты қалай түсінгендігін бақылау.

Оқушылар ізденеді, емле – ережені еске түсіреді.






Бекіту кезеңі

Мақал – мәтелді қатыстыра отырып диалог құрау.

Әр топ мақал – мәтелді пайдаланып, диалог құрайды. Әр оқушының сөздік қорын байқау.

Бірлесіп, ақылдасады, жауаптың дұрыстығына көз жеткізеді.

7 мин

Қорытындылау кезеңі

  1. Шығармашылық жұмыс.

Берілген мақал – мәтелден мәтін құрау.

Сергіту сәті.

Тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау. Жеңіске жеткен топты марапаттау.




Оқушылар тапсырманы орындауда алған білімдерін қолданады, өздігінен жеке жұмыс жасауға дағдыланады.

2 мин

Бағалау

Критериалды формативті бағалау.

Критерилермен таныстыру

Критерий бойынша «Бағалау парақшасына» өзін –өзі бағалауы.

2 мин

Үй тапсырмасы

129-130 - жаттығу, жаттау

Үй тапсырмасының орындалуын түіндіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын түсіреді.

2 мин


Рефлексия кезеңі

  • Сабақтан қандай әсер алдың?

ББҮ әдісі.

Әр оқушының көңіл – күйіне тоқталу.

ББҮ әдісі арқылы не үйренді, нені білетінін, нені білгісі келетінін айтып ,өз ойларымен бөліседі.



Пән: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Менғали Н.Т.

Сабақтың тақырыбы: Ауызша және жазбаша тіл

Тізбектелген сабақ реті: 2 сабақ

Күні: 3.09.14ж.

Сабақ ұзақтығы: 45 мин

Сынып:

5 «Ә»

5 «Б»

Оқушы

лар саны:



Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары, АКТ – мен жұмыс, топтық жұмыс, тестпен жұмыс

диалог құрау, «Кім жылдам?» ойыны.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Негізгі түсініктер:

Әдеби тілдің түрлері туралы мәлімет алады.

Өткен сабақпен байланысы:

Ана тілінің қызметі , жасалу жолын еске түсіру

Бағалау: Әр кезеңді фигуралар арқылы бағалап отыру. Жинаған фигуралар саны «Бағалау парақшасына» түсіріледі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға әдеби тілдің түрлерінен нақты деректер келтіре отырып түсіндіру.

Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге тәрбиелеу. Адамгершілік, адалдық,еңбексүйгіштік қасиеттердің сіңуіне ықпал ету.

Пәнаралық байланыс: сурет, әдебиет, өзін - өзі тану.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтіннен түсінгендерін айтып, өмірмен байланыстыра алады.

Көрнекіліктер: Әдеби тіл туралы сызба – кесте, таныстырылым № ,үлестірмелі кеспе қағаздар

Формативтік бағалау түрі


«5» - толық, әрі дұрыс жауап бергенде қойылады.

«4» - толық емес, бірақ жауап дұрыс болған жағдайда қойылады.

«3» - емле – ережені қолдана алмаған жағдайда қойылады.


Уақы

ты


Жұмыстың түрі



Мұғалімнің рөлі



Оқушының рөлі


1 мин






Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

  2. Сабаққа психологиялық дайындық.

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушыларға жақсы көңіл - күй тілеу;

  3. «Күту ағашына» бүгінгі сабақтан оқушылардан не күтетінін стикерге жазып іледі.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Күту ағашына» бүгінгі сабақтан не күтетінін стикерлерге жазып іледі.



8 мин




Үй тапсырмасын қайта бағыттау, түрткі сұрақтар арқылы тексеру. (4- сыныптан өткенді қайталау)

Оқушылардың бір – біріне жеңіл немесе күрделі сұрақтың қойылуын қадағалау.

Оқушылар диалогтік қатынасқа түсіп, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.



3 мин

Өзектілеу кезеңі

Интерактивті тақтадан ана тіліне қатысты қанатты сөздер беріледі.


Қанатты сөздердің өмірлік мән – мағынасына талдау жасау.

Оқушылар пікірлерді салыстырады, бір шешімге келеді.



