kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?жан Жумабаев саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен б?гінгі саба?ымды ?аза?ты? кеме?гер жазушысы М?хтар ?уезовты? Ма?жан Ж?мабаев туралы айт?ан с?зімен баста?ым келіп отыр. «Абайдан кейін Ма?жанды с?йемін.Ма?жан культурасы зор а?ын. Б?гінгі к?нні? бар жазушысыны? ішінен келешекке бой ?рып, арт?ы к?нге аны? ?алу?а жарайтын с?з – Ма?жанны? с?зі» деп, оны? а?ынды?ын да, ?дебиет тарихында?ы орнын да д?п басып айт?ан болса,Тауып айт?ан с?здеріне адам т?гіл тас иген», - деп Шы?ыс ж?лдызы ?бдірахман Ж?ми жырла?андай, М.Ж?мабаев ?ле?деріні? ??діретіне табынбас?а болмайды. ?аза? поэзиясыны? жары? ж?лдызы Ма?жан Ж?мабаевты? ?ай ?ле?ін алса? та, адамны? сезімін селт еткізіп, ойла?аны?ды д?п басып айтады. Б?гін біз Ма?жан шы?армаларына то?таламыз.

      Сіздергі Ма?жан ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ма?л?мат жина?тау тапсырыл?ан болатын, ?азір ?р топ?а ?з ж?мыстарын ?ор?ау?а 5-7 минут уа?ыт беріледі. Алдары?ызда ба?алау ?а?азы. ?р топ жетекшілері тапсырмалар бойынша ба?алап отырады, саба? со?ында ?орытындылайды. (5 минут)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?жан Жумабаев саба? жоспары»

Сабақ жоспары

Поурочный план

The plan of the iesson


Күні\Дата\Date:------------------------------------------------------------------------

Топ\Группа\Group:-------------------------------------------------------------------

Пән\Предмет\Subject: Қазақ тілі мен әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы\Тема занятия\Theme: Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың үлгісі\Тип занятия\Type of the lesson: Практикалық сабақ.

Сабақтың түрі\Вид занятия\Kind of the lesson: Аралас сабақ.

Мақсаты\Цели занятия\Objectiyes:

1. білімдік\образовательная\educational - Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін студенттер есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.

2. дамытушылық\развивающая\ developinq– Өлеңдерін тыңдау, оқу, өлеңнің мазмұн-мағынасы туралы сөйлеу арқылы оқушылардың әдеби тілін дамыту, өлең құрлысының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлап, салыстыруға баулу.

3. тәрбиелік\воспитательная\brinqinq-up – М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу. Адамгершілік ізгі қасиеттерге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар\оборудование\Resources: Бейне жазба, презентация, таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы\План занятия\Plan:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Түгендеу;

  • Жаңа сабаққа баулу;

ІІ. Негізгі бөлім

Мен бүгінгі сабағымды қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезовтың Мағжан Жұмабаев туралы айтқан сөзімен бастағым келіп отыр. «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын... Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан болса,Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады. Бүгін біз Мағжан шығармаларына тоқталамыз.

Сіздергі Мағжан өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат жинақтау тапсырылған болатын, Қазір әр топқа өз жұмыстарын қорғауға 5-7 минут уақыт беріледі. Алдарыңызда бағалау қағазы. Әр топ жетекшілері тапсырмалар бойынша бағалап отырады, сабақ соңында қорытындылайды. (5 минут)

ІІІ. Топ жұмыстары.

ІҮ. Сұрақтарға жауап беру.

Әр топ өз жұмыстарын қорғаған соң, сұрақ қойылады.

1-3

2-1

3-2 (20 минут)

Ү. Сергіту сәті. (5 минут)

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын, сергіп алайық.

ҮІ. Топтық жұмыс.Мағжанның өлеңдерін құрылысына талдау.

3 топқа Мағжанның 3 өлеңі беріледі.

1 топ – «Жазғытұры» өлеңі

2 топ – «Анама» өлеңі

3 топ – «Туған жер» өлеңі

Дайындалуға берілетін уақыт 5 минут, қорғауға 5 минут. (20 минут)

ҮІІ. Грамматикалық тапсырма:

Осы өлеңдерінен грамматикалық тапсырма орындау.

1 топ – «Жазғытұры» өлеңінен етістікті сөз тіркестерін табу;

2 топ – «Анама» өлеңінен антонимдерді табу

3 топ – «Туған жер» өлеңінен Туған жерім, алтыбақан сөздерін септеу

7 минут, қорғауға 5 минут. (22 минут)

ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс.

1 топ – Мағжантанушылар

2 топ – практикамен байланысы

3 топ – Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровты салыстыру. Дәптерлеріне шығармаларын бөліп жазу.

ІХ. Аймақтық компонент

Сұрақ-жауап арқылы Қостанай қаласында, Қостанай облысында Мағжан Жұмабаев атында не бар?

Х.Сабақты қорытындылау:

Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы қорыту.

Х. Үйге тапсырма:

ХІ. Бағалау.

Әдебиет\Литература\Literature:

  1. Исаев С. М. «Қазақ тілі» Алматы -1993

  2. Балақаев М., Жанпейiсов Е., Томанов М., Манасбаев Б. «Қазақ тiлiнiң стилистикасы» Алматы-1974

  3. Бектұров Ш. К. «Қазақ тілі» Атамұра – 2006

  4. Байсақалова Ұ. С. «Қазақ тілі» Астана – 2007

  5. Бектұрова А. «Қазақ тілі для начинающих» Алматы -1994

  6. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы – 2004

  7. «Самоучитель казахского языка» Аруна – 2005

  8. Құрманова А. Қ. «Қазақ тілі» Көкшетау -2008



Бұқаралық ақпарат басылымдары:

  1. «Казахский язык и литература в русской школе» журналы

2. «Білім беру мекеме басшысының анықтамалығы» журналы





















































Туған жер

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер.

Жастық - алтын, қайтып келмес күнiмде

Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер.


Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм.

Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнiм.


Тәттi суың дәмi аузымнан еш кетпес,

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,

Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..


Балақ түрiп, қозы қуып, жарысып,

Батпағыңда тең құрбымен алысып.

Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндiз

Үйретем деп асау тайға жабысып.


"Адам басы - алла добы" деген рас,

Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.

Кiм бiледi, мен де шетке кетермiн,

Туған жерiм,сенi тастап басым жас.



























Жазғытұры

Су ақты, жетті апрель қырдан ойға,

Секіріп арық-тұрақ кетті тойға.

Жас бала: «Жазғытұры туды»- десіп,

Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да.


Қуанып жан-жануар, алшаң басып,

Қалмады қайғы-уайым ешбір ойда.

Нұрлы Күн алтын нұрын шашты аямай,

Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға.


Су ақса, тау жаңғырарсылдыр қағып,

Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып,

Түрлі үнмен жаңа келген жылдың құсы

Тұрғандай қобыз ойнап, әнге салып...


Май келді, жер құлпырды, гүлдер жайнап,

Жібектей көгорайлар жатқан жайнап.

Сұлудай бұраңдайды бұтақтар да,

Ән салса әр түрлі құс тұрған ссайрап.


Суықтап тоңып өлген шыбын-шіркей,

Тіріліп қанат қағып быж-быж қайнап.

Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап,

Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.


Уызға жаңа тойған жас құлынды

Шыңғыртып, жылқышылар ұстап, байлап,

Азырақ күйлі шыққан қысыр тайын

Балалар шапқыласқан, мініп жайдақ,


Қыс қысқан арық-тұрық, жаман-жәутік

Кетті ғой әлдеқашан тырақайлап,

Жаратқан жанға рақат жазғытұры,

Шүкір қыл бір аллаға «я, құдайлап».


















Анама


Өмірімнің қап-қараңғы түнінде,

Ше не білмес түсім бе, я өңім бе?

Оң менен сол, от пенен су айырмас,

Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,-


Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,

Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам»

Ыстық, суық,желге, күнге тигізбей,

Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.


Түнде тұрып түн ұйқыңды төрт бөлдің,

Тыныш ұйқысын деп аз сөйлеп, аз күлдің,

Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған

Екенімді ойламастан тез білдің.


«Жаным – дедің,- қарашығым, құлыным»,-

Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың»-

Қаз-қаз тұрсам, езу тартсам, құласам,

Я жыласам – бәрі жақсы қылығым.


Жаным анам – жібек тілді, ақ көңіл,

Жазу болып, шегер болсам ұзын жол.

Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға,

Жан балаңа ақ батаңды бере гөр!...



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ма?жан Жумабаев саба? жоспары

Автор: Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297882


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства