kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?РКЕТАУЫ? ?СІРУ ШАРУАШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ркетауы? ?сіру шаруашылы?ын

ауылды? жерде дамыту

 

                                                                 Кіріспе:

             ?ол?а ?йретілген ?й ??старыны? е? ірісі – к?ркетауы?. Ол ал?аш рет Мексика ж?не Американы? о?т?стік ??ірінде жабайы т?рінен ?ол?а ?йретілген. Оны? еті сі?імді, ??рамында н?руызы мол. Орташа салма?ы 9-15 килограмм. Африканы? батыс, солт?стік айма?ында ?ол?а ?йретілген тауы? т?різдес ??сты? бірі - цесарка (мысыр тауы?ы деп те атайды). Оны да д?мді еті ?шін ?сіреді. ?азіргі кезде цесарканы  Еуропа елдері, А?Ш ж?не Австралияда к?птеп ?сіреді. ??старды? адам ?мірінде ма?ызы орасан зор. Асыранды ж?не таби?и ??старды ?олда ?сіру ??с шаруашылы?ы деп аталады. ??с шаруашылы?ы - мал шаруашылы?ыны? бір саласы. ??с ?сіруді? ?нерк?сіптік сипаты бар. ?сіресе арнаулы ??с фабрикаларында тауы? ?сіру халы?ты етпен, ж?мырт?амен ?амтамасыз етуге м?мкіндік береді. Бір ?ана ??с фермасында 300 мы?нан астам ??с ?сіруге болады. Одан жыл сайын миллионда?ан тонна ж?мырт?а алынады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?РКЕТАУЫ? ?СІРУ ШАРУАШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ »








Күркетауық өсіру шаруашылығын

ауылдық жерде дамыту




Бизнес- жоспарды жасақтаған:

Зинелғабиденова Үміт Нәсіпқалиқызы







2014 ж

Күркетауық өсіру шаруашылығын

ауылдық жерде дамыту


Кіріспе:

Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-15 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауық тәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде цесарканы Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен, жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа алынады.

Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауық тәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауық тәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауық тәрізділердің 26 түрі мен 11 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары , далалық ергежейлі бөдене,Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Құс шаруашылығында негізгі шығындар тек жемге ғана емес, сондай-ақ балапандар сатып алуға да жұмсалады. Қазір, Қазақстан нарығында алуан құс түрлерін сатып алуға қатысты ұсыныстар көптеп кездеседі. Мәселен, қазақстандық сайттарда мекиендердің, етті тауықтардың, қаздардың, бөденелердің, күркетауықтардың және үйректердің балапандарын сатып алу жөнінде көптеген хабарландыруларды кездестіруге болады. Балапандардың орташа құны 100 теңгеден бастап 700 теңгеге дейін құбылады. Орташа алғанда: қаздың балапаны –500 тг, үйрек балапаны – 250 тг, күркетауық балапаны – 500 тг және т.б.

Күрке тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсіру рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар өте қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.

Күркетауық шаруашылығы бройлер өндіруден кейінгі құс шаруашылығының екінші саласы болып табылады. Аталған бағыт күркетауықтың жоғары сапалы етін алатын Америкада ең көп таралған.

Күркетауық еті 28% жеңіл сіңірілетін протеині бар, аз калориялы және диеталық ет болып табылады, сонымен қатар ет жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді және 95%-ға дейін сіңімді ақуызы бар. Сонымен қатар күркетауық еті жүйке жүйесі ауруларының алдын алатын темірге, магнийге , бұдан басқа жастықты сақтайтын, әрі рак ауруларының дамуының алдын алатын селенге, сүйек, шаш пен тырнақты жақсы күйде сақтайтын фосфорға, кальцийге, сонымен бірге PP, B6, B12, B2 және т.б. дәрумендерге бай.

Күркетауық етінің негізгі тұтынушысы - бөлшек сауда сатып алушысы. Сондықтан күркетауық етін өндіру ең табысты болып табылса да, оның даму жағдайы өте төмен деңгейде.