10 мин

Жаңа сабақ

. Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.

Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.


Оқулықпен жұмыс. 7 – жаттығу. Мәтіндегі ойды анықтау.

Венн диаграммасы арқылы әдеби тілдің түрлерін салыстыра отырып түсіндіру.


Оқушылар ізденеді, емле – ережені еске түсіреді.






10 мин

Бекіту кезеңі

Пікірталас ұйымдастыру.

І топ «Тіл қаруы -сөз»

ІІ топ «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес»

ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы»

Әр топтың жауабын тыңдап, бағалау. Дұрыс жауапты қарсы топтарға тексерту.

Бірлесіп, ақылдасады, жауаптың дұрыстығына көз жеткізеді.

7 мин

Қорытындылау кезеңі

«Кім жылдам?» ойыны. Ана тіліне қатысты мақал – мәтел жарысы.

Тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау. Жеңіске жеткен топты марапаттау.

Оқушылар тапсырманы орындауда алған білімдерін қолданады, өздігінен жеке жұмыс жасауға дағдыланады.

2 мин

Бағалау

Критериалды формативті бағалау.

Критерилермен таныстыру

Критерий бойынша «Бағалау парақшасына» өзін –өзі бағалауы.

2 мин

Үй тапсырмасы

4- жат . жаттау

10 тыйым сөз жаттау

Үй тапсырмасының орындалуын түіндіру.


Күнделіктеріне түсіреді.

2 мин


Рефлексия кезеңі

  • Сабақтан қандай әсер алдың?

ББҮ әдісі.

Әр оқушының көңіл – күйіне тоқталу.

ББҮ әдісі арқылы не үйренді, нені білетінін, нені білгісі келетінін айтып ,өз ойларымен бөліседі.









«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы»,

«Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша


1.Тура мағыналы сөзді тап.

А) қара тас В) жуас кісі

С) тас жүрек Д) терең ойлы Е) ыстық ықылас

2. Тура мағыналы сөзді тап.

А) Ат арылту В) Ат сату

С) Ат ойнату Д) Ат салысу Е) Ат ізін суытпау

3. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.

А) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды.

В) Айман оған жылы лебізін білдірді.

С) Түнгі ауа салқындай бастады.

Д) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.

Е) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.

4. Көп мағынаға ие бола алатын сөзі тап.

Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.

А) аспан В) қанат С) құс

Д) қалықтау Е) анық

5. «Полисемия» деген не?

А) дара мағыналы В) мағынасы жоқ

С) тура мағына Д) көп мағыналы

Е) ауыспалы мағына

6.Ауыспалы мағынада қолданып

тұрған сөзді тап.

А) Қалада өзбек ұлттық мәдени орталығы бар

В) Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.

С) Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын

Д) Оны көрмегелі біршама жылдар өтті.

Е) Көктемде отырғызылған жас

шыбықтардың жапырағы шыға бастапты.


  1. «Суық хабар» асты сызылған сөз

қандай мағына беріп тұр.

А) көптен күткен В) сүйініш

С) қайғылы Д) қуаныш Е)күтпеген


8. Ауыспалы мағынадағы сөзді тап.

А) шалғай ауыл В) ақ қар

С) кең сынып Д) жазық дала Е) құрғақ сөз


9. Ауыспалы мағыналы сөзді тап.

А) Қолындағы малын ермек етіп отыр.

В) Кіші інісі мектеп бітіргелі жатыр

С) Оның әжесі көп ертегі білетін

Д) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа

танымал болған.

Е) Алыстағы ауылдардың көптеген

қиындықтары бар.


Е) Алыстағы ауылдардың көптеген

қиындықтары бар.

10. Қай сөйлемде «қара» сөзі ауыспалы

мағынада қолданылған?

А) Олар қара тастан үй тұрғызды.

В) Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық.

С) Хат қара сиямен жазылыпты.

Д) Қодар жырда қара күштің иесі

ретінде суреттеледі.

Е) Ол бүгін қара костюмін киіпті.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Ма?ал-м?телдер"

Автор: Менгали Нургуль Токтасынкызы

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150689


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства