Астана қаласы «Экономикалық лицей»КЕБМ Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Қайдарова Нұргүл Нұрлыбайқызы |
Сабақ: | Қазақ тілі |
Сабақ тақырыбы: | «Менің қаладағы болашақ пәтерім» |
Сынып: 6 «Б» | Күні: 10.10.2018 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.1.2- лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану |
Сілтеме | « Қазақ тілі» бағдарламасы, 6-сынып оқулығы |
Сабақта қолданылатын материалдар | Интерактивті тақта, компьютерлік презентация, суреттер, маркерлер |
Оқыту әдістері, стратегиялары | «Өрмекшінің торы», «Ыстық орындық», ДЖИГСО әңгімелеу, түсіндіру, тестілеу. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | *Сәлемдесу; * Оқушыларды түгендеу; | |
Үй тапсырмасын тексеру | Үй тапсырмасы: «Ауыл менен қала» тақырыбы бойынша диалог құрастыру «Өрмекшінің торы» әдісімен оқушыларды сұрау | Бағалау:  |
Қызығушылықты ояту 3 мин. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын белгілеу | Оқушылар презентациядағы сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды (лексикалық минимумды қайталайды) Қандай сөз шықты? Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің қаладағы болашақ пәтерім» Енді презентацияға назар аударыңыздар, бүгін сабақта біз не істейміз? Иә, дұрыс, біз бүгін жайлау тақырыбы төңірегінде сөйлесеміз, сын есімдерді қайталаймыз, топпен жұмыс жасаймыз. | Интерактивті тақта- презентация  |
Мағынаны тану 9 мин.  | Топтық жұмыс. ДЖИГСО әдісі: І.Әңгіменің бір бөлігін оқиды; Топта талқылайды; Мәліметтерді суретке енгізеді ІІ. Басқа топқа түсіндіреді; Мәтіннің толық нұсқасымен танысады. ІІІ. Суреттер бойынша тақтаға шығып мәтінді әңгімелейді ІV.Мәтін бойынша сыныптастарына сұрақ қояды; Сыныптастарының сұрақтарына жауап береді | Компьютерлік презентация Бірін-бірі бағалау:  |
Ойтолғау Рефлексия 2 мин. | Тест Әлібек кімге хат жазды? А) досы Ернұрға Ә) мұғалімге Б) ағасына В) сыныптасына 2. Әлібектің арманы не? А) таудың қасында тұру Ә)үй салу Б) ауылда тұру Ә) өзі қалағандай пәтердің болуы 3. Аспанмен таласқан» сөзінің мағынасы... А) биік, үлкен Ә) көгілдір В)әдемі Б) таудың қасында 4. Сын есімнің түрін анықтаңыз: «Ауылдық, қалалық» А) негізгі Ә) туынды Б) сапалық В) жуан сөз 5. Дерексіз зат есімді анықтаңыз. А) пәтер Ә) арман Б) мата В) үй Оқушылар сабаққа қатысты өз ойларын стикерлерге жазады, ал мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша өз ойларын айтып, сабақты қорытындылайды. Үйге тапсырма: «Менің болашақтағы пәтерім» постер жасау, ЛМ қайталау | Бағалау: «Бас бармақ» -  |