Күрке тауық өсіру

Күрке тауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларын жұмыртқаға 27-30 күн бастыру арқылы немесе жұмыртқаларды пайдалана отырып инкубаторда да жүзеге асыруға болады.

Егер көбейтудің бастапқы кезеңінде инкубаторлық станциялар мен құс фабрикаларынан бір тәулік болған балапандарды алсаңыз, қиындықтар да аз болады. Немесе оларды инкубациялық жолмен де өсіреміз. Балапандарды күрке тауықсыз шығарған кезде алдын ала лайықты орын дайындау қажет. Ең дұрысы – полиэтилен қаптамамен қапталған (төбесі мен алдынан басқа жерлері) торланған. Жылыту үшін 250 Вт лампаны қолданып, температураны 36°С-ден төмен түсірмеу қажет. Жем беретін ыдысын, су беру науасын және майда ойығы бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру қажет. Төсенішті (ең дұрысы сабан немесе пішен) – үнемі ауыстырып тұру қажет. 2-2,5 айдан кейін күрке тауық балапандарын құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмауы керек, жылытқыш шам қою қажет.

Күрке тауық балапандарын алғашқы күндері ұсақтап туралған піскен жұмыртқалармен қоректендіреді. 5-10 күн аралығында азығына ұсақтап туралған ет, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады. Оныншы күннен бастап өсіп қалған балапандар азығын қаймағы алынбаған сүтке араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға, бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме қосу керек болса әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе алынған сүтті, жылы, бөлме температурасындағы суды (суға жұмыртқаның сарысын араластырып жіберсе пайдалы болады) 5-6 күннен бастап беруге болады.

Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы – бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.

Талап етілген өнімділікке байланысты күрке тауықты өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау қажет. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі күрке тауық және ақ кең кеуделі күрке тауық деген екі түрі бар:

Қола түсті кең кеуделі күрке тауықтар – өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 10-20 кг дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы 4,4 кг., 17 аптадағы салмағы – 6,6 кг. болады.

Ақ кең кеуделі күрке тауықтардың етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі (терісі сарғылт түсті) болып келеді.

Қола кең кеуделі күрке тауықпен салыстырғанда еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды. Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару көрсеткіші орташа есеппен 60 – 70 пайыз аралығын қамтиды.

Күрке тауықтарды асырау. Күрке тауық ірі құс болғандықтан оны басқа құстардан бөлек ұстау қажет. Құстарды орналастыру тығыздығын дұрыс есептеу қажет: 1 м²-ге екі үлкен күрке тауықтан артық салуға болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек ұстау қажет. Күрке тауықтар аязға, әсіресе жел мен сызға төзімсіз болғандықтан олардың ересектеріне арналған қора мықты қабырғалардан тұрғызылуы және асты құрғақ таза болуы қажет.

Жем беру. Күрке тауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру керек. Тамақтану рационында дәнді-дақылдар әр күрке тауыққа 250-300 гр келуі тиіс. Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әр түрлі көк жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды азық (арпа, жүгері, тары, бидай кебегі) болып үшке бөлінеді. Жаз мезгілінде күрке тауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т.б. өзі тауып жейді. Егер жайылымға шығару мүмкіндігі болмаса, арнайы алаңдар жасап, оларды жем беру ақырларымен, суару науаларымен, көлеңке қалқалармен жабдықтап, алаңға шөп сеуіп қояды. Қыста сыртқа шығаратын алаңды қардан тазартып, сабан төсейді және уыстап жем шашады. Жемді құстар оны іздеп үнемі қозғалыста болсын деп уыстап шашады. Егер сырттағы температура -10°С-ден төмен болса, онда құстарды сыртқа шығармайды.

Күркетауық:

· бір күркетауықтан 7-ден -18 кг-ға дейін ет алуға болады

· күркетауық өсіру шошқа шаруашылығына қарағанда 3 есе табысты болып есептеледі



Жоба бойынша жалпы қажет шығындар мыналарды қамтиды:


Шығыстар

1құны

саны

сомасы


Негізгі капитал:




1

Аталық күрке тауық

сатып алу

25000 тг

10 дана

250000 тг


Аналық күрке тауық

сатып алу

20000 тг

60 дана

1200000 тг


Инкубациялық жұмыртқаларды сатып алу

80-100тг

45 дана

45000 тг-


Тұрмыстық инкубаторды

сатып алу

50000 тг

3 дана

150000 тг


Жылдық дәнді-дақылдар

азығы (арпа,жүгері,тары,

бидай кебегі)

120000 тг

-

120000 тг


Табиғи жем-шөп

100000 тг

-

100000 тг

д

Дәруменді қоспалар

60000 тг

-

60000 тг


Тасу,тасымалдау шығыны

85000 тг

-

85000 тг


Барлығы



2000000 тг


Өнімді сату. Өндірістен түсетін табыс өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана болады.

Ең алдымен, сіздің тұратын қалаңыздың немесе жақын маңдағы аудан (облыс) орталығының қай сауда нүктелерінде осы өнімді өткізуге болатынын анықтаймыз.Сонымен қатар сіздің қалаңызда немесе жақын елді мекендерде күрке тауық өсірумен айналысатын адамдардың бар-жоқтығын білеміз. Егер бәсекелестер бар болса, олардың өткізу нарығы қалай ұйымдастырылғанын зерттейміз.

Жоба бойынша жылдық жалпы табыс мыналарды қамтиды:

Шығыстар

1құны

саны

сомасы


Негізгі капитал:




1

Күркетауық

20000 тг

20 дана

400000 тг


Жұмыртқа

80-100 тг

100 дана

8000-10000 тг


Күркетауық еті

600-1200 тг

100 дана

60000-120000тг


Барлығы



530000 тг




Табыс: жұмыртқа тууы - жылына 50-100 дана.50 күркетауық = 2500 жұмыртқа. Бір жұмыртқаның бағасы 80-100 теңгеден болса, шамамен 200 мың теңге. Бір құстың салмағы шамамен 5-7 кг десек, килосын 1200-ден өткізе алсаңыз, 6 мың теңге. Жалпы табыс қанша күркетауық сатқаныңызға байланысты.

Бағып-қағудың дұрыс технологиясын сақтаған жағдайда үндіктің салмағы кемі 15-тен 25 килоға дейін сойылған кездегі салмақты береді.

Енді нақты есепке келейік. 100 үндігіңіз 15 килодан бергенде, 1500 кг. Енді оны фабрикаға қайтадан 500 теңгеден өткізсеңіз, 750 мың теңге. Бір үндікті бағуға мамандардың есебі бойынша 30 кг-ға дейін фабриканың өзінен өндірілетін байытылған жем кетеді. 30 кило жеміңіз 2100 теңге тұрады. Яғни, 100 құсқа 3000 кг жем жұмсалады. Бұл – 210 000 теңге. Енді 750 мың теңге табыстан 210 мың шығынды алып тастасаңыз, 540 мың пайдамызға қалып тұр.



Қорытынды:

Күркетауық өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар болып есептеледі.

Біздің жергілікті ауылдық жерде тұратын отбасылар үшін ең тиімді бизнестің бір түрі күркетауық өсіру болса керек. Мұны өзіміз де көріп жүрміз. Біздің үйімізде күзді күні 20-30 басқа дейін күркетауық болатын. Содан қалған тәжірибеміз бойынша айтсақ, күркетауық көп бап талғамайды. Оны жемдеу ісімен 7-8 жастағы бала да шұғылдана алады. Біздің ойы­мызша, бұл іс тауық, қаз, үйрек секілді құстарды өсіруден де жеңілірек және тиімдірек болса керек.

6 сотық көлеміндегі аулаға да кемінде 300 күрке тауық баға аламыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
К?РКЕТАУЫ? ?СІРУ ШАРУАШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Автор: Зинел?абиденова ?міт Н?сіп?али?ызы

Дата: 25.11.2014

Номер свидетельства: 135634


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства